kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тәуелдік жалғауы

Нажмите, чтобы узнать подробности

1)Зат есімнің септелу жүйесін және септік жалғауларының емлесін меңгерту, сөйлеу кезінде септік жалғауларын дұрыс қолдана білуге үйрету.

2) Оқушылардың сауатты жазу дағдыларын жетілдіру, сөздік қорын байыту, байланыстырып сөйлеу дағдысын одан әрі дамыту.

3) Оқушыларды тапқырлыққа, еңбекшілдікке, ана тілін қадірлеуге тәрбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тәуелдік жалғауы»

Сабақтың тақырыбы : Зат есімнің септелуі

Сабақтың мақсаты : 1)Зат есімнің септелу жүйесін және септік жалғауларының емлесін меңгерту, сөйлеу кезінде септік жалғауларын дұрыс қолдана білуге үйрету.

2) Оқушылардың сауатты жазу дағдыларын жетілдіру , сөздік қорын байыту, байланыстырып сөйлеу дағдысын одан әрі дамыту.

3) Оқушыларды тапқырлыққа , еңбекшілдікке , ана тілін қадірлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Л.А ТөкееваБектұрғанова «Жүйелі оқыту және оқушылардың өзін-өзі басқаруы»

Сабақтың көрнекілігі : Сызбалар, кестелер.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Үлкенге де «сіз»

Кішіге де «сіз»

Сәлем бердік сіздерге

Құрметпенен біз


Қазір бізде қазақ тілі сабағы.

Тақтада : З Т С М Н Ң С П Т Л У А Е І І Е Е І

Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы : «Зат есімнің септелуі» Слайд 1

Бүгін біз мынау жоспар кесте бойынша жұмыс жасаймыз :


Жоспар кесте

1 4

Өзін- өзі бақылап бағалау

Екеуара жұмыс




2


Сауаттылық хаты





3 5

Шығармашылық жұмыс

Зерттеу жұмысы





Слайд 2


Әр оқушы «білім пердесі» атты бағалау парақшасы бойынша өздерін бағалайды.


Оқушының аты-жөні

Екеуара жұмыс

Сауаттылық хаты

Зерттеу жұмысы

Өзін-өзі бақылап, бағалау

Шығармашылық жұмыс

Қорытынды баға











Слайд 3


Оқушылар өздерінің аты жөнінін жазып шығады.

Тақтаға «Жетіген » аспабының суреті ілінеді.

Ертегі :

«Ерте-ерте ертеде, ешкі жүні бөртеде, зат есім жерінде, қазақ тілі еліндеСептік деген шал болыпты. Елде жұт болып, ашаршылық жайлапты. Бұл ашаршылық Септік шалдың үйіне де келіп жетіпті. Атау атты ұлы қайтыс болғанда шал ағашқа аттың қылын керіп, тиегінің орнына қойыпты да, үнсіз егіліпті . Ай өткен соң Ілік деген ұлы өлгенде тағы бір ішек тағып, «ненің зияны, кімнің көзі тиді екен ?» -деп егіледі.

Ай өткен соң Барыс атты ұлы дүниеден өтеді. Сонда шал тағы үшінші ішек тағып «кімге айтып жылайын неге ғана өлді екен ?»деп жоқтау айтады. Табыс атты ұлы өлгенде «нені айтып,кімді ғана қарғайын?»-дейді. Жатыс атты ұлы да аштықтан өлгенде ағашқа бесінші ішек тағылып, «неде, кімде екен себебі ? -деп жылайды.Шығыс ұлы да қайтыс болады, алтыншы ішек тағылып «неден қайтыс болдың, кімнен сені сұраймын ?»деп егіледі. Көмектесі де сол ашаршылықтан қайтыс болғанда «кіммен өмір сүрмекпін, немен енді шұғылданамын?»деп жоқтау айтып егіледі. Содан 7 ішек, 7 тиек тағылып «жетіген »аспабы пайда болыпты. Осы аспап арқылы Шал мұңын халыққа жеткізген деседі.

Слайд 4


І.Екеуара жұмыс

Оқушыларға септік атаулары таратылып беріледі : Атау, ілік, барыс табыс жатыс шығыс , көмектес ,атау , ілік барыс .Әр жұп берілген атау бойынша 5 сөзден жазады.

Мысалы. Тақтада 2 оқушы жазады.

Кітаптың үйдің

Баланың таудың

Мектептің қаланың

Айдың күннің

Гүлдің үстелдің


Әр жұп жазған сөздерін оқйды, біліім парақшасына бағаларын қояды.


2.Сауаттылық хаты

І қатар - «Қыс» ІІ- қатар – «Біздің сынып» тақырыбына мәтін құрастырады. Мәтінде септік жалғаулары болу керек.

Білім парақшасына бағаларын қояды.


3 Зерттеу жүмысы

Әр балаға сөз беру, оқушылар септеп жазады, 2 оқушы тақтада орындайды.

Қарлығаш, оқушы, ауыл, суретші, ағаш, қар, күн, емен, терек, кітап, дәптер, мектеп, бала, жаңбыр, аспан, көше, бота, жылқы.

А.с қарлығаш

І.с қарлығаштың

Б.с қарлығашқа

Т.с қарлығашты

Ж.с қарлығашта

Ш.с қарлығаштан

К.с қарлығашпен


Білім парақшасына бағаларын қояды.



4 .Өзін-өзі бақылап, бағалау ( тест сұрақтарына жауап беру )

1.Әке"сөзі қай септікте тұрғанын тап

А) А.с. С) Б. с.

В) І.с. Д) Ж. с.

2.Ілік септегінде тұрған сөзді белгіле

А) Оқушы С) оқушының

В) Оқушыға Д) оқушыға

3.Барыс септігінің сұрағын белгіле

А) кімге?неге?қайда? С) кімге? кімді? нені?

В) кімдерге?кімді?нені? Д) кіммен? немен?

4.Табыс септігінің жалғауын белгіле

А) -ны,-ні,-қы,-кі,-ғы,-гі В) -ны,-ні,-ды,-ді,-ты,-ті

С) -ны,-ні,-шы,-ші,-ды,-ді Д) –нан,-нен, -дан,-ден, -тан, -тен

5.Жатыс септігінде тұрған сөзді белгіле

А) көктемде С) мектеппен

В) далаға Д) мектептен

6. Шығыс септігінде тұрған сөзді табыңыз

А) Сабаққа В) Сабақты

С) Сабақтан Д) Сабақпен

7.Көмектес септігінің сұрақтарын ата

А) кімде?неде? С) кімнен?неден?

В)кімге ? неге ? Д) кіммен? немен ?


Тест жауаптарын тексеріп, білім парақшасына бағаларын қояды.


5.Шығармашылық жұмыс

Зат есімнің септелуіне оқушылар кластер құрастырады.



Атау септік Ілік септік Барыс септік

Зат есімнің септелуі


Табыс септік Шығыс септік Көмектес септік


Білім парақшасына бағаларын қояды

Сөздерді дұрыс септікке орналастыр.

Атау септік Ілік септік Барыс септік Табыс септік


Жатыс септік Шығыс септік Көмектес септік


Текемет , көмірдің , суға, ұшақты , далада, жаңбырдан, алаша, балғаның , дүкенге, кітапты, қыста, аспаннан, арамен, театрға, шеңберді, оқушымен, отпен, сабақты, қайыңның.


Сабақты қорытындылау:

Септік жалғауын меңгерген баланың дағдысы ұштала түседі, тілі шұбарланбайды. Сөйлеу кезінде септік жалғауын дұрыс қолданады. Сөздік қорымызды молайтып, байланыстырып сөйлеуге дағдылануымыз керек. Ана тілімізді шұбарламай сөйлейік. Ана тіліміз біздің қазақ тіліміз.


Білім пердесіндегі бағаларды қорытындылап шығу.











Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Русский язык

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Тәуелдік жалғауы

Автор: Махат Гүлзира Әбдіжәмилқызы

Дата: 12.01.2017

Номер свидетельства: 378717

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(30) "Т?уелдік жал?ауы "
    ["seo_title"] => string(19) "t-uieldik-zhalg-auy"
    ["file_id"] => string(6) "184544"
    ["category_seo"] => string(12) "russkiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1426066371"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(140) "Грамматикалы? та?ырыбыТ?уелдік  жал?ау  Лексикалы? та?ырыбы: Алматы – ?сем ?ала"
    ["seo_title"] => string(81) "grammatikalyk-tak-yrybyt-uieldik-zhalg-au-lieksikalyk-tak-yryby-almaty-siem-k-ala"
    ["file_id"] => string(6) "316401"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1460089473"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(83) "Ашы? саба?: "Ту?ан жерім. Жіктік жал?ауы" 6-сынып "
    ["seo_title"] => string(52) "ashyk-sabak-tug-an-zhierim-zhiktik-zhalg-auy-6-synyp"
    ["file_id"] => string(6) "155546"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1421299321"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(56) "Ашы? саба? "Т?уелдік жал?аулары" "
    ["seo_title"] => string(34) "ashyk-sabak-t-uieldik-zhalg-aulary"
    ["file_id"] => string(6) "152150"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1420811073"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(126) "Саба?ты? та?ырыбы:  «Н?тиже  саба?. Мені? Отаным». Зат есімні? жал?аулары "
    ["seo_title"] => string(74) "sabak-tyn-tak-yryby-n-tizhie-sabak-mienin-otanym-zat-iesimnin-zhalg-aulary"
    ["file_id"] => string(6) "162439"
    ["category_seo"] => string(12) "russkiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1422358511"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства