Просмотр содержимого документа
««Жаңа технология бойынша киіз басу»»
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Ғылыми – практикалық конференция
Зайсан ауданы Қуаныш ауылы
А.Орманбетов атындағы шағын жинақты негізгі орта мектебі
Тақырыбы: «Жаңа технология бойынша киіз басу»
Технология пәнінің мұғалімі :Хамитова Венера Мадияровна
2016-2017 оқу жыл
Мақсаты: Білімділік:халқымыздың қолөнер қазынасы киіз басудың жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерін үйрету.
Тәрбиелік:оқушыларды шеберлікке,ісмерлікке,икемділікке шығармашылыққа баулу арқылы, ұлттық қолөнерді құрметтей білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық:халық қолөнерін игеру арқылы оқушыларды тарихи мұраны қадірлеуге тәрбиелей отырып,кәсіпті игеруге көмектесу,жеке жұмыс жасау арқылы шығармашылық ой қиялын дамыту.
Міндеті:қолөнер туралы білімін тереңдету.
Жасалған бұйымды жаңа дизайн мен сәндік-қолданбалы өнер талаптарына сай сәндеуге үйрету.
Шығармашылық жобаның тиімділігі:
-ғылыми-рухани дамуы;
-іскерліктің артуы;
-оқушының жеке жұмыспен айналысуы;
-ізденімпаз,шеберліктің артуы;
-шығармашылық қабілеттің дамуы,
-дарындылықтың ерекшеленуі;
-сана мен жүйенің сапалық көрінісі,өз бетімен ізденуі.
Киіз басу өнері көне заманнан бүгінгі күнге дейін жетіп отыр.Киіз басу да киіз үйдің тұрмысқа пайдалануға келуімен тұстас.Тіпті одан бұрынырақ
келгені даусыз.Киіз үй біздің заманымыздан бұрынғы 3000-жылдықта пайда болды деген деректер бар.Ал Шыңжан өңірінде киіздің қай замандардан бастап пайдаланғанын мөлшерлеуге болатын тарихи қазба деректер де табылған. Шыңжан өлкесінің шығысындағы бұрынғы үйсіндердің мекені –Құмыл өңіріндегі қара төбе қабірыстанына зерттеу жүргізілгенде бұдан 3200- 3600 жыл бұрын астына киіз төселіп, тері киімдермен оралып көмілген әйелдің мүрдесі табылған. Міне, осы дерекке негізделгенде халқымыздыңжүнді пайдаланыпкиіз басу,арқан,жіп есу,құр ызу сияқты қолөнерінің тарихының әріден басталғанын көреміз.Ал киіз үйдің біздің заманымыздан бұрынғы ҮІІ-ші ғасырда кеңінен пайдаланылып, белгілі бір еңбек кәсібіне айналған делінеді жазба деректерде.
Киізді халқымыз көшпенді тұрмысының барлық қажетіне жаратты. Мәселен, баспанасына жабынды,басына сая,еденіне төсеніш,үстіне киім,өлісін арулайтын,тірісіне сән-салтанат бағыштайтын аса қажетті тұтыну материалы болды.халқымыз тарихтағы хандарын да киізге көтеріп тағына отырғызған.
Қолөнер халықтың қасиетімен ұрпақтан-ұрпаққа ауысып,тамырын тереңге жайып келе жатқан халық мұрасы.Осынау халық қазынасын қастерлеу-көзі ашық,көкірегі ояу,ар-намысы,ұлтжанды әрбір адамның борышы.
Олай болса ,қазақтың қазыналы хас шеберлерінің үлгілерінің бірі –киіз басудың жаңа технологиялық сәтімен таныстырғалы отырмын.
№
Жұмыстың орындалу реті
Қажетті құралдар
1
Жүнді шабақтау
Жүн,таяқша
Жүн тарту
Ши,жүн
3
Су себу
Ыстық су
4
Тазартқыш ұнтақ салу
Тазартқыш ұнтақ
5
Тізгін жіп салу
Арқан жіп
6
Ши шиыршықтау
ши
7
Ши буу
ши
8
Шиге арқан салу
Ши,арқан
9
тебу
жіп
10
Бақан салу
11
Киіз білектеу
12
кірлеу
13
Киіз пісіру
Жаңа технология бойынша бізге қойдың таза жуылған жүні қажет.
Сонымен қатар жасалатын бұйымға сәйкес ақ жүнді бояуға болады.
Су өткізбейтін жылтырдың бетіне жүнді көлденең және ұзынынан қабаттап саламыз ,оның үстіне басқа түсті жүнен өрнек түрін саламыз да,жылы сумен әзірленген сабынды суды тегістеп себеміз.Оның үстінен сеткалы матаны салып,қолмен сағат тілінің бағытымен айналдыра жүргіземіз.Жүндегі өрнек үйлескен кезде оны ыстық сумен жуамыз да ,кептіріп сәндік жұмысын жүргіземіз.Егер жүн боялған болса онда қышаны (уксус) қолдану қажет.