ҰМЖ: 3 А Дизайн және технология Бөлімі: 17-18 | Мектеп: №172 мектеп | Мұғалім: Сабдирова Айнұр |
Сыныбы | 5 |
Күні | |
Сабақтың тақырыбы | Бұйым дайындау. Бұйымды безендіру |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары( оқу бағдарламасына сілтеме) | 5.2.6.1 Материалдар мен құралдарды қауіпсіздік техникасын сақап, қолданудың маңыздылығын сезіне отырып демонстрациялау 5.2.3.2 Түрлі материалдардан (тоқыма, табиғи және жасанды) қарапайым бұйым жасау |
Сабақтың мақсаты | Барлық оқушылар: Қауіпсіздік іс – шараны сақтай отырып берілген тапсырманы орындай алады; Оқушылардың басым көпшілігі: Қауіпсіздік іс – шараны сақтай отырып өзігінен бұйым жасай алады; Кейбір оқушылар: Қауіпсіздік іс – шараны сақтай отырып сәнді бұйымдар жасау әдістерін ұсына алады |
Бағалау критерийлері | Құрал жабдықтармен жұмыс жасаған кезде қауіпсіздік техникасын сақтау; Бұйымдарды әрлеу материалдарымен сәнді безендірумен айналысады; Шығармашылық жұмыс өте ұқыпты және аяқталған болып табылады |
Тілдік мақсаттар | Сабақтағы лексикамен терминалогия Сәндік-қолданбалы өнер, бұйым, жасау технологиясы, пішін, нобай, құрамы, ырғақ, сызық, динамика, кесте, инешаншым, тігім, тігістер, өру Дизайн –дизайн- design Эскиз-эскиз-sketch Бұйым –изделие-product Модель-модель-model Диалог жасауға пайдалы: • Сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің шығармашылығына негізделіп, мен... • Қазақ ұлттық мәдениетінің ерекшелігі.... тұрады. • Мен ою-өрнек композициясын ..... жасау үшін қолдандым. Берілген бұйымды жасауда шебер келесі... қолданды. |
Құндылықтарды дарыту | -сәндік қолданбалы өнерге баули отырып,ұлттық құндылықтарымызды бойына сіңіру - шығармашылық жұмыс жасай отырып эстетикалық талғамын арттыру -Үй интерьеріне пайдалану жане сәнді етіп жасауға баулу |
Пәнаралық байланыстар | Математика,тарих,ағылшын,орыс тілі |
АКТ қолдану дағдылары | Презентациялар,фотосуреттер және видеобейнелер көрсетіледі. |
Алдыңғы білім | Оқушылар алдыңғы білімде ою өрнек түрлерін біледі. Геометриялық фигураларды біледі. Кестелеуді,әшекейлеуді біледі. |
Сабақтың барысы |
Жоспарланған жұмыс кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс - әрекет | Ресурстар |
Сабақтың басы 5 мин 3 мин | Ұйымдастыру кезеңі Сәлемдесу,түгендеу «Шашу» әдісі Оқушыларға конфет шашылады,шашылған конфетті алып ортаға шеңбер жасап тұрады да, конфетке жазылған жақсы тілекті оң жағындағы тұрған досына айтылады Конфет түрлеріне қарай екі топқа бөлінеді. Топқа бөлу I – топ. Шебер II – топ. Өнер «Ілгіш» ойыны әдісі Оқушыларға бір сұрақ қойылады. Оқушылар жауап береді. Жауап берген оқушы жауабына байланысты сұрақ қояды, келесі оқушы жауап береді. Мұғалім оқушыларға оқу мақсаттарына қарастыруға және бірлесіп сабақ мақсаттарын анықтауды ұсыну мақсатындағы тапсырма Жастықшаны әртүрлі модельдегі безендіруді меңгерту және өз ойындағы шығармашылық жұмысын аяқтау. | Тәттілер Слайд беті |
Сабақтың ортасы 3 мин 2 мин 25 мин | Оқушыларға сабақ тақырыбы жарияланады. Сабақ тақырыбына қатысты кесте толтырады БББ кестесі Білемін | Білгім келеді | Білдім | | | | Оқушылардың білгім келеді бағанына қатысты талаптарына қарай сабақ мақсаты қойылады. «Мен қайдамын?» ойыны Сабақ мақсатына жету үшін қолданылатын құралдарды анықтайды. Екі топқа суреттер беріледі, сол суреттерден безендіруге керек құралдардың суреттерін таңдап алып, түсіндіреді. Қауіпсіздік шаралары туралы айтады. Дескриптор: Бағалау: Оқушылардың берген жауаптары бойынша мадақ сөздермен бағалаймын. Сарамандық жұмыс «Кім жылдам» ойыны Оқушыларға бұйым жасау үшін құрал жабдықтар беріледі, топ болып таңдап, екінші топқа береді. Берілген құрал жабдықтардан топ болып жастықша бұйымын жасап шығарады. Дайын болған бұйымды көрме бұрышына қояды. Дескриптор: Қажетті құралдар таңдайды; Берілген құрал жабдықтар бойынша бұйым дайындайды; Жасаған бұйымдары туралы түсіндіреді. Бағалау Екі топ дескрептор бойынша бір - бірін бағалайды. | Таратпа парақтары Үлестірмелі таратпалар Бұйым жасауға арналған құрал жабдықтар |
Сабақтың соңы 2 мин | Рефлексия: “Аяқталмаған сөйлемдер” *Бүгін мен……………………………………………………….білдім *Мен үшін……………………………………………қызықты болды *Маған…………………………… тапсырма орындау оңай болды Сөйлемдерді аяқтап, сабақты қорытындылайды. Кері байланыс: БББ кестесін толтыру Білемін | Білгім келеді | Білдім | | | | | Таратпа материалдары |
Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? | Бағалау – Сіз оқушылардың материалдыи игерудеңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау
|
Тапсырма, Шашу әдісі, миға шабуыл әдісі, мадақтау, шабыттандыру сөздері әдісі арқылы қызығушылығы артады, Қабілеті жоғары оқушыларға жеке тапсырма беріледі | Оқушылар бірін бірі топ аралық бағалау мақсатында дискрептор әдісін пайдаланамын; Жеке жұмыс барысында оқушылардың тапсырманы аяқтауына қарай шабыттандыру, мадақтау сөздері арқылы бағалаймын | -Қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау Қол жұмыстары мен тігін машинасымен жұмыс жасаған кезде негізгі қауіпсіздік ережелерін есте сақтау өте маңызды. |
Сабақ бойынша рефлексия --Тарихи және мәдени шығу тегі әртүрлі өнер, қолөнер мен дизайн Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. туындыларының ерекшеліктері туралы түсінеді. -Шығармашылық идеяларды дамыту мен іске асыруда өз бетінше таңдаған ақпараттармен жұмыс жасайды Жалпы бағалау Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)? 1. 2. Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (Оқыту мен оқуға қатысты)? 1. 2. Осы сабақтың барысында сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар ау |