Просмотр содержимого документа
«Кесте тігістерін тігу»
Сабақтың тақырыбы: Кесте тігістерін тігу Сабақтың мақсаты: жалпы кесте түрлерімен таныстыру, тігу технологясымен көрсетіп, тігілу технологиясын меңгерту. Білімділік: халықтың қолөнерінің бірі кестелеу, көркем тігістері, қолөнері туралы ұғымды қалыптастыру, білімдерін кеңейту. Дамытушылық: кесте тігістерінің орындалу әдіс - тәсілдерін меңгерту, қол икемділігін дамыту. Тәрбиелік: қолөнерді үйрету арқылы атадан қалған салт – дәстүрімізді құрметтеуге тәрбиелеу. Сабақтың типі: аралас сабақ. Сабақтың түрі: сарамандық. Сабақтың әдісі: зерттеу, түсіндірмелі, сұрақ - жауап. Пәнаралық байланыс: математика, бейнелеу, сызу. Сабақтың көрнекілігі: 1. Дайын бұйымдар. 2. Слайдтар. 3. Нұсқау карталары. Құрал - жабдықтар: ине, қайшы, кергіш, жіп. Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі. 1. Оқушыларды түгелдеу. 2. Оқу құралдарының дайындығын тексеру. ІІ Үй тапсырмасын қайталау. Қайталау сұрақтары:
Ою-өнек түрлері қаңдай? ІІІ Жаңа материалды меңгерту. Кестелеу өнері ертеден келе жатқан халық өнері. «Өнері таусылмас қазына, жұтамас байлық» дейді дана халқымыз. Қазақ қолөнері өзінің төлтума бітім қасиетімен, көркемдік мән - мағынасымен, шын мәнінде, халқымыздың ғасырлар талғамынан өткен асыл қазынасы, соның бірі кестелеу өнері. Ертеде халқымыз тұтынатын бұйымдарының бәрін кестемен әшекейлеп безендірген. Мысалы: ұлттық киімдерді, бас киімдерді, неше түрлі сувенир заттарды кестелеуге болады. Кесте түрлері: Біз кесте шығыс халықтарының арасында қазақ пен қырғыз халқында аса жоғары деңгейде дамыған. Біз кесте - кергішке керілген арнайы мата бетіне түсірілген, бейнені ою - өрнек немесе бейнені сызық бойымен қармақ бізді матадан ары өткізіп, жіпті бері іліп шалып алу арқылы қайталанатын майда тігісті айтамыз. Біз кестеде матаға сызылған ою - өрнекті сызық бойымен кестелеп, сонан соң ішкі жағын түрлі өңді жіптермен толтырамыз. Баспа кесте материалдың ашық жерін қалдырмай немесе ашық орынды аз қалдырып, тұтас кестеленген шымқай кестені айтады. Әредік кесте - матаның әр жері әшекейленіп, бөлек - бөлек өрнек салынады. Тақия, балақ, өңір, жаға, етек, әйелдердің тымағы сияқты зат бөлігіне тігіледі. Оюластырып кестелеу маталарды бөлек - бөлек кестелеп, оюластырып жапсыру. Бір матаның бетіне екінші матадан тігілген фигура салынып шет жақтары әртүрлі кесте тігістерімен тігіледі. Маржандап, моншақтап кестелеу әйелдер бас киімдеріне, тақия, сәукеле, өңір, қол дорба қамзолдар және сән - салтанатты киімдерді маржандап, моншақтап кестелейді. Кесте тігуге қажетті негізгі құрал - жабдықтар. Инелер, дөңгелек және төрт бұрышты кергіштер, қайшы, оймақ, түйреуіштер, жіптер, маталар. ІҮ Сарамандық жұмыс. Жұмысты бастамас бұрын қауіпсіздік ережелерін еске түсіру. 1. Инені аузыңа салма 2. Тот басқан инемен жұмыс жасауға болмайды. 3. Инені кез келген жерге қадауға болмайды. 4. Қайшыны жолдасыңа үшкіл жағымен берме. 5. Жолдасың қайшымен жұмыс істеп жатқан кезде, көңілін бөлуге болмайды. 6. Қайшының ұшын жоғары қарай көтерме. Нұсқау карта р/с Жұмыстың орындалу реті Керекті заттар 1. Матаны кергішке керу 2. Матаға өрнекті салу 3. Матаға сызылған өрнекті сызық бойымен кестелеу 4. Ішкі жағын әртүрлі жіптермен толтыру кергіш, мата 5. Мата, карандаш, ине, жіп, қайшы. 1 - кезең. Тышқан із тігісі - тігілу әдісі жағынан көлемді біркелкі ілмектер шынжыр секілді бір - біріне тіркесе тігіледі. Жіпті бекітіп, оны матаның оң жағына шығарып алған соң, ілмек тәрізді етіп созып, оны сол қолымыздың басбармағымен басып тұрып, инені алғашқы шаншыған жерден дәлдеп, төмен қарай, яғни матаның астыңғы бетіне қарай шаншимыз. 2 - кезең. Шалып торлаудың түрлері. 3 - кезең. Таңдай тігіс әдісімен тігілген қабырға кесте. 4 - кезең. Жіп салып тігу. 5 - кезең. Айқас тігісімен тігу. Ү Сабақты бекіту. Мақал мәтелдер 1. Жеті рет өлшеп ------------------(бір рет піш) 2. Көз қорқақ ------------------------(қол батыр) 3. Өнер көзі -------------------------(халықта) 4. Ата көрген ------------------------(оқ жонар) Шеше көрген ---------------------(тон пішер) 5. Қыз еркем --------------------------(кестесімен көркем) 6. Кестенің сыры ---------------------(түрінде) Кілемнің сыры ---------------------(түгінде) ҮІ Бағалау ҮІІ Үйге тапсырма: Кестені эскиз арқылы түсті гамма арқылы тігу