2. Үй тапсырмасын сұрау. «Блиц сұрақтар» әдісі. Мақсаты:Оқушылардың алдыңғы білімін анықтау және назарларын бүгінгі сабаққа аудару. Екі топқа 4 сұрақтан беріледі, топ мүшелері сұрақтарды талқылайды және шапшаң жауап берулері керек. І топ 1. Бұйымның қанша есе кішірейтілгенін немесе үлкейтілгендігін көрсетеді.(масштаб) 2. Бұйымның сызбасың жасау үшін алынады. (өлшем) 3. Дене бітімнің қанша негізігі сызықтары бар. (5) 4. Алжапқыш неше бөліктен тұрады. (5) ІІ топ 1. Алжапқыштың неше бөлігі екі болшектен тұрады. (2) 2. Сызбада барлық кесінділер немен белгіленеді. (әріппен) 3. Үшкіл орамалдың сызбасы неше кесіндіден тұрады. (3) 4. Сызбада бұйымның қай жағы сызылады. (оң)
Бағалау: Бағалау парағы. Дұрыс болса бағалау парағына «+», қате болса «-» белгісін қояды. Қалыптастырушы (формативті) бағалау. Топтар «Ыстық алақан» дұрыс жауаптарды қол соғу арқылы бағалайды. 3. Жаңа сабаққа дайындық. «Миға шабуыл» әдісі. Мақсаты: жаңа сабақтын тақырыбын ашу үшін «Алжапқыш» бейне жазба көрсетіледі, оқушылар көргенінен түйін жасайды. - бейне жазбадан қандай ой түйдіндер? Сабақтын мақсатын анықтап, тақырыбын хабарлау. 4. Жаңа сабақты оқып үйрену. Оқылым дағдысы: Мақсаты: Оқулықтағы мәтінмен жұмыс жасайды.Әр топ мүшесі оқулықтағы тақырыпты жеке оқиды, топта талқылайды. І топ «Модельдеу, фасон» тақырыбында, ІІ топ «Әрлеу түрлері»тақырыбында постерлерін дайындайды. Әр топ спикер (баяндамашы) тағайындайды және ол постер қорғайды. Бағалау: Бағалау парағы. Дұрыс болса бағалау парағына «+», қате болса «-» белгісін қояды. Қалыптастырушы (формативті) бағалау. Топтар «Ыстық алақан» қол соғу арқылы бағалайды. 5. Сарамандық жұмыс. Негізгі сызба үлгісінде алжапқышты модельдеу. Мақсаты: алған теориялық білімдерін, тәжірибеде көрсету. Сарамандық жұмыста берілген алжапқыштың бір түрін топтағы әр оқушы өзіне таңдайды және сол алжапқышты модельдейді. Сарамандық жұмыс аяқталғанда, оқушылар сағат тілі бағытымен орындаған жұмыстарын қасында отырған топ мүшесіне береді. Тексеруші топ мүшесі бағалау шкаласымен модельдеген алжапқышқа белгі қояды. Ал топ жетекшісі әр топ мүшесінің бағалауын, бағалау парағына түсіреді Бағалау: Бағалау парағы. Дұрыс болса бағалау парағына «+», қате болса «-» белгісін қояды. |