Пәні: қазақ тілі
Мұғалімі: Чонаева Лаура Қаһарманқызы
Тақырыбы: Ұлтттық киімдер
Сыныбы: 9 «А»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: Ұлттық киімдердің түрлерін, жасалу әдісін, жолын, олардың қадір-қасиеті туралы мәлімет беріп, оқушы санасына сіңіру
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың есте сақтау,көру,ойлау қабілеттерін арттыру,сөздік қорын молайту,тіл байлығын дамыту, сабақты тұжырымдап,қорыта білуге дағдыландыру;
Тәрбиелік мақсаты: Ұлттық киімнің қадір- қасиетін түсінуге, бағалауға тәрбиелеу
Сабақтың типі: интегралды сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,анализ-синтез, тұжырымдау, жобалау
Сабақтың көрнекілігі: слайд, кітаптар, суреттер; буклеттер,көрме ұйымдастыру
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі
- Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
- Проблемалық жағдаят
- Жаңа сабақ
- Бекіту
- Қорытындылау
- Бағалау
- Үйге тапсырма
Мұғалімнің сөзі: Балалар, сонымен біз қолөнер модулінің төртінші тақырыбын өтеміз. Қазір, өткен сабақтағы тақырыбымызды бүгінгі сабақ үстінде ұштастыра байланыстырып отыратын боламыз.
Проблемалық жағдаят: - Біз қонаққа немесес қыдыруға шықсақ қандай киім
киеміз?
- Әдемі, таза киімдерімізді киеміз.
- Ал, жазда тон немесе малақай киеміз бе?
- Жоқ, әр жыл мезгілінде киетін киім түрлері
болады.
- Ал, ұлттық мереке, мейрамдарға қандай киімдер
киеміз?
- Ұлттық киімдер киеміз.
- Ендеше, бүгінгі сабақтың тақырыбы : «Ұлттық киімдер»
Мұғалім сөзі: Киім-денені ауа райынан, сыртқы ортаның зиянды әсерінен қорғайтын, адамның денесіне киюге арналған жасанды жамылғы түрі, тұтыныс бұйымы.
Балалар, жұмысты әрі қарай жалғастыру үшін оқулықтың 72-73- беттерін ашыңыздар. Сонымен суреттен көріп отырғандарыңыздай ұлттық киім неше түрге бөлінеді?
Ықтимал жауап: 5 түрге
Мұғалім: Ендеше, мына сызбаға көңіл аударайық.
ҰЛТТЫҚ КИІМДЕР
Ішкі киім Аяқ киім
Сыртқы Ерлердің Әйелдердің
киімдер бас киімі бас киімі
Интерактивті тақтада ұлттық киімдерге байланысты слайд көрсетіледі. Балалар, тақтаға мұқият қарап, тыңдап отырыңыздар.
Мұғалім: Бүгінгі сабақта 3 топ болып жұмыс істейміз
1-топ- Бас киімдер
2-топ- Киімдер
3-топ- Аяқ киімдер
(Әр топқа мәтін, алгоритм парақшалары таратылады.)
Жұмыс алгоритмі:
1.Мәтінді түсініп оқыңыздар,мәтіндегі негізгі ойды табыңыздар
2. Мәтін бойынша келесі топқа сұрақтар дайындаңыздар
3. «Ұлттық киім» тақырыбында диалог дайындаңыздар
4. «Кім тапқыр?» ойынындағы сөзжұмбақты шешіңіздер
5. Тақтадағы «Өрмекші» ойыны арқылы киімге байланысты мақал-
мәтелдерді еске түсіріңіздер.
6. 75 – беттегі тұрақты сөз тіркестері бойынша салалас құрмалас сөйлем
құраңыздар
7. Технология пәнінің мұғалімі Леонтьева Валентина Борисовнаға сөз
беріледі.
8. «Кім жылдам?» ойынындағы сұрақтарға жауап беріңіздер.
І кезең
Мәтінді оқып, оның негізгісін бөліңіздер.
Ықтимал жауап: Тақия-кішігірім сәтен, шұға,барқыт сияқты материалдан әртүрлі тәсілмен (сыру,кестелеу) тігілген баскиім. Оның қалыңдау жұмсақ материалдан әртүрлі астар тігіп, арасына кейде жұқалап жүн немесе мақта салып жасайтын түрлері де болған. Тақияның үлгілері де көп: зерлі, үкілі,оқалы,сырма,шошақ төбе,тікше,т.б бірнеше түрге бөлінеді.
ІІ кезең
Мәтін бойынша І топ - ІІ топқа, ІІ топ – ІІІ топқа, ІІІ топ – І топқа сұрақ дайындаңыздар
Ықтимал жауап: Тақия қандай бұлдан жасалады? Оның қандай түрлері бар?
ІІІ кезең
Осы тақырыпта диалог құрыңыздар.
ІV кезең
«Кім тапқыр?» ойынындағы сөзжұмбақты шешіңіздер.
V кезең
«Өрмекші» ойынындағы мақал – мәтелдерді еске түсіріңіздер.
1. Хандар киер мұрақты, күші – азық
2. Қалмақ абзалы – мұрақ Ағаш көркі – жапырақ
3. Киіміне қарап қарсы алады, етікті нәл сақтайды
4. Адам көркі – шүберек, Көрпе абзалы – құрақ
5. Ерді құдай сақтайды, Басына қарап шығарып салады
6. Жаяудың аты – шарық, Қараша киер құрақты
Бекіту:
-Сонымен, балалар, бүгінгі сабақты бекітеміз. Балалар, ұлттық киімдерді тағы қалай жіктеуге болады?
Ықтимал жауап:
-Жыл мезгілдеріне байланысты:Қыстық, күздік, жазғы, көктемгі, күнделікті киетін киім, салтанатты киім
Мұғалім: - Салтанатты киімді күнде киюге бол ма?
Ықтимал жауап: -Жоқ, киюге болмайды
Мұғалім: -Дұрыс айтасыңдар балалар, салтанатқа, тойға киетін киімді күнде киіп, жарқырап жүруді қазақ халқы дөрекі деп санаған.
Қазір сөзімді осы мектептегі технология пәнінің мұғалімі Леонтьева Валентина Борисовнаға беремін. Ұлттық киімдердің қазіргі кездегі қолдану аясы туралы сөз қозғайды.
І – топтан бір оқушы шығып, көрмедегі өз қолдарымен тіккен камзол туралы айтып береді.
ІІ – топтан да бір оқушы шығып, Сәуле, Әлібай Бапановтардың жасаған еңбектері туралы буклеттерді көрсетіп әңгімелейді.
ІІІ – топтан да бір оқушы шығып, атақты дизайнер Балнұр Асанова және осы мектептің жас түлегі Яна Агапованың жұмыстарымен таныстырады.
Қорытындылау:
Сабағымызды қорыту үшін «Кім жылдам?» ойынын ойнайық. Әр оқушы өзіне ұнаған ұяшықтағы сандарды таңдайды. Сандарға сәйкес сұрақтар беріледі.
Бағалау:
Үй тапсырмасы: Ұлттық киімдердің, оның ішінде үйлену тойында киіетін киімдер туралы зерттеу жұмысын жазыңыздар