kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ал,қанеки қыздар!

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың тақырыбы: «Ал, қанеки, қыздар!» атты сайыс
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту. Өнерді тануға, қызығушылыққа баулу, әдептілікке, парасаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың міндеті: Ойын тәсілі арқылы оқушылардың ойын дамытып, пәнге деген қызығушылығын ояту; өнерді түсініп, бағалап, меңгеруге бағыт-бағдар беру; өнер үйренуде өз беттерінше ізденудің қажеттілігін сезіндіру.
Өтілу формасы, әдісі: ойын сауық, сайыс.
Көрнекілігі: ұлағатты асыл сөздер жазылған плакаттар, сурет көрмесі, қолөнер бұйымдары.
І. Ұйымдастыру бөлімі:
– сайыстың тақырыбы, мақсатымен таныстыру,
– сайысқа қатысушылармен таныстыру,
– әділқазы алқаларымен таныстыру.
– сайыстың шарттарымен таныстыру.
ІІ. Сайыстың барысы:
ІІІ. Сайыстың қорытындысы.
Сайыс барысы:
Жүргізуші:
Қыздарымыз сүйкімді болсын деп,
Өнер –білімге икемді болсын деп,
Бәйтеректей бойшаңдансын деп,
Өрен-өршіл өркенді болсын деп,
Жақсы жолды таңдайық.
Жамандық тәлім алмайық,
Дарынды мектеп дәстүрін
Жаңалайық, жалғайық,
Ары адал, жаны жаз,
Арулар жолын таңдайық, – деп «Ал, қанеки, қыздар!» атты сайысымызды бастайық.
1) Армысыздар қадірменді көрермен қауым! Қадірменді көрермен қауым, ақылына көркі сай қыздарымыздың өнері мен өнегесін, білімі мен парасатын тамашалауға баршаңызда қош келдіңіздер дейміз.
Ендігі сәтте бүгінгі сайысымыздың шартарымен таныстырып өтейін.
1-кезең: «Сәлем – сөздің атасы» – деп аталады, әр қызымыз өзін таныстырады.
2-кезең: «Бәйге» сұрақ-жауап сайысы.
3-кезең: «Кім жылдам?»  әр қатысушы өздерінің шеберліктерін, икемділіктерін көрсетеді. 10 минутта осы тапсырмаларды орындау керек. Кім тез, кім көп орындайды.
а) «Ою ойғанның ойы ұшқыр» (қағаздан ою ою)
ә) картоп ашу;
б) Инені сабақтап, түйіндеу;
в) үш түйме қадау (екі және төрт көзді түрлі пішінді);
г) инеге 30 моншақ өткізу (кім көп тізіп шығады).
4-кезең: «Тіл өнері» мақал-мәтелдерден, жұмбақтардан жасырылған сөздердің жауабын табу.
5-кезең: «Ас – адамның арқауы» салат түрлерін дайындау.
6-кезең: «Білімді мыңды жығар» әртүрлі пәндерден сұрақтар беріледі. (оқушының ой өрісі қандай)
7-кезең: «Он саусағы майысқан шебер болар ұрпақпыз» – өз қолдарымен еңбек сабағында жасап, тағып келген бұйымдарын көрсету және үй тапсырмасы (сөзжұмбақ немесе сұрақ).

8-кезең: «Өз өнері» (өлең, ән, әзіл т.б.).
Өнер, білім, өнеге тұнған дарын,
Өнерліге өз басым таң қаламын.
Өнерді әділдікпен бағалайтын,
Таныстырайын әділқазы алқаларын.
1. Директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары: Б.Қ.Абыкеева.
2. Директордың тәрбие жөніндегі орынбасары: Р.Ж.Сақтағанова.
3. Қазақ тілі пәнінің мұғалімі: А.С.Шайхудинова.

4.Технология пәнінің мұғалімі: Ержан Ақмарал.

            Сайыстың 1 кезеңі бойынша әр аруымыз өзін таныстырады.

Ақылдылық қыздарға жарасады,
Көзі ашықпен бәрі де санасады.
Келесі сұрақ – жауап сайысында
Сыналар білімі мен парасаты – дей отырып, келесі кезекте сұрақтарға жауап берейік.
2 кезең: «Бәйге»
Әр қызға 5-сұрақ қойылады, тез әрі нақты жауап беру керек.

«Бәйге» -1:

1. Ұлттық бас киімді ата. (сәукеле, тақия, бөрік т.б.)
2. Малдың сүтінен дайындалатын ұзақ уақыт сақталатын тағам (құрт)
3. Үш арсызды ата. (ұйқы, күлкі, тамақ)
4. Ою-өрнек түрлері нешеге бөлінеді. (4), (жануар тектес, өсімдік тектес, геометриялық, космогониялық).
5. Киізге ою-өрнек басып жасалған кілемше (түскиіз)
«Бәйге» - 2:
1. Табиғи жүнді неден алады? (қой, ешкі)
2.Кешке жатарда асты неше сағат бұрын ішу керек? (3 сағ)
3.Қамырдың негізгі шикізаты (ұн)
4.Көкөністен дайындалған салқын тағам. (салат)
5.Тамақ әзірлеу өнері (кулинария)
«Бәйге» -3:
1. Тамақтан соң ауыз сүртуге арналған орамал. (салфетка)
2. Бидайдан әзірленген ұнтақ (манка)
3. Адам баласы тәуліктің қай мезгілінде жақсы тамақтану керек? (түсте)
4. Кестелеу үшін қандай құрал керек? (кергіш, оймақ, ине)
5. Сумоншақтың орысша атауы (бисер)
«Бәйге» -4:

1. Кестелеуге ине мен жіптің қандай түрін алған жөн? (жіңішке ине, кесте жіп)

2. Қандай қолданбалы өнер түрлерін білесіңдер? (кілем тоқу, құрақ құрау, киіз басу, сырмақ сыру)

3. Иық бұйымына жататын қазақтың ұлттық киімі (камзол)
4. Нанның кептірілген бөліктері (сухари)

5. Орыс халқының сүйікті тағамы (борщ)

ҚОСЫМША СҰРАҚТАР

1. Ұлттық билерді ата (Қара жорға, Қамажай,. )

2. Ешкінің жүнін не деп атайды? (түбіт)

3. Кергіш, оймақ, ине, жіп құралдардан не жасайды? (кестелеу)

4.  Ұлттық аяқ киімді ата (мәсі,.)

5. Ұлттық бас киімге тағады.. (үкі)

         3-кезең: «Кім жылдам?»
а) «Ою ойғанның ойы ұшқыр» (1 қыз түрлі-түсті қағаздан ою ойып беруі керек).
ә) Картоп тазалау. (картопты тез әрі жұқа, әрі үзілмеген етіп аршылуы керек).
б) Инені сабақтап, түйіндеу. (тез әрі дұрыс істеуі керек).
в) Түйме қадау. (түйме мата түсіне сәйкестігіне, ине, жіп түйілгені ескерілуі керек).
г) Моншақ тізу. ( сабақталған инеге бисер 30 моншақ өткізу керек).
       4-кезең: «Тіл өнері»
Ал, қанеки, қыздар, ойнайық,
Ойнайық та, ойлайық
Қандай жұмбақ болса да,
Шешпей оны қоймайық – дегендей жұмбақ шешіп көрейік және сол жауап-сөз кездесетін мақал айту керек.
1. Бар екен дүниеде жалғыз көзді,
Сол көзбен дүниенің бәрін кезді.
Әлемді он сегіз мың киіндіріп,
Дүниеден жап-жалаңаш өзі безді. (Ине)            Оқу инемен құдық қазғандай.

2. Құрғақ жерде сақтайсың
Онсыз тамақ татпайсың. (Тұз)                            Доссыз адам – тұссыз ас.

3.Екі семсер айқасқан,                                         Асыл қайшы пішуге сән,
Оқта-текте шайқасқан. (Қайшы)                         Күміс қасық – ішуге сән.

4. Арық ат қарны қабысқан
Бір көлді ішіп тауысқан. (Қасық)                        Құрғақ қасық ауыз жыртар.

5. Дәмді-дәмді тағамдарды жинайды,                  Қоныс көркі – там,
Қонақтарды көңілдене сыйлайды. (Дастархан)  Дастархан көркі – нан.
6. Бір сусын бар жұртымда,
Ішсең уыз ұртыңда.
Бәрі содан шығады,                                 Жылқыда өт жоқ,
Ірімшік май құртыңда. (Сүт)                  Құста сүт жоқ.
7. Дастарханға шуылдап,
Күніне үш жиылар,
Жарты сағат қимылдап,                         Шешесін көріп, қызын ал
Жарты сағат жуынар. (ыдыс-аяқ)         Ыдысын көріп, асын іш.
8. Қимылдаса қос шебер,
Қыруар-қыруар іс өнер (Қол)               Көз қорқақ, қол батыр.

9. Инеден өзі бір елі де қалмайды,
Бөлшектерді тігіспен ол жалғайды. (Жіп)
10. Киім деуге жатпайды,
Киімді кірден сақтайды. (Алжапқыш)

      5-кезең: «Ас адамның арқауы»
Ендеше іске сәт сайыскерлер!
Ас көңілдің ажары деген ырым
Жақсы ғой тағамның да білген сырын,
Көрсетсін келесі сәт сайыскерлер
Дайындаған жаңашыл салат түрін.
Өнер-білім тұңғиығынан нәр алған сайыскерлеріміздің тағам дайындау жағынан сыналар уақыты да жетті. Әр қатысушы  1. «Ас – адамның арқауы» салат түрлерін жазу.

                                     2. Бір салаттың рецептін жазу.

     Келесі 6 –кезең: «Білімді мыңды жығар» деп қыздардың ой-өрісін тексереміз. Әр түрлі пәндерден сұрақтар бір-біріне қояды (жасырады) (үй тапсырмасы, жребий арқылы сұрақтың есі табылады).

     Келесі 7-кезеңіміз бойынша «Шебердің қолы ортақ, шешеннің сөзі ортақ» дейді қазақ, енді қыздарымыздың қолөнер бұйымдарын тамашалап, бағалайық. Өз қолымен сабақта жасаған қолөнер бұйымдарын тағып келу керек еді, сол бұйымды әділ-қазы бағалайды.

8-кезеңіміз: «Өз өнері» сайыскерлер қыздарымыздың өнерлерін тамашалайық.
        Осымен бүгінгі сайысымыз мәресіне жетті. Ал қазір кімнің ұпайы көп екенін білу үшін әділқазылар алқасына сөз кезегін береміз. Марапаттау рәсімі.
Қыздар, бүгін сендер өз білімдеріңді ортаға салып тамаша өнер көрсеттіңдер. Сайысқа қатысқан қыздарымызға және көрермендерімізге үлкен алғысымызды айтамыз.

Қорытынды: Салт-дәстүр, әдет-ғұрып ұрпақтан ұрпаққа үзілмей жалғасып келе жатқан халқымыздың асыл мұрасы. Салт-дәстүрлер қоғамдық әлеуметтік дүние, ол халықтың мінез-құлқы мен іс-әрекетінің рухани негізі. Халқымыздың осындай баға жетпес құнды қазынасын бүгінгі ұрпақтың санасына сіңіріп, әрі қарай жалғастыруына мүмкіндік жасау басты мақсатымыз.

3-кезең: «Кім жылдам?»                                                                                   Меруерт
а) қағаздан ою ою
ә) картоп ашу
б) инені сабақтап түйіндеу
в) түйме қадау
г) бисер өткізу
5-кезең: 1. «Ас – адамның арқауы» салат түрлерін жазу.

                2. Бір салаттың рецептін жазу.

3-кезең: «Кім жылдам?»                                                                          Перизат
а) қағаздан ою ою
ә) картоп ашу
б) инені сабақтап түйіндеу
в) түйме қадау
г) бисер өткізу

5-кезең: 1. «Ас – адамның арқауы» салат түрлерін жазу.

                2. Бір салаттың рецептін жазу.

3-кезең: «Кім жылдам?»                                                                                   Томирис
а) қағаздан ою ою
ә) картоп ашу
б) инені сабақтап түйіндеу
в) түйме қадау
г) бисер өткізу

5-кезең: 1. «Ас – адамның арқауы» салат түрлерін жазу.

                2. Бір салаттың рецептін жазу.

3-кезең: «Кім жылдам?»                                                                           Жайнар
а) қағаздан ою ою
ә) картоп ашу
б) инені сабақтап түйіндеу
в) түйме қадау
г) бисер өткізу

5-кезең: 1. «Ас – адамның арқауы» салат түрлерін жазу.

                2. Бір салаттың рецептін жазу.

1

3

4

2

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ал,қанеки қыздар!»

Поделитесь материалом с коллегами:

    

8 «А» сынып

География пәнінен тест сұрақтары

Бірінші жартыжылдық

I НҰСҚА



Аты жөні:_______________________

Күні: _______________________



1.Қазақстанның ең биік жері:

A) Ақсораң

B) Ұлытау

C) Хан Тәңірі

D) Мұзтау

E) Ақбет



2.Қатты жаңбырлар мен мұздықтардың әсерінен болатын апат:

A) Жанартау атқылауы

B) Сел

C) Жер сілкіну

D) Цунами

E) Тарнада



3.Үстірт қыратының биік ең жері:

A) Ақсораң

B) Мұзбел

C) Хан Тәңірі

D) Бесбақан

E) Талғар



4.Еділ өзені мен Орал тауларының аралығында орналасқан қырат:

A) Сарыарқа

B) Бетпақдала

C) Үстірт

D) Торғай

E) Жалпы Сырт



5.... көмір бассейнінде көмір ашық әдіспен қазып алынады

А) Қарағанды.

В) Екібастұз.

С) Обаған.

D) Торғай.

Е) Шұбарқұдық.



6.Темір рудасын өндіретін негізгі кен орындары.

А) Қандыағаш,Бозшакөл,Баянауыл.

В) Соколов-Сарыбай,Қашар,Лисаковск.

С) Майқайың, Атасу, Қалба.

D) Қаражал, Байжансай, Созақ.

Е) Талдықорған,Текелі,Ащысай.



7.Шөгінді жыныстардан пайда болған темір кен орындары

А) Қашар

В) Соколов-Сарыбай

С) Атансор

D) Кентөбе

Е) Әйет, Лисаков



8.Фосфорит рудасы өндірілетін тау жоталары

А) Кетпен, Ұлытау.

В) Маңғыстау, Алтай.

С) Мұғалжар, Қаратау.

D) Көкшетау, Сарыарқа.

Е) Сауыр, Тарбағатай.



9.Қазақстанда алюминийдің негізгі шикізаты

А) Апатит

В) Нефелин

С) Глинозем

D) Боксит

Е) Пирит



10.Қазақстандағы хромит кен орындары

А) Кеңтөбе, Қаратас

В) Риддер, Зырян

С) Ақсу, Майқайың

D) Кемпірсай, Дөң

Е) Атасу, Жезді



11.Қазақстанның климаты.

А) Теңіздік континентті.

В) Шұғыл континентті.

С) Жерортатеңіздік.

D) Құрғақ.

Е) Ылғалды.



12.Қазақстан аумағына әсер ететін негізгі ауа массалары

А) Қоңыржай, тропиктік, экваторлық

В) Арктикалық, тропиктік, экваторлық

С) Арктикалық, қоңыржай, тропиктік

D) Арктикалық, қоңыржай, экваторлық

Е) Экваторлық, тропиктік, қоңыржай



13.Қазақстан климатының шұғыл континенттілігінің себебі

А) Үнді мұхитының әсері

В) Циклондардың енуінен

С) Мұхиттардан алыс орналасуынан

D) Тынық мұхиты әсерінен

Е) Солтүстік мұзды мұхиты әсерінен



14.Қазақстан аумағы орналасқан климаттық белдеу.

А) Экваторлық.

В) Тропиктік.

С) Арктикалық.

D) Қоңыржай.

Е) Субарктикалық.



15.Қазақстандағы жауын-шашын мол түсетін жер.

А) Арал маңы.

В) Каспий маңы ойпаты.

С) Батыс Сібір жазығы.

D) Кіші Үлбі өзенінің жоғарғы ағысы.

Е) Орталық Қазақстан.



16.Ебі және Сайқын желі соғатын жер

А) Сарыарқа.

В) Торғай қақпасы.

С) Жоңғар қақпасы.

D) Қаратау жотасы.

Е) Батыс Қазақстан.



17.Қазақстанға жауын-шашын әкелетін ауа массасы

А) Тропиктік ауа массасы

В) Арктикалық ауа массасы

С) Атлант мұхитынан келетін ауа массасы

D) Экваторлық ауа массасы

Е) Жерорта теңіздік ауа массасы



18.Қазақстанның солтүстігіндегі қаңтардың орташа температурасы

А) -40ғC

В) -32ғC

С) -24ғC

D) -19ғC

Е) -14ғC



19.Қазақстанда жауын-шашынның ең көп түсетін жері

А) Арал маңы

В) Балқаш маңы

С) Батыс Алтай

D) Қазақстанның оңтүстігі

Е) Қазақстанның батысы



20.Қазақстанда жылдың жылы мезгілінде байқалатын ерекше атмосфералық құбылыс:

A) Қуаңшылық

B) Аңызақ жел

C) Көктайғақ

D) Үсік

E) Шаңды дауыл

























8 «А» сынып

География пәнінен тест сұрақтары

Бірінші жартыжылдық

II НҰСҚА



Аты жөні:_______________________

Күні: _______________________



1.Күнгей және Іле Алатауларының батысында орналасқан Тянь-Шаньның бөлігі:

A) Кетпен жотасы

B) Қырғыз Алатауы

C) Теріскей Алатауы

D) Талас

E) Қаратау



2.Қазақстандағы ең биік тау

А) Талғар.

В) Ұлытау.

С) Хан-Тәңірі.

D) Ақсораң.

Е) Мұзтау.



3.Хан-Тәңірі шыңының биіктігі

А) 1133м.

В) 6995м.

С) 1565м.

D) 4506м.

Е) 4973м.



4.Ғылымда тау жынысының жасын анықтау әдістері

А) Салыстырмалы,абсолюттік.

В) Абсолюттік,жылдық.

С) Ғасырлық,салыстырмалық.

D) Ондай әдіс жоқ.

Е) Ғасырлық,жылдық.









5.Қазақстан жеріндегі ең алғашқы тау жасалудың басталуы

А) Байкал тау жасалуында.

В) Каледон тау жасалуында

С) Герцин тау жасалуында.

D) Мезозой тау жасалуында.

Е) Альпілік тау жасалуында.



6.Сейсмология ғылымы зерттейді

А) Жер сілкінуді

В) Жанартаудың таудың атқылауын.

С) Жер қыртысындағы баяу тербелістерді.

D) Литосфералық тақталардың жылжуын .

Е) Геологиялық сыртқы күштерді



7.Тектоникалық және эолдық процестердің болу түрі

А) Желдің, мұздықтардың әрекеті

В) Жер сілкіну, тау жасалу

С) Жанартау, ағын су әрекеті

D) Жер сілкіну, желдің әрекеті

Е) Желдің, судың әрекеті



8.Алматы қаласында күші 10 баллдың жер сілкінісі болған жыл

А) 1887 ж.

В) 1890 ж.

С) 1910 ж.

D) 1912 ж.

Е) 1990 ж.



9.Мұздықтардың еруінен, ұзақ жауатын нөсер жаңбырдан болатын апатты жағдай

А) Жер сілкінісі

В) Сел тасқыны

С) Жанартау

D) Дауыл

Е) Цунами



10.Қазақстанның негізгі көмір базасы:

A) Екібастұз

B) Майкүбі

C) Қарағанды

D) Торғай

E) Майқайын



11.Қазақстандағы темір рудаларының негізгі кен орындары:

A) Қаражал, Саяқ

B) Саяқ, Қоуынрад

C) Хромтау, Арқалық

D) Қарқара, Шұбаркөл

E) Соколов-Сарыбай, Лисаков



12.Қазақстандағы мыстың ірі кен орындары:

A) Хромтау, Арқалық

B) Қарқара, Шұбаркөл

C) Қоңырат, Бозшакөл

D) Соколов-Сарыбай, Лисаков

E) Бозшакөл, Шұбаркөл



13.Қаратаудағы полиметалл рудаларының кен орындары:

A) Мырғалымсай, Ащысай

B) Текелі, Майқайын

C) Байжансай, Ақсу

D) Риддер, Шалқия

E) Ащысай, Майқайын



14.Пайдалы қазбалар ... топқа бөлінеді

А) 1

В) 2.

С) 3.

D) 4.

Е) 5.



15.Қазақстан климатының шұғыл континентті болу себебі:

A) Жер бедерінің тегістігі

B) Солтүстік мұзды мұхитының жақындығы

C) Атлант мұхитының әсері

D) Тынық мұхитының әсері

E) Еуразия материгінің ортасында орналасуы



16.Ебі желі соғатын аймақ:

A) Жоңғар Алатауы

B) Мұғалжар таулары

C) Қаратау

D) Алтай

E) Сарыарқа



17.Жоңғар қақпасынан Орталық Азияға дейін соғатын жел:

A) Шілік

B) Сайқан

C) Арыстанды-Қарабас

D) Қордай

E) Мұғалжар



18.Жерге топырақ, су, қар жамылғасы арқылы сіңетін радиация:

A) Тура

B) Жұтылған

C) Шашыранды

D) Жиынтық

E) Шағылысқан



19.Қазақстанға Орта Азия мен Иран аймағынан келетін ауа массасы:

A) Қоңыржай

B) Субтропиктік

C) Экваторлық

D) Тропиктік

E) Арктикалық



20.Тау беткейлерінде биіктеген сайын қыста температураның жоғарылауын... деп атайды:

A) Конверсия

B) Конденсация

C) Ылғалдану

D) Инверсия

E) Булану















8 «А» сынып

География пәнінен тест жауаптары





I НҰСҚА



1. C

2. B

3. B

4. E

5.В

6. В

7. Е

8. С

9. D

10. D

11. В

12. С

13. С

14. D

15. D

16. С

17. С

18. D

19. С

20. E



II НҰСҚА



1. B

2. С

3. С.

4. А

5. В

6. А

7. D

8. А

9. В

10.C

11. E

12. C

13. A

14. С.

15. E

16. A

17. B

18. B

19. D

20. D






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 9 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ал,қанеки қыздар!

Автор: Кыздарбекова Айгуль Рахимжановна

Дата: 16.05.2017

Номер свидетельства: 415880

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(32) "Ал, ?анеки, ?ыздар! "
    ["seo_title"] => string(19) "al-k-anieki-k-yzdar"
    ["file_id"] => string(6) "172126"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1423759619"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(69) "Сынып са?ат та?ырыбы: "Ал, ?анеки ?ыздар""
    ["seo_title"] => string(33) "synypsagattakyrybyalkaniekikyzdar"
    ["file_id"] => string(6) "276469"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1452744925"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(33) "Ал, ?анекей ?ыздар! "
    ["seo_title"] => string(21) "al-k-aniekiei-k-yzdar"
    ["file_id"] => string(6) "153309"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1420992724"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(32) "Ал.қанекей қыздар"
    ["seo_title"] => string(17) "al_kanekei_kyzdar"
    ["file_id"] => string(6) "647543"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1710925546"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(79) "«Ал, кәнекей қыздар!» әскери-патриоттық кеш"
    ["seo_title"] => string(39) "al_k_nekei_kyzdar_skeri_patriottyk_kesh"
    ["file_id"] => string(6) "553681"
    ["category_seo"] => string(4) "obzh"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1592561152"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства