Я учитель технологии. Люблю работать с детьми, люблю свою профессию. Мои ученики участники и призеры районных, областных конкурсов. Я учу детей разных технологии работ рукоделию. Многие мои ученики научились вязать, шить, вышивать. В свободное время люблю вязать, шитьи другого вида декоративно-прикладного искусства, читать книгу. Замужем, рощу двух дочерей.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Құрал-жабдықтар: тоқыма жіптер түрлі түсті,ілмек біз 2–2,5, 3 мм, қайшы, дәптер, шарт белгілер, дайын тоқылған бұйымдар.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі..
II.Үй тапсырмасы.өткенді қайталау,сұрақ жауаптар.
III. Жаңа сабақ
Тоқу өнері – қазақ халқының ежелден келе жатқан қолөнер саласының бірі. Бұл тамаша өнер қазіргі заманда жалғасын тауып, көрші халықтардың өнер шығармашылықтарымен толысып, дамып, әсемдігімен, көркемдігімен көз тартып, эстетикалық талғамда өркендей бермек.
Тоқымамен айналысқанда адам жеке басына аса қажет нәрсені жасау үшін тоқымайды: осы тоқу үстіндегі түрлі түсті бояулар әлемінің үйлесімділігін, алуан түрлі сән үлгілерін таңдап, түрлі тоқу әдістерін меңгеруі адамның талғамын, шеберлігін, ой-өрісін жетілдіріп, көркемдікті сезіну қабілетін дамытады. Соған орай, тоқу өнері басқа да істер сияқты үйренуді, ізденуді қажет етеді. Қазақ қолөнершілері тоқу ісіне көбінесе жүннен иірілген жіптерді пайдаланған.
Кәзіргі танда көптеген тоқымаға арналған түрлі жіптер пайдаланамыз:таза жүннен, синтетикалық,мақтадан, жүн мен синтетика аралас,вискозадан, сондай-ақ бұрын пайдаланылған жіптерді де тарқатып қайтадан пайдалануға болады.
Тоқыма тоқу үшін керекті құралдар:
1.Ілмек біз №
2.Түрлі түсті жіп
Сарамандық жұмысқа кіріспес бұрын қауіпсіздік ережесін есімізге түсірейік. 1. Қайшыны ашық тастама; 2. Қайшыны жолдасыңа үшкір жағымен берме; 3. Тоқыма жіпті қолмен үзуге болмайды; 4. Ілмек бізбен жұмыс жасағанда абай болу керек; 5. Денеңді түзу үста немесе шалқақ, жарық сол жаныңнан түсу керек
6.Ұзақ уақыт тоқуға болмайды. 2- сағат сайын үзіліс жасау қажет
7. Жұмыс соңында орныңды тазалап кету керек.
Сарамандық жұмыс.
Әдемі шағын сүлгі тоқу.
шарт белгілері:
IV.Жаңа сабақта түсінгенін тексеру кезеңі. 1.Ілмек біздің шығу тарихы? 2.Тоқыма тоқу үшін қандай жіптер қолдануға болады ? 3.Біздің қандай түрлері бар ?
Баяндама: Эстетикалық талғамды халықтық және сәндік қолданбалы өнер арқылы тереңдету жолдары
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстан болашағы-қоғамның идеялық бірлігінде» еңбегінде «Ұлттық мәдениетке, ана еркіндік беру, оны тәлім тәрбие құрылымына айналдыру, тәрбие мәселесінде ұлттық ізгілік пен өркениетті әлемдік имандылық үрдісінің ортақ мүддесін жаппай сезіну және оны кіріктіре пайдалану арқылы іске асыру керек» деп атап өткен.
Қазіргі уақытта еліміздің өркениетті елдер қатарынан алдынғы орынды иеленуге ұмтылуы
Жағдайында жас ұрпақты жан жақты дамыта тәрбиелеу қажеттігі арта түседі. Мұны жүзеге асырудың бір жолы олардың эстетикалық тұрғыдан дамуы тәрбиенің құрамдас бөліктерінің барлығымен сабақтастықта, өзара байланыста жүзеге асырылады. Әсіресе бұл сәндік-қолданбалы өнерде үйрету үрдісінен айқын көрінеді.
Олай дейтініміз: сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарын жасау үрдісінде олардың тәжірибелік тұрғыдан ыңғайлы болуы ғана емес,сәнді де әсем болуы ескеріледі. Оның үстіне сәндік-қолданбалы өнер туындыларын жасаудағы ұжымдық еңбекте қуанышқа қол жеткізу, сұлулықты сезінудің, түсінудің, көрудің бірден бір негізі.
Еңбек сабақтарында халық өнерінің элементтерін кіргізу, бұл жерде, ең алдымен сәндік-қолданбалы өнерде халықтың рөлін көрсетеді,халық шеберлерінің өнеріне балалардың қызығуын арттыру мәселесі тұрады. Халық шеберлерінің қарапайымда әдемі көркем заттары балаларды туған жерін сүюге табиғатын көріп оны аялауға, елдің - әдет ғұрпын бағалауға, үлкендердің еңбектердің қастерлеуге тартады.
Сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарын жасауда бояу түстерін ою-өрнектерімен үйлестіру сол өрнектердің қисының тауып орналастыру, есептеу, санау, шамалау, дәл орналастыру адамның ойын ұшқырлайды, түсініктері мен қиял ойларын дамытады. Ал осылардың барлығы эстетикалық талғаммен жасалады. Бұл сәндік-қолданбалы өнер эстетикасының ақыл-ой тәрбиесімен де байланыстығын көрсетеді. Сәндік қолданбалы өнер туындыларын бейнелеу өнері сабағында тиімді пайдаланудың бір жолы оларды технология сабақтарымен тығыз байланыста өткізу болып саналады. Бейнелеу өнері сабақтарында жасалған эскиздерді технология сабақтарында модельдеу аралас сипатқа ие сәндік қолданбалы өнер негізінде оқушының эстетикалық тәрбиесін жетілдіру сабақтан тыс жұмыс формалары арқылы да жүзеге асыр