Білім беруі дамытудың инновациялық орталығы озық педагогикалық тәжірибені тарату мақсатында 2021 жылғы 29 наурыз күні «Шығармашыл тұлғаны тәрбиелеу жолдары» тақырыбында вебинар ұйымдастырды.
Баянауыл ауданының З. Ақышев атындағы ЖББОМ-нің көркем еңбек мұғалімі Меруерт Тұрсынқызы Бәтенова көркем еңбек сабақтарында білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту туралы баяндадым.
Технология пәнін оқытуда –еңбек етудің алғы шарттарын үйрену арқылы оқушыны жеке тұлға ретінде тәрбиелеу мақсаты көзделеді. Осы мақсатты жүзеге асыру барысында, оқушыларға берілетін тәлім-тәрбие үрдісін жетілдіру, жұмыс мәдениетін, адамдар арасындағы адамгершілік қарым –қатынастарды жаңарту, еңбек біліктілігін қалыптастыру арқылы еңбекке өнімділігін арттыруға ынталандыру міндеттерін мұғалімге жүктейді.
Вебинар қатысушылары іс-шараға қызығушылық танытып, тақырыбының маңыздылығын атап өтті.