kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ҚАТЫНАСЫ

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жасөспірімдерге арналғын тренинг жасөспірімдерге арналган. Тренинг барысында оқушылардың  қоршаған ортаға қатынасы айқындалады. 7 класс оқушылары арасында өткізілді

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ҚАТЫНАСЫ»

ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ҚАТЫНАСЫ

          

   №1.Сабақ. Мен және басқалары

Мақсаты: қатысушылардың өз қабілеттерін ашуға, өзіндік талдау жасауларын дамыту

«Өзім жайлы» интервьюі (15-20мин)

Мақсаты: өзіндік ашылу мен өзіндік рефлексия жасауларына жағдай жасау
Нұсқау: көз алдыларыңа өздеріңді бір халыққа танымал, атақты адам ретінде елестетңдер. Сендерден интерью алу үшін танымал журналдың тілшісі келді. Тақтада аяқталмаған сөйлемдер берілген. Сол сөйлемдерді аяқтау керек. Әр кімде өз таңдауы бар, егер кейбір сөйлемдеріне жауап бергісі келмесе, тастап кетулеріңе болады. Бірақ, топ алдын ашық болғандарыңыз жөн. Орындарыңда немесе тақтаға шығып жауап берулеріңе болады (кімге қалай ыңғайлы).
    Сонымен, бастайық:

Мен барлығынан жақсы көремін…

Мен қалар едім…

Мен болғым келер еді…

Мен өзімді бақытты сезінемін, егер…

Менің болашағым маған…

Мен сенемін, әйтеуір бір күні…

Мен одан да ... болғым келер еді

Маған көңілсіз, егер…

Менің танысқым келеді...

Мен көбірек білгім келеді…

Талқылау:

Сұрақтарға жауап беруде қандай сезімде болдыңдар?

Қандай сұрақ қиындық туғызды?


«Мен кіммін?» жаттығуы ( 10 мин.).

            Мақсаты: қатысушылардың өзіндік талдауға және өмірлік қиын ситуацияларға қандай мінез-құлық стратегиясын сай екендерін көрсету.
Нұсқау: адамдардың екі түрі бар:

«ағаштар», бұндай адамдар тек өмірдің ағымымен ғана жүзіп, қиындыққа қарсы шыға алмайтындар;

«балықтар», бұлар ағыммен де ағымға қарсы жүзетін, өзінің жолында кезедсетін қиындықтарға төтеп бере алатын адамдар.

Ал енді өздеріңе осы сұрақты қойып көріңдер: «Мен кіммін: ағашпын ба, әлде балықпын ба?».

Қатысушылар өз ойларымен бөліседі.



«Шеңбеді бұзу» ойыны (7 – 10 мин.)

Мақсаты: эмоционалды қысымнан арылып, топтық бірлікті нығайту
Топ мүшелері қолдарынан ұстап шеңбер құрады. Жүргізуші алдын ала, өткен сабақтағы нәтижеге қарап, кімнің топпен жұмыс жасай алмай жүргенін анықтап алып, сол қатысушыны осы ойынды бастауды ұсынады. Яғни, ол шеңберді бұзып ішіне кіруі керек. Сол сияқты әр қатысушы осылай жаттығуды жалғастыра алады.

«Сенімді, сенімсіз және агрессивті жауаптар» жаттығуы (40 мин.)

Мақсаты: рөлдік ауысуға бейімділік пен әр жағдайға қақтығыссыз адекватты әсер етуге үйрету.

Топтың әр қатысушысына берілген жағдаяттарға сенімді, сенімсіз және агрессивті жауап беруін көрсетуге тапсырма беріледі. Мынадай жағдаяттарды ұсынуға болады:

Досың сенімен сөйлесіп тұрса, сенің кеткің келіп тұр.

Сенің досың сені ескертпей, сен танымайтын бір адаммен кездесуді ұйымдастырып қойды.

Кинотеатрда кино көріп отырсаң, арттағы адамдар қатты сөйлеп саған кедергі келтіріп отыр.

Сенің көршің сені әр түрлі қисынсыз сұрақтарымен мазаңды алуда.

Оқытушы саған шаш үлгіңнің оқушының сырқы бейнесіне ұқсамайтынын айтып ескертті.

Досың сен үшін өте бағалы бір затты бере тұруын өтінді, ал сен оның жауапкершіліксіз, ұқыпты емес екенін білесің.

Баурың (сіңілің) сенің жазып жүрген күнделігіңді тауып алды

Құрбың сенің бір керекті затыңды ұрлап алды, сен оны көріп койдың.



Әр қатысушыға бір ғана жағдаят ұсынылады. Бұл жағдаяттарды жұп болып бөлініп орындауға болады.

Топ әр қатысушының жауабын талқыға салады.

Рефлексия сұрақтары:

Жағдаяттарды орындауда қандай сезімде болдың

Қандай жауаптар оңай болды, ал қайсысы қиын болды?

Бұл жаттығуды орындау ұнады ма?




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ҚАТЫНАСЫ

Автор: Есимбекова Куралай Тлеутаевна

Дата: 31.10.2016

Номер свидетельства: 353767

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(129) "Девиантты мінез-??лы?ты жас?спірімдермен ?леуметтік-педагогикалы? ж?мыс"
    ["seo_title"] => string(85) "dieviantty-miniez-k-u-lyk-ty-zhasospirimdiermien-lieumiettik-piedaghoghikalyk-zhu-mys"
    ["file_id"] => string(6) "253552"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1447607172"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(101) "Разработка классного часа на тему "Жасөспірім және заң""
    ["seo_title"] => string(59) "razrabotka_klassnogho_chasa_na_tiemu_zhasospirim_zh_nie_zan"
    ["file_id"] => string(6) "472196"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1528131374"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(101) "Баяндама "?иын жас?спірім ж?не оларды? ?леуметтік ортасы""
    ["seo_title"] => string(61) "baiandama-k-iyn-zhasospirim-zh-nie-olardyn-lieumiettik-ortasy"
    ["file_id"] => string(6) "277025"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1452833900"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(100) "Баяндама «?иын» о?ушымен ?арым-?атынас жасау м?селелері."
    ["seo_title"] => string(64) "baiandama-k-iyn-ok-ushymien-k-arym-k-atynas-zhasau-m-sielielieri"
    ["file_id"] => string(6) "315563"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1459922001"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(47) "Адам ?мірі - басты ??ндылы?. "
    ["seo_title"] => string(27) "adam-omiri-basty-k-u-ndylyk"
    ["file_id"] => string(6) "238652"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1444618087"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства