Сабақ жоспары
Пән аты: Қазақ тілі.
Сыныбы: 8
Күні, айы, жылы:
Тоқсан: І
Мұғалім:
Сабақтың тақырыбы: Баяндауыш, оның жасалу жолдары
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Оқушыларға баяндауыш және оның жасалу жолдары туралы түсінік беру.
2.Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу. Табиғатты, Отанды сүюге тәрбиелеу.
3.Дамытушылық:Оқушылардың логикалық ой лау қабілеттерін арттыра отырып, сабақта қолданылған қосымша материалдар арқылы дүниетанымдарын кеңейту.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, талдау, сто, топтық жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: кесте тақырыпқа байланысты үлестірмелі қағаздар, плакаттар, сурет т.б.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
2.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
3.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1. Бастауыш туралы түсінік.
2. Сын есімді, сан есімді, тұйық етістікті, одағайды бастауыш етіп сөйлем құраңдар.
ІІІ Білім тексеру:
1. Сөйлем мүшелері құрамына қарай нешеге бөлінеді?
2. Төмендегі сөз тіркестерінен сөйлем құрап, сөйлем
мүшелерінің құрамына қарай талда.
Аршыған жұмыртқа, жас балапан, қанаты жетілмеген, жып – жылы ұя.
ІV Жаңа сабаққа дайындық
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Баяндауыш сөйлемдегі тұрлаулы мүшенің бірі.
Баяндауыш сөйлемдегі бастауыштың іс – әрекетін, қимылын, жай – күйін, оқиғаның қай шақта болғанын білдіреді.
Баяндауын сөйлемді аяқтап, ойды тиянақтайды. Кейде сөйлемде бастауыш айтылмаса да, баяндауыш бар жерде бастауыш жоғалмайды.
Құрылысына қарай | Сұрақтары : Неістеген? Не қылған? Қайтті? Не болмақ?Немене? Қалай? Кімдікі? Ненікі? |
Дара | Заман өзгерген, білім күшейген. Қазына – халықтікі. |
Күрделі | Абай күрсініп қояды. Олжабек шалқасынан түсе жаздады. |
Үйірлі | Қиыны бұл дүниенің – қолы тарлық Есті адамдарда бар қасиет – уайым жеу. |
Бастауышпен бір тұлғада болады.
Сөйлемді тиянақтап тұрады.
Бастауышсыз да сөйлемге ұйытқы болады.
VІ Жаңа тақырып бойынша түсінік тексеру:
Сөйлем мүшесінің белгілерін атап, төмендегі сөйлемдерді сөйлем мүшелерінің атқаратын қызметіне қарай талдау жаса.
1.Өйткені дәл осы мезгілде сол жақтан жылқышылар көрініп, жаңағы жығылып жатқандарға қрай тұра шапты.
2.Жолға шығарының алдында Асқар Ақтұмадағы Дәнеш апайдікінде болып, Сапар ақсақалға кездесті.
VІІ .Жаңа сабақты бекіту:
Топтық жұмыс
Оқулықпен жұмыс. І топ
38 – жаттығу
Төмендегі сөздерді баяндауын етіп, сөйлемдерді аяқтаңдар.
ІІ топ
39- жаттығу
1.Мәтінді көшіріп жазыңдар
2.Қарамен жазылған сөздерді мағынасына және құрамына
қарай талдаңдар.
1топ
Баяндаушы сан есім, сын есім,есімдік болатын сөйлем құрап сөйлем мүшелеріне талдау жасаңдар
11 топ
Баяндауышы зат есім, үстеу болатындай етіп сөйлем құраңдар.
Эссе жазу
1топ
Қазақ хандығына 550жыл
11топ
Жамбыл Жабаевтың 170 жылдығына байланысты «Жыр алыбы - Жамбыл»
VІІІ . Сабақты қорыту:
1.Бағалау
2.Үй тапсырмасын беру.
1. Баяндауыш туралы түсінік.
2. «Астана – бас қала» тақырыбында мәтін құрау