То?ыл?ан затты? сапасы иірімжіпті? д?рыс та?далуына да байланысты болады.Иірімжіп б?йымны? арналуына, фасонына, с?ніне, т.б. с?йкес келуі керек.Б?гінде то?ыма с?нге айнал?ан ?лемде алуын т?рлі иірімжіптер бар.Соларды? ішінен кейбіреулерін ?арастырамыз.
1.Іліп тоқу неліктен ер адамдардың кәсібі деп саналады?
2.Тоқудың қандай түрлерін білесіңдер?
3.Тоқуға арналған ілмек біздерді қандай материалдардан жасайды?
4.Ілмек бізді қолда қалай ұстау керек екенін айтып беріңдер.
5.Ілмек бізбен тоқу ерекшелігін айтып беріңдер.
ІІ.Жаңа сабақ.
Қолмен тоқылған киімдер баяғыдан сәнде және жоғары бағаланады. Ең қымбат заттар-ол қолмен тоқылған заттар. Әдемілігі, өзіндік ерекшелігі жағынан қолмен тоқу машинамен тоқудан қалыспайды. Мысалы ілмек бізбен көйлек, жаздық бас киім, шұлық тоқуға болады.
Тоқылған заттың сапасы иірімжіптің дұрыс таңдалуына да байланысты болады.Иірімжіп бұйымның арналуына, фасонына, сәніне, т.б. сәйкес келуі керек.Бүгінде тоқыма сәнге айналған әлемде алуын түрлі иірімжіптер бар.Солардың ішінен кейбіреулерін қарастырамыз.
Іліп тоқуға арналған иірімжіп түрлері:
зығыр, мақта иірімжібі, мохер, жүн иірімжібі, ангор, кашемир, альпак, вискоза, фасонды иірімжіп.
Қауіпсіздік ережесі:
1. Жұмыс орны жақсы жарықтандырылған болуы керек.
2. Орындық арқасы сүйеніп, тік отыру қажет.
3. Тоқу кезінде арқасы бар орындықта басты сәл иіп отырады.
4. Ілмек біздің ұшы қауіпсіз, шектелген болуы керек.
5. Тоқып жатқан жайма бүлінбеуі үшін және қолда иірімжіптің қиқымдары қалмас үшін тоқып бастағанда және аяқтағанда қолды жуу керек.
6. Жұмыс соңында барлық құрал-жабдықтар жәшікке жинап салу керек.
7. Ілмек бізді қорабымен алып жүру қажет.
IV. Сарамандық жұмыс жүргізу:
Тақырыбы: «Ілмек бізбен іліп тоқу»
Құрал жабдықтар: жұмыс қорабы, қайшы, ілмекбіз, иірімжіп.
Тапсырма:
Тоқу элементтерін пайдаланып, тоқып үйреніңдер. Бос шалу, бос шалу тізбегі, орам, біріктіргіш бағанша, шалмасыз бағанша, шалмалы бағанша, екі шалмалы бағанша шалуларын пайдаланып схема бойынша бұйымдар тоқу.
I топ. Көйлек тоқу
ІІ топ. Жаздық бас киім тоқу.
ІІІ топ. Шұлық тоқу.
Бекіту сұрақтары.
1.Иірімжіптің қандай түрлерін білесіңдер?
2.Салыстырмалы түрде ең берік иірімжіпті атаңдар.
3.Сапасы және түсі әр түрлі талшықтарды араластыру жолымен алынатын қандай иірімжіпті білесіңдер?
4.Иірімжіп зат белгісіне қарап ұсынылған ілмебіздің номерін қалай білуге болады?
Үйге тапсырма: Тоқыма жұмысын жүргізу. Көрмеге бұйым дайындау.