Сабақтың мақсаты: сүт тағамдарының құнарлылығы мен дайындалу ерекшеліктері жөқнінде түсінік беру.
Білімділік мақсаты: төрт түлік малдан өндірілетін сүттің өзіндік жеке қасиеттері,соның ішінде сиыр сүтінен жасалатын тағамдар,оларды дайындау жолдары туралы мағлұмат беру.
Дамытушылық қасиеттері: сүт тағамдарының адам ағзасына қажетті заттарды қамтамасыз ететіндігін айту.
Тәрбиелік мақсаты: сиыр сүтінен дайындалатын тағамдарды ұлттық негізде жасап үйрену,сиыр малының дастарұан құты екендігін түсіндіре отырып,халқымыздың ежелден келе жатқан ата кәсібін жалғастыруға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақ типі: жаңа білімді меңгеру сабағы.Жаңа технология «Сын тұрғысынан ойлау»
Сабақтың көрнекілігі: төрт түлік малдың суреті,сызба нұсқа,осы төрт түлік малдың тек сүтінен даярланған тағам түрлерінен көрме.
Пәнаралық байланыс: тарих,биология,химия,әдебиет.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Өткен сабаққа шолу,үй тапсырмасын тексеру.
«Менің сүйікті тағамым» ойыны арқылы үй тапсырмасын тексердім,әо оқушы өзіне ұнаған тағамын дайындап,оның жасалу жолдарын түсіндірді.
Дәмді дақылдар қандай түрге бөлінеді?
а)Дәнді астықтар ә) қарақұмық с) Бұршақ дәнділер
3. Жармалардан қандай тағамдар дайындауға болады?
Жарма
Басытқылар (пасталар,салаттар)
Бірінші тағамдар (сорпа,көже)
Екінші тағамдар (ботқа,запеканкалар)
Тәтті тағам (пудинг,мусс)
Ұн тағамдар (печенье)
Оқушыларды топқа бөлу:
«Бақаймақ» тобы
Қызығушылықтарын ояту.
Сүт тағамдарының көрмесін ұйымдастырдым.
ІІ.Жаңа сабақ
Кезінде академик И.П.Павлов сүтті «табиғаттың өзі дайындаған тамаша тағамы» деп бағалаған.
Сүттің өзі адам денсаулығына пайдасы зор.Қазақ халқының бұл қасиеті сусыны төрт түлік малдан өндіріледі.Халқымыз тіршілігін,шаруашылығын осы мал өсірумен байланыстырып,тіршілікке пайдалануды шебер игерген.Мінсе көлік,ішсе сусын,жесе тағам,кисе киіс,тұтынса бұйым,байлығы мен мақтанышы да осы мал болғанын жақсы білеміз.
СҮТ-ТІРШІЛІК КӨЗІ
Төрт түлік мал
Сиыр
Түйе
Жылқы
Қой
Ешкі
Сиыр сүті
Шұбат
Қымыз
Қоймалжың сүт
Ешкі сүті
Адам ағзасына қажет дәрумендер көп
Сусын,қуат,тәбет ашады,өкпе ауруларына ем
Қан көбейтеді,сүйекті қатайтады,көкірек,өкпе ауруына ем
Асқазан ауруына ем
Ана сүтімен тең,бүйрек,ас қорытуға қажет
Бұлардың ішіндегі ең құнды тағамдық заты-белок.Сүт көмірсутек қантында болады.Оны лактоза деп атайды.
Сүттің құрамында адамның ағзасына қажетті тағамдық заттар
Белоктар
2,8-3,5%
Майлар
3,2-4%
Көмірсутегі
3,8-5,5%
Минералды тұздар 1%
Дәрумендер (А,С,Д,В,Е)
Су
87-89%
Сүт-дәрумендердің көзі.Сүт пен сүт тағамдары арқылы адам организмін А дәруменімен, В тобындағы дәрумендермен, С және Д дәрумендерімен толық қанағаттандыруға болады.Ең бағалысы-жаңа сауылыған сүт.Мал төлденгеннен кейінгі алғашқы сүті уыз деп аталады.Уыз-өте дәмді,әрі қою болады.
Сүт өнімдері
Ірімшік
Айран
Шалап
Сары май
Қымыз
Шұбат
Қаймақ
Сүзбе
Құрт
Ацидофимен-диеталық тамақтануда,кейбір асқазан,ішек ауруларына шипалы тағам ретінде пайдаланады.
Сүзбе-(ақ ірімшік) нәзік,жұмсақ,қою тағам,сүзбе,тез бұзылатын тағамға жатады.
Сары май-сүт майларының концентраты,құрамында 72,5-82,5% сүт майлары,06-2,5 белоктар, дәрумендер бар
Ірімшік-(сыр) құрамында 22-30% белок болады,15-30% май, А,В12 дәрумендері, кальций мен фосфор бар.
Сүт өнімдері құятын ыдыстар
Саба
Шара
Торсық
Мес
Бұлқыншақ
Зерен
Ой қозғау.Сөздік жұмыс
Сүт-малдан алынатын өнім.
Уыз-жаңа тқлдеген тмалдың алғашқы қою сүті.
Ашқылтым-сүт тағамдарының дәмі.
Малта-қой сүтінен ұйытылған қатық түрі.
Ұйытқы-сүт ұйыту үшін айран,сүзбе сияқты ащылар «ұйытқы» деп аталады.
-Құрт жасап үйрендік.Шеберлікке ши қойылмайды.Алған білімді жетілдіруге,үйренуге үздіксіз еңбек етуіміз керек.Олай болса, алған білімдерімізді күнделікті өмірде қажеттеріңізді жарата біліңіздер,еңбектеріңіздің еш кетпегендігі.