kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Құрақ құрай білесің бе

Нажмите, чтобы узнать подробности

 Поурочный план по пошиву "Құрақ құрау технологиясы"

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Құрақ құрай білесің бе»

Сабақтың тақырыбы:"Құрақ құрай білу де өнер"

Сабақтың мақсаты:Құрақ туралы оқушылардың түсінігін  арттыру. Қазақ қолөнеріндегі құрақтың  шығу тарихына тоқталу. Тұтыну  заттарында немесе бұйымдарында  қалай пайдалану керектігін үйрету. 

Құрақ түрлерін, тігуді меңгерту.

Білімділік:Мата қиындыларынан түрлі құрақтар тігіп үйрену. Құрақ  қиындыларын әзірлеуді  мата түстерін таңдай білуді,дайын үлгіні   пайдаланып қиюды,дұрыс біріктіріп үйрену.

Дамытушылық:  Оқушылардың ұлттық бұйымға қызығушылығын арттыру,  эскизді матаға  сыздыру,  эскиз бойынша матаны қию, құрақ   қиындыларын біріктіру, құрақ құрауға деген ептілік,   икемділігін дамыту.

Тәрбиелік:   Халқының өнерін, салт-дәстүрін бағалай білуге,  ұқыптылыққа,төзімділікке, шыдамдылыққа, үнемділікке, төзімділік пен сабырлылыққа, тазалық пен әсемдікке баулу.Құрақ құрау  өнері арқылы эстетикалық,  ойлау қабілеті терең дамыған,жан дүниесін бай, ой-өрісі кең тұлға тәрбилеу.

Сабақтың түрі:ізденіс-шығармашылық

Сабақтың формасы: практикалықдағдыны қалыптастыру

Сабақтың көрнекілігі:Қажетті құрал-жабдықтар :интерактивті тақта,  құрал-жабдықтар, ине, жіп, қайшы, дайын үлгі, сызғыштар, мата қиындылары,  құрақтан жасалған бұйымдар түрлері.

 Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, геометрия, сызу, бейнелеу, математика, эканомика .

Сабақтың оқыту әдісі:  Іздену,түсіндіру, сұрақ-жауап, интерактивті тақтамен    жұмыс, көрнекі арқылы көрсету, сарамандықжұмыс.

І. Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

а)Сәлемдесу

ә) Сабаққа қатыспаған оқушыларды белгілеу.

б) Сабаққа дайындығын тексеру,  құралдарын толықтыру.

в) Қауіпсіздік ережелерін сақтау.

г) Бағалау бетшесін таныстыру.

Сабақтың басталуы:

Тренинг жүргізу:  «Тәрбие бастауы» тренингтің жүргізілу шарты оқушылар қол ұстасып тұрып бір-біріне сәттілік тілей отыра,атын атап,  адам бойындағы қасиеттерді айтады. Мысалы. Әсем  ұқыпты бол, .....  .

Тренингті ұстаз бастайды, соңығы оқушы ұстазға сәттілік тілейді.

Сабақтың жүрісі.Дәтерді ашып сабақтың тақырыбын жазу.

Тақтадағы сабақ жоспарымен таныстыру.

ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

Мұғалімнің кіріспе әңгімесінен басталады.

Құрақ құрау бұл аса шеберлікті, шыдамдылықты қажет ететін қолөнер түрі.

Біздің қазақ тілінде құрақ сөзінің екі мағынасы бар. Біріншісі, көлдің жағасында өсетін өсімдікті құрақ десе, екіншіден, мата қиындысынан жасалатын бұйымды құрақ дейміз. Біздің бүгін айтқалы отырған құрағымыз көл жағасында өсетін шөп, өсімдік емес, мата қиындысынан құралып жасалатын көрпе-көпшік ретінде пайдаланатын құрақ. Құрақ дегеніміз шығынсыз өнім жасаудың бір түрі. Негізінен құрақтың 200 - ден аса түрі бар.

Халықтың ұлт екенін айыратын 3 негізгі арнасы бар:

- тіл өнері

- саз өнері

- қолөнері

Халқымыздың қолөнері деп халық тұрмысында жиі қолданылатын

өру, тігу, тоқу, мүсіндеу, құрастыру сияқты шығармашылық жиынтығын айтамыз.

         Абай атамыз айтқан бес дұшпанның бірі – ысырап болса, өнердің бұл саласы сол ысырапшылыққа жол бермейді.

Құрақ көрпешелердің әрбір бөлшегі геометриялық фигуралардан тұрады.Шаршы, алтыбұрыш, трапеция,тең бүйірлі үшбұрыш,пирамида, ромб, тіктөртбұрыш,параллелограмм.

Құрақтың атаулары әр түрлі:

а) қазақ тілінде құрақ құрау өнері – құрақ.

б) орыс тілінде құрақ құру өнері «лоскутное шитье» немесе «мозаика».

в) жапон тілінде құрақ құрау өнері «сашико».

г) ағылшын тілінде құрақ құрау өнері «печворг» және «квилт»- деп атайды.

         Құраққа қойылатын талап біреу – ол мата бөлшектерінің симметриялы болуы және түстерінің үйлесімді орналасуы.

Түс шеңберінде түстер екі топқа бөлінеді: жылы және суық. Түс шеңберінде бір-біріне қарсы тұрған түстерді қарама-қарсы түстер дейді.Олар қызыл-жасыл, сары-күлгін, көк-қоңыр т.б.

Құрақтың түрлері төрт топқа бөлінеді:

1.Табиғат.2.Жануарларға.3.Геометриялық.4.Аспан әлемі.

Сендерге үйге  құрақ құрау өнері туралы  ізденіс жұмысы тапсырылған. Ендеше, кім нені біліп келгенініне ой бөлісейік.

1.Құрақ- дегеніміз не,құрақтың мағынасын түсіндір?

Слайд №5. Құрақ құрау, ұлттық қол өнерінің бір түрі.Ертеде қазақ даласында қымбат маталар тапшы болғандықтан, киім-кешек тігушілер қалған маталардың қиықтарын бір кәдеге жаратуға тырысып, олардан әртүрлі бұйымдар жасаған. Сөйтіп, құрақ құрау өнері дүниеге келген.

Бұл қолөнердің негізі әртүрлі символдармен де байланысты. Мәселен, үшбұрыш құрағының мәні әлемдегі үш дүниені ұштастыру екен, яғни үшбұрыш – су, жер, ауа – үш ғаламның белгісі.Бұл құрақтың мағынасы – ғаламдық тепе-теңдік пен тұтастық. Бал арасының ұясы негізінде «Алты табақ» құрағы пайда болған. Мағынасы, тәттілік пен молшылықты білдіреді. Сонымен қатар құрақ өнері арқылы жануар, құс бейнелерін де мата бетіне салуға болады екен. Баяғы Сақ заманынан бастап, өмір құбылыстарын қолөнер арқылы көрсетуге машықтанған көшпелілердің қолөнер дәстүрінің нысандық мәні бар. Сол кездегі «жұп», «су» секілді мағыналы ою-өрнектер күні бүгінге дейін өз мән-мағынасын жоғалтпады.

2. Слайд № 6,7. «Құрақ көрпе – отбасындағы береке-бірліктің белгісі»- деп әжем айтты.

Бұрындары қазақтың ісмер қыз-келіншектері мата қиындыларынан көрпе-көпшікке көздің жауын алардай құрамыс тыс тігуші еді. Әдетте көрпе-көпшіктің қырық құрақ тысында сан алуан сәнді түс керемет үйлесім тауып, көз қуантады.

         Қазір ине ұстап, қазақтың ұлттық киімін тігіп, ою-өрнегін ойып, жоғалып бара жатқан мәдени мұрасын қайта жаңғыртып жүрген шеберлер саусақпен санарлық қана.

«Шеше көрген тон пішер» дегендей әсіресе, қыздарға «Іс тіге білу баға үшін емес, өмірлеріңізге керек» деп отырады. Киіз басып, ою ойып, құрақ құрап, алаша тоқыған бұл кісілер бүгінде өмірден озған. Бірақ, өздері жоқ болса да, ұрпақтарына қалдырған бұйымдары көп. Сірә, «Өнер өлмейді» деген осы болса керек.

3.Ал құраққа қандай маталар қолданылады?

Слайд №8.Құраққа мынадай маталарды қолдануға болады:Қамқа – алтындатқан немесе күмістеткен зерделі жіптен тоқылған жібек мата. Қатипа – жол-жолы бар, жұқа жібек мата. Барқыт, шыт. Торқа – ең қымбат жібек мата. Батсайы – қалың жібек кездеме. Торғын – қымбат бағалы жібек матаның бір түрі. Мақпал – тығыз тоқылған, жұмсақ, түкті барқыттың бір түрі. Қыжым – сапалы жүнен тоқылған түкті мата, плюш. Пай – жібек мата. Парша – алтын мен күмісті араластыра отырып тығыз тоқылған жылтырақ жібек мата және сол матадан тігілген қымбат бағалы киім. Қазине – жібектен қалыңды – жұқалы етіп тоқитын мата. Шағи – жұқа келген жұмсақ және таза мата. Ләңке – сырткиімдік матаның бір түрі. Насар – жібек кездеме. Ұштап – ақ түсті тығыз мата. Шыт – арзанқол жұқа мата. Сәрпөңке – астарлық жібек мата. Бояқ – кездеменің боялған түрі. Борлат – қызыл түсті жұқа мата. Тібен – түрлі-түсті қалың мата.

4. Құрақтың қандай түрлері бар?Слайд №8.Түрлі түсті мата қиындыларынан құрақ құрау жұмысы – нәзік сезімді, түсті аңғарғыш, эстетикалық талғамы еркектерден жоғары тұратын әйелдердің еншісіндегі іс болған. Ел арасында құраққа қатысты бірсыпыра атаулар қолданылады: құрақтың суы – құрақтардың арасына жүргізілетін бір түсті жолақтар, құрақтың көзі – құрақтардың ортасына басқа түстен тігілетін өрнек, яғни басқа құрақ соның айналасына тігіледі, кекілік қас – ақ және қара маталардың қиындыларынан кекіліктің қасына ұқсатып тігілген құрақ, қайшы құрақ – кекілік қас құрағының негізінде тігіліп, көздігінің жанына қайшы пішініндегі кішкене құрақтың ұластырылған түрі, таңлай құрақ – адам таңдайының пішініндегі өте майда құрақтар, жұлдыз құрақ – таңдай пішінді құрақтан құралып, көздері тең үшбұрышты түсті барқытпен көмкерілген түрі, тырнақ қатар – тырнаққа ұқсаған үшбұрышты құрақшалардан құралған түрі, т.б

5.Құрақтың жасалу жолы қандай?

 Слайд №9.Матаны құрау үшін ең бірінші, қандай құрақ құрайсың, сол құрақтың сызбасын қағаз бетіне түсіріп аламыз. Екінші, матаның түр-түсінің үйлесімділігін анықтау үшін оны түс таңдай отырып, бояп аламыз. Осыдан кейін геометриялық пішінде үлгі қағаз даярлап аламыз да, сол қағазды үлгі етіп, пайдалану арқылы, матаны қағаз мөлшерімен қиып аламыз. Қиылған матаны сызба үлгіге қарап белгіленген өрнек бойынша рет-ретімен, әуелі ортаңғы бөлік, содан кейін шеткі бөліктерді тігеміз. Міне, осындай жұмыстар жүргізу арқылы құрақ құрау технологиясын меңгереміз.

6. Құрақ құрау екі мақсатты көздейді. 

 Слайд № 9. Пішілген қиымды маталарда іске асыру:

2. Құрақ жастық, құрақ көрпеше тігіп, үйдің сәнін кіргізу.

Құрақ бірнеше түрге бөлінеді:

Шатыр құрақ.

Бота көз құрақ.

Тырна құрақ.

Қарсы құрақ.

Саты құрақ.

Ши құрақ

 Қайшы құрақ.

Махмат құрақ.

Жұлдыз құрақ.

Оюлы құрақ.

7. Құрақ құрау үшін алдымен не істеуіміз керек?

Құрақ құрау үшін ең алдымен, қажетті материалдар таңдап алынып, олар түрі, түсі, матасына қарай сұрыпталады. Яғни, маталардың барқыт, жібек,сиса, сәтен кесінділері жеке-жеке бөліп алынады.Содан кейін ісмер әйел не бірыңғай барқыттан, немесе бірыңғай жібектен құрақ құрауға кіріседі. Бұл істі бастамас бұрын әрбір түстін бір-біріне сәйкес келуіне, бірін-бірі ашып тұруына айрықша көніл бөлінеді. Құрақ құрау, қалдық қалдырмау.

8. Құрақ тұралы қандай ырым тиымдар білесіңдер?

 Салт дастүр ретінде, құрақ  құрап, қыз жасауына міндетті түде  қосады, ол жас отбасының жеке отбасы деген мғынаны білдіреді. Қашанда әдемілік пен сұлулыққа құштар ата-бабамыз ұзатылған қыздың артынан жасау апарғанда махаббат нышаны ретінде «Аққу құрақ» көрпесін апарған.

         Қонағын төрге шығаратын халқымыз құрақ көрпесін төрге төсеген. Ол – сыйластықтың белгісі. Дүниедегі әрбір зат майда бөлшектерден құралады. Сол секілді әр үйде құрақтан жасалған бұйымның болуы отбасының берекесі мен ынтымағын құрайды. Тіпті біздің әжелеріміз ерте кезде балалары өліп тоқтамаған отбасылардың үйін «тіл-көзден аман болсын» деп ырымдап, «қырық құрақ» құрап, баласын соған ораған екен.

Мұғалім сөзі.

“Әр үйде құрақтан жасалған бұйымның болуы отбасының берекесі мен ынтымағын көрсетеді”- деп, әжелеріміз айтадып. Сол себепті қыз барған үй берекелі болсын деп құрақ сыйлайды.

         Қазақтың дәстүрінде бар осынау қолөнер түрін әлем елдерінің біразы қолданады екен. Мәселен, құрақ өнерін орыстар «лоскутное шитье», жапондықтар «сашика», ал ағылшындар «почворк» дейтін көрінеді.

Жаңа сабақ:

ІІІ. Сарамандық жұмыс.

  Бағалау бетшесі

Үй тапсырмасы

 Өзіндік баға

 Бір-бірін бағалау

 Топ басшысың бағасы

Қоытынды   ұстаз бағасы

 

 

 

 

 

Құрақ көрпеше тігу. Эскиз бойынша құрақты пішу. Құрақты қол тігісімен біріктіру. Соның ішіндегі біз төртбұрыш, ромб, үшбұрыш  пен жұлдызша құрағын жасап көрпеше тігу.

1 Кіріспе нұсқа.

1.1 Құрақ бөлшегіне астар қию жолдары.

1.2. Астар мен құрақ бөлігін біріктіру. Көктеу.

1.3. Құрақ көрпеше ішіне мақта немесе жүн салу.

1.4. Ашық жерлерін біріктіру.

1.5. Буйымды дайындау.

1.6. Шығынын есептеу және бағасын тағу.

1.7. Бұйымды  жарнамалап қорғау.

2 Ағымды нұсқа.

Қауіпсіздік ережесі

♦ Инені киімге қыстыруға болмайды.

♦ Иненің жібін тіспен үзуге болмайды.

♦ Инені жіпсіз тастауға болмайды.

♦ Қайшыны жолдасыңа үшкір ұшымен берме.

♦ Қайшыны ойыншық ретінде пайдалануға болмайды.

♦Инені ине қадағышқа шаншы.

♦ Қайшыны ашық тастама.























МАҚСАТЫ: Оқушыларды Отанымызды сүйе білуге деген және туған жеріне деген сүйіспеншілігін ояту. Елін, жерін, тарихын, тілін құрметтейтін жаны таза, адамгершілігі мол азаматты қалыптастыру. 
Көрнекілігі: ҚР рәміздері, суреттер, қанатты сөздер, әріптер, сандар, шарлар, 
Өтілу барысы. 
1. «Тәуелсіздік шежіресі» 
2. «Тәуелсіздік деп жырлайды ұланың» поэзия минуты 
3. «Отан деген немене?» 
4. Сұрақ-жауап 
5. Сен өз құқығыңды білесің бе? 
І. Кіріспе сөз. 
Халқымыздың жылдар бойы аңсаған ізгі армандары жүзеге асқан кезеңде тәуелсіздігімізге қол жеткіздік. Бүгін міне, тәуелсіздік мерекесіне орай өткізгелі отырған «Біз Тәуелсіз елдің болашағымыз» атты 3 «Б»сынып оқушыларының сынып сағатына қош келдіңіздер!! 
Еліміздің егемендігіне ең алғаш қадам жасаған Желтоқсан оқиғасына 25жыл толыпты. Бүгінгі жарқын өміріміз сол ызғарлы күндердің жеңісті жемісі іспетті. 
Тәуелсіздігіміз баянды болғай, ағайын. Қане, менің көмекшілерім!! 
1-жүргізуші келеді. 2-жүргізуші қолын санап тұрады. 
1-жүргізуші: Сен не істеп тұрсың? 
2-жүргізуші: Тәуелсіздік сөзінің әріптері не мағына береді деп ойлап тұрмын. 
1-жүргізуші: Оны ойлап әуре болмай, балалардан сұрайық. 
Мұғалім: Қазақстан қасиетті ұғым бұл, 
Ей, келешек, жан тәніңмен ұғын, біл. 
Он бір әріп не мағына береді, 
Ал толғайық жеткенінше қызыл тіл. (балалар келеді, қолдарында әріптер) 
Т-білдіреді теңдікті, 
Ә-әдептілік, әлдікті, 
У-уайымсыз уақытты, 
Е-егемендік елдікті, 
Л-дейді лағып лепірме 
С-сенімділік секілді ең 
І-ілтипат қой 
З-зиялылық тілек қой 
Д-шақырады достыққа 
І-ізет қой 
К-дейді күн боп көктегі 
Көз алартпа, көршілерге қол сұқпа. 
1-жүргізуші:Міне, біліп алдық.Тәуелсіздік сөзінің мағынасын. 
2-жүргізуші: Ал, Тәуелсіздік жылы қай жылы болғанын білесің бе? 
1-жүргізуші:Иә, білемін, бірақ оны барлығымыз есітеміз. Кезек тағы да балаларға. 
ІІ.ТӘУЕЛСІЗДІК ШЕЖІРЕСІ 
(балалар қолдарында жыл жазылған қағаздар) 
-1991ж Тәуелсіздік алған жыл. 
Өзіңдікі туың да, отпен ауа, суың да, 
Жаса, Қазақстаным! Белді бекем буын да. 
Ұраның да жасасын! 
Егемен тәуелсіздігің жасасын! 
-1992жылы Тәуелсіз Қазақстанға 1жыл толды. Осы жылды Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы, Әнұраны қабылданды. БҰҰ-ға мүше болып кірді. 
-1993жылы 15қараша «Ұлттық валюта» күні деп аталып, алғашқы Қазақстан Республикасының теңгесі айналымға түсті. Оған атақты тұлғалар суреті басылып шықты. 2006жылы қарашада теңгеміз жаңа басылыммен қайта шықты. 
-1994жылы мемлекетіміздің тұңғыш ордендері мен медальдары дүниеге келді. Талғат Мұсабаев Союз-ТМ 6 ғарыш кемесімен көкке самғады. 
-1995жылы 30 тамызда Қазақстан Республикасының «Ата Заңы» қабылданды. 
-1996жылы 20қаңтарда Қазақстан Республикасының І сессиясы болып өтті. 
-1997жылы «Қуғын сүргіндерді еске алу» жылы деп аталды. 
-1998жылы 6 мамыр Астана күні . Қазақстан Республикасының Астанасы бұрынғы Ақмола қаласына көшті. Бұл күнде Астана қаласы жаңа сәулетті, соңғы сәнмен көркейіп, өсіп келе жатыр. Астана қаласы еліміздің басты қаласына айналды. 
-1999жылы 10 қаңтар Президент сайлауы өтті. Қазақстан Республикасының Президенті болып Н.Ә.Назарбаев сайланды. 
-2000жылы «Мәдениетті қолдау жылы» деп аталды. Шежірелі Түркістанға 1500жыл толды. 
-2001жыл 21ғасыр бастамасы. Осы жаңа ғасыр тұсында тәуелсіз мемлекетімізге 10жыл толды. 
-2002жыл «Денсаулық жылы» деп жарияланды. 
-2003-2005жылдары «Ауыл жылдары» деп жарияланды. 
-2004жылы «Қазақстан-Ресей» жылы болды. 
-2005жылы Ресейде «Абай жылы» аталып өтті. 
-2006жылы Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 15жыл толды. Атақты желтоқсан оқиғасына 20жыл толды. 
-2007жылы «Қазақ тілін қолдау» жылы. 
-2008жылы Астананың сол жағалауындағы әсем де зәулім ғимараттар қатарын «Қазақ елі» монументі толықтырды. Идеяның негізгі авторы — Елбасы Н.Назарбаев. Монументтің биіктігі 91метр. 
-2009жылы Қазақстан Республикасының Білім ғылым министрлігінің 2009-2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары жасалынды. 
-2010жылы Қазақстан 56 ірі ел бас қосатын мәртебелі ұйым –Европадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымға төрағалық етті. 
VІІ Қысқы Азия олимпиадасы Астана мен Алматы қалаларында спорттық жарыстар болды. Біздің еліміз 32алтын, 21күміс, 17қола барлығы 70медальға ие болды.Оның бойтұмары «ақ барыс» еді. 
-2011жылы Еліміздің 2011 жылы Ислам Конференциясы Ұйымының сыртқы істер министрлігі Кеңесіне төрағалық етуі 
«Желтоқсан оқиғасына» 25жыл, Тәуелсіздігімізге 20жыл толды. 
Мерекелеріңіз құтты болсын! 
1-жүргізуші:Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын! 
2-жүргізуші: Біздің бүгінгі мерекемізге тәуелсіздіктің төл құрдастары келіп отыр, Ол кісілерді ортаға шақырайық. 
ІІІ. (Тәуелсіздіктің төл құрдастары өз тілектері мен құттықтауларын жеткізеді) 
1-жүргізуші:Рақмет сіздерге! 
2-жүргізуші:Біздерге сіздердің жолдарыңызды берсін дейміз! 
1-жүргізуші «Тәуелсіздік деп жырлайды ұланың» 
2-жүргізуші Кезек тағы да балаларға. (Тәуелсіздік жыры оқылады) 
1-жүргізуші:Отан деген немене? 
2-жүргізуші:Осы сөздің мағынасын да ашып тастайық ендеше. 
1-жүргізуші:Отан отбасың, ошақ қасың емес пе? Жоқ одан да Отан туралы балалар не дер екен соны тыңдайық. 
ІV.(балалар Отан туралы бір-бір ауыз тақпақ айтады) 
1-жүргізуші:Енді балаларды пікірлесуге шақырайық. 
2-жүргізуші:Жоқ, алдымен білімдерін тексерейік.. 
1-жүргізуші Әнұранның сөзі мен әнін кімдер жазған? 
2-жүргізуші Тудың авторы кім? 
1-жүргізуші Елтаңбаның авторы кім? 
2-жүргізуші Енді қандай сөз шықты оқиық. «Құқық» 
1-жүргізуші Олай болса біз құқық туралы не білеміз, білгенімізді ортаға салайық. 
2-жүргізуші Онда балалар көрініс дайындап келіпті, көрініске кезекті берейік 
V..Сен өз құқығыңды білесің бе? 
(қойылым көру арқылы пікірлесу) 
1-көрініс. 
Екі оқушы аулада ойыншықпен ойнаған сәбиді жолықтырады. 
-Ойыншығың әдемі екен кім алып берді? 
-Ата-анам. 
-Ата-анаң саған тағы не үйретті? 
-Үлкендерді сыйлауды. 
-Біз үлкенбіз бе? 
-Иә. 
-Онда аяқ-қолыңды көтеріп тұр. 
Сәби аяқ-қолын көтеріп тұрады. Ал оқушылар оны мазақ етіп кетіп қалады. 
1-жүргізуші:Сұрақ:-қандай жағымсыз әдет көрдіңдер? 
2-жүргізуші:Бұл заң бұзушылыққа жата ма? 
1-жүргізуші:-Сәбиді ата-анасы дұрыс тәрбиелеген бе? 
(оқушылар пікірлерін тыңдау) 
Түйінді ой: Сәбиді ата-анасы дұрыс тәрбиелеген. Бірақ 17бапты үйретпепті. Ата Заңымыздың 27бабында «балаларды тәрбиелеу ата-ананың басты міндеті делінген. 
Ата Заңымыздың 17бабында «ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, адамдық қадір қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге болмайды» делінген. 
2-көрініс: 
Үш оқушы келе жатыр. Бүгін демалыс қой, қалай демаламыз? 
Ішім пысты. Бірдеңе жасайықшы. –Таптым-таптым бәрің аузыңды ашып қаласың, анау ағашқа от тигізсек өте үлкен алау болады да сендер ауыздарыңды ашып қаласыңдар. От тигізейік –деп жүгіре жөнелді. Екеуі ол баланы от керек емес деп әрең тоқтатты. 
1-жүргізуші:Сұрақ: қандай жағымсыз әдет көрдіңдер? 
2-жүргізуші:Бұл заң бұзушылыққа жата ма? 
(оқушылар пікірлерін тыңдау) 
Түйінді ой: Балалар 24бапты білгенмен, 38бапты білмейді екен. Ата Заңның 24бабында: «әркімнің тынығу құқығы бар» делінген. Ата Заңның 38бабында «Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға міндетті» деген. 
1-жүргізуші:Міндетті түрде құқықтарымызды оқып түсініп оларға мән берген жөн. 
2-жүргізуші:Сауатты болғаның жақсы емес пе? 
Мұғалім: Бүгінгі мерекеге ата-аналар да қатысып отыр. Ол кісілерді ортаға шақырамыз. Балалар мен бірге мереке баршамызға ортақ, сондықтан ауылдың алты ауызын тыңдасақ. 
(ата-аналар ән айтады) 
Сергіту сәті: «Орныңды тап!» Сөздер құрастыру 
Жанеркенің әншашуы 
Қорытындылау. Міне, бүгін балалар, өздеріңді Тәуелсіз еліміздің болашағы екендіктеріңді, нағыз азамат екендіктеріңді көрсете білдіңдер.Белгілі ақын: Жұбан Молдағалиев: 
Өткеніңді еске алсаң, 
Өскеніңнің белгісі. 
Өткеніңді ұмытсаң, 
Өшкеніңнің белгісі.-деген екен. 
Олай болса, халқымыздың бүгінге дейінгі жеткен жетістігі өздеріңе аманат. Қашанда еліміздің, жеріміздің еркіндігін сақтар мықты ұрпақ, мықты азамат болатындарыңа сенімдімін. Тәуелсізідк мерекесі құтты болсын! 
Мадина Әншашу: «Саржайлау» 
Хор: Егеменді Қазақстан


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Технология (девочки)

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Құрақ құрай білесің бе

Автор: Кушербаева Гаухар Маманбайқызы

Дата: 04.11.2017

Номер свидетельства: 436759

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(45) "Кешірім с?рай білесі? бе? "
    ["seo_title"] => string(29) "kieshirim-su-rai-biliesin-bie"
    ["file_id"] => string(6) "178839"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1424885141"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(55) "Чистоговорки для детей 4- 5 лет."
    ["seo_title"] => string(36) "chistoghovorki_dlia_dietiei_4_5_liet"
    ["file_id"] => string(6) "458697"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1519142224"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(144) "Саба?ты? та?ырыбы: ??ра? ?лгілерін компьютер к?мегімен жобалап, бояп, сызып ?йрену "
    ["seo_title"] => string(93) "sabak-tyn-tak-yryby-k-u-rak-ulghilierin-komp-iutier-komieghimien-zhobalap-boiap-syzyp-uirienu"
    ["file_id"] => string(6) "188566"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyad"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1426694847"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(72) ""??ра? тігу. ??ра? ??рау ?дісімен к?рпе тігу" "
    ["seo_title"] => string(51) "k-u-rak-tighu-k-u-rak-k-u-rau-disimien-korpie-tighu"
    ["file_id"] => string(6) "191758"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyad"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1427365518"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(76) ""??ра? т?рлері" технология п?нінен ашы? саба?"
    ["seo_title"] => string(52) "k-u-rak-turlieri-tiekhnologhiia-p-ninien-ashyk-sabak"
    ["file_id"] => string(6) "296790"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyad"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1456078374"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства