1.Плитаны пайдалану алдындаүй-жайды желдетіп алыңдар, желдеткішті қосыңдар. Жанарғылар мен қаңылтыр пеш шүмектерінің жабық екендігіне көз жеткізіңдер содан кейін газ құбырындағы шүмекті ашыңдар.
2. Жанарғы жалынының біркелкі, көкшіл түспен жануын қадағалаңдар. Егер оның түсі сары болып, жанарғыдан алшақ кетсе, жанарғыны ретке келтіріңдер.
3. Қаңылтыр пешті жанарғысын жағудың алдында оны 2-3 минуттай ашып, желдетіңдер.
2.2.Электр плитаны пайдалану кезіндегі еңбек
қауіпсіздігін сақтау ережелері
1.Ас үй электр плитасын қосудың алдында оның тұрқының қорғаныш жерлендіруінің бар екендігі мен ақаусыздығына көз жеткізіңдер және диэлектрик кілемшеге тұрыңдар. Үстел үстілік плитаны жүйеге қосудың алдында қоректендіру бауы мен ащасының ақаусыздығын тексеріңдер, плитаны отқа төзімді тұғырға орнатыңдар.Ашық шиыршықтық электр плитасын пайдаланбаңдар. Қосудың алдында қоректендіру бауының ақаусыздығын тексеріңдер. Плитаны отқа төзімді тұғырға орнатыңдар.
2.Плитаға штепсельдік ашаны қосқанда штепсельдік розетка ұяшығына соңына дейңін енгізіңдер.Ашаны баудан тартып ажыратуға жол бермеңдер.
3.Электр плитада ас әзірлеу үшін тек эмальданған ыдысты ғана пайдаланыңдар.
2.3.Еттартқышты пайдалану кезіндегі еңбек
қауіпсіздігін сақтау ережелері
1.Ет тартықышты дұрыс құрастыру қажет.Тұртқының ішіне бұрандалы белдікті орнатады.
2.Белдікке дөңес жағынан пышақты кіргізеді.
3.Пышақтың бетіне торкөзді оның жиегіндегі кертігі еттарқыштың тұрқындағы тілге тура келетіндей етіп кигізеді.
4.Торкөздің бетіне бұрандалы ойма шеңберін тығыз бұрап орналасады.
5.Тұрқының қарама-қарсы жағынан шығарылған белдікке тұтқаны бұрап кигізеді.
6.Жұмыс аяқталғаннан кейін етті ретімен бөлшектеп,азық-түлік қалдықтарынан тазартады.
7.Жуу құралдары қосылған жылы сумен жуады.
8.Қайнаған сумен шайып,құрғатып сүртеді.
9.Тат басудан сақтау үшін бірақ уақыт бөлшектенген күйде кептіреді.
10.Еттартқышты құрастырып, белгілі орынға алып қояды.
2.4.Кескіш аспаптарды пайдалану кезіндегі еңбек
қауіпсіздігін сақтау ережелері
1.Кескіш аспаптарды пайдалану кезінде барынша абай болу керек. Картопты пышақпен, балықты қырғышпен тазалаңдар, етті еттурағышқа ағаш келсаппен нығыздаңдар.
2.Нанды, гастрономиялық бұйымдарды, көкөністер мен басқа да азық-түліктерді кесудің дұрыс тәсілдерін сақтай отырып, бөлшектеу тақтайшаларында кесіңдер. Сол қолдың саусақтары пышақ жүзінен біршама қашықтықта орналасуы тиіс.
3.Қол үккіштермен жұмыс істеген кезде сақ юолу керек. Өңделетін азық –түліктерді қолдарыңа мықтап ұстаңдар, өте майда бөліктерді өңдемеңдер.
2.5.Қуыру шкафтарын қолдану кезіндегі еңбек
қауіпсіздігін сақтау ережелері
1. Қуыру шкафтарын қолдану алдында 2-3 мин ашып, желдеу керек.
2. Күйіп қалмау үшін пештің корпусына жақындамау керек.
3. Қуыру шкафтарын қосқаннан кейін есігін ашпай, салынған тағамды тек сыртқы шынысынан бақылау керек.
4. Тағамды қуыру шкафтарынан тек оның қыздырғышын сөндіргеннен кейін ғана алу керек.
2.6.Ыстық сұйықтармен (су, май және басқалармен)
жұмыс істегендегі еңбек қауіпсіздігін сақтау ережелері
1.Қайнау кезінде ыдыстың ішіндегі сұйықтықтардың ернеуінен асып төгілмеуін қадағалаңдар. Қатты қайнау кезінде отты азайтыңдар немесе плитаны өшіріңдер.
2. Ыстық ыдыстың қақпақтарын сүлгімен ұстап, өздеріңнен аулақтата ашыңдар.
3.Табаны ағаш тұтқалы таба ұстағышпен қойыңдар және алыңдар.
2.7.Күтілмеген жағдайдағы қауіпсіздік талаптары
1.Ас үй мүліктерінің ақаулықтары кезінде, бөлшектеу пышақтары мұқалып, өтпей қалған кезде жұмысты тоқтатып, бұл туралы мұғалімге хабарлаңдар.
2.Еденге сұйықтық, май төгілген кезде, оны дереу тазалаңдар.
3.Егер де асханалық ыдыс сынып қалса, онда оның сынықтарын еденнен қолмен жинамай, сыпырғыны немесе қылшақ пен күрекшені пайдаланыңдар.
4.Жарақаттану кезінде зардап шегушіге алғашқы көмек көрсету, бұл туралы мектеп әкімшілігіне хабарлаңдар, қажет болған жағдайда зардап шегушіні ең жақын емдеу мекемесіне жөнелтіңдер.
2.8.Жұмыс аяқталғаннан кейінгі қауіпсіздік талаптары
1.Электр плитаны ток көзінен ажыратыңдар.
2. Жұмыс үстелдерін, ыдыстар мен ас үй мүліктерін мұқият жинаңдар.
3.Сыпырындыны, қалдықтар мен қоқымды арнайы орынға шығарыңдар
3.Арнаулы киімді шешіп, сорып шығару желдеткішін ажырату және қолды мұқият сабындап жуу керек.
2.9.Ас бөлмесіндегі сақталуға тиіс
санитарлық-гигиеналық талаптар
Ас үй бөлмесі таза болуы қажет. Ылғал шүберекпен үнемі отыру керек.
Таза ыдысты жабық шкафта немесе жабық сөрелерге қою керек.
Тамақ қалдықтарын қақпағы бар шелекке салып, дер кезінде шығарып отыру қажет.
Тамақ әзірлеу алдында азық-түлікті мұқият жуып, тазалайды және турайды.
Тотыған металдан жасалған және сыры кеткен ыдысты пайдалануға болмайды.
Азық – түлік пен дайын тамақты жабық ыдысқа салып, мерзімінен артық сақтауға болмайды.
Тез бұзылатын азық-түлікті тоңазытқышта сақтайды.
Сақтау мерзімі өтіп кеткен, есірген азық-түлікті тамаққа пайдалануға болмайды. Бұдан адам уланып қалуы мүмкін.
Тігін шеберханасындағы
қауіпсіздік техникасы ережелері
Қол жұмысы кезіндегі қауіпсіздік ережелері
1.Жіптерді қолмен үзбей, қайшымен қию керек.
2.Жұмыс барысында инемен ,түйрегішпен немесе қайшымен саусақты,
қолды немесе көзді жарақаттап алмау үшін сақтану керек.
3. Жұмыс басталғанға дейін не істеу керек?
-инешекте қанша ине бар екендігін санап алу керек;
-құрал-жабдықтарды арнайы орындарына қою керек.
4. Жұмыс барысында не істеу керек?
- мұқият болу;
-саусақты инемен немесе түйрегішпен шаншып алмау үшін оймақ кию керек;
-инені,түйрегішті пайдаланғаннан кейін қайтадан инешекке қадау керек.
-қайшыны ұсынғанда сабымен ұсыну керек.
5. Жұмыс соңында не істеу керек?
-инешектегі инені,түйрегішті санау керек;
-жұмыс үстелін жинастыру керек.
Тұрмыстық тігін машиналарында жұмыс істеу ережелері
Тігін машинасында орындалатын жұмыс сапалы және әдемі болуы үшін мынадай ережелерді сақтау керек.
Бұйым мен тігінші көзінің арасындағы қашықтық 30-40 см болуы керек, ал шынтақ машина қақпағымен бір деңгейде жатуы керек.
Тігін машинасында жұмыс істегенде, орындықта дене мен басты сәл алға қарай иіп, тік отыру керек.
Тігу барысында бөлшектерді машина табанынан сол жаққа, тігілетін қосымшаларды оң жаққа қояды.
Жұмыс орнына жарық сол жақтан немесе алдыңғы жағынан түсуі қажет.
Тігін машиналарымен жұмыс барысында сақталатын қауіпсіздік ережелері
Шашты көрсетпей, орамал тарту немесе кедергі келтірмейтіндей етіп жинап қою.
Тігін машинасына отырмас бұрын, бұйымда түйрегіш немесе иненің бар-жоқтығына көз жеткізу.
Жұмыс барысында машинадан, әсіресе инеден көз тайдырмау, басқа нәрсеге алаңдамау.
Ине, шөлмек немесе машинаның қандай да бір бөлігін ауыстырғанда машинаны токтан ажырату
Барлық керек құрал-жабдықтарды, құрылғыларды арнайы жәшіктерге жинау.
6 .Жұмыс барысында қайшыны немесе жіпті машина платформасына қоюға болмайды.
Машина жұмыс істеп тұрғанда майлауға немесе тазалауға рұқсат етілмейді.
Іс машинасымен жұмыс кезіндегі сақталатын
санитарлық-гигиеналық талаптар
Іс машинасымен жұмыс кезінде қол мен аяқтың деңгейіне мән беру керек.
Айналып тұрған ременьді ұстауға болмайды, себебі, бекіткен жеріндегі инесі қолды жараттауы мүмкін.
Машина сабақтап жатқан уақытта педальдан аяқты алу керек.
Жарық алдыңғы немесе сол жақтан түсуі керек.
Педальға аяқты қойғанда оң аяқ сол аяққа қарағанда кішкене ілгері қою қажет.
Тігіліп жатқан бұйым жұмыс жасаушының көзінен 30-40 см қашықтықта болуы керек.
Бұйымды ылғалдап-жылылап өңдеу (ЫЖӨ)
кезіндегі қауіпсіздік ережесі
ЫЖӨ қауіптілігі:
а) үтік бауының жанып кетуі;
б) үтік табанына, буға қою;
в) электр тогынан зардап алу;
Жұмыс басталғанға дейін не істеу керек?
а) үтік бауының бүтіндігіне, табанының тазалығына көз жеткізу;
б) резеңке кілемшені түгендеу;
Жұмыс барысында не істеу керек?
а) ылғалдап-жылылап өңдеуді резеңке кілемшенің үстінде тұрып орындау;
б) үтікті бауынан немесе айыртығыннан ұстап қосып-ажырату. Қол құрғақ болуы керек.
в) үтікті арнайы төсемге (подставка) қою;
г) үтік бауының қызып тұрған табанына тимеуін қадағалау;
д) матаны ылғалдау үшін арнайы бүріккіш дайындау;
Жұмыс соңында не істеу керек?
а)үтікті токтан ажырату;
б)арнайы орнына қою.
Технология (ұлдар) кабинетіндегі
қауіпсіздік техникасы ережелері
Шеберханада оқушылардың тәртіп ережелері мен техника қауіпсіздігі
Технология сабағында көбіне кесіп-жонатын құралдармен жұмыс істеуге тура келеді, ал оларды дұрыс пайдалана алмағандықтан, түрлі жарақаттар алып, орынсыз ұрынып-соғылуға ұшырауға болады. Кесіп, жону немесе тесу барысында ғана емес, орындалуы қиын жұмыстарды атқарғанда құралдарды дұрыс пайдалана алмаса да жарақаттануға болады.
Мәселен, ағашты күйдіріп, кескен кезде, т.б. жұмыстарды атқарғанда. Сондықтан да қауіпсіздендіру шараларын мұқият орындау керек, сонда ғана кездейсоқ қауіптен сақтана аламыз. Оқушыларды құрал-жабдықтармен пайдалану ережелеріне үйрету – шеберханадағы жұмыстың міндетті шарты.
Техника қауіпсіздігінің ережелерін кез келген жұмысқа қатысты жалпы және бөлек жұмыстарға қатысты жекелеген деп бөлуге болады.
Техника қауіпсіздігінің жалпы ережелері
1.Пайдалану ережелерін білмейтін құралдармен жұмыс істемеу керек. Құралдармен жұмыс істер алдында қолдану нұсқауымен танысып, онымен қалай жұмыс істелінетінін үйрену керек.
2. Құралдар мен жабдықтарды мұғалім көрсеткен ретімен орналастыру керек.
3. Жұмысты тек қана мұғалімнің рұқсатымен бастау керек.
4. Жөнделмеген немесе мұқалған аспаптармен жұмыс істемеу керек.
5. Құралдар мен аспаптарды тек қана арналған іске пайдалану керек.
6. Жұмыс кезінде құралды мұғалім көрсеткеніндей ұстау керек.
7. Жұмыс кезінде сөйлеме. Мұғалім саған көңіл аударғанда, жұмысыңды тоқтату керек.
8. Жұмысты орындаған кезде зейінді бол, басқа жұмысқа көңіл бөлмек керек.
9. Жұмыс орнын таза да тәртіпті ұстау керек.
10. Құралдар мен жаблықтарды арнайы жерде сақтап, бір-біріне үйіп, сапырылыстыра сақтауға болмайды.
Әр түрлі құралдарды пайдалану ережелері
Жұмыс кезінде құралды (аспапты) мұғалім көрсеткендегідей ұстау керек.
Пышақ, қайшы және арамен жұмыс істегенде сол қолды олардың жүзінен алшақ ұстау керек.
Тақтайды, ағашты жонғанда қолыңды пышақ жүзінен жоғары ұстау керек. Өзіңнен әрі қарай жону керек.
Пышақ пен қайшының жүзін жоғары қаратып ұстамау керек.
Жолдасыңа жабық қайшыны шеңберше жағымен, пышақты сап жағымен ұсыну керек.
Беті жылтыр қатты заттарды: кепкен жаңғақ қабыршығын, қарағай бүршігін, жаңғақ қабығын бізбен теспеу керек. Ол үшін арнайы жіңішке бұрғышаны қолдану керек.
Жұмыс алдында балға сабының нық орнауын қадағала.
БФ, ПВА желімдерін қолданғанда, бөлме мейлінше желдетілетін болу керек.
Инені шашпа және кез келген жерге тастамай, матаға немесе киімге шанышпау керек. Ешқашанда инені ауызға салмау керек.
Қауіпті жағдайда немесе апат болса, мұғалімді шақырты қажет, содан кейін алғашқы көмек
көрсетіп, жарақаттанушыны дәрігерге жеткізу керек.
Жұмыс орнын ұйымдастыру
Өз жұмысыңды ақырына дейін ойластыру керек. Жұмыс жоспарын құрып, суреттер мен сызуларды дайындап алу керек.
Жұмыс орнын дайында, қажетті құралдарды алдын ала таңдап алып, жарамдылығын тексеріп, содан кейін дұрыс орналастыру керек. Оң қолмен ұстайтынды оң жаққа, сол қолмен ұстайтын құралдарды сол жаққа қойған жөн.
Жұмысқа керекті материалды өзің таңдап ал немесе алдын ала дайындау керек.
Орындап жатқан жұмыс сапасын бақылап, тексеретін және өлшейтін құралдарды тиімді қолдану керек.
Құралдар мен жабдықтарға ұқыпты болып, жұмсалатын бұйымдарды үнемдей білу керек.
Жұмыс барысында орынның таза да тәртіпті болуын қадағалау керек.
Жұмыс соңында орныңды тазалап, материялдар мен құралдарды тиянақты жиыстыру керек. Электр қуатымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы
Электр қондырғыларын ұқыпсыз пайдалану немесе электр аспаптарын дұрыс қолданбау адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін.Электр қуатын пайдалану кезінде күтпеген жағдайларға жол бермеу мақсатында іс-шаралар жасалуы тиіс.Электр монтаждау жұмыстары сапасының төмендігі,үйдегі электр жабдықтарын дұрыс пайдаланбау электр тогынан зардап шегуге алып келеді.
Электр монтаждау жұмыстарының төменгі сапасы бәрінен бұрын монтаждау қызметкерлерінің олардың ұқыпсыз қарауымен түсіндіріледі. Электр монтажының сипатты ақаулықтары: электр тізбектерін қате құрастыру;фазалық сымды нөлдік сыммен ауыстыру; қолжетімді жерлермен (жермен, еденмен шатырмен)қорғалмаған сымдарды өткізе салу; қондырғының ток жүретін бөліктерін адамға, жерге, қабырғаға дейінгі ережелермен белгіленген қауіпсіз арақашықтығын сақтамау; электр жабдықтары тұрқыларын нөлдеудің болмауы немесе жерлендірілмеуі.
Үй-жайлардың ішінде ғана пайдалануға арналған сымдар мен кабельдерді ашық ауада қолдануға болмайды.
Ылғал үй-жайларда немесе ауада шәйнектерді,үтіктерді,үстел шамдарын,шаңсорғыштарды және басқа да тұрмыстық электр аспаптарын пайдалануға болмайды.
Үй-жайларды жөндеу жұмыстарын жүргізу кезнде электр сымдарын бояу немесе ағарту кезінде оқшаулау бұзылады,салқындату жағдайлары нашарлайды.Сондықтан мұндай жағдайларда аса ұқыптылықпен жұмыс істеу керек.
Шәйнектерді электр желісінен ажыратпай тұрып су құюға және ылғал қолмен ұстауға болмайды.
Штепсельдік қосқыштардың орнына сымдардың жалаштанған ұштарын қолдануға, ашық шиыршықты электр плиткаларын және қолдан істелген электрлік қыздыру аспаптарын пайдалануға, кернеудегі электр шамдарын ауыстыруға болмайды.
Қауіпсіздік техникасы ережелерінің талаптарына сай келмейтін тұрмыстық электр аспаптарын пайдалануға болмайды
Қыспақпен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері
1.Бұйымды бекіткенде,оның бұрандасын бірқалыпты тартып, балғамен ұрмау керек.
2. Берік бекітілген бұйымды және қыспақ тұрығын балғамен қатты ұрмау керек.
3. Қыспақтың бұрандасы мен бұрандалығы барлық уақытта таза болсын, уақытында майланып тұру керек.
4. Жұмыс біткен соң, қыспақты шаң – тозаңнан, жоңқадан тазалап, оның еріндіктерін керңп, 5 – 10мм ашып қою керек.
Электр қуатымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы
Электр қондырғыларын ұқыпсыз пайдалану немесе электр аспаптарын дұрыс қолданбау адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін.Электр қуатын пайдалану кезінде күтпеген жағдайларға жол бермеу мақсатында іс-шаралар жасалуы тиіс.Электр монтаждау жұмыстары сапасының төмендігі,үйдегі электр жабдықтарын дұрыс пайдаланбау электр тогынан зардап шегуге алып келеді.
Электр монтаждау жұмыстарының төменгі сапасы бәрінен бұрын монтаждау қызметкерлерінің олардың ұқыпсыз қарауымен түсіндіріледі. Электр монтажының сипатты ақаулықтары: электр тізбектерін қате құрастыру;фазалық сымды нөлдік сыммен ауыстыру; қолжетімді жерлермен (жермен, еденмен шатырмен)қорғалмаған сымдарды өткізе салу; қондырғының ток жүретін бөліктерін адамға, жерге, қабырғаға дейінгі ережелермен белгіленген қауіпсіз арақашықтығын сақтамау; электр жабдықтары тұрқыларын нөлдеудің болмауы немесе жерлендірілмеуі.
1.Үй-жайлардың ішінде ғана пайдалануға арналған сымдар мен кабельдерді ашық ауада қолдануға болмайды.
2.Ылғал үй-жайларда немесе ауада шәйнектерді,үтіктерді,үстел шамдарын,шаңсорғыштарды және басқа да тұрмыстық электр аспаптарын пайдалануға болмайды.
3.Үй-жайларды жөндеу жұмыстарын жүргізу кезнде электр сымдарын бояу немесе ағарту кезінде оқшаулау бұзылады,салқындату жағдайлары нашарлайды.Сондықтан мұндай жағдайларда аса ұқыптылықпен жұмыс істеу керек.
4.Шәйнектерді электр желісінен ажыратпай тұрып су құюға және ылғал қолмен ұстауға болмайды.
5.Штепсельдік қосқыштардың орнына сымдардың жалаштанған ұштарын қолдануға, ашық шиыршықты электр плиткаларын және қолдан істелген электрлік қыздыру аспаптарын пайдалануға, кернеудегі электр шамдарын ауыстыруға болмайды.
6.Қауіпсіздік техникасы ережелерінің талаптарына сай келмейтін тұрмыстық электр аспаптарын пайдалануға болмайды
Бұрғылау және жону білдегінде жұмыс
істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелері
1.Білдекте жұмыс істеу тек мұғалімнің рұқсатымен ғана жүргізіледі.
2.Білдек қызыл батырманы басу арқылы ажыратылады.
3.Білдек үстеліне құралдар мен бөгде заттар қоюға болмайды.
4.Құрылысын білместен және жұмыс істеу тәсілдері мен қауіпсіздік техникасы жөнінде нұсқаумен таныспай тұрып білдекте жұмыс істеуге болмайды.
5.Жұмыс басталғанға дейін білдекті жақсылап қарап шығып,оның толықтай дұрыс жұмыс істейтіндігіне көз жеткізу керек.
6.Электрленген білдектің тұғыры жерлендірілген болуы керек.
7.Білдектің айналып тұрған бөліктерін қолмен ұстауға және төрткілдегішті тоқтату үшін қолмен тежеуге рұқсат етілмейді. Көзді қорғау үшін қорғаныш көзілдірігін кию керек.
8.5-10 мин жұмыстан кейін білдекті тоқтатып,кескіш аспаптың бекітілуін тексеру керек.Үйкеліске түсетін бөліктерінің қызып кетпеуін қадағалау керек.
9.Білдектің қолбасын (штурвалын) күрт түсірмеңдер, бұдан соққы пайда болып, механизмнің, бұрғының сынуына алып келеді.
10.Білдек жұмыс істеп тұрған кезде тазалауға,майлауға ,реттеу жұмыстарын жасауға болмайды.оларды орындау үшін білдекті тоқтып, ток көзінен ажырату керек.
11.Өңірі ашық киіммен,байланбаған жеңмен жұмыс істеуге болмайды.
12.Жұмыс орнында,білдекке тікелей қатысты кілттер мен құралдар (балға,қысқаш,атауыз,тістеуік) жақын жерде тұруы керек.
13.Білдек толық тоқтағанша тастап кетуге болмайды.
14.Жұмыс аяқталған соң білдекті сүртіп және майлау керек.Жұмыс орнын жинастыру керек.