?ол?нермен айналысатын адамдарды т?рт топ?а б?луге болады.
Шебер – а?аштан ?р т?рлі б?йымдар жасайтын адамдар. ?ста – ?ару-жара?, ер-т?рман, т?рмыс?а ?ажет: балта, кетпен, ?ала? жасаумен ш??ылданатын адам. Ісмер – ?лтты? киімдер тігумен айналысатын, ?олынан іс келетін адамдар. Зергер – алтынмен аптап, к?міспен к?птеп сыр?а, білезік, ал?а ж?не ?алы?ды? с?укелесін жасаушы адам.
?лтты? к?ркем ?нер т?ріне ??ра? ??рау ж?не кесте тігістері жатады.
Біз ?андай ?ол тігістерін білеміз? (К?ктеу, ?айып тігу, торлау, ж?рмеу)
?олмен тігу ?нері – ?аза? хал?ыны? ежелден ?олданып келе жат?ан е? ал?аш киімімен ?й жабды?ыны? негізі бол?ан. Заманны? жа?арып дамуына сай ?р адам ?азіргі с?н ?лгісіне сай ?айталанбас ?семдік ерекшелігін таныта білуге тырысуда. Осындай ?нерді? бірі – кесте тігу ?нерімен танысып ?йренеміз.
Ата-бабамыз ?ызы мен ?лына ?нерді? т?рлерін ?мір т?жірибесінде ?йретіп сегіз ?ырлы, бір сырлы болу?а т?рбиелеген. ?ыз баланы? ине саба?тап т?йме ?адау, кесте тігу, ою-?рнекті біліп сырма? тігу, ас пісіруді ?йретсе, ?л балалар?а теріден таспа тігу, бау жасау, мал сою ж?не м?шелеуді ?йреткен.
Кестені к??іл сызады, ?ол тігеді, к?з сынайды – дегендей кесте тігуді? алуан т?рлі ?сері бар. Кесте ертеден дамы?ан халы? ?нері. Кестені ?зге ?лттарды? б?йымдарынан да к?реміз. Мысалы молдаван, эстон, белорус, украинды?тарды? кестелі с?лгілері, киімдері, татар мен ?збектерді? кестелі та?иясын жа?сы білеміз.
Осы кестені? бірі «тамбур» тігісі. ?аза? хал?ында «Тыш?ан із» кестесі ертеден келе жат?ан к?ркем тігісті? т?рі. Оны кейде «біз кесте», «та?дай кесте», «тізбек» деп те атайды. Жалпы халы? тілімен «тамбур» деп ата?ан. Ертеде шеберлер арнайы ?лкен барабан-тамбур т?різді кесте кергішке матаны керіп тіккен. Кестені? б?л т?рімен ою-?рнектер мен г?лді? саба?ын кестеледі.
«Тамбур» тігісін орындалу ?діс-т?сілдерін ?лгіні к?рсете отырып т?сіндіру, сызба бойынша инені? ?р шаншымын к?рсетіп т?сіндіру.
?ру, тізбек бау туралы ??састы?ын айтып ?ту.
«Тыш?ан із» тігісі тігілу ?дісі жа?ынан к?лемді біркелкі ілмектер шынжыр секілді бір-біріне тіркесе тігіледі. Шынжырларыны? формасы мен к?лемі ?р т?рлі болып келеді. Жіпті теріс жа?ынан бекітіп, оны матаны? о? жа?ына шы?арып ал?ан со?, ілмек т?різді етіп созып, оны сол ?олымызды? бас барма?ымен басып т?рып, инені ал?аш?ы шаншы?ан жерден д?лдеп, т?мен ?арай, я?ни матаны? астына ?арай шаншимыз. Тігісті о?нан сол?а ?арай немесе жо?арыдан т?мен ?арай суретті? ы??айына байланысты тігіледі.
Просмотр содержимого документа
«?аза тілі: Бастауыш »
«Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда оқу үдерісіне жобалық іс-әрекетті енгізудің педагогикалық аспектілері»
Оқушылардың функционалдық дамуы туралы мәселе алғаш рет Елбасының 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстанның дамуының негізгі бағыты» Жолдауында көтерілген болатын. Жолдаудағы тапсырмаға байланысты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы №832 қаулысымен оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған Ұлттық іс- қимыл жоспары қабылданды.
Ұлттық жоспарда халықаралық зерттеу нәтижесінен оқушылардың жетістіктерінің математикадан және жаратылыстану пәндерінен жоғары болу себептерінің бірі - олардың функционалдық сауаттылығының қалыптасуы, яғни мектеп жағдайында зерттеу және жобалау жұмыстарының оқыту үдерісіне тиімді енгізу нәтижесінде деп көрсетілген.
Осы жоспарды жүзеге асыру мақсатында облыстық білім басқармасының Эксперименталдық бағдарламалар кеңесінің 5.07.2013 жылғы №1 шешіміне және Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының 02.09.2013 жылғы №596 бұйрығына сәйкес Тараз қаласы әкімдігі білім бөлімінің Бауыржан Момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық гимназиясында 2013-2018 жылдар аралығына «Гимназия жағдайында оқушылардың зерттеу мәдениетін жобалық іс – әрекет арқылы дамытудың педагогикалық аспектілері» тақырыбында нәтижеге бағытталған білім беру моделін тиімді енгізу жолдарын анықтауға арналған педагогикалық эксперименттік алаң ашылды.
Эксперименттің мақсаты гимназия жағдайында оқушылардың зерттеу мәдениетін жобалық іс-әрекет арқылы дамытуды теориялық-әдіснамалық тұрғыда негіздеп, ғылыми-әдістемесін жасау. Эксперименттің алғашқы жылында жұмыс жоспары жасалып, бағдарламасы бекітілді. Осы бағдарламаға сәйкес эксперимент кезеңі шартты түрде 3 кезеңге бөлінді:
ұйымдастыру кезеңі – 2013-14 жж;
қалыптастыра-жүзеге асыру кезеңі – 2014-2017 жж.;
қорытынды кезең – 2017 – 2018 жж.
Ұйымдастыру кезеңінде эксперименттің нормативтік құжаттары жасалып, бекітілді.
Қазіргі кезде зерттеу іс-әрекетінің негізінде білім беру процесін ұйымдастыруда бірінші орынға зерттеуді жобалау мәселесі қойылып отыр. Эксперимент жұмысын ғылыми тұрғыда негіздеп және оқушылардың зерттеу мәдениетін дамытудағы жобалау іс-әрекетінің ғылымилығын арттыра түсу үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы №77 қаулысына сәйкес қосымша білім беру педагогтары ретінде жоғарғы оқу орындарынан 8 оқытушы-ғалымдармен бірігіп жұмыс жасауға келісім шарт құрылды. ЖОО-нан экспериментке тартылған оқытушылар оқушылардың жобалау және зерттеу іс-әрекетін жүргізуі көзделген курстың оқу-тақырыптық жоспарын жасап, оқушыларға оқу жобалау немесе зерттеу жұмысының тақырыбын алуға бағыт беріп, оқушыны даярлау жұмыстарын жүргізіп, оқу жобалау немесе зерттеуді орындау нәтижесінде педагогикалық мәселелердің орындалуын бағалайды.
Сонымен қатар, гимназия оқушыларының ғылыми-зерттеушілік жұмыс дағдыларын, ғылыми зерттеуге қызығушылығын қалыптастыру, белгілі бір ғылым саласында білімін жетілдіру, интеллектісін дамыту, шығармашылыққа баулу арқылы әржақты дамыған тұлға тәрбиелеу мақсатында «Жас ғалым» ғылыми қоғам құрылды. Қоғамда әр бағыттағы «Техника, физика, Жер және Космос ғылымдары» секциясы, «Қолданбалы математика, математика, экономика, информатика» секциясы, «Тіл білімі, әдебиет, тарих, этномәдениеттану» секциясы, «Биология, химия, экология» секциясы және «Бастауыш сынып» секциялары жұмыс жасайды. Гимназия директорының 2014 жылдың 2 қыркүйегіндегі № 122 бұйрығына сәйкес әр секцияға жетекшілер бекітілді. Бүгінгі күні осы «Жас ғалым» оқушылардың ғылыми қоғамында 48 оқушы мүше. Осы оқушылардың барлығы өздерін қызықтырған тақырыптар бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізуде.
Оқу-зерттеу мәдениетін қалыптастыру бойынша қойылған мәселелерге сәйкес оқушылардың ғылыми қоғамының қызметінде интернет-технологияларды қолданудың негізгі бағыттары белгіленген. Оларға: интернет желісінде ғылыми жұмыстар үшін материалдарды іздестіру; конференциялар, конкурстар және гранттар туралы ақпараттар алу; конференцияларға сұраным, баяндамалар жіберу; мектептің www.taraz45 сайтында зерттеу жұмысының нәтижесін жариялау; оқушылардың зерттеу жұмыстарын ұйымдастыратын ұйымдармен мысалы, «Сана» көшбасшылар ұйымы, «Еркін пікір сайыс» одағы ұйымдарымен байланыс жасау; басқа қалалардағы әріптестермен хат жазысу; үй тапсырмасын орындау үшін ізденіс ұйымдастыру; оқу жылы барысында оқушылардың таңдаған проблемасы бойынша жүйелі түрде рефераттар жазу жатады.
Білім беру ұйымдарындағы оқушылардың жобалау және зерттеу жұмыстары психологиялық-педагогикалық, оқу-әдістемелік, ұйымдастырушылық және басқа да проблемаларды кешенді шешудің сауатты ғылыми тәсілінің болуын талап етеді. Мұғалімдерде жобалау және зерттеу технологияларын меңгеру үшін тиісті деңгейде ғылыми-әдістемелік
даярлықтарының болуы қажет. Сондықтан ЖОО-ның оқытушылары, яғни ТарМПИ физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент Бижигитов Темирхан, ТарМПИ физика-математика ғылымдарының кандидаты Ниетбаев Аширали Артаевич, М.Х.Дулати атындағы ТарМУ экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Наурызбеков Серік Көшенұлы, ТарМПИ тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Мырзабеков Бахыт Ормаханович, ТарМПИ филология ғылымдарының кандидаты Қарымбаева Кульзинат Мейрамбаевна, М.Х.Дулати атындағы ТарМУ техника ғылымдарының кандидаты, профессор Шолақ Әбдіғали, ТарМПИ филология ғылымдарының кандидаты, профессор Садықбеков Рахим Айтбайұлы,ТИГУ профессоры, Аймақтық менеджменттің академиялық жүйесінің корреспонденті Бектұрғанов Базарбек Бектенович сияқты ғалымдар экспериментке тартылды. Олар, гимназия мұғалімдерін даярлау, оқу-зерттеу іс-әрекетін жүргізу жөнінде мұғалімдердің кәсіптік құзыретін жетілдіру үшін педагогтарға жобалау мен зерттеудің жетекшілері мен консультанттары ретінде қарап, әдістемелік ұсынымдар жасайды. Ол үшін оқыту семинарлары, курстар ұйымдастырып, мұғалімдерді ғылыми-әдістемелік конференцияларға қатыстырып, оқушылар мен мұғалімдер үшін әдістемелік құралдар әзірледі.
Гимназия ұстаздарына ғылыми-әдістемелік орталығы семинар, тренингтер ұйымдастырды. Атап айтсақ, оқушылардың зерттеу мәдениетін жобалық іс-әрекет арқылы дамытудың тиімді жолдарын және педагогикалық аспектілерін анықтау мақсатында облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің шағын жинақты мектептерді дамыту бөлімінің меңгерушісі Әлия Сейсенқызы Әлімбекова «Оқушылардың жобалық іс-әрекетін ұйымдастыруың педагогикалық негізі» тақырыбында семинар-тренинг өткізді. Семинарға 28 мұғалім қатысып, кітапша, дисктер таратылды.
Семинар соңында гимназия ұстаздары үшін ұсынымдар (рекомендация) қабылданды. Онда гимназия ұжымына оқу-тәрбие үдерісіне кейс әдісін зерттеп және енгізудің іс-шаралар жоспарын жасауға, оқу үдерісіне кейс әдісін енгізудің нақты алгоритмін жасауға, оқу үдерісіне кейс әдісін енгізе отырып оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттырудың таксономиясын жасауға нақты ұсынымдар берілді.
Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының филология ғылымдарының кандидаты Қарымбаева Күлзинат Мейрамбайқызы «Дарынды оқушыларды анықтау жолдары» атты семинарында дарынды оқушыны анықтау жолдарын атап өтіп, олармен атқарылатын жұмыстарға бағыт берді. Сонымен бірге «Қазақ тілі, ана тілі пәні бойынша жобалау технологиясын пайдаланудың тиімді жолдары» тренинг-семинарында нақты пәндерге байланысты нұсқаулар берді.
Гимназия психологы Таубаева Құралай жас мамандардың өзіне деген сенімін арттыру, педагогикалық ұжымға бейімделуіне ықпал ету мақсатында «Жарқын болашақ иесі –бүгінгі жас маман» атты психологиялық тренинг өткізіп, дарынды оқушылар арасында ақыл-ой деңгейін анықтайтын «Равен» тестін онлайн режимінде жүргізді.
Директордың эксперимент ісі жөніндегі орынбасары Ержігітова Аида жобалау технологиясы бойынша «Жобаның түрлері» тақырыбында семинар-тренинг жүргізіп, онда оқытудың жобалау технологиясының түрлері, кезеңдері мен сабақ үдерісіне енгізу әдістері көрсетілді.
Эксперменттік алаң жұмыс жасап тұрған 5 жылдың ішінде мектептің әрбір мұғалімі осы оқытушылардың функциясын өздері орындай алатын дәрежеге жетулері керек. Сондықтан гимназияның пәндік әдістемелік бірлестіктері жобалау іс-әрекетін үйрену, қолдану мақсатында өздері тандаған тақырыптар бойынша жобалар қорғады. Мысалы, орыс тілі пәндері бірлестігінің мұғалімдері «Ұлы жеңістің 70 жылдығы» тақырыбында, бастауыш сынып бірлестігі «Білім бастауы - бастауышта» жобасын, ағылшын пәнінің мұғалімдері «Ас – адамның арқауы» жобасын, математика пәнінің мұғалімдері «Ақпараттық коммуникативтік технология» жобасын, өнер пәндері бірлестігі «Заманауи мәжіліс залы» тақырыбындағы жобаларды қорғады.
ЖОО оқытушылары мен гимназия мұғалімдері арасындағы бірлескен жұмыстың нәтижесінде 2013-2014 оқу жылында оқушылар айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді:
Қалалық ғылыми жобалар байқауынан І орынды -3 оқушы,ІІ орынды 2 оқушы,ІІІ орынды 5 оқушы жеңіп алса, облыстық байқаудан І орын 1, ІІ орын-3 және ІІІ орын 1 болды. Республикалық жарыстан ІІІ орын екеу және халықаралық ғылыми жоба байқауынан І орынды 1 оқушы иеленді.
Мысалы,физика секциясы бойынша жоба қорғаған 11 сынып оқушысы Ахмет Жамбыл облыстық ғылыми жобалар байқауынан І орынға ие болып, республикалық жарысқа өтті. Математика секциясы бойынша 11 сынып оқушысы Қажымұқан Нұрбек Республикалық жарыстан ІІІ орын, халықаралық жарыстан І орынға ие болды. Сонымен бірге математика секиясы бойынша 11 сынып оқушысы Бекбенбет Айдана республикалық жарыстан ІІІ орынға ие болып, халықаралық жарысқа қатысты.
Экономика секциясы бойынша 11 сынып оқушысы Омар Меруерт республикалық байқаудан ІІІ орынға ие болып, халықаралық деңгейдегі жарыстарға қатысты.
Биология секциясы бойынша жоба қорғаған оқушылар Оралбаев Н., Сандыбеков Ә. республикалық ғылыми жобалар байқауына қатысып, сертификатқа ие болды.
Тіл білімі секциясы бойынша 11 сынып оқушысы Дүкенбаева Медина қазақ тілі пәнінен республикалық жарыстан жүлделі ІІІ орынға ие болды.
6 сынып оқушысы Умурзак Аяулым «Зерде» ІХ республикалық конкурсына қатысып ІІІ орынды иеленді.
4 сынып оқушысы Маминова Ақбота облыстық «Жас зерттеуші» ғылыми жоба байқауына қатысып ІІІ орынды иеленді.
PISA халықаралық зерттеуі мектептердің типтік оқу жоспарларды реттеудегі, инварианттық және вариативтік компоненттердегі оқу сағаттары көлемдерінің арақатынасын анықтаудағы автономиялығы функционалдық сауаттылыққа әсер ететінін анықтады. Бұл бағытта гимназияның вариативті бөлігіне жобалау технологиясы негізінде жасалған кіріктірілген курстар енгізіліді. Олар: Компьютерлік графика/миатематика, информатика, сурет, сызу/, «Основы проектной деятельности»/ жасыл дәріхана/биология, Елтану /тарих, ағылшын тілі/, биология, русский язык, қоғамтану/, Акмеология/психология, русская речь, мәдениеттану. Оқу бағдарламалары оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға және түйінді, пәндік құзыреттерді қол жеткізуге бағытталған.
Сонымен қатар инвариативтік бөліктегі информатика, өнер пәндеріне сабақтарына оқытудың жобалау технологиясы енгізілген.
2014 – 2015 оқу жылына қалалық ғылыми жоба байқауына 21 жоба зерделеніп, толықтырылып, жіберіліп отыр.