kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Кесте тігу ?нері"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы: Кесте тігістерін тігу
Саба?ты? ма?саты: Білімділік: Халы?ты? ?ол?неріні? бірі кестелеу, к?ркем тігістері, ?ол?нері туралы ??ымды ?алыптастыру, білімдерін ке?ейту.
Дамытушылы?: Кесте тігістеріні? орындалу ?діс - т?сілдерін ме?герту, ?ол икемділігін дамыту.
Т?рбиелік: ?ол?нерді ?йрету ар?ылы атадан ?ал?ан салт – д?ст?рімізді ??рметтеуге т?рбиелеу.
Саба?ты? типі: аралас саба?.
Саба?ты? т?рі: сараманды?.
Саба?ты? ?дісі: зерттеу, т?сіндірмелі, с?ра? - жауап.
П?наралы? байланыс: математика, бейнелеу, сызу.
Саба?ты? к?рнекілігі: 1. Дайын б?йымдар.
2. Слайдтар.
3. Н?с?ау карталары.
??рал - жабды?тар: ине, ?айшы, кергіш, жіп.

Саба?ты? барысы: І ?йымдастыру кезе?і.
1. О?ушыларды т?гелдеу.
2. О?у ??ралдарыны? дайынды?ын тексеру.

ІІ ?й тапсырмасын ба?алау.
?айталау с?ра?тары:
1. Изонить - дегеніміз не?
2. Жіппен бейнелеу ?нері ?андай б?йымдарды безендіру ?шін ?олданылады?
3. Жіппен бейнелеу кезінде ?андай ??рал - жабды?тарды пайдаланамыз?
4. Б?рыштарды, д??гелектерді ?алай толтырамыз?
5. Б?рыштарды тігуде беткі жа?ында жіптер ?алай тартылады, ал теріс жа?ында ?андай сызы?тармен к?рінеді?

ІІІ ?й тапсырмасын ?орытындылау.
І? Жа?а материалды ме?герту.
1. Кестелеу ?нері ертеден келе жат?ан халы? ?нері. «?нері таусылмас ?азына, ж?тамас байлы?» дейді дана хал?ымыз. ?аза? ?ол?нері ?зіні? т?лтума бітім ?асиетімен, к?ркемдік м?н - ма?ынасымен, шын м?нінде, хал?ымызды? ?асырлар тал?амынан ?ткен асыл ?азынасы, соны? бірі кестелеу ?нері. Ертеде хал?ымыз т?тынатын б?йымдарыны? б?рін кестемен ?шекейлеп безендірген. Мысалы: ?лтты? киімдерді, бас киімдерді, неше т?рлі сувенир заттарды кестелеуге болады.

2. Кесте т?рлері:
Біз кесте шы?ыс халы?тарыны? арасында ?аза? пен ?ыр?ыз хал?ында аса жо?ары де?гейде дамы?ан.
Біз кесте - кергішке керілген арнайы мата бетіне т?сірілген, бейнені ою - ?рнек немесе бейнені сызы? бойымен ?арма? бізді матадан ары ?ткізіп, жіпті бері іліп шалып алу ар?ылы ?айталанатын майда тігісті айтамыз. Біз кестеде мата?а сызыл?ан ою - ?рнекті сызы? бойымен кестелеп, сонан со? ішкі жа?ын т?рлі ??ді жіптермен толтырамыз.
Баспа кесте материалды? ашы? жерін ?алдырмай немесе ашы? орынды аз ?алдырып, т?тас кестеленген шым?ай кестені айтады.
?редік кесте Матаны? ?р жері ?шекейленіп, б?лек-б?лек ?рнек салынады. Та?ия, бала?, ??ір, жа?а, етек, ?йелдерді? тыма?ы сия?ты зат б?лігіне тігіледі.
Оюластырып кестелеу маталарды б?лек-б?лек кестелеп, оюластырып жапсыру. Бір матаны? бетіне екінші матадан тігілген фигура салынып шет жа?тары ?рт?рлі кесте тігістерімен тігіледі.
Маржандап, монша?тап кестелеу ?йелдер бас киімдеріне, та?ия, с?укеле, ??ір, ?ол дорба ?амзолдар ж?не с?н - салтанатты киімдерді маржандап, монша?тап кестелейді.
3. Кесте тігуге ?ажетті негізгі ??рал - жабды?тар.
Инелер, д??гелек ж?не т?рт б?рышты кергіштер, ?айшы, ойма?, т?йреуіштер, жіптер, маталар.

? Сараманды? ж?мыс.
Ж?мысты бастамас б?рын ?ауіпсіздік ережелерін еске т?сіру.
1. Инені аузы?а салма
2. Тот бас?ан инемен ж?мыс жасау?а болмайды.
3. Инені кез келген жерге ?адау?а болмайды.
4. ?айшыны жолдасы?а ?шкіл жа?ымен берме.
5. Жолдасы? ?айшымен ж?мыс істеп жат?ан кезде, к??ілін б?луге болмайды.
6. ?айшыны? ?шын жо?ары ?арай к?терме.

Н?с?ау карта
р/с Ж?мысты? орындалу реті Керекті заттар

1. Матаны кергішке керу
2. Мата?а ?рнекті салу
3. Мата?а сызыл?ан ?рнекті сызы? бойымен кестелеу
4. Ішкі жа?ын ?рт?рлі жіптермен толтыру Кергіш, мата
5.Мата, карандаш, ине, жіп, ?айшы

1 - кезе?. Тыш?ан із тігісі - тігілу ?дісі жа?ынан к?лемді біркелкі ілмектер шынжыр секілді бір - біріне тіркесе тігіледі. Жіпті бекітіп, оны матаны? о? жа?ына шы?арып ал?ан со?, ілмек т?різді етіп созып, оны сол ?олымызды? басбарма?ымен басып т?рып, инені ал?аш?ы шаншы?ан жерден д?лдеп, т?мен ?арай, я?ни матаны? асты??ы бетіне ?арай шаншимыз.
2 - кезе?. Шалып торлауды? т?рлері.
3 - кезе?. Та?дай тігіс ?дісімен тігілген ?абыр?а кесте.
4 - кезе?. Жіп салып тігу.
5 - кезе?. Ай?ас тігісімен тігу.

? Саба?ты бекіту.
Ма?ал м?телдер
1. Жеті рет ?лшеп ------------------(бір рет піш)
2. К?з ?ор?а? ------------------------(?ол батыр)
3. ?нер к?зі -------------------------(халы?та)
4. Ата к?рген ------------------------(о? жонар)
Шеше к?рген ---------------------(тон пішер)
5. ?ыз еркем --------------------------(кестесімен к?ркем)
6. Кестені? сыры ---------------------(т?рінде)
Кілемні? сыры ---------------------(т?гінде)

?І Ба?алау
?ІІ ?йге тапсырма
Кесте тігістерін тігу

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Кесте тігу ?нері" »

Сабақ тақырыбы:

Камзолға салынатын ою-өрнек түрлері


Жалпы мақсаты:

Киімді көркемдік әшекейлеу кезіндегі шығармашылық қабілеттерін, іскерлік дағдыларын дамытады

Сілтеме:

1.Мұғалімдерге арналған нұсқаулық.

2.Ғаламтор сайттары.

3.7-сыныпқа арналған технология оқулығы.

Оқушылар үшін оқу нәтижелері:

1.Оқушылар бірлесе жұмыс жасау арқылы ЖАДА жүзеге асады.

2.Бірін-бірі және өзін-өзі бағалау арқылы сапалы білім алуға ынталанады.

3.Сыныптағы дарынды балалар анықталады.

4.Сыни көзқарастары өседі.

5.Сабаққа деген оқушылардың белсенділігі артады.

Негізгі идеялар:

Жаңаша ою – өрнек түрлерін ойлап шығару

Сабақта қолданылатын материалдар:

1.А-3 флипчарты

2.Стикерлер

3. Мәтін үзінділері жазылған парақтар

4. Роwer point таныстырылымы

5. Маркерлер, қаламдар

6. Интерактивті тақта

Оқыту әдістері:

Модульдер:

  1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.

  2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

  3. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

  4. Оқыту мен оқуда ақпараттық-комуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану.

  5. Талантты және дарынды балаларды анықтау.

  6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.

  7. Оқытуды басқару және көшбасшылық.

Әдістер:

1. Диалог

2. Топтық жұмыс

3. Жеке жұмыс

4. Жұптық жұмыс


Тапсырмалар:

Сұрақ – жауап әдісі, топтастыру, постер қорғау, РАФТ әдісі, топтастыру стратегиясы, аудио және визуальді тапсырмалар.













Сабақ бойынша мұғалім мен оқушылардың іс-әрекеті:





І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу:(3 мин)

Мұғалімнің іс-әрекеті


Оқушылардың іс-әрекеті

3 минут




1.Үстел үстіндегі параққа жазылған жазулар арқылы топқа бөлу:

1-топ:« ОЮ ХАН»

2-топ:«ЖОЮ ХАН»



2.Әр топтың өздеріне топбасшысын сайлату

Үстел үстіндегі параққа жазылған жазуларды таңдайды. Топқа бөлінеді.







Топ басшыларын сайлайды.

ІI.Үй тапсырмасын сұрау:

(5 мин)




Үй тапсырмасын тексеру үшін «Ақ сандығым ашылды ,ішінен жібек шашылды » атты ойын ойнаймыз .Сандықтың ішіне жасырылған сұрақтарға жауап беру . Өтілген тақырыптарға байланысты әр топқа 4 сұрақ дайындап, оқушыларға қояды.

Сұрақ түрлері :
1.Ерлердің қандай ұлттық киімдерін білесіңдер ?
2 .Әйелдердің қандай ұлттық киімдерін білесіңдер ?
3 .Бойжеткендер қандай киімдер киген ?
4 .Қамзолдарды қандай мата түрінен тіккен?
5 .Қамзолдың түсін қалай таңдаған ?
6 .Әйелдердің қандай бас киімдері бар ?
7 .Ерлердің қандай бас киім түрлерін білесің ?
8 .Қандай ою түрлерін білесің ?





Топ мүшелері ақылдаса отырып 4 сұраққа жауап береді. жауаптарын ұпай санымен бағалайды.

2 – тапсырма: (5мин)







3 – тапсырма: (5мин)









































4 – тапсырма:(10 мин)





















Сергіту сәті: (4мин)

Мәтінді оқытып болған соң әр оқушыға жеке дәптерлеріне түсінігін жаздырады.



Интерактивті тақта арқылы қойылатын ашық сұрақтар:



А) Ою – өрнектің түрлері неше топқа бөлінеді









Ә) Геометриялық ою-өрнек түрлерін атап бер?



Б) Зооморфтық ою-өрнек түрлерін атап бер?



В) Аспан денесіне байланысты ою-өрнек түрлерін атап бер?



Г) Өсімдік тектес ою-өрнек түрлерін атап бер?



Екі топқа ою-өрнектің шығу тарихына байланысты аңыз – әңгіме жазылған ресурстар таратып береді. Сол тапсырма бойынша қысқаша көрініс қойылым көрсетіп беруді ұсынады.



1 топқа: «ОЮ ХАН»

2 топқа: «ЖОЮ ХАН»



Бейнероликтен «Қаражорға» биін қойып, оқушылармен бірге би қимылдарын жасау.

Мәтінді оқып болған соң әр оқушы өз түсініктерін дәптерлеріне жазады.



Оқушылар берілген сұрақтарға жауап береді.



Ою-өрнек түрлері 4 топқа бөлінеді. Олар геометриялық, зооморфтық, аспан денелері және өсімдік типтес болып бөлінеді.



Үшбұрышты, шеңбер, балта, бестаңба, тұмарша



Қошқармүйіз, қазмойын, тышқан із, өрмекші



Жұлдыз, айшық, күн, шұғыла





Гүл, жапырақ, бүршік, бес жапырақ, су толқыны.



Ресурстарды оқып болған соң өз ойларымен құрастыру арқылы шағын көрініс көрсетіп береді.


ІV. Қорытындылау

(5мин)


Ою – өрнек түрлерінің жаңа және ескі айырмашылығын айтып беруді тапсырады


Слайдта көрсетілген ою-өрнектерді жаңа және ескі түрлерінің айырмашылығы туралы айтып береді

V. Үй тапсырмасын беру. (1 мин)

Ою өрнек түрлерін қағазға қиып дайындап келу.

Үй тапсырмасын білу, жазып алу.

VІ. Бағалау (2мин)










Оқушылардың үй жұмысы және сынып жұмысы бойынша алған ұпай сандарын қосып, жиынтық баға шығару. Белсенді оқушыларды формативті бағалау.














V. Рефлексия

(2 мин )


Стикерге сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу не бейнелеу тапсырылады.

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын смайлик арқылы бейнелейді не жазады.





Сабақтың тақырыбы:Түкті кілем тоқу технологиясы



Сабақтың мақсаты:

1. Оқушыларға кілем өнері туралы алған білімдерін тереңдету, кілем өнерінің тоқу технологиясын үйрету,ата-бабаларымыздың асыл қазыналарына деген қөзқарасын қалыптастыру.
2. Өз беттерінше кілем тоқи білуді үйрету, жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.
3. Еңбек сүйгіштікке, шеберлікке баули отырып, ұжымдық жұмысқа белсене араласуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас, шығармашылық сабақ.
Сабақтың әдіс- тәсілі: түсіндіру, практикалық іс- әрекетте көрсету, ұлттық бағдар беру, топпен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: слайд, түрлі-түсті жіптер,қалып,тарақ, қайшы,пышақ,қауіпсіздік ережесі, кілем тоқитын қол станогы.


Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

  • Оқушылырмен сәлемдесемін;

  • Оқушыларды түгендеймін;

  • Оқушылардың құрал – жабдықтарын түгендеу;

Оқушылардың зейіндерін сабаққа аударту.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

Өткен тақырыпты қайталай отырып, оқушыларға тақырып бойынша сұрақтар қою.

ІІІ. Жаңа тақырып: Кілем тоқу – қай халықта да ерекше орын алған кәсіп. Қазақ тұрмысында өрмек тоқумен айналысатын қыз-келіншектер, әйелдер арасынан кілем тоқуды кәсіп еткен шеберлер шыққан. Мал шаруашылығымен айналысқан халқымыздың қол өнері жақсы дамыған. Мал жесе азығы, ішсе сусыны, мінсе көлгі, кисе киімі болған. Мал жүнінен кілем, текемет, тұскиіз, алаша және т.б. жасаған. Соның ішінде кілемге аса зор мән берген. Кілем тоқуда қойдың ,түйенің жүндері, ешкінің қылы, өріс және арқау үшін мақта жіпті пайдаланады.
Кілемнің қазақ арасына көп тараған түрлеріне тоқталып өтетін болсақ: «Қалы кілемнің» бұлай аталуы парсының «ғалы» / кілем/ деген сөзімен байланысты.Қазақтың түкті кілемдерінің неғұрлым көп тараған түрі.Кезінде «ұзатылған қыздың жасауында, ел арасындағы сый- сипатта басты бұйым, той – томалақта негізгі жүлде» болып есептелген. Соңғы кезде сапалы кілемдердің барлығы «қалы кілем» деп атала бастағандықтан, «қалы кілем» деген түсінік бірте- бірте «түкті кілеммен » алмасқан.Қазақ кілемдері тоқылу ерекшелігіне қарай түкті кілем, тақыр кілем; өңдірілген орнына қарай Қызылорда кілемі, Алматы кілемі, Жамбыл кілемі; ру үлгілеріне қарай Адай кілемі, Керей кілемі, Қоңырат кілемі, т.б. қосалқы бөлшектеріне қарай оқалы

кілем, шатыргүл кілем, шигүл кілем, т.б. деп аталады.

Қолдан жасалған қалыптың (станок) құрылғысы



Алдын ала сызып жасалған қарапайым рама тәрізді тоқу қалыбының құрылысын, суретін түсіндіреміз.Мұндай қалыпты ағаштан да, темірден де жасауға болады. Енді осы тоқығалы отырған кілемшеміздің эскизінің өлше-мімен бірдей етіп аламыз.Кілем тоқу

үшін өзіміздің қажеттілігімізге қарай өлшем аламыз, немесе әр түрлі көлемде

жасап шығаруымызға да болады.

Енді осы қалыпқа үй тұрмысымызға әр түрлі мақсаттармен қолданылатын кілемшелер тоқуға болады. Кілем тоқу өнері екі тәсілде тоқылады.

Фабрикаларда арнайы машиналарда және жасалған қалыптарда тоқылып шығарылады.



Кілем тоқылатын құрылғы

Кілем тоқитын заманымыздың соңғы жаңалықтарымен жасалған арнайы станоктар ауылдық жерлерде болған жоқ. Соған қарамастан, кілем тоқушы шеберлер арнайы жабдық, құрылғыларды ойлап тауып, тиімді пайдалана білді. Біз енді сол жабдықтардың кейбір бөліктерінің атауын еске ала кетсек.

Кергі ағаш. Кілем тоқылатын, оның жібін керіп тұратын арнайы ағаш. Мұнда желінің басынан және аяғынан кілем тоқылатын орында жіп жүгіртіледі де, бұл ағаш оны керіп тастайды. Тоқылатын кілем мөлшеріне сәйкес желі аз да, көп те болуы мүмкін.

Белағаш. Бұл – кілем тоқу үшін керілген жіп желісін күзу арқылы байланыстырып тұратын көлденең ағаш.

Адарғы. Кергі ағашта тоқылып жатқан кілемнің еркек жібі мен ұрғашы жібін ерсілі –қарсылы, жоғарылы-төменді алмастырып тұратын белағашпен қатар жатқан ағашты адарғы дейміз.

Аяқ. Белағашты көтеріп тұратын, аша басты тіреу ағаштың атауы – аяқ. Оны керілген желі-төсек жіптің белағашының екі басына тіреп қояды.

Тоқпақ. Ол керілген желідегі еркек жіп пен ұрғашы жіптің арасынан арқау жіп өткізілгеннен кейін жіп арасын түйгіштейтін шеге тісті ағаштан жасалады. Атауы – тоқпақ, кейде оны тарақ деп те атай береді. Өйткені, бір жағынан тараққа да ұқсайды.

Қайшы. Керілген желідегі жіпке шалынғаннан соң тегістеу үшін қажет. Осы қайшымен кілемнің түгін қырқып, тегістейді.



Кілем негізін жүргізу, тығыздығын есептеу.

Тоқылған кілемнің көлеміне қарай дайындалатын арқау, желімен түк салуға арналған жүн жіп көлемі де әр түрлі болады.Негіз жіп, қылшықты немесе ешкінің қылымен аралас иірілсе мықты болады.Арқау жібінің жуандығы өріс жібіне сәйкес болғаны жөн, ал біздің кілемнің тоқылатын

желісі, жібіміз №10 мақта жібі, қабаттан ширатып дайындаймыз.Эскиздегі

негізгі жіпті есептеп , сол жіптердің шеттіктерін артық тастап, қалыпқа

домалақтанған, ширатылып дайындалған мақта жібімен шалу түсетіндей етіп 8 – дік әдіс пайдалана отырып біркелкі жүргізіп шығамыз. 8- дік әдісін

пайдаланбаған жағдайда шатыс түспей кілеміміз тоқылмайды.Қалыпқа жіпті жүргізгенде өз тәсілін сақтап, сонымен бірге тоқылар басын жіи , ал аяқталар жағын шашыраңқы етіп жүргіземіз, өйткені тоқылған кезде арқау жүргізгенде қысылып кетпес үшін.Егер де қалыпқа жіпті жүргізгенде өте жиі болса тоқылатын гүліміз алға қарай сопайып түседі.

Сондықтан негіз жібін жүргізудің де үлкен мәні бар.



Кілем тоқу кезіндегі қауіпсіздік ережесі.

  1. Кілем тоқитын кезде әрдайым тазалықты сақтау маңызды.Отырған жерді жинап, сыпырып, қолды жуып отыру керек.

  2. Түк шалуда кесермен пышақты міндетті түрде оң қолға ұстап, жіпті кесу тәсілін білу.

  3. Тоқпақпен жіпті нығыздау кезінде ұрғылау тәсілін орындай білу.

  4. Жұмыс соңында құрал –жабдықтарды өз орындарына, яғны жабық

құтыларға қою.



Күзу байлау.



Кілем тоқу барысында күзу байлау деп керілген жіпке арқау өткізуге ынғайлы болу үщін күзу байланады.

Адарғы алдымызда жатады.Керілген жіпке белағашты айналдыра күзу жіпті 120 жіпке түгел байлап шығамыз.Түкті кілемнің тықыр

шеті 2 см-ден аспауы керек. Сондан кейін алақұрт жүргіземіз де және екі қатар арқау өткіземіз, ал кейін түгі шалына бастайды. Түгі шалынып

болған соң, арқау өткіземіз де, топақпен ұрғылап, кесермен, пышақпен тартқылап, қайшымен тегістеп қырқып шығамыз.Осылай қайталап шеттіктерін тоқимыз.Кілемнің шетін тоқу , жиек салу немесе шеттік деп атайды.Кілемнің шетіне түсірілетін негізгі өрнектер мүйіздер, жапырақша ,сегіз жапырақша,үзілмейтін шырмауық гүл, қошқармүйіз, түйе мойын , сыңармүйіз т.б.


Түкті кілемді тоқу өнеріне байланысты түсіндірме сөздігі.


Алақұрт – екі түсті түрден есіліп, кілем тоқуда басталар басы мен бітер жерінен тақта жүргізгеннен кейін өткізіледі, кей жерлерде «еспе» деп аталады.
Арқау – тергіш пен өрнек терілгеннен кейін, оң жіп пен теріс жіптің арасынан әрлі- берлі өткізілетін тоқпақпен нығыздалудың арқасында түсірілген шатысты ұстап тұратын жіп .
Адарғы – керілген желіні айқастыра белағаштан кейін орналасатын күзулі мен күзусіз жіптердің арасында белағашпен қатар жатқан ағаш. Адарғы желінің шатысын түсіріп, өрмектің тоқылуында басты қызмет атқарады.
Жіп қашу- кілем тоқу үстінде жіптің үзілуін жіп қашу деп атайды.
Жіп жалғау- керілген кергі жіптердің үзігін немесе қашқанын тауып байлау.
Тоқпақ –керілген желідегі күзулі және күзусіз жіптің шатысынан арқау жіп өткізілгенсоң, жіп арасы түйгіштеліп шеге тісті ағаштан жасалған құрал.
Шалу- керілген желіге салынатын түрлі күзулі жіптен алып, күзусіз жіпке шалып орағанды шалу деп атайды.
Негізін құрушы – негізгі жіп желі деп аталынады.Желі – берік мықты және майда жіп болу керек.Өйткені оған өрнек жасайтын жіп шалынып отырады.Тоқылған кезде кілемнің басы қанша жіп болса, соңы да санша жіп болу керек.Осылайша кілемнің негізі құрылады.Кілем жалпы үш түрлі жіптің айқасуы арқылы тоқылады:1/ желі – негізгі жіп; 2/ түк; 3/ арқау.
Осының ішінде түк пен желі туралы біз толық білеміз.Арқау + жіп – бұл желінің арасынан көлденең өткізілетін жіп.Арқау жіпсіз кілемнің тоқылуы мүмкін емес.Арқау түкті нығыздап мықты тоқылуына басты роль атқарады.Ал арқау жіпті дайындағанда майда және мықты жіппен дайындау керек.Арқау жіптің қалыңдығы желі жіппен сәйкес болса, кілем тығыз сәнді болады.


Сарамандық жұмыс: Түкті кілем суретінің эскизін салу
IV .Сабақты бекіту
Бағалау
Үйге тапсырма: эскизді бояп келу.





Сабақтың тақырып: Ши тоқу технологиясы

Білімділік: оқушыларға ши тоқу өнері, тоқылуы мен өңделуі туралы толық мағлұмат беру;
Дамытушылық: теориялық білімдерін сарамандық жұмыста пайдалана білу, оқушыларды өз бетінше ізденуге дағдыландыру, олардың ой- өрісін дамыту;
Тәрбиелік: өз қолымен әсем бұйым жасауға, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке, іскерлікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, сарамандық жұмыс.
Сабақтық көрнекілігі: Дайын ши түрлері,ши тоқуға арналға құрылғы.
Пәнаралық байланыс: сызу,бейнелеу өнері, тарих, биология.
I. Ұйымдастыру кезеңі:
• Оқушылырмен сәлемдесемін;
• Оқушыларды түгендеймін;
• Оқушылардың құрал – жабдықтарын түгендеу;
• Оқушылардың зейіндерін сабаққа аударту.II. Үй тапсырмасын тексеру.
Өткен тақырыпты қайталай отырып, оқушыларға тақырып бойынша сұрақтар қою.
III. Жаңа сабақ.
Ши тоқу (орау)— бұрын және қазіргі кезде қазақ халқы мен Орта Азия халықтары арасында кеңінен тараған өнер. Күнделікті тұрмыс пен шаруашылықа қажеті үшін тоқылған ,ши қазірге дейін кеңінен пайдаланып келеді. Оны киіз үйдің құрамдас бір бөлігі ретінде кереге сыртына тұтуға, сондай-ақ үй ішіндегі ыдыс-аяқ, ошақ басын қоршап қоюға, киіз үйдің есігіне ұстауға, әр түрлі үй шаруашылық мүддесіне (мәселен, киіз басу жұмыстарына, жаюлы киіз-сырмақтың асты ылғал тартып, бүлінбеуі үшін солардың астына төсеуге, сонымен бірге құрт жаю, тары сүзу т. б.) кеңінен пайдаланылады.Қазақ халқының қолөнері саласында ши тоқу, оған боялған түрлі-түсті жүн орап, өрнектеп безендіру ісі ғасырлар бойы қалыптасып келе жатқан ұлттық өнері болып табылады. Ши сырт көрінісіне қарай: ақ ши, ораулы ши, шым ши болып үш топқа бөлінеді. Олардың әрқайсысы өз орнымен әр түрлі мақсатқа пайдаланылады. Атап айтқанда, қабығынан тазартылған ақ шиді көбінесе құрт, ірімшік т. б. жаю үшін қолданылатын болса, ұзына бойы әр түсті жүнмен немесе жібекпен оралған шым ши киіз үйдің сәнді жиһаздарының бірі болып табылады. Ал өн бойы тұтас емес әр жерінен аралатып оралған шиді орама ши немесе ораулыши деп атайды. Бұл да ши сияқты сәндік жиһаздарының бірі.
Қазақтың ұлттық қолөнерінің ерекше бір түрі — шым ши тоқу. Шым ши тоқуда, негізінен оюдың композициялық құрылыстың маңызы ерекше. Бұл саладағы қазақ шеберлерінің қолданыл жүрген қазіргі барлық ою түрлері композициялық жағынан: жекелеген және тұтас ою, бір беткей ұзындық ою, екі жақты ұзындық ою болып бөлінеді. Шым ши тоқу өнерінде кездесетін қазақ оюларының ішіндегі жоғарыдағы аталған жекелеген және тұтас ою формасын «шаршы ою» деп те атайды. Шым ши тоқуда геометриялық ою элементтері ромбы, төрт бұрыш, шаршыдағы жұлдыз, үш бұрыш, көп бұрышты немесе сүйірлі бұрыштанып келген крест тәрізді болып келеді. Өрнектеп ши тоқу өнерін де қазақ шеберлері қолданған. Олардың ши бетіне салған түрлері «жүзіктеу» деп аталады. Алты шаршылан кейін, оның екі жағынан шыбық ши, одан кейін алақан ши жалғасады. Алақан шиге түр салынбайды. Көшіп-қойғанда түр салынған жағы түтіліп, тез тозып қалмау үшін алақан ши шым шидің екі жағынан салынады. Кереге сыртынан бір босағадан екінші босағаға дейін иінді айналдыра тұтулы — ши ұстау деп атайды. Ши тарту, оны тартып орау, жүн орап тоқу — ауыл азаматтарының бәріне ортақ жұмыстар. Жалпы ши тоқу өнерімен кең түрде әйелдер айналысқан, осы өнерді білетін шеберлер шидең өздеріне керекті күнделікті тұрмысқа пайдаланатын заттарды тоқып алған. Ал шиді тарту, оны көлікке тиеп, түсіру ауыр жұмыстарын ер азаматтар атқарған. Тоқылатын шилі мал баспаған жерден ши өсіп жетілген кезінде тартып (суырып) алады. Шиді таңертең немесе жаңбырдан кейін тартады, мұндай кезде шидің түбі жібіп суырылғыш болады. Тартып әкелген шидің бәрі түгелдей тоқуға жарамайды, сондықтан олардың жарамдысын іріктеп алады, қабығын аршиды, содан кейін көлеңке жерге қойып кептіреді.
Ши ораудың екі түрі бар.




Біріншісі — тоқулы тұрған даяр шидің өрнегіне сала отырып орау;
Екіншісі — жаңа өрнек сүретінін үлгісімен тоқу.
Шиді бірінші түрімен тоқу үшін оларды бір-бірлеп тоқылған даяр шидің өрнегінің үстіне салып, дәл келтіріп, әр түсті оралған шидің буындарын, санап отырып орайды. Осылай оралған шилерді араласып кетпеу үшін өрнегіне сәйкес келтіріп, өз алдына бөлектеу шуда жіппен тізіп отыру керек.Шиді жаңа өрнек суретімен тоқудың айтарлықтай өзгешелігі болады; алдымен шиді орайтын үлгі жасалуы тиіс. Орайтын жіптердің түсі осы үлгідегі өрнектер суретте сәйкес болуы керек. Шидің бір шеті жұқа,екінші жағы қалың болып кетпеуі үшін, орайтын шидің түп жағымен шашақ жағы нүнемі кезектестіріл, алмастырыл салып отыру керек. Ши тоқитын жіпті екі қабаттап ширатып, бірнеше домалақ етіп дайындайды, бұл домалақтарды салмақты ету үшін темірге немесе тасқа орайды. Ши тоқу үшін атасы бар екі ағашты белгілі қашықтықта тік қадап, екі ашаға көлденең ағаш қойып, арнайы жасалған қарапайым станок пайдаланылады. Станоктарды киіз үй ішіне немесе жабық бастырма астына орнатады. Атаның үстіне қойылған, арқалықтың биіктігі 120—130 см, түргеліп тұрып тоқуға ыңғайлы болғаны абзал.Станок (сырық) дайын болған соң, тас салмаға оралған жіптерді арасын 10—15 см етіп жалпы саны ши талының ұзындығына байланысты арқалыққа көлденең асады. Содан соң бірінші шиді жіп үстіне салып салмалы әрлі-берлі айқастыру арқылы шалып бастырады. Осылай көлденең сырықтың үстіне салынған ши бастан-аяқ тоқылғаннан кейін екіншісі салынады, осы тәртіп ши тоқылып біткенше қайталаныл отырады.
Тоқылатын шидің екі шеті берік болу үшін шидің басталатын жағы мен аяқталатын жақ шетіне үш-төрт шиді қабаттан, әуелі өз алдына бір рет, ширатылған жүн жіппен айқастыра үшбұрыштардың тізбегі сияқты етіп байланыстырады.Бұл жерді шидің «алақаны» деп атайды. Шиді баулау үшін қарақұсқа бекітілетін бауды «шибау» дейді. Тоқылып болған шидің бас аяғын тегістеп қырқады, кейбір шеберлер осы қырқылған шидің екі жақ шетін әдемі матамен көмкеріп тігеді.

Сарамандық жұмыс: Ши тоқу өнері



Қорытынды бөлім.
Сонымен оқушылар бүгін біз ши тоқу өнері туралы толық мағлұмат алдық.
• Ши дегеніміз не?
• Шиді не үшін пайдаланады?
• Шидің неше түрін білесіңдер?
• Ши сырт көрінісіне қарай нешеге бөлінеді?
• Шиді қай кезде тартады?
Үйге тапсырма беру.
Үйден оқып келу, әр турлі тоқыма жіптер әкелу.

Бағалау.

.

Сабақтың тақырыбы:Кесте тігу өнері

Мақсаты: халқымыздың қолөнері, көркем тігістері туралы ұғымды қалыптастыру, кесте тігуді үйрету. Сабақтың міндеті: қолөнер тарауы бойынша алған мәліметтерді жинақтау, пысықтау. Қауіпсіздік ережесін сақтау. Тақырып бойынша білімдерін толықтыру. Дамытушылық: танымдық қызығушылығын дамыту. Тәрбиелік: еңбекке тәрбиелеу, салт­-дәстүрді құрметтеп, әсемдікке, эстетикалық талғамға тәрбиелеу. Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ жауап, сарамандық. Сабақтың көрнекілігі: слайд, буклет, ине жіп түрлері,қайшы үлгі қағаз керілген мата, суреттер. Сабақтың турі: жаңа сабақ. Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру: 1. Сыныптағы оқушыларды түгендеу. 2. Сыбаққа даярлау. 2. Үй тапсырмасы: ине жіп және біз, ою-өрнек салуды 5-сыныпта үйренгенбіз,сол себепті үйде қағазға ұнаған эскиздеріңді түсіріп келу. 3. Мақсат қою кезеңі. 1.Қолөнер туралы түсінік. Кесте тігу өнері. 2. Бүгін сабағымызда халқымыздың қолөнер туралы мәлімет аламыз,көркем тігіс түрлерін тігу барысында толық меңгеруіміз , жұмыс барысында қауіпсіздік ережесін сақтаймыз .

4.Жаңа сабақ. Қазіргі күнде ата-бабамыз айналысқан қандайда бір кәсібі болмасын өз маңызы мен қасиетін жоймаған, қайта түрленіп қазіргі заман талабына сай ерекшеленіп отыр.Қолөнер десек ,онда оның көптеген түрлері бар :”құрақ құрау”, “кілем тоқу”, “түп киіз тоқу “ , “сырмақ басу “, “кесте тігу “ сияқты. Әр халықтың өзіне тән өнері, тілі, салт-дәстүрі бар. Сол сияқты қазақ халқының қолөнерінің өмірге келуі халықтың көшпелі өміріне байланысты. Көшпелі болғанымен олардың рухани болмысы көшпелі болған емес . Біздің заманымызға бабаларымыздың өсиет үлгісі , өнері арқылы жеткен. Кестені түктеп тіккенде бізбен шалынған жіптің үстіңгі жағында (өң бетінде) кейде 1, кейде 2 сантиметрдей бүлдіргі қалып отырады. Шебер кестені тігіп болғаннан кейін әлгі қалған бүлдіргілерді тегістеп қырқады. Жиі шаншылып, қалың түсірілген бүлдірге жіптері қырқылып тегістелген соң, кәдімгі кілемнің түгі сияқты түрлі түсті болып құлпырып тұрады (түкті кілем). Кейде бүлдіргілердің астына ширатқан жуан жіпті ширатқан шүберекті, жұмсақ металл шыбықтарын мүйіздеп, ою өрнегіне келтіріп салып тігеді де, тігіп болған әлгі тігіс астына салынған заттарды үстінен тіліп алып тастайды. Мұндай әдіспен түктеп тігілген өрнектер мінсіз және түгінің биіктігі біркелкі шығады.
Алтындап, күмістеп тігу сән-салтанат бұйымдарына тән. Бұл үшін кебінесе барқыт, плюш, атлас, қырмызы сияқты бағалы материалдар пайдаланылады. Мұндай тігістерге, әсіресе, өзіне арналып жасалған алтын және күміс жіптер қолданылады. Кейде алтын, күміс түстес жіңішке жиек саулары (зер) пайдаланылады. Бағалы затты ысырапсыз пайдалану үшін оның өрнегі мен тігіс жіптерін санап білу керек. Өйткені бұл жұмыс өзге тігістерден гөрі ауыр келеді.
Алтындап тігуге көбінесе бедерлі, бедерсіз басып тігу әдісін қолданады. Алтындап тігу кестесіне маржандап тігуді де аралас жүргізеді. Мысалы, қыздардың қамзолдарының омыраулары, өңірлері және тағы да сол сияқтылар осылай тігіледі.
Алтын кестелі тон, шапан, айыр қалпақ, кемер белбеу, сал шалбар, сәукеле әдемілік әшекейінің ең асылы және бағалысы болып есептеледі.Мал өрісінің жаздық, күздік жайылымы жағдайына қарай қоныс қуалап, көшпелі өмір сүрген қазақ ауылы онеркәсіп орталығынан қашық жатты. Олар күнбе-күнгі тұрмыс қажеттерін өздерінде бар мүмкіншіліктермен ғана өтеді. Сондықтан матадан, теріден, өрмек өнімінен жасалатын киім-кешектерді, саба, торсық, үйге жабатын киіз сияқты заттардың барлығын да қол инемен тікті. Қолмен тігу отбасы мұқтажын өтеумен қатар, заттарды көркемдеп тігуде де тиімді әдіс саналды. Соған қарағанда киімдерді төсек-орын жабдықтарын қол инемен кестелеп тігудің алуан түрлері туды.Қолмен тігуде негізінен жуалдыз (тебен ине), жуан ине, жуантық (жөндем) ине, бәсең ине, жіңішке ине қолданылды. Жуалдызбен түйенің жабуы, қалың сырмақ, былғары тоқым сияқты заттарды сыриды. Жуан инемен сырмақтың жиегін, үйдің киіздерін, тері киімдерді және киіз байпақтарды тігеді. Жуантық инемен қап, шекпен, күпі, тымақ сияқты заттарды, ал бәсең инемен түйме, ілгек қадайды, матадан жасалған жүқа киімдерді тігеді.Жіңішке инемен жібек, торғын сияқты жұқа материал-дарды, оларға салынатын кестелерді тігеді. Осыларға керекті жуан, жіңішке жіптерді де халық шеберлері суыртпақтай отырып өздері дайындайды. Ол үшін керекті жіптің түсіне ұқсас матаның шетінен жалпақтығы 3—4 см, ұзындығы — 30—40 см кенересін жыртып алады. Осындай жіп суыруға арналған бір бөлек жыртынды матаны шеберлер суыртпақ деп атайды. Суыртпақтан жіп суырып алудың да әдісі бар. Әуелгі жіпті сетінетіп суырады да, суыртпаңтың шеті шашақтанған соң оны ептеп саумалап отырып тура тартып суырады. Өйткені шет шашағы молайған сайын суыртпақ тез сетінемей, суыратын жіптер шашақтарға оралып үзіле береді. Суырып алынған жалаң қабат жіптерді керегіне қарай екіден, үштен, төрттен қабаттап ширатады. Ол үшін жіптің бір ұшын тістеп тұрып, екінші ұшын бармақ пен сұқ қолдың басымен, не екі алақанның арасына салып ширықтыра бұрап еседі. Мұны жіп ширату деп атайды. Суыртпаққа көбінесе сирек тоқылған, түксіз маталар пайдаланылады. Жіпті шудадан, жүннен, мақтадан, торқадан, кендірден қолмен иіріп алып пайдалану тәсілі де көп қолданылады.

Қазақ халқының қол тігістері өзінің тігілу әдісі мен мәнеріне қарай бірнеше түрге бөлінеді де, олардың әрқайсысы өз атауларымен аталады.

Батырып тігу. Бұл былғары, киіз, көрпе сияқты қалың заттарға ғана қолданылады. Оның үстіңгі өң жағы өте жиі шаншылып, ал астыңғы жібі қатты тартылып алыс шаншу арқылы үстіңгі жіпті сіңіріп отырып тігіледі. Шебер неғұрлым жіптің өң бетте көрінбей тұруын қарастырады.

«Бұзау тіс», тұмарша орындалу жағынан қарапайым, жүрдек тігістер. Бұзау тіс екі жапсарды қосатын тігіс. Бұл әдіспен көбінесе қалың киіз, жабағы сияқты заттарды шеттестіріп тігеді. «Бұзау тіс» тігісі заттың шетін кезек түйреп алып, жапсардан өткізіп отыру арқылы орындалады. Тұмарша тігісін көбінесе орамалдың шетін жинауға қолданады. Бұл тігіс матаның шетін бекітіп, соның ізімен қайта жөрмеу арқылы орындалады.

Бүрме тігіс әр түрлі желбірлерді, қос етектерді бүре жап-сырғанда, бүрмелі жағаларға, етіктің басын қалыпқа салып ұлтарақшаға жапсырғанда, бір заттың шетін жинай тіккенде қолданылады. Бүрме тігістер көбінеее екі қатар жүргізіледі. Мұнда иненің әрбір шаншымы сиректеу келеді де, жіптің бүре тартылуымен жиырыла тігіледі. Бүрмелердің қатпар жасалып, тізбелей жиырыла тігілуі мүмкін.

Есіп жөрмеу — көбінесе су таситын қарын, мес, матадан, кенептен тіккен сондай ыдыс қапшықтардың шеттерін тіккенде, кейде орамалдың шетін бүге тіккенде қолданылады. Ондай заттардың қусырындысын, шеттерін сол қолдың көмегімен ширата бүктемелеп отырып жөрмеп тігеді. Сонда шет бүктесін тігісі ескен сияқты болып өз-өзіне кіріге жұмырланып түседі.

Жапсырма тігу — бір заттың бетіне жамау салып жапсырғанда, әдіптердің шетін тіккенде, әдіп орнына лента сияқты кенерелі заттарды бастырғанда қолданылатын әдіс. Мұндайда жапсырылатын материалдың шетін түйреп шыққан ине астыңғы материалдың үстінен (жапсырмаға, жамауға соқпай, тек оның іргесінен ғана) төмен шаншылады да, үстіне қарай жапсырманы қоса түйреп шығып, алғашқы бағытын қайталай береді. Бұлай етіп тіккенде жапсырылған заттың шеті жинала басылып отырады.

 «Қабырға» тігіс қол инемен көркемдеп тігу әдісінің бір түрі. «Қабырға» тігісімен ұзынды-қысқалы жарыса тігілген ұзын сызықтар арқылы ендірме, бастырма, қабырға өрнектері тігіледі. Қабырға тігісі екі сызықтың арасымен немесе матаның бетіндегі төқыманың белгілі бір жолағымен үнемі біркелкі етіп көлденең өрай шаншып отыру әдісі арқылы тігіледі.
Киімнің бойын, шалбардың балағын, жеңді, олардың екі шетін жалғастыра тігу ісін қусыру деп атайды. Мұндай тігістерде жөрмеу, тепшу, қаю, өбістіру, тебе тігу сияқты тігіс өдістерінің түрлері қолданылады.

Қайып тігу әрі беріктік, әрі әдемілік үшін қолданылады. Бұл тігістің бет жағы кәдімгі тігін машинасының тігісі тәрізді тізіліп түседі. Сондықтан қаю киімдердің етек-жеңін, жағасын, тақияны, кимешек-жаулықтарды, аяқ киімдердің күлшіндерін, кебістің шажамайын тігуге қолданылады. Қайып тігу әдісінде астына шаншып алған инені ілгері шаншып үстіне шыгарған соң, оны шегіндіре әкеліп манағы шанышқан ізбен қайтадан астына түсіреді де, тағы ілгері шаншып, үстіне шығарады. Осылай орындалған тігістің бет жағында жіпсіз бос аралық қалмайды.Тон, шалбар, тымақ сияқты теріден тігілген киімдерді тігуде тебе тігу тәсілі қолданылады. Тігістің жалпы көрінісі тепшуге ұқсас. Бірақ тепшу сияқты түйреп алып тігуге келмейтін тұтқыр материалдарды сол қолмен шымшып ұстай отырып, оң қолдағы инені екі саусақпен әрлі-берлі өткермелеп отырады. Тігіс жібі тепшуге қарағанда жиірек түседі.

Тепшу де ең көп қолданылатын тігістің бірі. Мұны киімнің шеттері мен қоспаларын, жұқа маталардың бүгістерін тігуде қолданады. Тепшуді материалдың қалың-жұқалығына, ширақтылығына қарай инемен 3—4 рет түйреп алып бірақ тартады.
Киімнің бойын, шалбардың балағын, жеңді, олардың екі шетін жалғастыра тігу ісін қусыру деп атайды. Мұндай тігістерде жөрмеу, тепшу, қаю, өбістіру, тебе тігу сияқты тігіс әдістерінің түрлері қолданылады.

 «Таңдай» тігіс — бұл да көркемдеп тігу істерінде қолданылатын әдіс. Оны үш сызықтың үстімен, үнемі қиғаш шаншып тігілетін «қос қабырға» мәнерімен орындайды. Мұндай кестелі тігістермен кимешектің жақтарын, жаға-қақпаларды, жеңнің аузын, кестеленген материалдардың шеттерін өрнектеген.

 «Тышқан із» тігісі үш сызық арасымен, не шаршы сызықтар арасымен тігіледі. Алғашқы шаншымында инені төменгі сызықтан жоғары кетеріп үстіңгі сызықтан шаншып матаның астына түсіреді. Бұл кезде сол қолдың бармағымен ине жібін өзіне қарай тарта басып, іркінді ілмек жасайды да, инені босаңдау тартады. Ине үшінші шаншымында орталық сызық бойымен екі шаншым ілгері аттап іркіліп тұрған ілмек арасынан шығады. Инені келесі кезекте тартқанда ілмек ортасында сопақтау үш бұрыш жасалады. Тігіс осылайша қайталана береді.

Сөйтіп, қазақтың әр алуан әдістермен, неше түрлі мәні бар қол тігістерінің көптеген түрлерінің ішінде көркем тігіс үлгілерінің  көрдік.Сұрақ. 1. Көркем тігіс түрлерін ата? Схема бойынша жұмыс.

Айқас тігіс

Таңдай тігіс

Тор тігіс

Көркем тігіс







Қабырға тігіс

Жұлдызша тігіс







2. Жоғарыдағы аталған көркем тігістер арқылы қандай кесте тұрін тігуге болады?

Шым кесте

Моншақ кесте



Кесте





Біз кесте

Баспа кесте







Жоғарыдағы аталған тігіс түрлерін кестелерді тіккенде пайдаланамыз.Моншақ кестеге келетін болсақ ,моншақпен тігілген бұйымды көркемдеуге болады.Сызылған суреттің ішін моншақпен толтырып шықсақ онда ерекше көрініс береді. Бисер тоқу өнері өте нәзіктікті,әдемілікті,шыдамдылықты талап етеді.Ең алғаш ‘’бисер’’ атауы-Египет елімен байланысты.Оның атауы арабтың ‘’буера’’ немесе ‘’бисер’’ деген сөзінен шыққан,мағынасы‘’жалған маржан’’. Рим империясы Египет елін басып алғанда әйнек өндіру Рим еліне өтеді,кейІн ол шеберлер арқылы жан-жақта тарап,әлемге бисер атауы мәлім болады.

Ал сендер бисермен тігілген қандай бұйымдарды,киімдерді білесіндер? Сәукеле, камзол, сөмке, коптеген киімдерді өрнектеуге болады. Баспа кестеге келетін болсақ,ою-өрнек ғасырлар бойы дамып келе жатқан өнер туындысы.Қай қолөнер түрін алатын болсақ та,белгілі бір тәртіппен орналасқанын байқау қиын емес.Біздің ата-бабаларымызлық ерте кезде сызып,жаза алмаса да,геометриялық фигураларды дұрыстап орыналастыра білген.Шеберлер ою-өрнектерді өз дәуіріне қарай лайықтап пайдаланған. Қандай ою-өрнек түрлерін білесіндер? Қолөнер туындысына саяхат. Мінеки мына алдарыңда тұрған кесте түрлеріне назар аударыңдар. (Ондағы ою-өрнектерге тоқталу) Ою-өрнектерді көрсетіп,оқушылар оған толық жауап береді.Сарамандық жұмыс: (1-сурет) кесте түрлері

Қолөнер

Эстетикалық жапырақ

Талғам

Ақыл ойды дамыту

Еңбекке тәрбиелеу жұлдыз

Қимыл қозғалыс гүл

(саусақ білезік)



Шым кесте

Біз кесте

Жұлдызша

Айқас

Барқыт

Гобелен

























ОЮ-ӨРНЕК ТҮРЛЕРІ:

Зооморфты

Өсімдік пішіндес

Геометриялық

Космологиялық

Қошқармүйіз Қаз мойын Түйе табан Атбас Құсқанат


Ағаш

Жапырақ

Үш жапырақ

Гүл

Жауқазын

Өткізбе

Ирек

Балдақ

Шынжара

Қармақ

Төрт құлақ

Бота көз

Шеңбер

Шимай

Бітпес

Жұлдыз

Шұғыла

төртұшқы







Кесте түрін таңдау



Құрал-жабдықтарды таңдау

қолмен








Қауіпсіздік ережесін сақтау

Іс машинасымен




Тігіс түрін таңдау



бізбен





Ақ қағазға эскиз түсіріп қиып аламыз.Көрілген матаға суретін түсіреміз. Кесте тігу кезінде қарапайым еңбек қозғалыстары ( саусақ, білезік , шынтақ қозғалыстары) болады. Қауіпсіздік ережесін сақтауды 1 оқушы оқып береді. Оқушылардың тігіс түрлеріне мән беру, тексеру, көмектесу. Сабақтан алған әсерлері бойынша оқушылар мақал-мәтел айтады. Қолөнердің бір түрі әшекейді кестелеу. Қазақтың нәзік қыздары, көркемдеп оны тігеді. Кестелеудің қыр-сырын апайымыз біледі, Шәкіртіне әр кезде үйретіп ол жүреді.



Жіпті инеге ілемін, Өрнектеп кесте тігемін. Жақсы көрем еңбекті, Қызықты болып өтемін.



Қызым еркем- кестесімен көркем, Ұлым керкем- өрнегім көркем. Қолөнері кестеде. Сөз өнері- өлеңде. – деп сабақты қорытындылау. (1-сурет) 4. Үйге тапсырма. Кесте тігу.

5.Бағалау.



















Пайдаланылған әдебиеттер:



  1. «Қазақтың ою-өрнектері» Ш.Әбуалиева Алматы қаласы «Рауан» 1992ж.

  2. «Қазақ қолөнері» Б.И.Сералиев

  3. «Мектептегі технология» журналы 2010 ж №4

  4. «Мектептегі технология» журналы 2009ж №6

  5. «Технология» 6- сыныбына арналған оқулық 2011ж

  6. Х.Арғынбаев «Қазақ халқының қолөнері» Алматы1987 ж

  7. М.Ш.Өмірбекова «Ою-өрнектің қолданылуы» Алматы 1995ж

















\









Маңғыстау обылысы, Мұнайлы ауданы №5 « Жалпы орта білім беру мектебі М.М»

Технология пәнінің мұғалімі Байтлеуова Зылыха Уришановна

Туған күні: 07.06.1972

Білімі: Жоғары

Бітірген оқу орны: Самарқант Мемлекеттік Педагогикалық Институты

Мамандығы: Технология пәнінің мұғалімі ебек өтілі:15жыл


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Технология (мальчики)

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
"Кесте тігу ?нері"

Автор: Байтлеуова Зылыха Уриншановна

Дата: 03.02.2015

Номер свидетельства: 166616

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(119) "Кесте тігу ??ралдарымен ж?мыс істеу кезіндегі ?ауіпсіздік ережесі"
    ["seo_title"] => string(71) "kiestietighukuraldarymienzhumysistieukiezindieghikauipsizdikieriezhiesi"
    ["file_id"] => string(6) "299332"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyad"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1456500706"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(30) "Айқас кесте тігу"
    ["seo_title"] => string(20) "aik_as_kiestie_tighu"
    ["file_id"] => string(6) "358747"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyad"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1479117150"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(45) "Кесте тігу технологиясы "
    ["seo_title"] => string(30) "kiestie-tighu-tiekhnologhiiasy"
    ["file_id"] => string(6) "172861"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyad"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1423891804"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(130) "Технология (?ыздар). Саба?ты? та?ырыбы:  Шым кесте тігу. Сыныбы: 7 сыныптар "
    ["seo_title"] => string(79) "tiekhnologhiia-k-yzdar-sabak-tyn-tak-yryby-shym-kiestie-tighu-synyby-7-synyptar"
    ["file_id"] => string(6) "194535"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyad"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1427790285"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(50) "Кесте тігуді? т?рлі ?дістері"
    ["seo_title"] => string(28) "kiestietighudinturlidistieri"
    ["file_id"] => string(6) "333648"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyad"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1465451802"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства