kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Т?уелдік жал?ауы

Нажмите, чтобы узнать подробности

-Б?гін не ?йрендім? К?кімбекті? достары дайындап жіберген бейне с?ра?тар?а жауап беру
1. «Білім» тобы. Бибін?р.Ж?мба?ты? шешуін тауып, оны т?уелдеу.
А? ла?ым ары? еді,
Кеше ?ана сымпи?ан.
?жем бір к?н ба?ып еді, 
Семіз болды б?лти?ан. (?ршы?)
2. «А?ыл» тобы. Айдана.
М?нерлеп о?ыл?ан Абайды? «?ыс» ?ле?інен зат есімдерді тауып т?уелдеу
3. «Ойшылдар» тобы. ?лмекен.
Б?ркіт Ыс?а?ов «Отан» м?нерлеп о?ыл?ан ?ле? жолдарыннан т?уелдік жал?ауларын табу
-Балалар сендерді? саба?тары? ма?ан ?те ?нады. Сендер білімді, а?ылды, ойшыл екендіктері?ді к?рсетті?дер. Мен сендермен достасып, ?з саяхатымды ?рі ?арай жал?астырсам деймін. 
Ба?алау пара?ымен ж?мыс. О?ушылар ба?алау бара?ына бір-біріне ба?а ?ояды.
Ба?алау пара?ы
 О?ушыны? аты-ж?ні С?ра?-жауап К?ркем жазу ?зіндік ж?мыс Есте са?тау диктанты Б?гін не ?йрендім?
Жалпы ?пай саны арты? бол?ан «Ойшылдар» тобымен К?кімбек келесі саяхат?а аттанба?шы.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Т?уелдік жал?ауы »

Сабақтың тақырыбы: Тәуелдік жалғауы
Сабақтың мақсаты: 
Тәуелдік жалғауы туралы түсінік беру. Зат есімнің тәуелденуімен таныстыру. Тәуелдеу жағдайларын жаттығулар арқылы пысықтау
Көркем, сауатты жазу дағдыларын дамыту
Оқушыларды достыққа, ауызбіршілікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, анаграммалар мен тірек -сызбалар
Сабақтың әдіс-тәсілі: Түсіндіру, топтастыру, сұрақ-жауап
Сабақтың құрылымы мен мазмұны: 
І.Бағдарлау-мотивациялық кезеңі.
А) Ұйымдастыру. Психологиялық дайындық. Тіл туралы өлең жолдарын жатқа оқу.
Тіл туралы. Әбділда Тәжібаев.
Туған тілім тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы.
Өссе тілім, мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім, мен де бірге өшемін.
...Тілсіз хайуан-бишара,
Бишараға не шара.
Мұқағали Мақатаев «Үш бақытым» өлеңінің екінші шумағы
Ал екінші бақытым-тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей-кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім.
Қадыр Мырза Әли атамыздың «Ана тілі» өлеңі
Ана тілің-арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте. 
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.
-Міне, балалар кемеңгер ақын-жазушыларымыздың тілі-туған тіліміз қазақ тілі сабағы екен. «Тіл-ұлттың мақтанышы» дегендей қуанышты сөздермен өз сабағымызды бастаймыз.
Біздің сабағымызға саяхатшы бала қонаққа келіпті. Оның есімі Кәкімбек. Ол бүгін бізбен бірге болып, өзінің қызықты әңгімелерін айтып, тапсырмаларын береді. Сөйтіп бізбен бірге достасады.
Ә) Үй тапсырмасын сұрау. 
Кәкімбек саяхат барысында көп нәрселерді үйреніпті. Тірек- сызба арқылы өз саяхаты жайлы әңгімелейді.
-Мен Атырау, Алматы, Ақтөбе, Қызылорда, Астана қалаларында болдым.Астана қаласында Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты көрдім.
Есіл, Нұра өздеріне бардым. 
Бұл қалалар маған өте ұнады. Табиғаты тамаша екен. Тау, орман, көлдер мен аң, құстар әр алуан екен. Өнері жақсы дамыған. Әншілер әсем ән айтып, бишілер би биледі. Мен көп достар тауып, олармен қызықты ойындар ойнадым. Бірге кітаптар оқып, әңгімелер айтып, өлеңдер жаттадық. Бір-бірімізге сыйлықтар жасадық.
Оқушылармен сұра-жауап өткіземін.
Мұғалім:
-Енді балалар менің қысқаша ертегіме құлақ түрейікші. Ерте-ерте ертеде бір ақсақал өмір сүріпті. Ол ақсақалдың аты Зат есім екен. Зат есім өз балаларына арнап түрлі жалғаулар алыпты. 
1. Көптік жалғау
2. Тәуелдік жалғау
Ол көптік жалғауды өз балаларына бергенде, олар ешқандай өзгермепті. Тек қана саны көбейіпті. Ал, тәуелдік жалғауын бергенде балалары өзгеріп кетіпті. 
ІІ.Операциялық-орындаушылық кезең. 
Жаңа сабақ. 
-Олай болса, біз бүгін Зат есім ақсақалдың балалары тәуелдік жалғауын қалай қабылдауын, яғни тәуелдік жалғауларымен танысамыз. Тәуелдік жалғауы деген не?
Ережесі және мысалдармен түсіндіру. 
Заттың біреуге немесе бір нәрсеге тәуелді (меншкті) екенін білдіретін жалғауды тәуелдік жалғауы дейміз. Тәуелдік жалғауының үш жағы және жекеше, көпше түрі болады
Жекеше Көпше
І жақ Менің -м,-ым, -ім Біздің -ымыз, -іміз,-мыз,-міз
ІІ жақ Сенің 
Сіздің -ң, -ың, -ің
-ыңыз, -іңіз,-ңіз, -ңыз Сендердің
Сіздердің -тарың,-терің, -дарың, -дерің,-ларың,-лерің, 
-тарыңыз,-теріңіз,- дарыңыз,-деріңіз,-ларыңыз,-леріңіз
ІІІ жақ Оның -ы,-і,-сы, -сі Олардың -ы,-і,-сы,-сі
Көркем жазу
Менің атым-....................
Жасым тоғызда.

Зат есімді тәуелдеу үлгісі:
Менің әжем Біздің әжеміз
Сенің әжең Сендердің әжелерің
Сіздің әжеңіз Сіздердің әжелеріңіз
Оның әжесі Олардың әжесі
Енді сынып оқушыларын 3 топқа бөліп, Кәкімбектің тапсырмаларын орындатамыз.
«Білім» тобы «Ақыл» тобы «Ойшылдар» тобы
316-жаттығу 317-жаттығу 318-жаттығу
Анаграммалармен жұмыс
«Білім» тобы «Ақыл» тобы «Ойшылдар» тобы
Сергіту сәті. «Әуенді тап»
1. «Айналайын мама, туған күніңмен»
2. «Қошақаным» 
Өзіндік жұмыс
Берілген мақал-мәтелдердегі көп нүктенің орнына тиісті тәуелденген зат есімдерді тауып жаз
... көпті жау алмайды
... көпті дау алмйды
Биік төбеге шықсаң, ... ашылады
Жақсымен сөйлессең, ... ашылады
Атаңның ... болма,
Адамның ... бол.
Есте сақтау диктанты
Халық-халқым лақ-лағым
Бөрік-бөркім білек-білегің
Әріп-әрпім кітап-кітабың
ІІІ.Рефлексиялық-бағалау кезеңі.
-Бүгін не үйрендім? Кәкімбектің достары дайындап жіберген бейне сұрақтарға жауап беру
1. «Білім» тобы. Бибінұр.Жұмбақтың шешуін тауып, оны тәуелдеу.
Ақ лағым арық еді,
Кеше ғана сымпиған.
Әжем бір күн бағып еді, 
Семіз болды бұлтиған. (Ұршық)
2. «Ақыл» тобы. Айдана.
Мәнерлеп оқылған Абайдың «Қыс» өлеңінен зат есімдерді тауып тәуелдеу
3. «Ойшылдар» тобы. Ұлмекен.
Бүркіт Ысқақов «Отан» мәнерлеп оқылған өлең жолдарыннан тәуелдік жалғауларын табу
-Балалар сендердің сабақтарың маған өте ұнады. Сендер білімді, ақылды, ойшыл екендіктеріңді көрсеттіңдер. Мен сендермен достасып, өз саяхатымды әрі қарай жалғастырсам деймін. 
Бағалау парағымен жұмыс. Оқушылар бағалау барағына бір-біріне баға қояды.
Бағалау парағы
Оқушының аты-жөні Сұрақ-жауап Көркем жазу Өзіндік жұмыс Есте сақтау диктанты Бүгін не үйрендім?
Жалпы ұпай саны артық болған «Ойшылдар» тобымен Кәкімбек келесі саяхатқа аттанбақшы.
Үй тапсырмасын беру. 320-жаттығу. Сөздерді тәуелдеу.Ереже жаттау. 
-Бүгінгі сабағымызды өлеңмен бастап едік, енді өлеңмен аяқтаймыз. Тек қана мен қолымды көтергенде бәрің бірге «Қазақ тілі» деп айтыңдар.
Қазақ тілі-өз жұлдызың көктегі,
Қазақ тілі-көгіңдегі шамшырақ.
Қазақ тілі-өміріңде, өлеңде,
Қазақ тілі-тамыр жайған тереңге.
Қазақ тілі-болашаққа жетелеп,
Ұрпақтарды танытады әлемге.
-Балалар, қазақ тілін жақсы меңгеріп әлемге танытатын сендер болатындарыңа мен сенемін. Өмірде тек қана қуаныш соңдарыңнан еріп жүрсін. 
Рахмет, балалар, сау болыңдар. «Ойшылдар» тобының саяхатты сәтті болсын!




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Русский язык

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Т?уелдік жал?ауы

Автор: Сейтимова Сания Адыевна

Дата: 11.03.2015

Номер свидетельства: 184544


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства