kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Шебер шоу

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты: танымдылы? ?аблеттілігін,п?нге деген ?ызы?ушылы?ын,ойлау ?аблетін,жадын,зейінін дамыту;?з к?шіне сенімді болу?а,епті болу?а т?рбиелеу;о?ушыларды? интеллектуалды? ж?не шы?армашылы? ?аблеттерін,ой-?рісін ке?ейту.

Ж?ргізуші-С?леметсіздер ме,??рметті ?стаздар мен о?ушылар ж?не ата аналар!

«Шебер-шоу»бай?ауына ?ош келді?іздер.Сіздер б?гінгі мерекені? ку?гері боласы?дар.

«Шебер»-бір н?рсе жасау деген с?з,ал шоу-к?рсету деген с?з.Б?л-шеберлік пен ?демілікті? мерекесі.

* ?азір біз ?ай кыз а?ылды,?аблетті,т?рбиелі,?зіне-?зі сенімді ж?не ??ыпты екенін аны?таймыз.

* Топта 6 адам бар.?р ?атысушы?а ?й тапсырмасы берілген,біра? м?нда олар топпен ж?мыс жасайды.

?йге берілген тапсырма:

1.Топты? атын,эмбльемасын таныстырып ж?не оны ?ор?ау.

2.Ине,жіп,?айшы,?тік туралы ертегі ??растыру.

3.Бір-біріне с?нді шаш ?лгісін жасау.

4.Матадан ?а?аз бетіне к?йлек ?лгісін жапсыру.

5.?здері дайындап келген ж?мба?тарын бір-біріне жасырып,шешуіне байланысты ма?ал-м?тел айту.

Ж?ргізуші:

 Шал?ытып мерекеде ?н салайы?,

?нерпаз ?рендерге тамсанайы?.

?ділдікпен шынды?ты ар?а т?т?ан,

?діл?азы ал?асымен танысайы?.

?діл?азылар ал?асын таныстыру?а р??сат еті?іздер:

Мектеп директоры: ?аршаг?л  Аділбекова.

Жас мамандар жетекшісі: Илюбаева Разия апай.

Эстетика п?ндер жетекшісі: Айтжанова  Аманг?л апай.

Директорды? т?рбие ж?ніндегі к?мекшісі:Темирова Бибіжан апай.

Сонымен шоуымызды бастаймыз.

Ж?ргізуші:
Ал кімні? ?нері бар ?аншалы?ты,
Кілемге біреулер ?нер салыпты,
Терме ?стап, енді бірі ши то?ыса.
Оюдан т?йін т?йіп тамсанып – дей келе, кезекті сайыскерлерді? ?й тапсырмасына берейік.

Бірінші бай?ау:?р топ топтарыны? атын ?ор?айды,эмбльемасын к?рсетеді.

Екінші бай?ау:Ертегі к?рсету.

?шінші бай?ау:Шаш ?лгісін жасау.

Т?ртінші бай?ау:Матадан ?а?аз бетіне к?йлек ?лгісін жапсырып к?рсету.

Бесінші бай?ау:Дайындап келген ж?мба?тарын жасырады.

           Музыкалы? ?зіліс

Енді екі топты «Кім жылдам ж?не ?здік»атты шы?армашылы? бай?ау?а ша?ырамыз.

Ж?ргізуші:
Бауырлас?ан т?німіз.
Б?зылма?ан с?німіз,
Ке? даланы? ежелгі,
?аза? деген хал?ымыз,
?зге ?лттай бізді? де
Бар ?ол?нер салтымыз - дей келе келесі «Кім жылдам?» сайысын бастайы?. 

1-тапсырма: ?амыр ысу ж?не кеспе ?ылып кесу.Бір о?ушы ысады,екінші о?ушы кеспе кеседі-5минут.

 Ж?ргізуші:
Білікті жы?са біреуді
Білімді мы?ды жы?ады.
Инемен ??ды? ?аз?андай,
Білімні? шы?ына шы?ады - дей отырып кезекті білім сайысына берейік.

2-тапсырма:?оржынан с?ра? алу. Топпен бірігіп жауап береді.

 1.?аза?ты? д?ст?рлі с?т та?амдары? /айран, ?ымыз, ш?бат, к?же, уыз, ??рт/

 2.Тігін машинасыны? ?кесі деп кімді айтамыз? /Элиос Хоу/

 3.Піскен с?тті? беті. /?айма?/

 4 А?аш к?ркі /жапыра?

.5.Жіп иіру ??ралы. /?ршы?/

 6. ?ыз жасауы /санды?/.

 7.Тіл к?зден са?тайтын б?йым. /Т?мар/

 8.Ыдысына ?арап асын іш-с?зі ?андай ма?ына береді.

 1.?затыл?ан ?ыз киетін аса ?ымбат ба?алы, к?делі, ?сем баскиім. /с?укеле/

 2.Жа?а ту?ан сиырды? ал?аш?ы с?ті. /уыз/

 3. К?йлекті? сыртынан киетін, же?іл, же?сіз киім т?рі /Камзол

 4.Биені? с?ті. /?ымыз/

 5.Іс тіккен кезде сауса??а киетін темір ?алпа?. /Ойма?/

 6.?ыз?а ?ыры? ?йден тю- деген с?зді? ма?ынасы.

 7. Пэчворк с?зіні? аудармасы. /??ра?/                                                                                     

 8. Киіз ?йді? ?абыр?асы. /кереге/

Ал кімні? ?нері бар ?аншалы?ты,
Би билеп ал біреуі ?н салыпты
Б?гінгі сайыстарда б?йге алу?а,
Барлы?ы да аянбай жан салады.

3-тапсырма:?з ?нерлерін к?рсету (?н,би,?ле? о?у,?ол ?нер.)

Орта?а топтарды ша?ырамыз.

Б?гінгі бай?ау барысында топтарды? ?нерлеріне т?нті болды?. Б?рі де ?нері мен білімдерін орта?а салды. Сендерді? ж?лдыздары?ыз жар?ырай жана берсін деп тілек айтамыз. Бай?ау бол?ан со? же?імпаз болады. 

Топтарды? ?діл ба?асын беру ?шін сахна?а ?діл?азылар ал?асын ша?ырамыз.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Шебер шоу»



Шебер-шоу.

Мақсаты: танымдылық қаблеттілігін,пәнге деген қызығушылығын,ойлау қаблетін,жадын,зейінін дамыту;өз күшіне сенімді болуға,епті болуға тәрбиелеу;оқушылардың интеллектуалдық және шығармашылық қаблеттерін,ой-өрісін кеңейту.

Жүргізуші-Сәлеметсіздер ме,құрметті ұстаздар мен оқушылар және ата аналар!

«Шебер-шоу»байқауына қош келдіңіздер.Сіздер бүгінгі мерекенің куәгері боласыңдар.

«Шебер»-бір нәрсе жасау деген сөз,ал шоу-көрсету деген сөз.Бұл-шеберлік пен әдеміліктің мерекесі.

* Қазір біз қай кыз ақылды,қаблетті,тәрбиелі,өзіне-өзі сенімді және ұқыпты екенін анықтаймыз.

* Топта 6 адам бар.Әр қатысушыға үй тапсырмасы берілген,бірақ мұнда олар топпен жұмыс жасайды.

Үйге берілген тапсырма:

1.Топтың атын,эмбльемасын таныстырып және оны қорғау.

2.Ине,жіп,қайшы,үтік туралы ертегі құрастыру.

3.Бір-біріне сәнді шаш үлгісін жасау.

4.Матадан қағаз бетіне көйлек үлгісін жапсыру.

5.Өздері дайындап келген жұмбақтарын бір-біріне жасырып,шешуіне байланысты мақал-мәтел айту.



Жүргізуші:

Шалқытып мерекеде ән салайық,

Өнерпаз өрендерге тамсанайық.

Әділдікпен шындықты арқа тұтқан,

Әділқазы алқасымен танысайық.



Әділқазылар алқасын таныстыруға рұқсат етіңіздер:

Мектеп директоры: Қаршагүл Аділбекова.

Жас мамандар жетекшісі: Илюбаева Разия апай.

Эстетика пәндер жетекшісі: Айтжанова Амангүл апай.

Директордың тәрбие жөніндегі көмекшісі:Темирова Бибіжан апай.



Сонымен шоуымызды бастаймыз.

Жүргізуші:
Ал кімнің өнері бар қаншалықты,
Кілемге біреулер өнер салыпты,
Терме ұстап, енді бірі ши тоқыса.
Оюдан түйін түйіп тамсанып – дей келе, кезекті сайыскерлердің үй тапсырмасына берейік.

Бірінші байқау:Әр топ топтарының атын қорғайды,эмбльемасын көрсетеді.

Екінші байқау:Ертегі көрсету.

Үшінші байқау:Шаш үлгісін жасау.

Төртінші байқау:Матадан қағаз бетіне көйлек үлгісін жапсырып көрсету.

Бесінші байқау:Дайындап келген жұмбақтарын жасырады.

Музыкалық үзіліс

Енді екі топты «Кім жылдам және үздік»атты шығармашылық байқауға шақырамыз.

Жүргізуші:
Бауырласқан тәніміз.
Бұзылмаған сәніміз,
Кең даланың ежелгі,
Қазақ деген халқымыз,
Өзге ұлттай біздің де
Бар қолөнер салтымыз - дей келе келесі «Кім жылдам?» сайысын бастайық. 

1-тапсырма: Қамыр ысу және кеспе қылып кесу.Бір оқушы ысады,екінші оқушы кеспе кеседі-5минут.

Жүргізуші:
Білікті жықса біреуді
Білімді мыңды жығады.
Инемен құдық қазғандай,
Білімнің шыңына шығады - дей отырып кезекті білім сайысына берейік.

2-тапсырма:Қоржынан сұрақ алу. Топпен бірігіп жауап береді.

1.Қазақтың дәстүрлі сүт тағамдары? /айран, қымыз, шұбат, көже, уыз, құрт/

 2.Тігін машинасының әкесі деп кімді айтамыз? /Элиос Хоу/

3.Піскен сүттің беті. /Қаймақ/

4 Ағаш көркі /жапырақ

.5.Жіп иіру құралы. /Ұршық/

6. Қыз жасауы /сандық/.

 7.Тіл көзден сақтайтын бұйым. /Тұмар/

8.Ыдысына қарап асын іш-сөзі қандай мағына береді.

1.Ұзатылған қыз киетін аса қымбат бағалы, кәделі, әсем баскиім. /сәукеле/

2.Жаңа туған сиырдың алғашқы сүті. /уыз/

3. Көйлектің сыртынан киетін, жеңіл, жеңсіз киім түрі /Камзол

 4.Биенің сүті. /Қымыз/

5.Іс тіккен кезде саусаққа киетін темір қалпақ. /Оймақ/

 6.Қызға қырық үйден тю- деген сөздің мағынасы.

 7. Пэчворк сөзінің аудармасы. /Құрақ/

8. Киіз үйдің қабырғасы. /кереге/



Ал кімнің өнері бар қаншалықты,
Би билеп ал біреуі ән салыпты
Бүгінгі сайыстарда бәйге алуға,
Барлығы да аянбай жан салады.

3-тапсырма:Өз өнерлерін көрсету (ән,би,өлең оқу,қол өнер.)

Ортаға топтарды шақырамыз.

 

Бүгінгі байқау барысында топтардың өнерлеріне тәнті болдық. Бәрі де өнері мен білімдерін ортаға салды. Сендердің жұлдыздарыңыз жарқырай жана берсін деп тілек айтамыз. Байқау болған соң жеңімпаз болады. 

Топтардың әділ бағасын беру үшін сахнаға әділқазылар алқасын шақырамыз.





























30 11 а,ә сынып . 27.04.16. Бекітемін:

Тақырыбы: Гобелен тоқуға арналған құрал-жабдықтар.

Мақсаты: Оқушыларды қазақтың ұлттық қол өнері бұйымдарымен таныстыру, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу, халқымыздың көне мұрасын бүгінгі заманға лайықты қайта жаңгырту, гобелен тоқу технологиясымен таныстыру, шығармашылық қабілетін арттыру.

Сабақтың түрі: аралас (теория мен практика).

Көрнекті құралдары: буклеттер, иллюстрациялар, гобелен тоқу технология- сы көрсетілген плакаттар 

Қажетті жабдықтар: станок, қайшы, пышақ, тоқпақ, иірілген жіп.

Сабақтың құрылымы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  3. Практикалық жұмыс.

  4. Жаңа сабақты бекіту.

  5. Қорытынды.


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

а) Сыныпта тыныштық орнату;

б) Кезекшінің мәлімет бойынша оқушыларды түгелдеу;

в) Сабаққа дайындығын тексеру;

г) Үйірме сабақтың тақырыбын мен мақсатын айту;

ІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Шатыс – керілген жіп желілерінің, яғни еркек жіп пен ұрғашы жіптерінің күзу арқылы адырғының көмегімен айқасуы.

Адырғы - керілген жіп желілерінің шатысын немесе күзуге байланбағанын бетіне шығарып, былайша айтқанда еркек жіп ұрғашы жіпті ерсілі-қарсылы, жоғары-төменді алмастырып тұратын бел ағашпен қатар жатқан ағаш.

Бел ағаш – гобелен тоқу үшін керілген жіп желісін күзу арқылы байланыстырып тұратын көлденең ағаш.

Оқушыларға жұмыстың орындалу кезіндегі қолданатын құрал-жабдықтар мен таныстыру.Мысалы:кергіш,ине,мулина немесе ирис жіптер,оймақ,калька,қарапайым ақ мата.

ІІІ. Практикалық жұмыс.


  1. Жұмыс орнын дайындау.Құрал-саймандарды дайындау;


б) Қауіпсіздік ережелерін айту;

г) Оқушылармен жеке жұмыс жасау: гобелен тоқылу сапасына мән беру, тоқылу ретін бұлжытпай орындау, жіптің қырқылуының біртігістігіне мән беру.

ІҮ.Жаңа сабақты бекіту.

Гобелен тоқу тәртібін айт.

Адарғы дегеніміз не?

Бел ағаш дегеніміз не?

Ү.Қорытынды.
Бағалау:оқушылардың жұмысына талдау беру, оны бағалу.

Үйге тапсырма беру:Өз бетінше сызба сызу.





















№31. 6 а,ә,б,в,е,г. 03.05.16. Бекітемін:

Сабақтың тақырыбы: Жоба,Бұйымның жарнамалық қысқаша мазмұны.
Сабақтың мақсаты:Оқушыларға шығармашылық жобамен жұмысты қалай жасайтынын үйрету.

Білімділігі: Бұйымдарды көркемдеп өңдеу жұмысына техникалық сызбаларды, өлшем бірліктерін түсіре білуге үйрету.
Дамытушылығы: Бұйымдарды шығармашылық бағытта қайта жабдықтау, өңдеу – құрастыру, әрлеу жұмыстарын жүргізе білуге үйрету.
Тәрбиелігі: Оқушыларды топпен және жеке шығармашылық жұмыстарды орындай білуге үйрету.
Көрнекілігі: Бұйымды өңдеу нұсқау картасы
Сабақтың типі: Тарау бойынша білімді қорытындылау
Сабақтың түрі: Аралас сарамандық
Сабақтың өтілуі: Топпен жұмыс, әңгімелеу, теориялық және сарамандық жұмыстар

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып тазалығына, оқушылардың оқу құралдарына назар аудару, оқушыларды топқа бөлу.
ІІ. Ұй тапсырмасы сұрақтары
1.Көшет деген не?

2.Қандай көшеттерді білесің?

3.Көшеттерді не себепті көшіріп отырғызады?


ІІІ. Жаңа сабақ. теория
1. Шығармашылық жұмысқа бұйымдарды таңдап алу. Шығармашылық жұмысқа таңдап алынған бұйым оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқушы деңгейіне лайықты қолдан моншақтап әр түрлі бұйымдар даярлау.
Оған қойылатын талаптар: 1. Өте үлкен емес, оқушының жасауына ықшамды болу керек.
2. Үйде қолданбайтын заттан жасалуы тиіс
3. Көп шығын кетпеуі керек.
4. Өңделуі және құрастырылуы қарапайым болуы тиіс.

2. Техникалық сызбасын дайындау
Бұйымның толық нұсқасы өлшем бірліктерімен техникалық сызба түрінде көрсетіледі

3. Өңдеу нұсқау картасы.
Әр бөлшектің өлшем бірліктері көрсетілуі тиіс
4. Құрастыру нұсқау картасы.
Бұйымды құрастырудың реттілігі көрсетіледі
Сарамандық бөлім

Оқушыларды топқа бөлу.
1 – топ. Жасау картасын дайындау. Жасау нұсқау картасы қандай бөлшекке қанша материалы кететінін анықтайды.
2 – топ. Экономикалық есептеу тобы. Бұйымды дайындау барысында кеткен материалдық шығындарды есептеу.
1. Моншақ
2. Жіп немесе сым,
3. Маталар,тері.
4. Жапсырма қағаз
5. Барлық шығын.

ІV. Жинақтау және қорытындылау.
Шығармашылық жобаға қолданылған бұйым жан – жақты зерттелген, өзгертілетін бөлігі қалай және қандай мақсатта өзгертілуі керек екендігі толық көрсетілуі тиіс. Жобаға тарау бойынша алынған білімді, әдіс тәсілдерді қолданамыз. Құрастыру және әрлеу тобының жұмысы аяқталғаннан кейін Экономикалық есептеу тобының есебі бойынша бұйымның бағасы қойылады.
V. Үй тапсырмасы: Өз бетінше жоба сызбасын дайындау.













32,33. 6 а,ә,б,в,г. 10.05.16. Бекітемін:

Сабақ тақырыбы: Диванға арналған шағын жастық дайындау.Құрақ құрау техникасымен тігілген жастық.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға әр түрлі диванға арналған шағын жастықшалар  жасап үйрету, тігу шеберлігін арттырып, білімін жүйелеу.

а) Білімділік: оқушылардың диван жастықшаларын тігу туралы  білімін арттыру, түстік шешімін тауып, күнделікті тұрмысқа қажетті сұраныс туғызатын, қазіргі заман талабына сай қолөнер бұйымын жасап шығару.
ә) Дамытушылық: өз бетінше жұмыс істеудегі шығармашылық қабілетін қалыптастыру, әсемдік пен сұлулықты бағалай білуге үйрету.
б) Тәрбиелік: қолөнерге деген қызығушылығын арттыру, ептілікке, еңбексүйгіштікке, шыдамдылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың түрі: сарамандық, топтық.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, жасап көрсету, өз бетімен жұмыс жүргізу.

Пәнаралық байланыс: математика, сызу, бейнелеу, әдебиет.
Сабақтың көрнекілігі: дайын бұйымдар, ою-өрнек түрлері, карточка, суреттер, слайд.
Қажетті құрал - жабдықтар: ине, жіп, қайшы, мата (велюр).

Сабақтың барысы:

 І.  Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушылармен амандасу, түгендеу

2. Оқушылармен танысу және сабаққа зейінін аудару мақсатында психологиялық дайындық минуты өткізіледі. «Жүректен жүрекке» бір- біріне атын атап, жылы лебіздерін білдіреді.(Мұғалім бастайды: оқушылар, біздің әрбір сабағымыз сіздердің жан дүниелеріңізге кішкене болса да жылулық ұялатып, ізгілікке қарай бастауына тілектеспін)

Үй тапсырмасын тексеру. «Сұрақ» стратегиясы

1. Құрақ дегеніміз не?
2. Құрақ құраудағы қойылатын талаптар?
3. Құрақтың тиімділігі?

Сұрақтарының жауаптары:
1. Құрақ-мата қалдықтарынан жасалатын үй бұйымдарының бірі

2. Құрақ құрау кезінде қойылатын талап-ол мата бөлшектерінің симметриялы болуы,матаның түс үйлесімділігі және матаның арқау және негізгі жіптерін ескеруіміз керек. Құраққа пайдаланатынматаның түсі 3-5 түрлі болуы керек және мата жұқа қалыңдығына  қарай  іріктелініп  алынады

3. Мата қиындыларын  кәдеге жарату

ІІ. Қызығушылығын ояту. Ой қозғау. Адасқан әріптерден сөз құрау.

ТЕКСЕ, ЮАОРЛ, РАҚҰҚ ,РКӨЕН, СЫЖАТҚ

КЕСТЕ, ОЮЛАР, ҚҰРАҚ,ӨРНЕК , ЖАСТЫҚ (жеке-жеке айтылады) дегенде көз алдарына не келеді? (Оқушылардың жауаптары тыңдалады)


ІІІ. Мағынаны тану кезеңі.

Оқушылар біз бүгін диван жастықшаларын жасауды үйренеміз. Жастықшалар кестелеу, жапсырмалау, аппликация, лентадан өрнектеу, іліп тігу арқылы сәндеп жасауға болады.

Енді сіздер диван жастықшалары туралы не білгілеріңіз келеді, соны екінші бағанға жазыңыздар (оқушылар жазғандарын оқиды)

Слайдтан диван жастықшаларының түрлерін көрсету, олардың қалай жасалғандығы туралы түсіндіру.

Бүгін, біз «Диван жастықшасын» дайындап үйренеміз. Жұмысымызды бастамас бұрын екі топқа бөлінеміз.

(жастықшаның екі түрінің суреті арқылы бөлу)

1-топ:                                                                      2-топ:

 Сарамандық жұмыс.                                    
1. Алғашқы нұсқау. Сіздерге жұмыс жасау үшін не қажет?

1-топ.                                                                     2-топ

- мата (3 түс)                                                         - мата (қызыл, сары, жасыл)

- жіп                                                                       - жіп

-мақта                                                                    -мақта

Диван жастықшасын жасау үшін біз қандай құралдарды қолданамыз? (оқушылардың жауаптары тыңдалады, күтілетін жауап: ине, қайшы, түйреуіш, үтік) Ендеше инемен, қайшымен, үтікпен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережелерді қайталайық:

Қайшымен жұмыс кезінде сақталатын қауіпсіздік ережелері

  1. Қайшыны арнаулы қобдишада сақтау керек.

  2. Қайшыны жолдасына үшкір ұшымен берме.

  3. Қайшыны ашық қалдыруға болмайды.

  4. Жолдасың қайшымен жұмыс істеп жатқан кезде, бөгет жасауға, көңілін бөлуге болмайды.

Қол ине, түйреуішпен жұмыс кезінде:

  1. Инені арнаулы қобдишада сақтау керек.

  2. Инені киімге қыстыруға болмайды.

  3. Тігіс кезінде ине жібін тіспен үзуге болмайды.

  4. Инемен жұмыс кезінде оймақ киген дұрыс.

  5. Инені тістеп отыруға болмайды.

Жұмыс шығынын есептеу:

1-топ:

Алынатын зат

Өлшемі

Бағасы

Мата

  1. 3 х 20см

     300 тг

Жіп

  1.  

      50 тг

Мақта

      1 кг

      150 тг

 

ЖАЛПЫ БАҒАСЫ:

500тг+ ЕҢБЕК

2-топ:

Алынатын зат

Өлшемі

Бағасы

Мата

Қызыл-1 м

Жасыл-10 см

Сары- 10 см

     400 тг

      40 тг

      40тг

Жіп

  1.  

      50 тг

 Мақта

1 кг

      150 тг

 

ЖАЛПЫ БАҒАСЫ:

680тг+ ЕҢБЕК

Жұмыс киімін кию.

ІІ.Ағымдағы нұсқау.  Әр топ парталарындағы  диван жастықшаларының жасалу сызбасына қарап жастықша тігу.

  1. Үлгі бойынша пішу

  2. Тігістікке шетінен 1 см-дей мата қалдыру

  3. Бөлшектерді тексеріп, қию

  4. Әр бөлшекті сәйкестіріп, құрастырып тігу (көктеу тігісі)( жұмыс жасау барысында ақырын музыка ойнап тұрады)


ІІІ.Қорытынды нұсқау. Жұмыстарын талқылау, ақауларын түзету.

ІҮ. Ой толғаныс кезеңі.Үшінші бағанды толтыру, оқу

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім

 

 

 

 

 

 


Үйге тапсырма: Жұмысты аяқтау. Екі топ жасаған диван жастықшаларын бағалау (шығын+еңбек құны) және жарнама дайындап келу.

Бағалау. Жасаған жұмыстарының нәтижесіне қарай, сабаққа қатысу белсенділігіне қарай бағалау (әр топтың басшысы оқушылардың бағалары айтылады, журналға қойылады)


Бағалау парағы.

 Жұмыс орнын жинақтау.

  •  

“Кел, жас дарын, істі баста!

Жаз, оқы, сөйле, тыңда!

Айт, зертте, тексер, сұра!

  •  

Егер бәрін үйренсең,

Көп ұтасың сен ертең!” деп сабағымызды аяқтаймын және шығармашылықпен жұмыс жасауға тілек білдіремін.











Мұнайлы ауданы №11 жалпы білім беру

Орта мектебінің технология пәнінің

мұғалімі Қойбағарова Орыншаға




Мінездеме


Қойбағарова Орынша - өз ісін жетік меңгерген сауатты маман ,арнаулы пәнді оқытуда қазіргі заманға сай әдіс –тәсілдерді қолдана біледі. Орынша беретін сабағының теориялық және практикалық жақтарын жетік меңгерген.

Оқытушының жұмысының негізгі мақсаты- еңбек іс әрекеті бойынша жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Оқушыларының оқу және практика барысында бірін- бірі түсіну, бірігіп жұмыс жасау сияқты қарым- қатынастарын арттыруда шеберліктермен көзге түседі. Орынша әр оқушыны жете зерттеп олардың шығармашылық қасиеттерін арттырып отырады. Қабілеті жоғары оқушыларға аса көңіл бөледі. Осылайша бүгінгі жас ұрпаққа білім нәрін сеуіп, күш-жігерін шәкірт тәрбиелеуге жұмсайтын еңбегі ерекше.

Әріптестеріне адал, оқушылар мен ата- аналардың алдында үлкен беделге ие. Мектеп көлемінде жүргізілетін қоғамдық-мәдени іс шараларға қатысады. Қойбағарова Орынша сабырлы, парасатты, мінезі жайлы сұраған адамға көмегі дайын. Өз кәсіби деңгейін ұдайы арттырып отырады.










Мектеп директоры: Қ. Х. Адилбекова.

Бірлестік жетекшісі: А. Айтджанова.












№32. 5а,ә,б,в,е,ж,д. 30.04.16. Бекітемін:

Сабақ тақырыбы: Жобаға қойылатын талаптар,зерттелуі..

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ұмыт болған халкымыздың қолөнерін жандандыру. Оны жаңа дизайн талаптарына сай әсемдей білуге үйрету, тұтыну бүйымдарын еңбек объектісі ретінде пайдалана отырып, танып білу.

Дамытушылық: Күнделікті тұрмысқа қажетті сұраныс туғызатын, қазіргі заман талабына сай жаңа бұйым жасап шығару қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелілік: Шығармашылық жоба барысында өз бетімен шығармашьлық жұмыс жүргізе білуге, ісксрлікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: баяндау, сұрақ – жауап, теориялық білім және сарамандық жұмыс

Сабақтың түрі : жаңа сабақ

Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, тарих

Көрнекіліктер:слайд, әртүрлі дайын бұйымдар мен жобалар, нұсқау карталары, кестелі және бұйымдары

Қажетті құрал – жабдықтар: қайшы, ине,түрлі – түсті кесте жіптері, кергіш, мата және эскиздері



Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі:

• Оқушылармен сәлемдесу;

• Оқушыларды түгендеу;

• Оқушылардың құрал – жабдықтарын түгендеу;

• Оқушылардың зейіндерін сабаққа аударту.



ІІ. Өткен сабақты қайталау

Өткен сабақта жоба тақырыбын таңдаған болатынбыз.

Жалпы жоба дегеніміз не?

Шығармашылық жоба - әр оқушының жыл бойы мұғалімнің көмегімен орындайтын, өзіндік жұмысы, басқаша айтқанда, технология пәні бойынша жүргізілетін бақылау жұмысы. Әрине жасалатын жобаның сапасы сенің біліктілігіңе, технология пәнінен алған біліміңе, оқулықтағы материалды қалай меңгергеніңе тікелей байланысты.

Жобаны қалай дайындауға болады?

Жобаның бірнеше нүсқасы болуы мүмкін. Мысалы, өте күрделі жобаны оқушының өзі ғана орындауы шарт емес. Сондықтан жобаның кейбір бөлігі дайын күйде берілсе, кейбір бөлімін оқушы мұғалімнің, ата-ананың т.б. көмегімен орындай алады. Егер бір күрделі жобаны бірнеше оқушы бірлесіп орындаса, әр оқушының үлесі алдын ала анықталуы қажет. Ол оқу жылының соңында өзінің орындаған шығармашылық жобасын оқушылардың және мұғалімнің алдында қорғайды.

(Және сендерге өздерің таңдаған жобаның эскизін салып, жасалу жолын жоспарлап келіңдер деген болатынмын. Оқушылардың салып келген эскиздерін талдау)





ІІІ. Жаңа сабақ



(оқушыларға күнді және тақырыпты дәптерлеріне жазғызу) бүгінгі тақырыбымыз «Жоба дайындауға дейінгі жұмыс жоспары»

Сонымен, шығармашылық жоба бұл оқушының мұғалімнің басқарумен орындалған өзіндік шығармашылық (жоба) жұмысы

Барлығымыз жобаға кесте тігу өнерін таңдаған екенбіз, онда кесте жайлы айтып өтейін

Кесте – қазақ халқының сәндік қол өнерінің бір түрі. Қолмен кестелеп тігу – өте көне заманнан келе жатқан қолданбалы өнер түрі. Қолданбалы өнер – көптеген елдердің шеберлерінің, суретшілерінің шығармашылық жемісі. Кесте шығыс халықтарының арасында қазақ пен қырғыз халқында аса жоғары деңгейде дамыған. Ертеде халқымыз тұтынатын бұйымдарының бәрін кестемен әшекейлеп безендірген. Мысалы: ұлттық киімдерді, бас киімдерді, неше түрлі сувенир заттарды кестелеуге болады.

Қазақ халқының қол тігістері өзінің тігілу әдісі мен мәнеріне қарай бірнеше түрге бөлінеді де, олардың әрқайсысы өз атауларымен аталады. Мысалы: жөрмеу, көктеу, саба тігіс, бүгіс, қабу, қабырға тігіс, тышқан із, кереге тәріздес тігіс, қиғаш тігіс және т.б. Кестелеуге арналған материалдар – канва, тегіс боялған мата. Жіптер – кестелеу үшін табиғи, жасанды, синтетикалық және аралас жіптер, ирис, мулине т. б. жіп түрлері қолданылады.


«Тышқан із» тігісі үш сызық арасымен, не шаршы сызықтар арасымен тігіледі. Алғашқы шаншымында инені төменгі сызықтан жоғары көтеріп үстіңгі сызықтан шаншып матаның астына түсіреді. Бұл кезде сол қолдың бармағымен ине жібін өзіне қарай тарта басып, іркінді ілмек жасайды да, инені босаңдау тартады. Ине үшінші шаншымында орталық сызық бойымен екі шаншым ілгері аттап іркіліп тұрған ілмек арасынан шығады. Инені келесі кезекте тартқанда ілмек ортасында сопақтау үш бұрыш жасалады. Тігіс осылайша қайталана береді.

Айқас тігу - инемен тігілетін кестенің ең көп тараған түрі. Өрнек ізімен біркелкі төрт бүрышты етіп, бір жіптің үстінен екінші жіпті айқыш түрінде айқастыра бастырып отырады. Онымен орамал шаршының шетін әшекейлейді. Жетісудыңоңтүстігінде оны «орыс кесте» деп те атайды.







Шығармашылық жобаны орындау жүйесі /. ұйымдастыру, дайындык, кезеңі.

- Үлгі тандау. Жасалатын бүйымның үлгі сұлбасын сызу, суретін салу;

- Материалдар мен керекті-құрал жабдықтар дайындау;

- Жұмыс орнын ұйымдастыру.



1. Техникалык кезең.

- Техникалық жұмыстарды орындау;

- Еңбек қауіпсіздік ережелерін сақтау



2.Қорытындылау кезеңі жүйелеу.

- Дайын бұйымды бағалау;

- Шикізат шығынын есептеу;

- Шығармашьшық жобаны қорғау.



3.Шығармашылық жобаға қойылатын негізгі талаптар.

- Өзіндік қызығушылығы;

- Әлеуметгік-экономикалық жағдайдың сәйкестігі, күрделілігі,

- Өз мүмкіндігін ескеру;

- Өз өнімдерін іске асыру, тұтыну.



4.Жобаны жарнамалау.

- Өнім белгісі;

- Өндірістің аты;

- Бұйымның аты, қолдану;

- Жарнамалау.







5.Шыгармашылык. жобаны қорғау

Оқушы өзінің дайындаған шығармашылық жобасын қорғап, жұмысын қортындылайды

(Мына жерде көрсетілген жобаларды қарап шығуларыңызға болады.)





IV.Сарамандық жұмыс

Қауіпсіздік ережелерін қайталап шығайық:



Қайшымен жұмыс:

а) қайшыны арнаулы қобдишада сактау керек,

ә) қайшыны біреуге үшкір үшымен берме,

б) қайшының жүзін ашық қалдырма.

в) қайшымсн жүмыс жасап жатқан адамның көңілін бөлме,

г) кайшьшың үшын жоғары көтерме.

Инемен жұмыс:

а) инені киімге қыстыруға болмайды,

ә) иненің жібін тіспен үзбе.

б) инені ауызға салуға болмайды,

в) инемен жұмыс жасағанда оймақ ки,

г) инені арнаулы қобдишаға сал немесе жастықшаға түйреп қой.

(әр оқушы өзінің жұмыстарын бастайды, жұмыс кезінде оқушыларға көмек көрсету, қателіктерін түзету)



V.Сабақты қорытындылау

1. Жасаған жұмыстарын тексеру, қателіктерін айту, талдау, түзету

2. Жасап жатқан жобаларына қатысты сұрақтар қою:

Жобаны қалай ұйымдастыруға кезеңін атап шық

Жоба жасауда қойылатын талаптар?

Жобаны қалай жарнамалайсың?

Айқас тігіс қалай орындалады?

Кестелі бұйымдарды ата

Кестенің қандай түрлерін білесің?



VI.Бағалау

Оқушылардың жұмыстарына және берген жауаптарына қарай бағалау



VІI.Үйге тапсырма

Жұмысымызды үйде жалғатыру























Сабақтың тақырыбы: Жобаның бірнеше нұсқасы болуы мүмкін

Мысалы, өте күрделі жобаны оқушының өзі ғана орындауы шарт емес. Сондықтан жобаның кейбір бөлігі дайын күйде берілсе, кейбір бөлімін оқушы мұғалімнің, ата-ананың көмегімен орындай алады. Егер бір күрделі жобаны бірнеше оқушы бірлесіп орындаса, әр оқушының үлесі алдын ала анықталуы қажет. Ол оқу жылының соңында өзінің орындаған шығармашылық жобасын оқушылардың және мұғалімнің алдында қорғайды .
Жобаны қорғау барысында қолданатын бұйымның ішінен қандай затты таңдап алу, ол бұйым қоғамға, өзіне достарына және ата-анасына қандай пайда келтіретіне ескеріледі.
Жобалау әдістемесінің талабы:
1. Міндетті түрде шешілетін мәселенің зерттемелік, ақпараттық, тәжірибелік болуы.
2. Жобаны орындау іс-әрекетті жобалаудан басталады
3. Әр жоба оқушыдан зерттеушілік жұмысы талап етеді. Сонымен, жобалау іс-әрекетінің ерекшелігі - ақпаратты іздеу болып табылады.
4. Жобаның шығуының ең соңғы сатысы - нәтиже:
5. Дайындалған жоба тапсырыс берушіге немесе қоғамдық өкілдікке көз жеткізуі керек.
Жобаның түрлері:
Шығармашылық жоба
Ақпараттық жоба
Рөлдік жоба
Тәжірибелі бағдарланған жоба
Зерттеу жобасы
Жобаның негізгі бөліктері:
1. Міндеттің қысқаша анықтамасы
а)берілген бұйым кімге арналған
б)арналған бұйымның қажеттілігі
2. Бұйымды дайындауға кіріспес бұрын
- нені міндетті түрде жобалау керек
- кімге арналған киім жобалау керек
3) Бұйымның дайындалуы. Кез-келген жағдайда жұмыстың мақсат, міндеттері оның басты бағытымен анықталады.
4) Бұйымды байқау және бағалау
Жобаның орындалу бірізділігі
1. Іздену кезеңі
2. Жобаның тақырыбын таңдау және жаңашылдыққа бет бұру
3. Жоба тақырыбы туралы ақпарат жинау
4. Жоба идеясы мен тақырыбы туралы сыныптастарымен және мұғалімдермен бірге талқылау
5. Жобаның тақырыбы мен идеясын бекіту
Сызбаны және технологиялық картаны дайындау
Шығармашылық жоба - әр оқушының жыл сайын мұғалімнің көмегімен орындайтын өзіндік жұмысы, басқаша айтқанда, технология пәні бойынша жүргізілген шығармашылық жұмыс.
Шығармашылық жобаның технология пәнінде алатын орны өте зор. Шығармашылық жоба арқылы оқушының ұлттық дүниетанымы, эстетикалық талғамы дамиды. Оқушылар санасына жас кезінен бастап еңбек етуінің қажеттілігін, маңыздылығын сіңіру, пайдалы іс жасауға, қандай іс болса да шын ниетпен және ұқыпты орындауға дағдыландырады.
Оқытудың осындай идеяларын ұстанған сабақтарда оқушылар өз ойларын еркін айтатын болғандықтан, оларда түрлі пікірлер пайда болады. Олардың қандай да болмасын мүмкін қате немесе шала ойларын шыдымдылықпен тыңдап, оқушыларды сенімділікке бастау мұғалімнің басты міндеті. Қолданбалы экономика мақсаттары:
- жеке меншік, баға белгілеу және бәсеке жүйесіне көп көңіл бөлу
- экономикалық заңдардың іскерлік шешімдерге әсерін анықтау:
- нарықтық экономикадағы үкімет ролін көрсету
- кәсіпкер мен тұтынушыларды этикалық нормалар мен ережелердің болу қажеттігін оқушылардың түсінісуіне көмектесу
- мамандықты, сонымен қатыр жеке экономика мәселелерін таңдауда оқушылардың өз мүмкіндіктерін ұсынады. Олар:
- оқу, хат және базалық білім
- Графиктер мен таблицаларды түсіну
- Алынған мәліметтерді зерттеу және талдау
- Кішігірім топтарда жұмыс істеу және оларды басқару және т. б.

Шығармашылық жобаны рәсімдеу:
1. Бастапқы бет
2. Мақсаты, міндеті, болжамы, күтілетін нәтижесі
3. Шығу тарихы
4. Жалпы эскизі
5. Нұсқау карта
6. Қажетті құрал-жабдықтар
7. Құны
Нақты тақырып төңірегінде оқушының алдында әр кезеңде мақсатқа қол жеткізудегі ұмтылыс нығая түспек. Шығармашылық жобаны іске асыру барысында қол жеткен жетістіктер:
- Сабақтан бос уақытта маңызды әлеуметтік шығармашылықпен айналысатын балалар санының өсуі
- Ата-аналардың өз балаларының іс-әрекеттерін ұйымдастыруға қатысуға қызығушылығының артуы
- Баланы шығармашылық жұмыс істеуге дағдыландыруға бағытталған әр іс-шараның тәрбиелік мақсаттарға жетуі.
- Ұйымдастырылған іс-шаралардың сапасы және жобаға қатысушылардың ынталандырылуы
Жобалау технологиясының негізінде –оқушылардың жұппен бірігіп немесе әр оқушы өзі дайындайтын шығармашылық жұмыстар жатыр.
Оқушылардың шығармашылық жоба жұмыстарын ұйымдастыруды жоспарлау және жоба жұмысының кезеңдері
Тірек сызба:
Жоба
Практикалық Теориялық
Бұйым Түсіндірме парақтары

Еңбек тәрбиесінің мазмұны мен жүйесі
Жас өспірімдерді еңбекке тәрбиелеудің жалпы міндеттері бірнеше жеке міндеттерді орындау арқылы іске асырылады. Олар білім алушыларды еңбекке практикалық тұрғыдан даярлау.
Білім алушының ынтасын және қабілетін дамыту еңбек тәрбиесіндегі жеке міндеттердің бірі. Халық шаруашылығында автоматтарды, компьютерлерді, т. б қолдану барлық мамандардан жоғары техникалық сауаттылығы талап етеді. Сондықтан оқыту идеялар. Саралап оқыту - оқушылардың туа біткен ақыл-ой қабілетінің жеке дамуының жан-жақтылығына негізделген білім беру жүйесі. Барлық педагогикалық жүйе құрам бөліктерінде инновация үрдісі іске асу үшін төмендегі дей жұмыстар істелу керек:

- Мұғалім мен оқушылар арасында тұлға аралық қатынас қалыптастыру
- Сабақ барысында сыйластық пен сенімнің жоғары деңгейімен ерекшеленетін бірлестік жұмыс әдісі қалыптасады.
- Оқушыларды ашық түрде пікір алысу мәдениетіне баулиды.
Жас ұрпақты еңбексүйгіштікке, іскерлікке баулу, әсіресе қазіргі кезде ауадай қажет. Оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін сабақтарды түрлендіріп өткізу қажет. Ең бастысы оқушылардың сабақ үстінде шет қалмауы, берілген тапсырмамен айналысып отыруын қадағалау.

Жаңашыл әдістер мен жаңа технологияның білім берудегі жолдары мен әдіс-тәсілдері
Дамудың жаңа сатысында бағыт алған мектептің ең негізі өзегі мұғалімнің жеке басының ізденімпаздығы мен білімділігіне көп жағдай тәуелді. Жалпы пәндер бойынша В. Ф. Шаталовтың ұсынған әдісі бойынша трек-конспект, диаграмма, график, логикалық тірек-сызба арқылы теориялық материалдарды блокпен оқытып, дамыта оқыту технологиясы бойынша оқушылардың әр түрлі кезеңдерінде үздіксіз білім алуға жағдай жасап, оқыта отырып дамытуға, екіншіден өз бетінше білім жинақтауға шығармашылықпен жұмыс істеп өмірге бейімделуіне ықпал жасайды.
Жаңа технология жүйесінде проблемалық және іскерлік ойын арқылы оқытудың да маңызы зор. Оқушылар әр түрлі проблемаларды талдайды, оның шешу жолдарын іздестіреді. Мұндай сабақтар оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытады, пәнге қызығуын арттырады, өмірде кездесетін түрлі қиындықтарды жеңуге тәрбиелейді. Іскерлік ойын сабақтарын өткізу технологиясы үш кезеңнен тұрады.
1-кезең: Дайындық (рөлдерді бөліп беру, оқушыларды топтарға бөлу, проблемаларын алдын-ала таныстыру, қажетті материалдарды жинау.
2-кезең:Ойын кезеңі
3-кезең:Қорытындылау

Іскерлік ойындардың дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық маңызы зор екенін ескерсек, ретіне қарай әр түрлі пәндерден дәстүрлі емес сабақ түрлерін көбірек өткізу қажет
Дәстүрлі емес сабақтардың психологиялық, педагогикалық ұйымдастыру және өткізу жолдарын жан-жақты зерттеп, оқушылармен өткізілетін сабақтар жүйесі жасалынуы қажет.

























































№33. 6а,ә,б,в,г. 17.05.16. Бекітемін:


Сабақ тақырыбы: Құрақ құрау техникасымен тігілген жастық.

Сабақ мақсаты: Оқушыларға ұлттық қол өнерді насихаттап,қалған матадан құрап жастық жасауды үйрету.Ой өрісін дамытып,үнемшілдікке,төзімділікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақ әдісі:сұрақ жауап,түсіндіру,практикалық жұмыс

Көрнекілік:суреттер,құрақ бұйымдар,қайшы,мата,ине,жіп.


Қызығушылықты ояту:Топтастыру стратегиясын пайдаланып екі топқа бөлемін 1-топ «Мата»,2-топ «Қайшы».

Үйге берілген тапсырманы сұрақ қою арқылы сұрау.

1.Жастық деген не?

2.Жастықтың неше түрін білесің?

3.Диванға арналған жастықтар қандай болады?

4.Домалақ жастықтың айырмашылығын ата?


Мағынаны ашу.

Жаңа тақырыпты түсіндіру:


Ұлттық педагогиканы насихаттауға қай пәннің болса да ыңғайы мен мүмкіндіктері мол. Соның ішінде, технология сабақтарында халық қолөнеріне үйрету арқылы тәлім – тәрбиені жас өспірім бойына сіңіру зор маңызға ие. Ұлттық қолөнер бұйымдарын сабақта пайдалану халық өнеріне баулиды, сабақтың тәрбиелік мәнін арттырады. Технология сабағында шәкірттің білімге құштарлығын арттыру, өздігінен ойлау қабілетін қалыптастыру, еңбек етуге баулумен қатар ата-бабаларымыздан қалған салт - дәстүрлерді білуге тәрбиелеу – қазіргі өмір талабы.

Ертеден келе жатқан тамаша тарихымен бірге өзіндік қайталанбас ерекшелігімен көзге түсетін қазақ халқының қолөнері жас ұрпақты тәрбиелеуден үлкен мәнге ие болуда. Баланы қолөнерге баулу және оған қызықтыру үшін алдымен оған үлгі алатындай жағдай туғызу, оның қыр – сырымен таныстыру және құпиясын ашып көрсету, яғни білім беріп, еңбек етуге баулу қажет.

Оқушылар алған білімдерін жадында сақтап қана қоймай, оны өмірмен байланыстыра білуге, жан – жақты ойлауға қабілетті болуы тиіс. Баланың түрлі іс – әрекеттерінің нәтижесінде ойлау әрекеті үнемі дамып, мазмұны жағынан өрістейді. Оқушылар іс – әрекеті негізінде басқа пәндерден алған білімдерін еске түсіру арқылы логикалық ойлау қабілетін арттырады.

Оқушылардың ой белсенділігін, саналы ойлана білуін дамыту, жетілдіру – мұғалімнің міндеті. Сабақ барысында жаттығу жұмыстарын жүргізуге болады. Баланың ойлау әрекетін ойдағыдай дамыту үшін, тиімді тәсілдер қолданып, арнайы жұмыстар жүргізу қажет. Мысалы, логикалық ойлау үрдісі өзіне тән логикалық амалдардан тұрады: талдау, жинақтау, салыстыру, топтастыру, жалпылау,тұжырымдар жасау және тағы басқалар.

Сабақта ұлттық қолөнер туындыларын, салт – дәстүрімізді ұтымды пайдалана білсек, оқушылардың сабаққа, өз халқының тарихы мен мәдениетіне деген қызығуы арта түседі.

Өнердің басқа түрлері секілді құрақ құрау да оқушылардың ой – өрісі білімдерін жан – жақты дамытуға әсері мол. Құрақ – мата қалдықтарынан жасалатын үй бұйымының бірі. Құрақты қазақ халқы тек төсеніш ретінде ғана емес, сонымен бірге сәндік үшін жастық бетіне және тұрмысымызға көрік берер сәнді бұйымдар: қолдорба, керме, аяққап, сандық жапқыш, т. б. жасауға пайдаланған. Құрақ – Қазақстанның барлық облыстарына тән өнердің бір түрі.

Ежелден халық шеберлері геометрияны оқымаса да, түрлі геометриялық фигуралардан тұратын құрақты пайдаланып, тұрмыста сән құрай білді, бірақ оның тек сәнділігіне қарамастан тұрмыста мата бөліктерін іске асыру нәтижесінде материалдың үнемді де болғанын қалады. Мысалы, құрақ құрауды тек қана қолөнер, технология сабақтарында ғана үйретіп қоймай, оны кез келген пәндермен байланыстыра үйретсе, баланың ой – өрісі және жеке пәнге деген қызығуы артады. 

Сондай – ақ еңбек сабағында оқушыларды құрақ құрауға үйретуде, түрлі геометриялық фигуралардың басын құрастыру, үшбұрыштың қабырғасы немесе төртбұрыштың табанының бір – біріне тең болуы, өлшемі арасындағы байланыстылықты қажет етсе, ал құрақ композициясын құрастыру мен түстерінің үйлесімділігін табу үшін бейнелеу өнерінен білімдері пайдаланылады.

Сабақ барысында оқушылардың логикалық ойлауын қалыптастырудың бірден – бір құралы ретінде де құрақ құрау өнерін үйретуге болады. Құрақ құрау үшін әр түрлі маталардың қалдығын пайдаланамыз. Құрақтың бүгінде қолданылып жүрген мынадай түрлері бар: қайшы құрақ, тырна қатар, қаттама құрақ, таңдай құрақ, алма құрақ, сегіз жапырақ, мүйіз құрақ, тұмарша, жұлдыз құрақ т. б.



Құрақты ақ, қара, көк сияқты негізгі түстердің үйлесімділігін таба отырып құрайды. Сабақ барысында құрақ құрауды үйрету геометрия,сызу, физика, бейнелеу өнері, биология, химия, тарих пәндерімен тығыз байланыста болады. Құрақтағы геометриялық фигуралар мен олардың қабырғасының ұзындығы келесі геометриялық фигураның табанына немесе қабырғасына тең келуі геометрия, математика пәндерімен, ал осы геометриялық фигуралардың сызбасын сызып, есептеп шаблон жасау сызу сабағымен тығыз байланыста.

Сондай – ақ, құрақ құрау үшін пайдаланылатын маталардың тоқылу айқаспаларын түсіндіру, олардың сызбаларын сызу, арқау желі жіптердің шатысуын анықтауда мата қасиеттері мен талшықтық құрамы жөнінде мәлімет беру кезінде сызу, биология, химия пәнімен, ал құрақ композициясының шешімін табуда бейнелеу өнерімен байланысты болды.

Қолданбалы өнер – құрақ құрау оқушыларды есептеу, бұрыштар өлшемдерін, өң – түс сабақтастығын жан – жақты шығармашылықпен ойландыратын тәрбие құралы. Жалпы білім беретін еңбекке баулу

бағдарламаларында оқушыларды құрақ құрауға үйрету бастауыш сыныптан басталады. Мұнда, олар күрделі құрақ композициясын қағаздан әзірлесе, жоғарғы сыныптарда мата қалдықтарынан құрайды.

Құрақ тігу барысында оқушылардың төзімділігі, еңбек сүйгіштігі, Шеберлігі, эстетикалық талғамы артып, логикалық ойлау қабілеті қалыптасады.

Үйге тапсырма:өздерің қалаған жастық жасау.































33. 11 а,ә сыныптар. 18.05.16. Бекітемін:

Тақырыбы: Гобеленмен жұмыс.

 Сабақтың мақсаты: Халық қолөнерімен таныстыру, үйрету арқылы оқушылардың өздігінен жұмыс жүргізуіне, шеберлік деңгейін арттырып, ынта-ықыласын молайтуға, әсемдікпен сұлулықты көріп, бағалай білуге үйрету.

Білімділік мақсаты: оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыра отырып, әрбір жеке тұлғаның ақыл-ойының дамуына, шығармашылық даму мүмкіндігіне жағдай жасау.

Дамытушылық мақсаты: оқушыларды өнер туындыларын эстетикалық талғаммен қабылдау қабілеттілігін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларға қолөнердің эстетикалық мазмұнын бойына сіңіру арқылы шеберлікке, жинақылыққа, икемділікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: әңгімелеу, сұрақ – жауап, сарамандық жұмыс.

Пәнаралық байланыс: тарих, өнер, сурет.

Сабақтың көрнекілігі: Венн диаграммасы, Құрасбек Тыныбековтың, Батима Зәуірбекованың туындыларының суреттері, слайд.

Сабақтың барысы:                                                                                

І. Ұйымдастыру кезеңі                                                                                              

а) Сәлемдесу.                                                                                                    

ә) Оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру, түгендеу;

б) Жұмыс орнын ұйымдастыру, әкелген құралдарын тексеру.

в) Ұйымдастыру сәті кезеңінде сабақтың жұмыс ырғағын анықтау.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.  

ІІI. Жаңа сабақты түсіндіру.

Кілем – үй жасауы деп санаймыз, оны жерге төсеуге, қабырғаға ілуге болады және кілем иірілген тоқыма жіппен тоқылады. Кілем – сәндік қолданбалы өнер түріне жатқызамыз және шалу әдісімен тоқылады. Кілем түкті және түксіз болып бөлінеді. Түк салып тоқу өнері көбінесе Қызылорда, Торғай, Қостанай, Шымкент өңірлерінде жақсы дамыған. Гобелен –суретті, түксіз, қабырғаға ілінетін және жерге төселетін кілем, яғни қолмен тоқылған кескіндеме. Гобелен – сәндік қолданбалы өнер түріне жатады. Гобелен өнерінің шығу тарихы 20-шы ғасырдың басынан басталады. Гобелен дербес суретшілік өнер туындысы ретінде алғаш Франция, Италия, Испания, Германия елдерінде дамып, кейін Ресей, Балтық бойы, Кавказға кең тараған ертеден келе жатқан алаша, тықыр кілем тоқу өнері гобеленнің қазақ халқының дәстүрлі қолөнеріне жат емес.  Гобеленнің отаны – Франция. Сонау орта ғасырларда өмір сүрген ағайынды Гобелендер негізін салғандықтан, солардың есімімен аталатын осы бір өнер түрінің қазақ жерінде жылы қабылданып, тез таралуы – бізде негіздің барлығынан. Ол қандай негіз? Гобеленге қараңыз да, қазақтың тақыр кілемімен салыстырыңыз. Еш айырмасы жоқ. Айырмасы – тек француздар ертерек қимылдап, оны өздерінің өнерлері, бренд ретінде қалыптастыра алғандығында. Егер оны өзімізге сіңіріп алғымыз келсе, гобеленді «алашаның заманауи түрі» деп санауымыз қажет.

Түкті кілемді тоқу барысында тоқу мәнеріндегідей техниканы қолдана отырып, сол түктерді кейбір жерлерде 10-15 мм-дей ұзындықта қалдырып, кей жерлерінде тақырлай қысқартып үйлестіріледі. Жалпы гобелен тоқу үлкен сезімталдылықты талап етеді.

Түкті кілем негізін құру үшін станок болу керек. Станок ағаштан жасалынады. Гобелен өнері оқушыларды әсемдікті, сұлулықты түсінуге, биік адамгершілік қасиеттерін тәрбиелейді, олардың ой-өрісін, рухани байлығын дамытады.Халқымыздың көне мәдениетін әр сабақ жіпке сыйғызып, бүгінгі заманға жеткізуде гобелен өнерінің де үлесі жыл санап артып келе жатыр. Қазақ гобеленінің негізін қалаған марқұм суретші Құрасбек Тыныбеков десек, қазақ қыздарының ішінен осы салаға тұңғыш сара жол салған – Бәтима Зәуірбекова. «Ана», «Дала мадоннасы», «Сәукеле киген қыз», «Ұзату», «Күту» сынды туындылардың авторы.

Гобелен өнерінің дамуына ерекшеүлес қосқан Қазақстанда суретшілер қатарына:  Қ.Тыныбеков,Б.Зәуірбекова, И.Ярема, Ә.Бапанов, С.Бапанова, Қ.Жұбаниязова, А.Ихонова, Н.Павленко т.б.атауға болады.

Гобелен кілемі – сәндік бұйым. Оны қазіргі кезде тәжірибелі суретшілер қолға алып, жаңа өрнекпен тоқуда. Гобелен кілемінде белгілі бір тақырып бойынша қайталанбас суреттер көрініс береді, оның жай кілемдерден айырмашылығы суреті мен колориттік түстерінде.

1946ж Батима Зәуірбекованың туған жылы 1970ж Гобелен саласындағы алғашқы туындысы «Шеберлер» деп аталған. Сарғалдақ түстес көйлек киген бойжеткен қыз жасыл өрнек арасында отыр. Осынау құпиясы мен қызығы мол, қиындығы да көп өнерге таңырқай қарайды. Әрине, бұл оқшау өнердің алғашқы көрінісі, бұлақ сылдырындай әуені ғана ғой. Бірақ өнер зерттеушілері осы еңбегін жақсы бағалады. 1972ж «Жіп иіруші қыз» атты гобеленде авторға тән шеберлік айқын көзге ұрады. Мұнда шебер қыз жұмыс үстінде бейнеленген. Басын сәл биязы бұруы, қолдарының әсем қимылы, жеңдерінің қанық түспен бүрмеленуі, шығарманың жалпы әшекейлік сипатымен астасып алғанын терең сезіммен ұғынуға бағдарлайды. Көркемдік мәні де ұштасуынан пайда болған үндестікке байланысты арта түскен.

Құрасбек Тыныбековтың «Шопан» атты гобелені. Бұл шығармадағы басты кейіпкер – жас шопанның қолтығындағы жаңа туған қошақанға назар салыңызшы: қошақанның – жартылай жануар, жартылай ою түрінде бейнеленгенін байқаймыз. Демек, бұл – қазақтың «қошқар мүйіз» оюының символы екенін көрсетеді. Аспан төріндегі ақша бұлттар да әртүрлі бейнедегі ою-өрнек болып баяу қалқып бара жатқандай әсер сыйлайды. Гобелен бетіндегі жазықтық табиғат құбылыстарынан хабар бергендей: түнгі аспандағы жұлдыздар әлемі, біресе желдің ұйтқи соққан әуені мен теңіз толқындары тәрізді алуан-алуан қимыл-қозғалыстарды бір кеңістікке еркін сиғызып, түрлі бояулармен қанықтырып, айрықша серпін мен ширақтық танытады. Осы көріністердің бәрі де ою-өрнектік символикалар арқылы берілгеніне таңданыс білдірмеске лажыңыз жоқ. Көне мен жаңаның өзара үндесуі дегеніміз осы.

Гобелен тоқу үшін:

1. Гобеленші-суретші алдымен тоқылмақшы гобеленнің суретін кіші қағазға түсіріп алады.

2. Гобеленші-бояушы суреттегі түрлі-түстерге сәйкес жіптерді алу үшін ақ жіптерді әр түрлі гүлдердің жапырақтарын, тамырларын, ағаш қабықтарын пайдаланып бояйды.

3. Гобеленші-картоньер кіші қағаздағы суретті тоқылмақшы гобелен өлшеміндей картонға бояулы етіп салады.

4. Гобеленші-тоқымашы салған суреті бойынша кілемді тоқиды.

IV. Сарамандық жұмыс.

Жұмыс киімін киеміз;

· Кергішті үстел бетіне дұрыс орналастыру;

· Ине ұстау кезінде инені оң қолыңмен ұста;

· Қайшыны құрбыңа үшкір жағымен ұсынба;

· Алдымен кергішті алдымызға алып, негізгі жіпті бос тастап, ұшын инеден өткізіп, дұрыс отырамыз;

· Тоқылу әдісі кергіш бетінде оңнаң солға қарац жүргізу арқылы және солдан оңға қарай жүргізу апқылы орындалады;

· Тоқылу әдісінің арақашықтығы 3-4 мм болады;

· Тоқылу әдісінде жіптер мата бетін толық жауып, суретті нақтылай тоқу керек.

V. Сабақты бекіту.

1.Гобелен өнерінің шығу тарихы қай ғасырдан басталады?

2.Гобелен дегеніміз не?

3. Гобелен атауы қай елден шыққан?

4. Гобеленнің кілемнен айырмашылығы неде?

5. Құрасбек Тыныбековтың өмір сүрген жылдары?

7.Ең алғашқы гобеленші қазақ қыз?

Ой толғаныс кезеңі. Венн диаграммасын қолдану.

 Кілем                       Ортақ қасиеттері                             Гобелен

 

VI. Оқушы білімін бағалау.

Әр бір оқушының жасаған жұмысын қабылдап, баға қойып, жіберілген қателерін қайта түсіндіру.

VII. Үй тапсырмасы.

 Гобелен туралы, Қазақстандағы басқа да гобеленшілер туралы қосымша деректерді жазып әкелу.

 













№34. 11 а,ә сынып. 25.05.16. Бекітемін:

Сабақтың тақырыбы: «Шығармашылықпен жобаны қорғау»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: өтілген тақырыптар бойынша оқушылардың білімін жан-жақты тексеру, шығармашылық жобамен жұмысын қорытындылап қорғау.

Дамытушылық: жобамен жұмыс кезіндегі жетістіктері мен кемшіліктерін анықтай отырып оқушылардың ой-өрісін, шығармашылық қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: оқушыларды ұқыптылыққа, шыдамдылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: «Шығармашылық жоба» сөзіне анықтама, тест сұрақтары, «Жарнамалау» сөздерінің анықтамасы. жұмыстың орындалу құжаттары, дайын бұйымдар.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, тестпен жұмыс, нұсқау беру, жарнама дайындау.

Пәнаралық байланыс: экономика

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі (2минут)

а) сабақтағы көңіл күйлерін білу;

ә) өткен сабақтағы тапсырманы анықтау;

б) сабақтағы мақсатты анықтау.

II. Оқушылардың білімін тексеру (3минут).

Өткен сабақтағы «Шығармашылық жоба» туралы алған білімімізді еске түсіріп, тексеру,

сарапқа саламыз. Ол үшін топтарға (оқушылырға) тест сұрақтары беріледі.

  1. Шығармашылық жоба дегеніміз не?

а) бұйымның жобасын салу

ә) технология пәні бойынша жүргізілетін бақылау жұмыстары

б) жұмысты тексеру

2. Шығармашылық жоба неше бөлімнен тұрады?

а) 3 бөлім

ә) 4 бөлім

б) 2 бөлім

3. Жобаның сапасы неге байланысты?

а) уақытқа

ә) шапшандылыққа

б) технология пәнінен алған біліміне.

4. Шығармашылық жобаның 1 бөлімі қалай аталады?

а) дайындық кезеңі

ә) қорытынды кезеңі

б) техникалық кезеңі.

5. Дайындық кезеңіне не жатады?

а) проблеманы шешу

ә) еңбек қауыпсіздік ережелерін сақтау

б) жарнамалау

6. Шығармашылық жобаның 2 бөлімі қалай аталады?

а) дайындық кезеңі

ә) қорытынды кезеңі

б) техникалық кезеңі.

7. Техникалық кезеңге не жатады?

а) нұсқау карта жасау

ә) құнын есептеу

б) жобаны қорғау

Жауаптарын өзара тексеріп, дұрыс жауабын жариялау. Тақтаға «Шығармашылық жобаны

орындау жүйесі», «Шығармашылық жоба» анықтамасы ілінеді.

III. Сарамандық жұмысқа кіріспе (3минут).

Техникалық кезеңнің бөлімдеріне байланысты мына сұрақтарға жауап беру:


  1. Өзіндік құн деген не?


  2. Жарнама деген не?


Өзіндік құн және жарнама сөздерінің анықтамасы ілінеді.

IV. Сарамандық жұмыс (7 минут). Әр топ (оқушы) өздерінің бұйымдарының өзіндік құны мен жарнамасын дайындайды.

V. Жобаны қорғау (20минут). Әр топ берілген жүйе бойынша дайын бұйымдарының есебіне талдау жасап, құжаттары арқылы бұйымдарын таныстырады.

VI. Сабақты бекіту (2минут).

Сұрақ- жауап әдісі арқылы:

а) шығармашылық жоба барысында біз нені үйрендік?

ә) Жұмыс барысында қандай қиындықтар кездесті?

б) Қай кезең қызықты болды? Неге?

VII. Сабақты қорытындылау (2минут).

Әр топтағы жеке оқушылардың сабаққа қатысуын атап өту. Сабақтың мақсатын талдау. Сабақ соңында «Сенің көңіл күйің қай суретке сәйкес келеді» деп оқушылардан сұрау.


VIII. Білімін бағалау. Үйге тапсырма (1минут).

Әр топтың (оқушының) жұмысын өзара бағалау. Келесі сабаққа құжаттарды толықтырып

алып келуді тапсыру.































№34. 10 а,ә,б сынып. 19.05.16. Бекітемін:

Сабақтың тақырыбы: «Шығармашылықпен жобаны қорғау»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: өтілген тақырыптар бойынша оқушылардың білімін жан-жақты тексеру, шығармашылық жобамен жұмысын қорытындылап қорғау.

Дамытушылық: жобамен жұмыс кезіндегі жетістіктері мен кемшіліктерін анықтай отырып оқушылардың ой-өрісін, шығармашылық қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: оқушыларды ұқыптылыққа, шыдамдылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: «Шығармашылық жоба» сөзіне анықтама, тест сұрақтары, «Жарнамалау» сөздерінің анықтамасы. жұмыстың орындалу құжаттары, дайын бұйымдар.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, тестпен жұмыс, нұсқау беру, жарнама дайындау.

Пәнаралық байланыс: экономика

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі (2минут)

а) сабақтағы көңіл күйлерін білу;

ә) өткен сабақтағы тапсырманы анықтау;

б) сабақтағы мақсатты анықтау.

II. Оқушылардың білімін тексеру (3минут).

Өткен сабақтағы «Шығармашылық жоба» туралы алған білімімізді еске түсіріп, тексеру,

сарапқа саламыз. Ол үшін топтарға (оқушылырға) тест сұрақтары беріледі.

  1. Шығармашылық жоба дегеніміз не?

а) бұйымның жобасын салу

ә) технология пәні бойынша жүргізілетін бақылау жұмыстары

б) жұмысты тексеру

2. Шығармашылық жоба неше бөлімнен тұрады?

а) 3 бөлім

ә) 4 бөлім

б) 2 бөлім

3. Жобаның сапасы неге байланысты?

а) уақытқа

ә) шапшандылыққа

б) технология пәнінен алған біліміне.

4. Шығармашылық жобаның 1 бөлімі қалай аталады?

а) дайындық кезеңі

ә) қорытынды кезеңі

б) техникалық кезеңі.

5. Дайындық кезеңіне не жатады?

а) проблеманы шешу

ә) еңбек қауыпсіздік ережелерін сақтау

б) жарнамалау

6. Шығармашылық жобаның 2 бөлімі қалай аталады?

а) дайындық кезеңі

ә) қорытынды кезеңі

б) техникалық кезеңі.

7. Техникалық кезеңге не жатады?

а) нұсқау карта жасау

ә) құнын есептеу

б) жобаны қорғау

Жауаптарын өзара тексеріп, дұрыс жауабын жариялау. Тақтаға «Шығармашылық жобаны

орындау жүйесі», «Шығармашылық жоба» анықтамасы ілінеді.

III. Сарамандық жұмысқа кіріспе (3минут).

Техникалық кезеңнің бөлімдеріне байланысты мына сұрақтарға жауап беру:


  1. Өзіндік құн деген не?


  2. Жарнама деген не?


Өзіндік құн және жарнама сөздерінің анықтамасы ілінеді.

IV. Сарамандық жұмыс (7 минут). Әр топ (оқушы) өздерінің бұйымдарының өзіндік құны мен жарнамасын дайындайды.

V. Жобаны қорғау (20минут). Әр топ берілген жүйе бойынша дайын бұйымдарының есебіне талдау жасап, құжаттары арқылы бұйымдарын таныстырады.

VI. Сабақты бекіту (2минут).

Сұрақ- жауап әдісі арқылы:

а) шығармашылық жоба барысында біз нені үйрендік?

ә) Жұмыс барысында қандай қиындықтар кездесті?

б) Қай кезең қызықты болды? Неге?

VII. Сабақты қорытындылау (2минут).

Әр топтағы жеке оқушылардың сабаққа қатысуын атап өту. Сабақтың мақсатын талдау. Сабақ соңында «Сенің көңіл күйің қай суретке сәйкес келеді» деп оқушылардан сұрау.


VIII. Білімін бағалау. Үйге тапсырма (1минут).

Әр топтың (оқушының) жұмысын өзара бағалау. Келесі сабаққа құжаттарды толықтырып

алып келуді тапсыру.































34. 6 а,ә,б,в,г сынып. 24.05.16. Бекітемін:


Сабақтың тақырыбы: «Шығармашылықпен жобаны қорғау»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: өтілген тақырыптар бойынша оқушылардың білімін жан-жақты тексеру, шығармашылық жобамен жұмысын қорытындылап қорғау.

Дамытушылық: жобамен жұмыс кезіндегі жетістіктері мен кемшіліктерін анықтай отырып оқушылардың ой-өрісін, шығармашылық қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: оқушыларды ұқыптылыққа, шыдамдылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: «Шығармашылық жоба» сөзіне анықтама, тест сұрақтары, «Жарнамалау» сөздерінің анықтамасы. жұмыстың орындалу құжаттары, дайын бұйымдар.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, тестпен жұмыс, нұсқау беру, жарнама дайындау.

Пәнаралық байланыс: экономика

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі (2минут)

а) сабақтағы көңіл күйлерін білу;

ә) өткен сабақтағы тапсырманы анықтау;

б) сабақтағы мақсатты анықтау.

II. Оқушылардың білімін тексеру (3минут).

Өткен сабақтағы «Шығармашылық жоба» туралы алған білімімізді еске түсіріп, тексеру,

сарапқа саламыз. Ол үшін топтарға (оқушылырға) тест сұрақтары беріледі.

  1. Шығармашылық жоба дегеніміз не?

а) бұйымның жобасын салу

ә) технология пәні бойынша жүргізілетін бақылау жұмыстары

б) жұмысты тексеру

2. Шығармашылық жоба неше бөлімнен тұрады?

а) 3 бөлім

ә) 4 бөлім

б) 2 бөлім

3. Жобаның сапасы неге байланысты?

а) уақытқа

ә) шапшандылыққа

б) технология пәнінен алған біліміне.

4. Шығармашылық жобаның 1 бөлімі қалай аталады?

а) дайындық кезеңі

ә) қорытынды кезеңі

б) техникалық кезеңі.

5. Дайындық кезеңіне не жатады?

а) проблеманы шешу

ә) еңбек қауыпсіздік ережелерін сақтау

б) жарнамалау

6. Шығармашылық жобаның 2 бөлімі қалай аталады?

а) дайындық кезеңі

ә) қорытынды кезеңі

б) техникалық кезеңі.

7. Техникалық кезеңге не жатады?

а) нұсқау карта жасау

ә) құнын есептеу

б) жобаны қорғау

Жауаптарын өзара тексеріп, дұрыс жауабын жариялау. Тақтаға «Шығармашылық жобаны

орындау жүйесі», «Шығармашылық жоба» анықтамасы ілінеді.

III. Сарамандық жұмысқа кіріспе (3минут).

Техникалық кезеңнің бөлімдеріне байланысты мына сұрақтарға жауап беру:

  1. Өзіндік құн деген не?

  2. Жарнама деген не?


Өзіндік құн және жарнама сөздерінің анықтамасы ілінеді.

IV. Сарамандық жұмыс (7 минут). Әр топ (оқушы) өздерінің бұйымдарының өзіндік құны мен жарнамасын дайындайды.

V. Жобаны қорғау (20минут). Әр топ берілген жүйе бойынша дайын бұйымдарының есебіне талдау жасап, құжаттары арқылы бұйымдарын таныстырады.

VI. Сабақты бекіту (2минут).

Сұрақ- жауап әдісі арқылы:

а) шығармашылық жоба барысында біз нені үйрендік?

ә) Жұмыс барысында қандай қиындықтар кездесті?

б) Қай кезең қызықты болды? Неге?

VII. Сабақты қорытындылау (2минут).

Әр топтағы жеке оқушылардың сабаққа қатысуын атап өту. Сабақтың мақсатын талдау. Сабақ соңында «Сенің көңіл күйің қай суретке сәйкес келеді» деп оқушылардан сұрау.


VIII. Білімін бағалау. Үйге тапсырма (1минут).

Әр топтың (оқушының) жұмысын өзара бағалау. Келесі сабаққа құжаттарды толықтырып

алып келуді тапсыру.




























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Технология (девочки)

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 11 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Шебер шоу

Автор: Койбагарова Орынша Аяуовна

Дата: 28.04.2016

Номер свидетельства: 323339

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(155) "?аза? ?дебиеті п?нінен Сапар?али Бегалинні? "Бала Шо?ан" ??гімесі та?ырыбында?ы ашы? саба?"
    ["seo_title"] => string(84) "kazakdiebiietipniniensapargalibieghalinninbalashokannghimiesitakyrybyndagyashyksabak"
    ["file_id"] => string(6) "323511"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1461927012"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(54) "Сапар?али Бегалин "Бала Шо?ан" "
    ["seo_title"] => string(33) "saparg-ali-bieghalin-bala-shok-an"
    ["file_id"] => string(6) "196599"
    ["category_seo"] => string(12) "russkiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1428075059"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(91) "Сабақтың тақырыбы: Сапарғали Бегалин. "Бала Шоқан""
    ["seo_title"] => string(53) "sabak_tyn_tak_yryby_saparg_ali_bieghalin_bala_shok_an"
    ["file_id"] => string(6) "394002"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1487607309"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(111) "Музыка п?нінен ашык сабак «К?сіби ?нні? шебері – Б.Бай?адамов»"
    ["seo_title"] => string(63) "muzyka-p-ninien-ashyk-sabak-k-sibi-nnin-shiebieri-b-baik-adamov"
    ["file_id"] => string(6) "210165"
    ["category_seo"] => string(6) "muzika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1431369819"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(117) "Абай ??нанбай?лыны? «Шо?пардай кекілі бар ?амыс ??ла?» ?ле?і  6 сынып "
    ["seo_title"] => string(77) "abai-k-u-nanbaiu-lynyn-shok-pardai-kiekili-bar-k-amys-k-u-lak-olien-i-6-synyp"
    ["file_id"] => string(6) "207178"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1430368055"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства