Жағымды орта қалыптастырып, топқа бөлу. «Жаңа әдіс-тәсілдер» еліне саяхат Қатысушылар 3 топқа бөлінеді Ой шақыру «Үміт ағашы» тәсілі арқылы қатысушылар коучингтен күтілетін нәтижені жапырақ-стикерлерге жазу арқылы анықтайды да, «ағашқа» жапсырады. Бейнефильм көру ұсынылады. «Переменная облачность» Бейнефильмнің кейіпкерінен кімді байқай алдыңыздар? Сіздердің ойларыңызша, мұғалім қандай қасиеттерге ие болуы керек? Фильм соңында кейіпкер өзгерді. Мұғалімге өзгеру қажет пе? №1 тапсырма «СОФТ» тәсілі бойынша орындалады. Әлді жақтары | Кемшіліктер | Мүмкіндіктер | Қауіп | Мағынаны тану Презентация – таныстырылым №2 тапсырма. Топпен жұмыс 1-топ: «Сын тұрғысынан ойлау» «Фишбоун» (балық қаңқасы) тәсілі Бұл стратегия оқушыларға жалпы проблемалық тақырыпты бірнеше себептер мен дәлелдемелерге «бөлуге» мүмкіндік береді. Бұл стратегияның көрінісі «балық қаңқасына» ұқсас немесе «қаңқаны» тігінен қойғанда шыршаға ұқсайды. Әсіресе, анықталмаған мәселелерді қарастыруға ұсынылады. Проблемалық сұрақ:Қазақстанның дамыған елдер қатарына қосылуы 2-топ: «Диалогтік оқыту» «Қарлы кесек» тәсілі Топ мүшелерінің бірі әңгіме бастайды. Мысалы, мен бүгін дүкенге барып, өзімнің сүйікті шырынымды сатып алмақшы болдым, бірақ .... Екінші қатысушы бірінші қатысушының айтқанын қайталайды да өзінің ойын айтады. Үшінші қатысушы бірінші және екінші қатысушының сөйлемдерін қайталайды да, өз ойын айтады. Осындай ретпен барлық қатысушылар айтып болғанша жалғастырылады. Уақытқа байланысты екінші айналым қайталанады немесе ойынды топтар арасында да жалғастыруға болады. Проблемалық сұрақ: Алғашқы адамның бір күндік өмірі 3-топ: «Оқытуды бағалау және оқыту үшін бағалау» модулі Тапсырма: Бәйтеректің суретін салыңыз. Суретке өз есіміңізді жазып, көршіңізге бағалауға беріңіз. Бағалау парағындағы критерий бойынша суретті қайта бағалаңыз. Бағалауды салыстырып, өз ойларыңызды тұжырымдаңыздар Проблемалық сұрақ: Бәйтеректің суретін салып, бағалау түрлерін көрсетеді. Тапсырмалар бойынша топ мүшелері постерлерін қорғайды Әр топ тапсырмалар арқылы қай модульдің мазмұнын ашқанын анықтайды. Ол туралы мәлімет беріледі |