Просмотр содержимого документа
«Сан есім. Дара және күрделі сан есім.»
№42 Фурқат атындағы жалпы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Халикулова Лола
Закириллаевна
Мен......ұқсаймын
Топтастыру
І топ
ІІ топ
Зат есім
Сын есім
Сабақ бөлімдері
1.Саяси бөлім.
2.Білім сайысы.
3.Ойлан, тап.
4.Поэзия минуты.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
Топқа бөлу
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау
«Өнер сайысы»
Топқа бөлу
Конверт -сұрақ
1.Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Республикамыздың Президенті етіп қашан сайланды? 2.Қазақстан Республикасы Жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз демократиялық және құқылық мемлекет» деп қашан жариялады? 3.Жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба,Ту,Әнұран қашан бекітілді. 4.Елтаңба авторлары кім? 5.Мемлекеттік Ту қашан күшіне енді?
6.Жалаудың көлемі қандай?
7.Жалаудың жобасын жасаған –суретші кім? 8.Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы –Теңге айналымға қашан енді?
9.ҚР Ата заңы қашан қабылданды? 10. Жаңа астананың ресми тұсау кесері қашан болды?
Кіріспе:
Ертеде морфология патшалығында Зат есім, Сын есім, Сан есім, Есімдік, Етістік, Үстеу, Шылау,Еліктеу, Одағай деген тоғыз ағайындылар өмір сүріпті.Күндердің күнінде әкесі балаларын шақырып, олардан өздері туралы айтып берулерін сұрапты. Өткен жолы Зат есім мен Сын есім өздері туралы айтқан болатын. Бүгін сенің кезегің, -депті Сан есімге. Бірақ Сан есім өзі туралы ешқандай да мәлімет бере алмапты. Сонда әкесі:
«Халықтан, елден, тіптен 6- сынып оқушыларынан сұрасаң сен туралы айтып береді», - депті. Ендеше ,біздер көмектесіп жіберейік, балалар!
Ойашар
Алғырлар
Білгірлер
Екі атым бар тынбайтын,
Өзімді ғана тыңдайтын.
Отыз екі мықты,
Қаз -қатар боп шықты.
Он алтысы астында,
Он алтысы үстінде.
ІІІ. Жаңа сабақ:
І топ ІІ топ
Сан есім туралы Дара және күрделі сан есім
Оқулықпен жұмыс
Тақтамен жұмыс
Талдау жасау
ФонетикаМорфологияСинтаксис
Алты Алтыларда Мен үйге алтыларда келдім.
Сан есім
Тұлғасына қарай:
Құрамына қарай:
Негізгі Туынды
Дара Күрделі
Мағынасына қарай:
1.Есептік сан есім
2.Реттік сан есім
3. Жинақтық сан есім
4.Бөлшектік сан есім
5.Топтау сан есім
6.Болжалдық сан есім
Сұрақтары:Қанша? Неше? Нешінші? Нешеу?
Құрамына қарай
Дара сан есім
Дара сан есімдерге негізгі туынды сан есімдер жатады.
Мысалы:он, жиырма,миллион, ушеу, бірінші
Күрделі сан есім
Күрделі сан есімдерге екі не одан да көп сөздің тіркесінен және қосарланған сөздермен жасалған сан есімдер жатады.
Мысалы:он бес, бір жүз отыз.тоғыз жүз елу төрт
Сөздердің қайталануы және қосарлануы арқылы жасалған күрделі сан есімдер дефис (-) арқылы жазылады. Мысалы:бір-бірден,елу-отыз,алпыс-жетпістей, бес-алты
«Ойлан, тап»
1.Білекті ........жығар,
Білімді ..........жығар.
2.......... тістен шыққан сөз,
............рулы елге тарайды.
3..................-қыдыр.
4. ................атасын білген ер,
..........жұрттың қамын жер.
5...............кесірі мыңға тиеді.
6...........рет өлшеп, ...... рет кес.
7.Ел құлағы – ..........
8.Жаздың .......... күні,
Қыстың .......... күнін асырар.
9.Батыр .........рет өлер,
Қорқақ ............рет өлер.
10.......қошқардың басы бір қазанға сыймайды.
11..........теңгең болғанша,
.................. досың болсын.
Тексеру
«Ойлан, тап»
1. Білектібірдіжығар,
Білімдімыңдыжығар.
2.Отыз екітістен шыққан сөз,
Отызрулы елге тарайды.
3.Қырықтың бірі-қыдыр.
4.Жетіатасын білген ер,
Жетіжұрттың қамын жер.
5.Бірдіңкесірімыңғатиеді
6.Жетірет өлшеп,біррет кес.
7. Ел құлағы –елу.
8. Жаздыңбіркүні,
Қыстыңотызкүнін асырар.
9. Батырбіррет өлер,
Қорқақ мың рет өлер.
10.Екіқошқардың басыбірқазанға сыймайды.
11.Жүзтеңгең болғанша,
Жүздосың болсын.
Сергіту сәті
Қайсысы қай сөзге лайық?
Бір шымшым өлең
Бір жайым айран
Бір уыс ет
Бір шөкім тұз
Бір асым бұлт
Бір жұтым қамыр
Бір ұрттам бидай
Бір ауыз су
Тексеру
Бір шымшым тұз
Бір жайым қамыр
Бір шөкім бұлт
Бір уыс бидай
Бір асым ет
Бір жұтым су
Бір ұрттам айран
Бір ауыз өлең
Ойтолғаныс
«Поэзия минуты»
І топ: Бес асыл іс
ІІ топ:Бес дұшпан
Тестпен жұмыс
IV. Пысықтау
1.Дара сан есімі бар сөйлемді табыңыз . А) Есіл өзенінің ұзындығы екі мың төрт жүз елу шақырым. В) Балқашта балықтың он екі түрі бар. С) Барсакелмес қорығы 1939 жылы ашылған. D) Бурабайдың жағасында он бес демалатын орын бар. Е) Біздің қаламызда төрт ескерткіш бар.
2.Күрделі сан есімді тіркесті табыңыз. А) Үш қала. В) Тоғыз қозы. С) Үш жүз қорық. D) Бес көлік. Е) Үш шақ.
4.Көп нүктенің орына керекті сан есімді жазыңыз. ... қырлы ..... сырлы. А) Екі, бес. B) Төрт, үш. C) Тоғыз, алты. D) Сегіз, бір. E) Он, жеті.
5. «Сан есім» орыс тіліндегі баламасын тап А) имя существительное В) имя прилагательное С) имя числительное Д) наречие Е) глагол 6 . Сөйлемде сан есімнің қандай қызмет атқарады . Бірінші байлық – денсаулық. А) баяндауыш В) пысықтауыш Д) бастауыш С) анықтауыш Е) толықтауыш
7. Күрделі сан есімді табыңыз А) мыңдап В) екеу Д) елулерде С) екі бүтін оннан үш Е) бірінші
8. Сан есім мағынасына қарай нешеге бөлінеді? А) 4 В) 2 Д) 6 С) 3 Е) 5 1. Көп нүктенің орнына керекті сан есімді жазыңыз. ...... қырлы, ............сырлы А) Төрт, үш В) Сегіз, бір Д) Тоғыз, алты С) Екі, бес Е) алты, жеті
2. Сан есімді сөз тіркесін табыңыз А) күміс қасық В) алтын сағат Д) екі жолдас С) ағаш күрек Е) жібек жолы
3 .Жұрнақ дұрыс жалғанған жинақтық сан есімді табыңыз. A) Оннау. B) Бесеу. C) Тоғызау. D) Сегізау. E) Он бесеу.
4.Сан есімі бар мақал-мәтелді табыңыз. А) Әке - балаға сыншы. В) Жігітке жеті өнер де аз. С) Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер. D) Отансыз адам- ормансыз бұлбұл. Е) Кісі елінде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол.
5.Қырық екі аты бар, танысаңдар - айтыңдар. А) Карта. В) Әліпби. С) Дыбыс. D) Мектеп. Е) Кітап.
6.Бір тәулікте неше сағат бар екенін анықтаңыз. А) Он екі. В) Төрт. С) Отыз бір. D) Жиырма екі. Е) Жиырма төрт. 7.Дара сан есімді көрсетіңіз. A) Алтау. B) Он төрт. C) Екі жүз елу. D) Алпыс бесінші. E) Екі мыңыншы.
8.Негізгі сан есімді көрсетіңіз. A) Алтау. B) Оныншы. C) Жеті. D) Алпыс бесінші. E) Екі мыңыншы.