Топтық жұмыс. 1-тапсырма: Жылдам орындалатын тамақтың дайындалуын таңдайды. Өнімдерді дайындап, тамақты әзірлеңіздер. Жылдам орындалатын тамақтың тізімін жасайды. -Тез дайындалатын бәлішті таңдап алады. Құрамы: 4 ас қасық қаймақ 4 ас қасық майонез 2 жұмыртқа 9 ас қасық ұн Сыр керек болады. Дайындалуы: Екі топта осы бәлішті пісіруге кірісті. Қамырларыңыз қаймақ сияқты қою болып шығуы керек. Екінші топтың қамыры сұйықтау болады. Табаны майлап,қамырды құйыңыз. Үстіне қалауыңызша қызанақ, шұшық, тұзды қияр, зәйтүн, томат қосуыңызға болады.Моенез жағып, бір қабат сырды қалыңдау етіп жағыңыз. Сырыңыз мейлінше қалың болғаны абзал. Табаны пешке қойыңыз. Астын орташалау етіп жаққаныңыз абзал. Бірден қақпағын жауып қойыңыздар. Сыр еріген бойда өшіре беруге болады. Екі топта өз уақытында жұмыстарын аяқтады.Екі топтың жасаған бәліштерін Бір-бірімен салыстырып бағалайды. Бәліш дайын, ас болсын! Дискриптор -Жылдам дайындалатын мәзірді таңдайды; -таңдаған мәзір бойынша тамақ әзірлейді. Дайын болған бәлішті екі топ бірінің бәлішін бірі жеп бағалайды. Қалыптастырушы бағалау: « Қол шапалақтау» әдісін қолданамын |