Қазір дамыта оқыту идеясының оқыту үрдісіне енуіне, жаңашылдықтың артуына байланысты рефлексияның педагогикадағы алатын орнының мәні арта түсіп, адамды, білімді дамытудың шарттарының бірі болып отыр. Соңдықтан бұл қазіргі кездегі білім саласындағы көкейтесті мәселелер қатарына жатады. Рефлексияның мәні – адамның өзінің білімін, білімінің негізін, оларды меңгерудің жолдарын анықтау. Рефлексия сөзі латын тілінен кірген reflexio - кейінге айналым мағынасын білдіреді. Бұл терминді Джон Локи 17 ғасырда берген. «Рефлексия – адамның өз істерінің мәнін түсіну, олар туралы ойлану барысында өзіне өзінің нені, қалай жасағаны туралы толық және анық есеп беруі немесе өзі әрекет барысында басшылыққа алған ережелер мен кестелерді мойындауы не жоққа шығаруы». өзін - өзі дамытумен қатар индивидтің жан мен тән үйлесіміне сәйкес өз ойын жинақтау қабілетін бейнелейтін рефлексия ұғымы пайда болды. Бұдан басқа да рефлексия жайында айтылған философиялық ойлар негізінен «адамның өзіне бағытталған зерттеу жұмысы», «өзіңнің ақылын мен рухыңды өзіңнің бақылауың» дегенге келіп саяды. Н. В. Кузьмина адам өзін - өзі іске қосу барысында дамуға мүмкіндік алады дей келе, ол үшін әр түрлі дереккөздерден алынған білімді жинақтау, оларды тәжірибеде қолдану үшін жүйеге келтіру, «кері байланысты» жүзеге асыру сияқты әрекеттер жасайтынына тоқталады. Мен өзімнің зеттеу жүргізіп жатқан 6 в сыныбымдағы бір сабаққа рефлексивті есеп жаздым. Сабақ бойынша рефлексивті есеп. Сабақтың тақырыбы: «Нәтиже сабақ. Менің Отаным-Қазақстан». Зат есімнің жалғаулары. Тақырыпты меңгерту үшін, оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып алдыма мынадай мақсат қойдым: Тәуелдік жалғауы мен септік жалғаулары туралы түсініктерін қайталап, сөздерді тәуелдеуге, септеуге тоқталу. Жалғауларды пысықтау мақсатында тапсырмалар орындау, бекіту. Отан және оның табиғаты, кен байлықтары туралы алған білімдерін бекіту. Оқушылардың ой-қиялын, ауызекі сөйлеу мәдениетін дамыта отырып, сауаттылыққа үйрету. Мақсатыма жету үшін келесі міндеттерді басшылыққа алдым : 1.Сабақтың мазмұнына байланысты міндеттер: Қазақстан және оның табиғаты, кен байлықтары туралы алған білімдерін бекітеді. Ауызекі сөйлеу мәдениетін қалыптасады. Зат есімнің жалғауларын практикада қолданады, талдайды. 2. Сын тұрғысынан ойлауға байланысты міндеттер: Қазақстан және кіші отаны Қордай жайлы өз пайымдарын айта біледі, дәлелдейді. 3. Іс-әрекеттік жұмысқа байланысты міндет: Топта, сыныпта ынтымақтастықпен жұмыс істейді, бір-бірін құрметтейді. Мақсат пен міндетті жүзеге асыруды көздеп, сабағымды ең алдымен оқушылардың назарын сабаққа аудару, пәнге деген қызығушылығын арттыруды ойластыра отырып, ынтымақтастық атмосферада жұмыс жүргізуді жөн көрдім. Сыныпта жағымды психологиялық ахуалды «Жылы сезімдер» әдісі арқылы қалыптастырдым, бұл сәтте сыныптағы оқушылардың достық сезімдерінің берік екеніне куә болдым. Бірақ сыныпқа кіріп келген қонақтардан кейбір оқушылардың қысылатындығын байқадым, осы келеңсіздік бүкіл сабақ барысында байқалды. Бұдан оқушыларың бөтен адамдар сабаққа кіргенде өздерін жайсыз сезінетінін түсіндім. Бұндай мәселені алдағы сабақтарда өз әріптестерімді сабаққа шақыру арқылы шешуге болады деп ойлаймын. Оқушыларды себеттегі алмаларды таңдап алу арқылы екі топқа бөлдім. Топқа бөлу кезінде оқушыларға түстерге байланысы сұрақтар қойып жайлы жағдай орнаттым. Оқушылар алтын ережені ескеріп, уақытты ұзаққа созбай тез арада өз орындарын таба білді. Тақырыпты бастамас бұрын интерактивті тақтадағы бағалау критерийлерімен оқушыларды таныстырып өттім. Содан топ басшылары сайланып, бағалау парақшалары таратылды. Балалардың өз бетінше оқуын, сөйлеу қабілетін бақылау мақсатында (Шанк пен Циммерман (1994) 45 бет) үйренуге берілген тапсырмаларды пысықтау үшін миға шабуыл жасау арқылы жалғастырдым. Сұрақтарды «Ғажайып жұлдызшалар» ойыны арқылы қойдым. Миға шабуыл- олардың сабаққа деген дайындығын байқауға өте қолайлы сәт екендігіне күмәнім болмады . Миға шабуыл барысында Маржан, Никита, Марина, Әлия сұрақтарға жауап бере отырып оқулықтағы ережелерді еске алып, дәлелдемелер мен талдау жасап, жеке ойларын нақты жеткізе білді. Мақал-мәтелдің мағынасын ашып, отан туралы өлеңдерін жатқа айтты. Оқушылардың өз бетінше дайындықтарының жақсы екендігін сұрақтардың жауапсыз қалмағанынан байқадым. Деседе Сауле қиналып немесе мүлдем жауап бермеді, себебі алдыңғы сабақтарда денсаулығына байланысты болмаған еді. Харгрвис пен Гэлтон (2002) мұғалім сұрақ қойғанан кейін оны қайталап немесе сол сұрақты өзге оқушыға басқаша қоймас бұрын шамамен 2 секунд кідіретіндігін анықтады Уақыт кідірісі оқушыларды тыңдауға және олардың жауап берулерінің мұқият болуына себепші болады. Және олардың жауаптары мен түсініктемелеріне қарай әрекет етуге мүмкіндік туады. Рэгг және Браун (2001). Сондықтан «Күту уақыты » деген әдісті қолданысқа енгіздім. Сұрақтар арқылы сабақтың тақырыбын оқушылармен бірлесіп ашып, ал енді осы тақырып бойынша өздеріңе қандай мақсат қоясыңдар деген сұрақ тудырып, сабақтың мақсатын да бірлесе отырып айқындадық. Міне осылай оқушыларды тақырып төңірегіне жұмылдыра білуім сәтті болды. Келесі тапсырма оқулықпен жұмыс. Оқушылар зат есімнің жалғауларына талдау жұмыстарын жүргізді, яғни сөздерді тәуелдеді, жіктеді және септеді. Осы кезіңде мен бірінші топ көбіне топ басшысына сенетінін байқадым. Ол топтағы жұмысты тек өзі басқарып отырды. Барнс (1971) сыныпта тіл қаншалықты қолданылса , оқушылардың оқуына соншалықты әсер ететінін айтады . Барнс оқытудың мұғалімді селқос тыңдағанда ғана емес, вербальды құралдарды қолдану нәтижесінде, яғни сөйлесу, талдау, және дәлелдеу барысында жүзеге асатынын көрсетті. Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтың маңызды рөл атқаратынын көрсеті. Мерсер мен Литлтон (2007) өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсетеді. Бұл келесі тапсырмада жүзеге асты. Екі топқа төмендегідей тапсырма берілді: 1-топ: Қазақстан – ұлы Отаным 2-топ: Қордай – кіші Отаным Әр топ берілген тапсырмалар бойынша топтастыру картасын бірігіп сурет салу, талқылау арқылы жасауы тиіс. Бұл тапсырмаға 10-12 минут уақыт берілді. 2 ші топ рөлдерді өзара бөлісіп тапсырманы орындауда шапшаңдық көрсетті. Берілген тапсырмаларды орындау кезінде ешбір оқушының бос отырғанын көрмедім. Біреуі кітап оқып, біреуі сурет салып, стикерлерге жазу жазып, өз идеяларын ұсынып, оларды бірігіп талқылап жатқандарын қөрдім. Бұл топтың жұмысын ерекшелігі: суреттермен безендірілу тақырыпқа сай болып шыққандығында. Үлгерімі жақсы оқушы Маржан топтың сыншысы ретінде шешім қабылдап отырғанын байқадым. Арлан деген оқушым осы сәтте оқушылардың айтқандарын тыңдай біліп, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінді жерін айтқандай, мақсатты нақтылап берді. Үлгерімі орташа оқушым Настя осы сабақта топты алға сүйреуі, тақтаға шығып постер қорғауы мені шынына келгенде қуанышқа бөледі, өйткені ол сабақта көбінесе ешбір әрекеттер көрсетпейтін еді. Топтық жұмыстарды қорғауда оқушылардың берілген тапсырманы ұғына білуімен ортақ шешім қабылдауы сәтті болды. Оқушылар тапсырма бойынша бірігіп жұмыс жасады. Бұл жерде мен аялдама әдісін қолдандым. Бұл сәтті шықты. Осы кезеңде топ бір-бірін бағалады. Келесі кезең әр оқушымен жеке жұмыс тест алынды. Бірінші топ екінші топты бағалап, жинаған балдары бағалау парақшасына жазылды. Сабақты қорыту және бағалау үшін кері байланыс парақтарын таратып бердім. Оқушылар келесі сұрақтар бойынша кері байланыс парақтарын толтырды. Нені білдім..... Не ұнады.... Мүмкіндігінше кері байланыс парақтарын сабақ барысында талдап өттік. Никита бүгін сабақта жақсы жауап бердім, Марина Қордай туралы көп білгенін айтса, Сәуле қиналғанан, бірақ сабақтың ұнағанын, оқушылардың бәрі сабақта сөйлегені, түсінгені ұнады деп Балжан жазды. Кері байланыс арқылы оқыту үшін бағалау процесін осылай іске асырдым. Сыныптағы бағалау тек қана техникалық тәсіл емес. Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою жолымен бағалайды. Олар қолданылатын кез-келген нысанның артында объективті немесе жеткілікті дәрежеде объективті емес нормалар мен стандарттар ғана емес, сондай –ақ баланың дамуы, оқуы және ынтасы туралы түсінік, сонымен қатар өзін-өзі бағалау, қабілеттілік және күш- жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады (Александер, 2001, 56 бет). Сондықтанда мен бағалауды мақтау, мадақтау сөздерін айтып, келесі критерийлер бойынша жүргіздім. Қорытынды: Сабақта не сәтсіз болды ? Оқушыларға сұрақ қойғанда ойлануға уақыттың берілуіне қарамастан кейбір оқушылардың ойларын жеткізуде қиналуы. Сөздік қорының әлі де аздығы. Уақыттың тапшылығы. Сабақта нені өзгерттім? Сыныптағы ынтымақтастық атмосферасын орнаттым. Топтық, жұптық, жеке жұмыс жасауға дағдыландырым, әр оқушыға көңіл бөле алдым, оқушылардың сабақ барысында сөйлеуі 70% артты, мұғалім- оқушы қарым- қатынасын нығайттым. Сабақтың барысы қалай орындалды? Сабақ барысы орынды, әр кезең өз ретімен орындалды. Оқушылар сабаққа белсенді атсалысты, топта ортақ проблемаға жұмыла отырып, тыңдап, шешім қабылдап, ой қорыта білулері мен үшін үлкен жетістік. |