Сабақтың басы 10 минут | Оқушылармен сәлемдесу – Әр ұлттың тілінде амандасу. -Сәлеметсіздерме -Здраствуйте. -Hello Кезекшіні анықтау, сабаққа қатысуды бақылау. Проблемалық жағдайларды шешу (жұмыс киімін, қажетті құралдарды әкелмеуін т.б.) «Сіз білесіз бе?» ойыны арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу Ел атауы - Астанасы - ұлттық тағамдары Өзбекстан- Ташкент- Палау Украина- Киев- Борщ Испания- Мадрид- Паэлья Жапония- Токио- Суши Корея- Сеул- суши Германия- Берлин- Гамбургер ҚБ: Дұрыс жауапқа тәттілер тарату. 2) Жаңа сабақты меңгерту Жаңа сабаққа ақпарат беру. Сушидің және гамбургердің жасалу жолын суреттерінмен көрсету. | Суши мен гамбургерлердің суреттері, |
Сабақ ортасы 25 минут | 1)Топтық жұмыс Сабақ барасын топтық әдіспен өткізу. Европа және Азия құрлығында орналасқан елдерді жазып үлестірме қағаздарын таратып, екі топқа бөлу. Сарамандық жұмыс- 20 мин. Кіріспе нұсқау-4мин. Тапсырма: технологиялық нұсқау картасы арқылы Азия тобы- Суши, Европа тобы- Гамбургер жасайды. Технологиялық нұсқау картасына талдау жасау, тарату. Жұмысты бастамас бұрын санитарлық - гигиеналық талаптарды және техника қауіпсіздігін қайталап шығу. Ағымдағы нұсқау-13 мин. Оқушыларды бақылау. Қ.Т.Е. сақтауын бақылау. Қорытынды нұсқау – 3 мин. Дайын жұмыстарын қорғау. ДЕСКРИПТОР -Әлем халықтарының тағамдары туралы толық әрі қызықты ақпарат алды; -Әр елдің ұлттық тағамдарының атауы мен олардың құрамдарын білді; -Әлем тағамдары суши мен гамбургер жасай алды. -Ас үй бөлмесінің ережелерін біледі және ұстанды | Нұсқаулық картасы, суши, нори жапырағы, пышақ, тақтай, ыдыстар, батон, шұжық, ірімшік, қызанақ, қияр,салат жапырағы, аскөк,моенез |
Саралау- оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау- оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы. |
Барлық оқушылар: Әлем халықтары туралы толық әрі қызықты ақпарат алады; Ас үй бөлмесінің ережелерін біледі және ұстанады. Оқушылардың басым бөлігі: Әр ұлттың ұлттық тағамдарының атауы мен олардың құрамдарын біледі; Кейбір оқушылар: Әлем тағамдары суши мен гамбургер жасай алады. | «Сіз білесіз бе?» ойыны барысында оқушылардың дұрыс жауаптарына тәттілер таратылды. Сұрақтарға жауап берген оқушыларға қалыптастырушы бағалау жүргізіледі. Сарамандықта орындаған жұмыстарына байланысты «Желкенді қайық» арқылы бағаланды. «Мадақтау сөздер», | Арнайы киімді киіп, қолды мұқият жуу керек. Жұмыс соңында өз жұмыс орнын тазалайды. Асханада сақталатын қауіпсіздік ережесі: 1 Пышақ пен шанышқыларды бір- бірлеріңе тек сабын алға қаратып ұсыныңдар 2. Қолдану ережесі таныс емес құралдарды қолданбаңдар. |
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар сабақ мақсатына қол жеткізді ма? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен? | |