kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Баяндама "?иын жас?спірім ж?не оларды? ?леуметтік ортасы"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Адам ?мірге келген с?ттен бастап ?лкен ?леуметтік орта?а тап болады. Оны? осы ортада ?зін ны?,  еркін  сезінуі мен ?йлесімді  дамуы ?шін к?птеген  факторлар ?ажет. ?азіргі к?п м?дениетті ?о?амда бала?а  сырттан  ?сер етуші  жа?дайлар оны? жа?а ?алыптасып келе жат?ан т?л?асына ау?ымды ?серін тигізеді. Ст.Холл «бала толы??анды дамуы ?шін  ?з хал?ыны?  сезімдері мен к?з?арастарын  басынан ?ткеруі ?ажет» деп санайды.

?андай да ол?ылы?ы бар баланы? даму жа?дайы, ?детте  ?олайсыз, жа?ымсыз болады. Ол баланы?  дамуына кері  тиетін  т?рбиелеуші  ша?ын  ?леуметті?  сипаттарынан  т?рбиелеу-о?ыту  ?рдістерінен ж?не ы?пал еткен  т?рбиеленушілерді?  ішкі  ?станымынан ??ралады. Балалаларды? ?леуметтік-педагогикалы?  ол?ылы?ыны?  пайда болу тетігі мен  дамуы  баланы?  т?л?а  болу?а деген  ?ажеттілігі  мен сондай  болу  м?мкіндігіні?   арасында?ы  ?айшылы?тар  негізінде  іске  ?осылады. Баланы?  персонализациялану?а  ?мтылуы  о?ан  ?атысты  референттік   топтарды?  бірінші  отбасыны?,  одан  кейін  балалар  ба?шасында?ы  ж?не  мектептегі  ??рбыларыны?  оны?  ?леуметтік  ?алыптар?а  сай  емес  жеке  дара  к?ріністерін  ?абылда?ысы  келмейтіндігімен  ж?не  ??рбыларыны?  жас  ерекшелігіне  байланысты  м?ндай ?станымы  педагогтерді? ж?не  ата- аналарды?  ол?ылы?ы   бар  балалар?а  ?атынасы  негізінде  ?а?ты?ыс?а  т?седі.

?леуметтік – педагогикалы?  ол?ылы?  ерте  балалы?  ша?тан, шамамен  ?ш  жастан  басталады, я?ни  баланы? ?зіндік санасыны?,  мінез – ??л?ыны? ережеге  с?йкестігіні?  ж?не нормативтік  іс-?рекетіні? дами  баста?ан  ша?ымен  ?атар  келеді. Жа?ымсыз  даму  жа?дайында  ол?ылы?тарды?  санды? белгілері  мен  к?ріністері  жина?талып  ?алады.

Ерте  зерттеу,  алдын  алу ж?не  т?зету  ж?мыстары  оларды?  жо?ары  н?тижелі  ма?ызына ие. Ауыт?ушы  (девиантты?)  мінез-??лы?  деп  ?о?амда  ?алыптас?ан  нысандар?а  с?йкес  емес ?леуметтік  мінез-??лы?ты  айтамыз  ( И.Невский). Белгілі  ?леуметтанушы  И. Кон  девиантты?  мінез-??лы?ты  психикалы?  денсаулы?, ???ы?, м?дениет немесе  адами   ?алыптарыны?  жалпы ?абылдан?ан ?алыптардан ауыт?ы?ан іс-?рекет ж?йелері ретінде   ?арастырады. Бейімделуші мінез-??лы?ты? т?жырымына с?йкес кез келген ауыт?ушылы? бейімделуді? б?зылуына алып келеді (психикалы?, ?леуметтік, ?леуметтік-психологиялы?, ?о?амды?).   

Балалар мен жеткіншектерді?  мінез-??л?ында?ы ауыт?ушылы?  к?ріністері оларды? адамгершілік  ж?не ?леуметтік  дамуы  жа?ынан дара ерекшеліктер  мен   т?л?алы?  к?ріністеріне,  на?ты  жа?даяттар  мен  ?мір  жа?дайларына  ж?не  іс-?рекеттеріне  ?арай  ?рт?рлі  болуы м?мкін. Жас?спірімдер мен балалар?а  ?орша?ан  адамдарды?  нем??райлы?ы  зейін  ?оймауы  негізінде  дамитын  ?леуметтік-педгогикалы?  ба?ылаусызды? б?л  тізбектегі  ерекше  р?л мен  ма?ына?а ие. Н?тижесінде  жал?ызды?, ?араусыз  ?ал?анды?,  ?ажетсіздік,  ?ор?ансызды?  сезімдері,  жас?спірімдерді? пікіріні?, та?ыдырыны?  ?ызы?уы  мен  икемділіктеріні?  ?з бетінше  ?йым?а, кооперация?а,  ?зін-?зі  ?йымдастыру?а  ?мтылуына  алып  келеді.

?азіргі кездегі  жас?спірімдерді?  ж?рген ортасы ?олайлы  емес. ?йткені,  бала  ауыт?ушылы?  мінез-??лы?ты?  ?р т?рлі  нысандарын  мектепке  бара   жат?анда да, аула  мен ?о?амды?  орындарында  да, тіпті  ?йде де  к?реді. Д?ст?рлі  ?лтты?  ??ндылы?тар  нормасыны?  босауы,  ата-ананы?, ?сіресе,  отбасында?ы  ?ке беделіні? т?мендігі,  мінез-??лы?ты?  т?ра?ты  ?лгілері  мен  моралды?  шекараларды?  жо?ты?ы,  ?леуметтік  ба?ылауды?  боса?суы  жас?спірімдер  ортасында?ы  ауыт?ушы  ж?не ?зін-?зі  жою?а  мінез-??лы?ты?  ?суіне ы?пал етеді.

Балалалар мен  жас?спірімдерді?  дамуы мен мінез-??л?ына  кері ?сер ететін  сырт?ы  факторлар?а  мыналарды  жат?ызу?а  болады:

  1. ?о?амда?ы ?тіп жат?ан  ?рдістер:
  • ?о?амды?  ??ндылы?тар  иреархиясын  ?згертуге ба?ыттал?ан  ай?ын  жа?ымды  мемлекеттік  идеологияны?  жо?ты?ы;
  • за?дарды?  ж?не ???ы?  ?ор?аушы  орындарды?  жетілмегендігі, ?ылмыстарды?  жазаланбауы;
  • ж?мыссызды? (на?ты ж?не жасырын);
  • экономикалы? т?рмысы т?мен  балалы  отбасылар?а ?леуметтік кепілдіктермен  ж?не  мемлекеттік  ?олдауды? жо?ты?ы;
  • ?скеле?  ?па?ты?   ?леуметтенуіні?  д?ст?рлі институттарыны?  к?йреуі  мен  да?дарыс?а ?шырауы;
  • б??аралы?  а?парат ??ралдары ар?ылы зорлы?-зомбылы? ж?не  ?атігездікті насихаттау;
  • балаларды? денелік ж?не  психикалы? денсаулы?ыны? б?зылуын дер кезінде ауыт?уды?, со?ан с?йкес к?мек к?рсетуді?  ж?не квалификациялы?  диспансеризациясыны? болмауы
  • темекіге, ішімдікке,  наша?орлы? заттар?а  жолды? ашы?ты?ы.
  1. Отбасыны?  жа?дайы ж?не оны? ахуалы:

-толы? емес отбасы; отбасыны?  материалы? жа?дайы;

 -ата-аналарды? т?мен  ?леуметтік-м?дени де?гейі;

 -отбасында?ы т?рбие  стилі (бала?а  біры??ай  талаптарды?  ?ойылмауы,  ата-аналарды?  ?атігездігі, оларды?  жазасызды?ы ж?не  баланы? ???ы?сызды?ы);

 - ата-аналарды? ішімдікті, наш?орлы? заттарды теріс пайдалануы;

 - ата-аналарды?  балаларды? психоактивті  заттарды  ?олдануына жол беруі.

Жас?спірімдерді? т?рлі  себептермен мектепке бармай ?алуы да  туындайды.

Баланы? мектепке бармай ?алуыны? айтарлы?тай жиілеп кетуі оны психиатр?а ?арату?а себеп болады. Кездейсо? себептерден кездесіп ?ала беретін т?тенше  жа?адайлар м?лде ?р т?рлі к?ріністе болып келуі м?мкін: ата-анасыны? шешімімен кішкентай інісін немесе ?арындасын ?арап отыру?а баланы? ?йде ?алдырылуы, немесе баланы? ?з бетімен ла?ып кетуге бейімділігі, немесе мектепке барудан ?аса?ана бас тартуы сия?ты келтірілген сылтауларды? барлы?ы оны? эмоциональды б?зылуына  байланысты  болатынды?тан, мектепке бармай ?алуына осы кін?раты себеп болуы м?мкін. Мектепке барудан бас тартуы – оны? саба??а ?атыс?ысы келмегендігінен,  ?з кезегінде  ?р т?рлі механизмдерді? ы?палы себеп болуы да м?мкін.

Е? алдымен саба??а ?атыспай ла?ып ж?рген баланы? немен айналысатынын  аны?тау ?ажет. Егер ?йден шы?ып мектепке кеткен бала саба??а ?атыспа?ан болып шы?са, онда ол кино ?арау?а театр?а кетуі, немесе жолдастырымен ойнап кетуі, немесе бас?а бір жерлерде та?ы бірде?елермен айналысып ж?руі ?бден м?мкін екендігі  еш?андай да к?м?н ту?ызбайды. Егер б?л шынды?ында осылай бол?ан болса, онда ата-анасы баланы? мектепке бармай, ?з бетімен ла?ып ж?ретіндігінен м?лде хабарсыз екені ?бден м?мкін. Ол мектепке бармай ?з бетімен ла?ып ж?рген уа?ыттарда бас?а да ?ылмысты теріс ?ылы?тар?а   баруы немесе ?леуметтік жа?ымсыз ?рекеттерге ?рынуы ы?тимал. Егер баланы? психикалы? к?йзелісі б?рыннан да бар болса, онда оны? ы?тимал диагнозы ?леуметтік  дезадаптация болуы м?мкін.

Егер баланы? мектепке бармай ?йде ?ал?аны ата-анасына м?лім болса, онда оларды? ?здері ?алдыр?аны немесе баланы? ?зі мектепке барудан бас тарт?аны. Бірінші жа?дайда баланы? мектепке баруына ата-анасыны? м?мкіндік бермегені, ал, екіншісінде баланы? мектепке ?зі бар?ысы келмегені туралы ма?л?маттарды ескерген д?рыс.

Егер баланы? мектептен бас тарт?аны туралы с?з болса, онда біз: мектептен ?ор?уы, ата-анасынан айырылып ?аламын деп ?ор?уы, ?леуметтік фобия, к?ліктік фобия немесе ?леуметтік байланыстан ?аш?а?тауы сия?ты ?р т?рлі себептерді? н?тижесінде пайда бол?ан эмоциональды к?йзелістермен істес боламыз. ?рбір жа?адайда бір-екі м?селені? ж?рдемімен  ы?пал жасайтын  б?зылу  механизмдеріні?  сипатын аны?тау?а болады.

Біріншіден, бала ?йде немесе  жолдастарымен бол?анда ?зін ?алай ?стайтынын  ан?ытау пайдалы. Егер оны? денсаулы?ы  бір?алыпты жа?сы ж?не к??іл-к?йі  шат-шадыман  болып  к?рінсе,  онда біз  оны?  мектепке  барудан  бас  тартуыны? негізі  ?леуметтік  байланыстан  ?аш?а?тау?а  тырысуынан  деп  ?й?ару?а толы? ???ымыз бар. Егер ол ?ай?ы?а батып  т?нжырап ж?ретін болса, ?зін  ба?ытсыз  санап, ешкіммен  араласпай  жал?ызсыра?ан бай??с болып к?рінсе,  жолдастарымен  ?осылып  еш?андай  ж?рмесе ж?не к??іл   то?татып  тере?ірек  ойлайтын  ?абілеті  т?мен болса, онда оны? мектепке барудан бас тартуы  депрессия  т?ріндегі  немесе ?те  сирек  кездесетін  шизофрения  т?ріндегі  айтарлы?тай  жиі тарал?ан  эмоциональды к?йзелісті? негізінен деп  санауымыз?а толы? д?лел болады.

Екіншіден,  мектепке бар?ысы келмеуді? саба? кестесіне байланысыны?  бар-жо?ын білу ?ажеті. Егер баланы? мектепке барудан бас тартуыны? себебі кесте  бойынша француз тілі  саба?ы болатынды?тан немесе ?зіні? жалы?ып ?за?  отырып  ?алуына тура  келетін  ?осымша саба?ты?  к?ндеріне  ?ркез де с?йкес келіп т?ратын болса, оны? бас тартуы мен мектептегі  белгілі бір  жа?дайды? арасында берік байланысты? бар екенін к?рсетеді.

Онан  кейін ?аралатын  ?шінші м?селе: саба??а бармай ?алу ?й ішіні? о?и?асына байланысты ма? Б?л симптом шешесіні?  депрессиясын  немесе ?кесіне ж?мыс  істеткізбейтін  оны? бір ауруын ас?ындыра ма? Шешесіні? ж?мыс?а ?йден шы?ып кеткен тап сол мезгілі б?л симптомды  ?оздырып  ?ршіткен  жо? па? Симптомны? ?й ішіндегі  о?и?а?а  т?уелділігіні?  ашылуы  оны? ?й  ішіндегі немесе отбасында?ы  жа?адайлар?а байланысты пайда болуына баланы? мазасызданып ала?даушылы? ту?ызуы ма?ызды р?л ат?аратынды?ы  ы?тимал  екендігін  ескертеді. Осы?ан ??са?ан мінез-??лы?ты?  ?те ке? тарал?ан  механизмдері  баланы?  ата-анасынан айырылып ?алу ?ор?ынышынан болады. М?ндай 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Баяндама "?иын жас?спірім ж?не оларды? ?леуметтік ортасы"»

Тақырыбы: «Қиын жасөспірім және олардың әлеуметтік ортасы»


Адам өмірге келген сәттен бастап үлкен әлеуметтік ортаға тап болады. Оның осы ортада өзін нық, еркін сезінуі мен үйлесімді дамуы үшін көптеген факторлар қажет. Қазіргі көп мәдениетті қоғамда балаға сырттан әсер етуші жағдайлар оның жаңа қалыптасып келе жатқан тұлғасына ауқымды әсерін тигізеді. Ст.Холл «бала толыққанды дамуы үшін өз халқының сезімдері мен көзқарастарын басынан өткеруі қажет» деп санайды.

Қандай да олқылығы бар баланың даму жағдайы, әдетте қолайсыз, жағымсыз болады. Ол баланың дамуына кері тиетін тәрбиелеуші шағын әлеуметтің сипаттарынан тәрбиелеу-оқыту үрдістерінен және ықпал еткен тәрбиеленушілердің ішкі ұстанымынан құралады. Балалалардың әлеуметтік-педагогикалық олқылығының пайда болу тетігі мен дамуы баланың тұлға болуға деген қажеттілігі мен сондай болу мүмкіндігінің арасындағы қайшылықтар негізінде іске қосылады. Баланың персонализациялануға ұмтылуы оған қатысты референттік топтардың бірінші отбасының, одан кейін балалар бақшасындағы және мектептегі құрбыларының оның әлеуметтік қалыптарға сай емес жеке дара көріністерін қабылдағысы келмейтіндігімен және құрбыларының жас ерекшелігіне байланысты мұндай ұстанымы педагогтердің және ата- аналардың олқылығы бар балаларға қатынасы негізінде қақтығысқа түседі.

Әлеуметтік – педагогикалық олқылық ерте балалық шақтан, шамамен үш жастан басталады, яғни баланың өзіндік санасының, мінез – құлқының ережеге сәйкестігінің және нормативтік іс-әрекетінің дами бастаған шағымен қатар келеді. Жағымсыз даму жағдайында олқылықтардың сандық белгілері мен көріністері жинақталып қалады.

Ерте зерттеу, алдын алу және түзету жұмыстары олардың жоғары нәтижелі маңызына ие. Ауытқушы (девианттық) мінез-құлық деп қоғамда қалыптасқан нысандарға сәйкес емес әлеуметтік мінез-құлықты айтамыз ( И.Невский). Белгілі әлеуметтанушы И. Кон девианттық мінез-құлықты психикалық денсаулық, құқық, мәдениет немесе адами қалыптарының жалпы қабылданған қалыптардан ауытқыған іс-әрекет жүйелері ретінде қарастырады. Бейімделуші мінез-құлықтың тұжырымына сәйкес кез келген ауытқушылық бейімделудің бұзылуына алып келеді (психикалық, әлеуметтік, әлеуметтік-психологиялық, қоғамдық).

Балалар мен жеткіншектердің мінез-құлқындағы ауытқушылық көріністері олардың адамгершілік және әлеуметтік дамуы жағынан дара ерекшеліктер мен тұлғалық көріністеріне, нақты жағдаяттар мен өмір жағдайларына және іс-әрекеттеріне қарай әртүрлі болуы мүмкін. Жасөспірімдер мен балаларға қоршаған адамдардың немқұрайлығы зейін қоймауы негізінде дамитын әлеуметтік-педгогикалық бақылаусыздық бұл тізбектегі ерекше рөл мен мағынаға ие. Нәтижесінде жалғыздық, қараусыз қалғандық, қажетсіздік, қорғансыздық сезімдері, жасөспірімдердің пікірінің, тағыдырының қызығуы мен икемділіктерінің өз бетінше ұйымға, кооперацияға, өзін-өзі ұйымдастыруға ұмтылуына алып келеді.

Қазіргі кездегі жасөспірімдердің жүрген ортасы қолайлы емес. Өйткені, бала ауытқушылық мінез-құлықтың әр түрлі нысандарын мектепке бара жатқанда да, аула мен қоғамдық орындарында да, тіпті үйде де көреді. Дәстүрлі ұлттық құндылықтар нормасының босауы, ата-ананың, әсіресе, отбасындағы әке беделінің төмендігі, мінез-құлықтың тұрақты үлгілері мен моралдық шекаралардың жоқтығы, әлеуметтік бақылаудың босаңсуы жасөспірімдер ортасындағы ауытқушы және өзін-өзі жоюға мінез-құлықтың өсуіне ықпал етеді.

Балалалар мен жасөспірімдердің дамуы мен мінез-құлқына кері әсер ететін сыртқы факторларға мыналарды жатқызуға болады:

  1. Қоғамдағы өтіп жатқан үрдістер:

  • қоғамдық құндылықтар иреархиясын өзгертуге бағытталған айқын жағымды мемлекеттік идеологияның жоқтығы;

  • заңдардың және құқық қорғаушы орындардың жетілмегендігі, қылмыстардың жазаланбауы;

  • жұмыссыздық (нақты және жасырын);

  • экономикалық тұрмысы төмен балалы отбасыларға әлеуметтік кепілдіктермен және мемлекеттік қолдаудың жоқтығы;

  • өскелең ұпақтың әлеуметтенуінің дәстүрлі институттарының күйреуі мен дағдарысқа ұшырауы;

  • бұқаралық ақпарат құралдары арқылы зорлық-зомбылық және қатігездікті насихаттау;

  • балалардың денелік және психикалық денсаулығының бұзылуын дер кезінде ауытқудың, соған сәйкес көмек көрсетудің және квалификациялық диспансеризациясының болмауы

  • темекіге, ішімдікке, нашақорлық заттарға жолдың ашықтығы.

  1. Отбасының жағдайы және оның ахуалы:

-толық емес отбасы; отбасының материалық жағдайы;

-ата-аналардың төмен әлеуметтік-мәдени деңгейі;

-отбасындағы тәрбие стилі (балаға бірыңғай талаптардың қойылмауы, ата-аналардың қатігездігі, олардың жазасыздығы және баланың құқықсыздығы);

- ата-аналардың ішімдікті, нашқорлық заттарды теріс пайдалануы;

- ата-аналардың балалардың психоактивті заттарды қолдануына жол беруі.

Жасөспірімдердің түрлі себептермен мектепке бармай қалуы да туындайды.

Баланың мектепке бармай қалуының айтарлықтай жиілеп кетуі оны психиатрға қаратуға себеп болады. Кездейсоқ себептерден кездесіп қала беретін төтенше жағадайлар мүлде әр түрлі көріністе болып келуі мүмкін: ата-анасының шешімімен кішкентай інісін немесе қарындасын қарап отыруға баланың үйде қалдырылуы, немесе баланың өз бетімен лағып кетуге бейімділігі, немесе мектепке барудан қасақана бас тартуы сияқты келтірілген сылтаулардың барлығы оның эмоциональды бұзылуына байланысты болатындықтан, мектепке бармай қалуына осы кінәраты себеп болуы мүмкін. Мектепке барудан бас тартуы – оның сабаққа қатысқысы келмегендігінен, өз кезегінде әр түрлі механизмдердің ықпалы себеп болуы да мүмкін.

Ең алдымен сабаққа қатыспай лағып жүрген баланың немен айналысатынын анықтау қажет. Егер үйден шығып мектепке кеткен бала сабаққа қатыспаған болып шықса, онда ол кино қарауға театрға кетуі, немесе жолдастырымен ойнап кетуі, немесе басқа бір жерлерде тағы бірдеңелермен айналысып жүруі әбден мүмкін екендігі ешқандай да күмән туғызбайды. Егер бұл шындығында осылай болған болса, онда ата-анасы баланың мектепке бармай, өз бетімен лағып жүретіндігінен мүлде хабарсыз екені әбден мүмкін. Ол мектепке бармай өз бетімен лағып жүрген уақыттарда басқа да қылмысты теріс қылықтарға баруы немесе әлеуметтік жағымсыз әрекеттерге ұрынуы ықтимал. Егер баланың психикалық күйзелісі бұрыннан да бар болса, онда оның ықтимал диагнозы әлеуметтік дезадаптация болуы мүмкін.

Егер баланың мектепке бармай үйде қалғаны ата-анасына мәлім болса, онда олардың өздері қалдырғаны немесе баланың өзі мектепке барудан бас тартқаны. Бірінші жағдайда баланың мектепке баруына ата-анасының мүмкіндік бермегені, ал, екіншісінде баланың мектепке өзі барғысы келмегені туралы мағлұматтарды ескерген дұрыс.

Егер баланың мектептен бас тартқаны туралы сөз болса, онда біз: мектептен қорқуы, ата-анасынан айырылып қаламын деп қорқуы, әлеуметтік фобия, көліктік фобия немесе әлеуметтік байланыстан қашқақтауы сияқты әр түрлі себептердің нәтижесінде пайда болған эмоциональды күйзелістермен істес боламыз. Әрбір жағадайда бір-екі мәселенің жәрдемімен ықпал жасайтын бұзылу механизмдерінің сипатын анықтауға болады.

Біріншіден, бала үйде немесе жолдастарымен болғанда өзін қалай ұстайтынын анқытау пайдалы. Егер оның денсаулығы бірқалыпты жақсы және көңіл-күйі шат-шадыман болып көрінсе, онда біз оның мектепке барудан бас тартуының негізі әлеуметтік байланыстан қашқақтауға тырысуынан деп ұйғаруға толық құқымыз бар. Егер ол қайғыға батып тұнжырап жүретін болса, өзін бақытсыз санап, ешкіммен араласпай жалғызсыраған байғұс болып көрінсе, жолдастарымен қосылып ешқандай жүрмесе және көңіл тоқтатып тереңірек ойлайтын қабілеті төмен болса, онда оның мектепке барудан бас тартуы депрессия түріндегі немесе өте сирек кездесетін шизофрения түріндегі айтарлықтай жиі таралған эмоциональды күйзелістің негізінен деп санауымызға толық дәлел болады.

Екіншіден, мектепке барғысы келмеудің сабақ кестесіне байланысының бар-жоғын білу қажеті. Егер баланың мектепке барудан бас тартуының себебі кесте бойынша француз тілі сабағы болатындықтан немесе өзінің жалығып ұзақ отырып қалуына тура келетін қосымша сабақтың күндеріне әркез де сәйкес келіп тұратын болса, оның бас тартуы мен мектептегі белгілі бір жағдайдың арасында берік байланыстың бар екенін көрсетеді.

Онан кейін қаралатын үшінші мәселе: сабаққа бармай қалу үй ішінің оқиғасына байланысты ма? Бұл симптом шешесінің депрессиясын немесе әкесіне жұмыс істеткізбейтін оның бір ауруын асқындыра ма? Шешесінің жұмысқа үйден шығып кеткен тап сол мезгілі бұл симптомды қоздырып өршіткен жоқ па? Симптомның үй ішіндегі оқиғаға тәуелділігінің ашылуы оның үй ішіндегі немесе отбасындағы жағадайларға байланысты пайда болуына баланың мазасызданып алаңдаушылық туғызуы маңызды рөл атқаратындығы ықтимал екендігін ескертеді. Осыған ұқсаған мінез-құлықтың өте кең таралған механизмдері баланың ата-анасынан айырылып қалу қорқынышынан болады. Мұндай жағдайда баланың жақын туыстарынан айрылысқан кездегі оған тигізетін әсердің өзіне тән бейнесін анықтау қажет.

Балалар мен жасөспірмдердің тұлғасындағы және мінез-құлқындағы ауытқушылықтардың алдын алу оларды психологиялық иммунизациялауды қажет етеді, яғни, әлеуметтік-құзырлы адам болып қалыптасуы үшін мінез-құлықтың психогигиеналық дағдыларына дұрыс таңдай жасай алу біліктерін үйрету. Бұл мақсаттарды орындау үшін қоғамдық дағдарыстың жағымсыз әсерлерін жоятын және түзейтін әлеуметтік-педагогикалық жағдайларды құруға бағытталған мектеп саясатын жүйелеу қажет. Оған мынадай бағыттарды енгізуге болады:

  • балалар мен жасөспірмідердің ауытқыған мінез-құлықтарының типтері мен нысандардың таралуын, оларға әсер етуші факторларға анықтау, сонымен қоса, оқушылардың және олардың ата-аналарының білімге және тәрбиеге деген қажеттіліктерін зерттеу;

  • оқушылардың, ата-аналардың пікірлерін зерттеудің нәтижелерін талдау және соның негізінде анықталған ерекшеліктерін ескере отырып, оқушылардың тұлғасымен мінез-құлқындағы ауытқушылықтарды алдын алу және түзету бағдарламаларын құрастыру;

  • мектепте және жастар орталықтарында сыртқы тәуекел факторларына азат психологиялық, педагогикалық ахуалды қалыптастырып, бірқатар құзырлы шешімдермен шешілетін оқушылардың ата-анасымен тиімді өзара қарым-қатынасты дамыту, қосымша білім беруді және тағы басқа шараларды ұйымдастыру әлеуметтік мамандардың құзырында.

Жасөспірімдердің тұлғалық және әлеуметтік құзырлығын қалыптастыруда, жағымсыз мінез-құлық көріністері түзетуді олардың жағымды «Мен» бейнесін дамытудың, өзін-өзі құрметтеу сезімін, сындарлы ойлау қабілетін, әлеуметтік маңызды мақсаттарды қоя білу білігін және жауапты шешімдер қабылдай алуды дамытудан бастаған жөн.

Жасөспірім салауатты өмір салтын калыптастыра алуы үшін оған эмоциясын игере алуға, үйренуді, қақтығысты жеңе алуға үйрету қажет, сынды, өзін-өзі қорғауды, басқа адамдар тарапынан шыққан қысымға қарсылықты агрессиясыз қабылдау әдіс-тәсілдеріне баулуды, зиянды әдеттерді қабылдау тәсілдеріне, зиянды әдеттерге қарсы тұруға үйретуді, салауатты өмір сүруге және пайда болған мәселелерді әлеуметтік-жағымды құралдарымен шешеуге мүмкіндік беретін құндылықтармен қатар қалыптастыру қажет.

Бұл талаптарды орындау жасөспірімдердің барлық топтарымен және типтерімен өткізілетін оқу-тәрбие жұмыстарын педагогикалық дифференциация жолымен жүргізуге мүмкіндік береді.

Жоғары да көрсетілген талаптарды орындаған жағайда жасөспірімдерге көрсетілген көмектің жиынтығы тұлғаның бірқалыпты үйлесімді дамуын қамтамасыз етеді.


Қиын жасөспірімді тәрбиелеудегі мектеп ұжымы мен отбасының рөлі


Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында девиантты мінезді оқушыларға мынадай анықтама берілген: «Балалар мен жасөспірімдердің әкімшілік жазалау шараларын қолдануға әкеп соғатын құқық бұзушылықтарды үнемі жасауы, оқудан, жұмыстан үнемі жалтаруы, отбасынан немесе балалардың оқыту-тәрбиелеу ұйымдарынан үнемі кетіп қалуы, сондай-ақ қоғамға қауіпті әрекеттер жасауы».

Олардың әр кезеңде әртүрлі аталғаны бізге белгілі: «тәртібі нашар», «қиын», «тәрбиесі қиын» тағы басқа.

Ғылыми тұрғыдан зерттегенде, дәл осы балалардың оқуға қызығуларының жоқ екені, олар мектепке де сыймай, үйге де сыйлы болмай, мұғалімдердің берекесін кетіріп, түптің түбінде олардың басым көпшілігінен дайын заң бұзушылар мен қылмыскерлер шығатыны бұрын да дәлелденген.

Әрбір оқушының өзін қоршаған ортасымен тығыз қарым-қатынаста болатынын, солардың әсерімен дамитынын ескере отырып «қиын» балалардың мінезіне отбасы, мектеп және көшенің қалай әсер ететін жағдайларына жеке-жеке тоқталып көрелік.

Бала тәрбиесіне отбасының жағымсыз әсер ету жақтарын сөз еткенде, оны үш топқа бөліп қарастыруға болады.

Бала отбасы жағдайында өмірдегі әртүрлі жағдайларда өзін қалай ұстауды, адамгершілік әліппесі: кішіпейіл болу, ізеттілік, сыйластық, үлкендермен және кішілермен қандай қарым-қатынаста болу сияқты тәжірибе жинақтайды және оны меңгереді. Отбасында бірін-бірі сыйлау, қамқоршы болу, бірлесіп еңбек ету секілді игі дәстүрлер қалыптасқан болса, ол ортадан қоғамға қарсы тұратын тәрбиесіз адам шығуы теориялық жағынан алғанда мүмкін емес. Бұл әңгімеміз, әрине, бірінші топтағы ата-аналарға қатысты.

Моралдік жағынан азғындаған отбасында, әдетте, балаға жеткілікті көңіл бөлінбейді. Балалар ата-анасының қамқорлығы мен сүйіспеншілігін сезінбегендіктен, оларды А.С.Макаренко «ертеңгі күннің қуанышын жоғалта бастайды». Сондықтан олар отбасында өздеріне алмаған жылылық пен қайрымдылықты сырттан, көшеден іздейді. Бірақ, көп жағдайда оларды қоғамға жат элементтер өз «қамқорлығына» алады. Олар бұзақылар тобы, нашақорлар тағы басқа әлеуметтік топтар болуы мүмкін.

Отбасы тәрбиесінде ең маңызды мәселенің бірі – ата-аналардың педагогикалық көзқарасының қалай қалыптасуында. Қазіргі кездегі аса бай отбасылардың пайда болуы, оларда бала тәрбиесінің дұрыс тәжірибесі қалыптасты деген сөз емес. Міне, осындай отбасылардың кейбір ата-аналары балаларының кез келген сұранысын сол мезетте қанағаттандыру, аламын деген нәрсенің бәрін сөзге келмей сатып әперу, үй тірлігіне қатыстырмауы баласының өзімшіл, тек қана тұтынушы, жалқау, басқаның есебінен жақсы өмір сүргісі келетін, арамтамақ болып қалыптасуына әкеліп соқтыратынын ескере де бермейді.

Дәл осыған қарама-қарсы әрекет істейтін ата-аналардың да түсінігі балаларын тура жолдан шығаруға итермелейді.

Мұндай ата-аналар өз балаларын аса қаталдықпен тәрбиелеймін деп әртүрлі қысым мен тыйымдарды қолдану, сәл нәрсеге бола қатаң жазалау, ар-намысын қорлайтын әрекеттер жасау арқылы балаларын өздеріне қарсы қояды. Мұндай жағдай да әрине, балалар ата-анасын сыйламайды, олардың баласына айтқан «ақылы» кері әсер етеді. Осындай отбасында «тәрбие» алған баланың тәрбиелі болуы да екіталай.

Мектептегі оқу-тәрбие жұмысындағы кемшіліктердің де бала тәрбиесіне кері әсер етері даусыз. Олардың бірнеше түрін атап өтсек мына төмендегідей:

    1. Тәртіп бұзуға бейім тұратын оқушылардың дер кезінде анықтап, олармен алдын ала жұмыстар жүргізбеу.

    2. Мектеп ұжымының осы мәселеде алаңсыз болуы немесе жүйелі жұмыстың болмауы. Мектептегі өзін-өзі басқару жұмысының дұрыс жүрмеуі.Сыныптан тыс, мектептен тыс өтілетін іс-шаралардың сапасының төмен екендігі.Тәрбиесі қиын балалардың отбасыларымен қарым-қатынастың нашар ұйымдастырылуы.

    3. Девиантты мінезді оқушылармен дұрыс қарым-қатынас орната білмеу немесе мұғалімдер мен тәрбиешілердің кәсіби деңгейінің төмендігі.

    4. Кейбір мұғалімдердің сабақ беру әдісінің төмен болуының әсерінен оқушылардың сабаққа қызықпауы, үлгерімнің нашарлығы, сөз жоқ, оқушылардың тәртібін әлсіретеді және ол мұғалімдердің де беделін төмендетеді.

    5. Кейбір мұғалімдердің педагогикалық этиканы білмеуі немесе сақтамауы оқушыларды өзіне қарсы қоюға әкеліп соғады да, ұзаққа созылған шиеленісті туғызады.

    6. Көшедегі кездейсоқ топтардың оқушының теріс мінезін қалыптастырудағы қосар үлесі де аз емес. Өйткені, қазір көшелерді, аймақтарды белгілі бір топтардың бөліп алып, сол жерлерде билік жүргізілетіні ешкімге де құпия емес.Олар өз түсініктері бойынша өмір сүреді және өз қатарын өзі сияқтылармен толықтырып отырады. Ал олар сол ортада өздерін еркін әрі ыңғайлы сезінеді. Себебі отбасында, мектептегі қағидалары мен адами құндылықтары өздерінше қалыптасқан. Сондықтан қоғамдық мораль мен нормалар олардың түсінігіне сай келмейді. Олардың еліктейтіндері: түрмедегі беделділер, зоршылық пен тонаушылық «ерлік» істері. Ендеше қоғамға жат құмар ойыны, ішкілік ішу, дөрекі сөйлеу, нашақорлықпен, жезөкшелікпен айналысу олардың күнделікті қатардағы тірліктері іспетті. Нәтижеде отбасындағы тәрбиенің нашарлығы мен мектептегі тәрбие беру ісінің дұрыс жолға қойылмауының кесірінен девиантты мінезді балалар тәртіп бұзушылардан «көше» тәртібін қабылдайды. Сөйтіп, ақырында кәдімгі қылмыскерлерге айналады.

Енді осы девиантты мінезді оқушылардың психологиялық ерекшеліктеріне тоқтала кетелік.

Бұл қиын балалар өздерінің интеллектуалдық қабілеті жағынан өз қатарларынан қалмайды. Алайда, олардың жоғары психологиялық қасиеттері: зейін, абстрактілі ойлау, есте сақтау тағы басқа әртүрлі жаттығулар мен дағыдыларды дамытпағандықтан артта қалған. Соның салдарынан олар қисынды ойлай білмейді, өз ісінің ақырын болжай алмайды, сондай-ақ танымдық белсенділігі төмен, ғылым және саяси-қоғамдық мәселелер мүлдем қызықтырмайды, рухани мәдениеттің не екенінен тіпті бейхабар. Негізінен, олар қарапайым күнделікті өмірдің күйбеңінен аспайды, онда да тек дайынға тап болып үйренген, салиқалы да пайдалы іс-әрекеттен гөрі уақытты босқа өткізгенді тәуір көреді.

Дегенмен, олар өздерінің алдына қойған мақсатын орындау үшін (темекі, ішімдік, есірткі, ұрлық жасау) әртүрлі тапқырлық көрсете алады. Сабақ оқу, уәдеде тұру, режимді сақтау, саналы тәртіпке бағыну сияқты оқушыға тән міндеттер мен парызды орындауға келген олардың ерік-жігері тым төмен, табандылығы жетіспейді.

Зерттеулер көрсеткендей, ер балалар мен қыздардың арасында едәуір психологиялық айырмашылықтар бар. Ер балалар қыздарға қарағанда белсенді, іс-әрекеті жылдам, ұрыс-керіске бейім. Қыздар өз көңіл күйіне көбірек берілген, айтқанды орындағыш әрі жанашыр болуға жақын тұрады. Сондықтан тәрбие беруде ер балалардың осы ерекшеліктерін есепке алу керек. Жасөспірім шағында олар «нағыз жігіттерге» ұқсағысы келеді. Дегенмен олар дөрекі, тек күшіне сенетін, төбелескіш болып келетіні жиі байқалады. Сол себепті де қыздарға қолданған тәрбие құралдары ер балаларға барлық кезде жарамды бола бермейді.

Девиантты бозбалаларды қайта тәрбиелеу кезінде олардың темпераментін ескермей кетуге болмайды. Мысалы, сангвиник өзіне қойылған талаптарды тез қабылдайды, бірақ дәл солай тез ұмытады. Холерик өзіне қойылған талапты өзін күлкіге айналдыру, мазақтау, кемсіту деп түсініп, оны дөрекі түрде қабылдамай тастайды. Меланхолик өзін ұнамдысын, өз көзқарасына тура келген жерін ғана қабылдап, басқасына көңіл де аудармайды. Флегматик бәрін әбден терең әрі жан-жақты ойланады. Осыған орай, тәрбие жұмысында темперамантінің ерекшеліктерін ескермейінше, педагогикалық шаралардың іске аспай қалуы әбден мүмкін.

Тағы бір ескеретін жайт, жасөспірімдердің жыныстық даму кезеңінде болатын дене құрлысындағы өзгерістер.

Егер жақсы бағытта дамыған өзгерістер баланың санасына дұрыс әсер етсе, онда ол психологиялық жағынан да дұрыс қалыптасады. Ал керісінше, оның дене құрылымында бойы қортық, артық салмақ, көзінің, тілінің не басқа да кемістіктері болса, онда оның дұрыс мінез қалыптасуына кері әсерін тигізері сөзсіз. Сондықтан да тәрбиеші мұндай балалармен ерекше ілтипатты болуы тиіс.

Көтеріңкі көңіл күй, құрмет көрсету, сенім білдіру сияқты психикалық жағдайлар тұлғаға педагогикалық әсер етудің әсерлігін күшейтеді. Ал ашуланшақ, бойын қорқыныш билеген, өкпелегіш сияқты жағымсыз сәттер оқушының жақсы болып қалыптасуына үлкен бөгет жасайды. Сондықтан оқушыға педагогикалық әсер етер кезінде оның қандай психологиялық жағдайда екенін ескеру өте-мөте қажет-ақ.

Әлеуметтік педагогтың тағы бір ескеретіні: ол оқушының өзін адами тұрғыдан тең ұстауы, оған сенім ұялата білуі керек. Егер әлеуметтік педагог өзінің айтқанын оқушылардан қалай да орындауын талап етсе, олардың адамгершілік қасиеттерін есепке алмай әрекет жасаса, олардың сый-құрметіне бөленбек түгілі балалардың енжар тартуына себепші болады.

Девиантты мінезді оқушыға ата-анасының да, мектептің де жағымды әсер етуі арқылы оны дұрыс жолға салуға болмайтыны белгілі болса, онда ол баланы кешіктермей дәл уақытында жабық түрдегі ерекше педагогикалық режимдегі арнайы тәрбие мекемесіне жіберу керек. Әрине, бұл соңғы шара, себебі қиын балалармен жұмыс жүйесін қалыптастыру қаншалықты ауыр болса да, мінез-құлқын түзету шараларын төмендегіше ұйымдастыру жөн деп санаймыз.

Осындай жоспарларда қиын балаларға отбасы тәрбиесінің жағымсыз факторларын болдырмау, кездейсоқ топтардың жағымсыз әсерінен оларды қорғау, сабаққа қызығуын арттыру, қандай да бір істерге ынталандыру сияқты мақсаттар қойылуы шарт. Сондай-ақ, қиын оқушылардың жағымды жақтарын нақтылап, оны олардың өзін түзету ісіне ұтымды пайдалана білу - әлеуметтік педагогтің нағыз ерлігі болып саналды. Әрине, әлеуметтік педагог барлық уақытта сабырлы болуы тиіс. Өйткені, түзету жұмыстары өз жемісін тез арада бере қоймайтынын саналы ұғынуымыз керек.

1.Қиын балалардың сыныптастары және пән мұғалімдерімен қарым-қатынасын өзгерту жолдары.

Қиын балалардың басым көпшілігі өздерін өзі оқитын сыныптан оқшау ұстайды, оларды сыныптың тіршілігі қызықтырмайды, олардан қашқақтайды.

Девиантты мінезді оқушылар өздеріне ұрысқанды ұната бермейді. Сондықтан мектеп мұғалімдері олармен болған қарым-қатынаста педагогикалық этиканы аса қатаң асқақтауы қажет.

1.Қиын оқушыларды әртүрлі жағымды істерге қатысуға тарту арқылы оларды табысқа жетелеу.

Қиын оқушыларды қайта тәрбиелеу дегеніміз: оның жағымсыз әдеттерін жағымды әдеттермен шығарып тастау. Оқу жасындағы балалардың негізгі айналыстаын істері – оқу, еңбек ету мен қызыққан ісімен айналысу.

Оқу оқушылардың негізігі қызметі болып табылады, сондықтан қиын оқуышыларды мектепке қайтару, оқуға қызығуын арттыру – аса күрделі әрі әлеуметтік педагогтің беделін артыратын іс. Себебі қиын балалардың 90 пайызының сабаққа ықыласы жоқ. Сондықтан оларды сыныптан тыс іс-шараларға тарту арқылы, спортқа, техникаға, өнерге қызықтыру арқылы оқуға бірте-бірте тарту әлеуметтік педагогтардің және пән мұғалімдердің қасиетті ісі болып табылады. Себебі, аталған қызметтердің бірінде жеңіске жету оларды басқа да істерге табысты болуға жетелейді.

Ол үшін әлеуметтік педагог адамның өзін-өзі дамытушылық қасиетімен өзін-өзі тәрбиелеу мүмкіндігін есепке алуы керек.

Әрбір баланың жақсы болуға тырысатын кездері болады: оның сондай белсенділігі мен талпынысына қолдау көрсету, демеп жіберу, сеніммен қарау балаға қанат бітіріп, басқаларға деген сенімен ұлғайтады.

Қиын оқушыларға әртүрлі жағдаяттар туғызу арқылы сыныпта оның беделін көтеруге мүмкіндік беру, ұжымдық шығармашылық істерге тарта отырып оның қабілетін жақсы жағынан көрсете білуіне жәрдемдесу олардың мектеп ұжымына қайта оралуына әсер ететін бақытты сәттер болып есептеледі. Әлеуметтік педагог қиын оқушылармен жұмыс жүргізгенде осыларды іске асыруға міндетті.

  1. Қиын оқушылардың отбасылық жағдайын өзгерту.

Отбасының қиын жағдайы бала тәрбиесіне кері әсер ететіні бұрын да бірнеше рет дәлелденгені ақиқат.

Біз жоғарыда айтқандай, қалыптағы отбасыдан «қиын» бала шыға қоймайтыны белгілі. Алайда Л.Толстой жазғандай: «барлық бақытты отбасылар бір-біріне қандай ұқсас болса, әрбір бақытсыз отбасы бір-біріне ұқсамайтындай әрқилы бақытсыз».

Бұл жерде айтпай кетуге болмайтын біраз жәйттер де бар. Өзінің физиологиялық және психологиялық ерекшеліктеріне байланысты қыздарға қарағанда ұл балалардың ішінде девиантты мінезділер анағұрлым жиі кездеседі. Оның дәлелді себебі жоқ емес. Қазіргі кезеңде тәрбие жұмысында фемизиациялану үрдісі жүріп жатыр немесе бала дүниеге келгеннен бастап әйелдердің тәрбиесін көріп өседі: отбасы, балабақша, мектеп. Ана тәрбиесі мен әке тәрбиесі бірдей жүрмеген жағдайда табиғи теңдік бұзылатыны айдан анық нәрсе. Себебін ашып көрелік.

Анасы баланы көтергеннен бастап оны тоғыз ай бойы өз бойында сақтайды, құрасығында жетілдереді. Сол уақыттың бәрінде ана мен баланың арасында тығыз биологиялық байланыстар орнайды. Ананың көптеген қасиеттері балаға беріледі. Дүниеге келген соң да бала ана сүтімен қоректеніп, жүргенге дейін тек анасының қамқорлығында болады. Бала-бақшаға баратын жағдай туды делік, онда да оны қарсы алатын өзінің анасы сияқты тәрбиешілер, бастауыш сыныпта да әріп танытатын әйел мұғалімдер. Осы факторлар ер балаларда ер адамға лайық мінездердің толық қалыптаспауына әкеп соғады. Себебі, үлкендер олар үшін үлгі. Ал ер балалардың алатын үлгісі тек «ақ жаулықты аналар» болғандықтан, олардың мінез-құлқы солай қалыптасады. Біз бұл жерде әйелдерді кемсітуден аулақпыз, тек осындай мәселенің бар екенін айтпақпыз. Мінезі солай қылыптасқан ер бала жігіттің сөзі, намыс, уәде, ар сияқты еркекке тән ұғымдарды бойына дарыта қоймайды да ұсақтыққа көбірек кетіп қалады. Сөйтіп, олар тез өкпелегіш, біріне-бірін шағыстырғыш, өтірік айтуға бейім болып қалыптасады.

Біз бұл жерде ер балаға әкенің тәрбиесінің қаншалықты әсерлі екенін көрсетуді мақсат етіп ғана айтып отырмыз. «Баланың ұяты әкеге, қыздың ұяты шешеге», «Атадан бала туар, атасының жолын қуар», «Ата – балаға сыншы», «Ата баласының ат меңіндей белгісі болады», «Атадан - өсиет, анадан - қасиет» деген қазақ мақалдары әкенің балаға қаншалықты тәлім-тәрбие берудегі рөлі мен орнын көрсететіні сөзсіз. Ал жапон мақалы «Ербалаға жүз мұғалімнен бір әке артық» десе, белгілі педагог В.Сухомлинский «ер бала үшін жақсы министрден жаман әке артық» деп түйіндейді.

Баланың алғашқы адами құныдлықтары, әрине, отбасында қалыптасады. Алайда, ешбір ата-ана өз баласының жаман болғанын қаламайтыны даусыз. Егер әртүрлі себептермен баласы тура жолдан шығып кеткеннің өзінде ол ата-аналарды кіналай бермей, бірлесіп жұмыс істеу үшін олармен дұрыс қарым-қатынас орнату керек, ал екіншіден, ол отбасының барлық жағдайын зерттеу керек. Бұл үшін «Менің отбасым», «Мен не үшін ата-аналарымды жақсы көремін (сыйлаймын)», «мен бос уақытымды қалай өткіземін?» тақырыптарында шығарма жаздырған жөн. Ол үшін де, істелген жұмыстың бәрі алдын ала терең жан-жақты ойластырған болуы керек.





«Қиын» жасөспірімдермен әлеуметтік жұмыс ерекшелігі


Тәрбие тәсілдері әрбір жастың жеке адам ретінде ерекшелігін ескертуге, оның шексіз мүмкіндігін пайдалануға бағытталуы тиіс.

Жалпы бiлiм беретiн мектептерге қарағанда кәсiптiк мектептерде қиын оқушылардың көбiрек кездесетiнi белгiлi. ,,қиын,, балалар дегенiмiз кiмдер? Олар мектеп, тарапынан ерекше, қосымша бақылауды талап ететiн, тәрбиелеуге қарсылық бiлдiретiн оқушылар.

Сонымен қоса, бiлiм деңгейi төмен, тәртiбi нашар, сабақтан көп қалатын, педагогтердiң талабын орындамайтын, адамгершiлiк деңгейi төмен, топтастарымен үнемi тiл табыса алмайтын, ал кейде психикалық дамуы, ойлау қабiлетi кейiн қалған, ашуланшақ (әр түрлi жүйке ауруларына шалдыққан, тәрбиеге әрең көнетiн) оқушыларды қиын балалар қатарына жатқызып жүрмiз. Қазiргi уақытта дәрiгер психологтердiң бақылауындағы осындай балалардың пайызы жоғары болып отыр.

Жүйке аурулары (невроз) әр түрлi ортадағы психикалық зақымданудың, отбасындағы және басқа да әр түрлi қиын жағдайлардың сандарынан пайда болады. Мысалы, кей балалар ата-ана тарапынан ешқашан жүрек жылуын көрмей өсiп, осыған мектептегi өз тобындағы оқушылардың, мұғалiмдердiң керi көзқарасы қосылып, ұзаққа созылған қайғыру, ренжу жүйке ауруларына шалдықтырып, бала ашуланшақ, өмiрге ызалы, тұйық қалыпқа түседi.

Ата-ана тарапынан, мектеп қабырғасынан жылылық сезiнбеген жасөспiрiм өмiрде өзiн ешкiмге қажетсiз деп есептеп, уайымға шалдығады, кей жасөспiрiмдердiң ұйқысы бұзылып, түнде қорқынышты түстер көрiп, иммунитетi төмендейдi. Ата-аналар жасөспiрiмдердiң мiнезiндегi ауытқуларына назар аудармай, көбiнесе, олардың әр түрлi ауыр жағдайға шалдығуына себепшi болады. Жасөспiрiмнiң нашақорлыққа, iшiмдiкке, ұрлыққа және тағы басқа жақын болу себептерi осында жатқан жоқ па?

Қиынбалаларды 2- топқа бөлуге болады.

Бiрiншiсi – тән кемтарлығы және жан жарақаты бар балалар.

Екiншiсi–отбасында,мектепте тәрбиелеуден шетқалған, жеке басын алыптастыруда сыртқы керi факторлардың, әлеуметтiк жағдайдың әсерi болған және өтпелi кезеңнiң күрделiлiгiнен мiнезi дұрыс қалыптаспай қалған балалар.

«Қиын» балалардың өскен ортасының, отбасының жай-күйін талдағанда, кедей отбасының өзі бала тәрбиесінің, өзі кейде отбасының өзі бала тәрбиесіне кері әсер беретіні анықталып отыр. Әдетте, ата-аналардың бала тәрбиесіне әртүрлі себептерге сай аулақтануы да теріс әсер етеді.

Жеке тұлғаны қалыптастырудағы тағы да бір қолайсыз жағдай бала тәрбиесіне ата-аналардың әртүрлі көзқарасы немесе біреуінің бала тәрбиесінен шет қалуы, яғни, баланың толық емес отбасында тәрбиеленуі салдарынан болады.

Жүргізілген зерттеулеріміздің нәтижесі бойынша, қылмыс жасауға итермелейтін тағы бір әсер – отбасындағы жетіспеушілік, таршылық. Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың 20-25 пайызы материалдық жағдайдың төмендігінен жасалады екен. Оның себептері, көбінесе, ата-аналардың ішімдікке салынуынан; отбасының қаражатына ұқыппен қарамуынан, жұмыссыз отыруынан болады.

Қазір материалдық байлықтың рухани байлықтан жоғары тұрған уақытында жасөспірімдер арасында «анау керек, мынау керек» деген көзқарастардың әсерінен, «өзгелерде бар нәрсе менде неге жоқ» деген оймен де қылмыс жасалатыны белгілі.

Жасөспірім бойында жағымды қасиеттерді дамытуда әлеуметтік-педагогикалық, психологиялық әдістерді қолданып, тәрбиені ерікті, зорлықсыз түрде асыру керек. Ата-аналар бала тәрбиесінде қолданатын әдістерді таңдауда жиі қателеседі. Мәселен, кей отбасы өктемдік (авторитарлық) жолды ұстанады.

Жасөспiрiмдердiң жеке басын сыйламау, адам қатарына санамау, қаталдық (диспотизм), негiзсiз жазалау, көп сөз, қорқыту, ұру-жасөспiрiмнiң қатыгез, қатал, ашықтан-ашық отбасы талабын орындамай, өз бiлгенiн iстеуге бейiм болып өсуiне әкелiп соқтырады.

Ымырашылдық (либералдық) жол – бұл, керiсiнше, баланың барлық талабын ойланбай орындау, жазаламау. Мұнда қолданылатын әдiс, негiзiнен, әңгiме, сөз арқылы баланың барлық iс-әрекеттерiн жақтау, балаға жалыну, өтiну болады.

Ондай жеткiншек бойында өзiмшiлдiк (эгоизм), дарашылдық (эгоцентризм), жеке басты ойлау, қоғамдық мүддеден гөрi өз басының мүддесiн бiрiншi орынға қою, өзгелердiң ойымен санаспау, өз iсiн атқаруда өзгеге талап қою басым тұрады.

Мектеп пен отбасы бала тәрбиелеудегі негізгі мақсатты, қолданылатын әдіс-тәсілдерді бірге ойлап іске асырмау салдарынан, яғни, әр түрлі талаптардан оқушы отбасының, мектептің ықпалынан шығып, екіжүзділікті, мақсатқа тура емес, бұрма жолдар арқылы жетуді көздейді. Мұндай балалар, көбінесе, өз ісін өз күшімен емес, амалдау, алдау-арбау арқылы атқарады.

Бір отбасындағы бірнеше баланың әрқайсысына әр түрлі қарау да жасөспірімнің жеке тұлға ретінде қалыптасуына теріс әсерінен тигіезді. Үнемі ескерту есітіп, үлкендер тарапынан кеміту мен қорлаудан арылмаған бала өзіне сенімсіз, тұйық, өзіне-өзі көңілі толмайтын көнгіш болып қалыптасады.

Отбасында бала тәрбиесіне әкесі мен шешесінің әр түрлі әдіс қолдануы (біреуі өте қатал, екіншісі өте жұмсақ, әкесі бір талап, анасы қарама-қарсы талап қоюы) немесе жасөспірімнің көзінше өз балаларының тәрбиесі туралы пікірталас жасап, ұрыс-керіс шығаруы, ал жасөспірім осы жағдайды өз түсінігінше пайдаланып, қоғам талабына керісінше істерді жасауы мүмкін.Қиын жасөспірімдермен жұмыс істегенде, сынып жетекшісі мен әлеуметтік педагог оқу шебері оны жеке тұлға ретінде тани біліп қана қоймай мынадай үш кезеңді ескеруі, оның дамуын көре білуі қажет.

- бұрынғысы;

- қазіргісі;

- болашағы;

Жазалау және көтермелеу әдістерін қатар қолдану - әлеуметтік мамандардың негізгі құралы болуы тиіс. Таңдап алынған әдіс-тәсілдер баланы өз қылығына басқаша қаратып, мінезін жақсы жаққа өзгертуі тиіс.Орынды қолданылған әдіс-тәсілдер оқу-тәрбие жүйесінің деңгейін көтеріп, қиын оқушымен әлеуметтік қызметкердің қарым-қатынасы жақсартатыны сөзсіз.

Тағы бір бағыт- ата-анамен істелетін жұмыстың сапалылығы.

Қиын оқушылардың ата-анасын «балаң неге қиын» деп мұқатудың қажеті жоқ, оларды, керісінше, жасөспірімді дұрыс жолға салудағы істерді атқару керек.

Белгілі психолог А.В.Петровский «қиын» баланың шығу себептерін отбасындағы қатынастармен сабақтай келе, бес типке бөледі. Олар мыналар:

1.Үстемдік жағдайда баланың өз бетімен іс-әрекет жасауына жол берілмейді, өзінің өміріне немесе отбасына байланысты бірде-бір мәселені шешуде үй іші кеңесіне қатыспайды.

2.Қамқоршылық жағдайы – ол балаларды желге, күнге тигізбей, мәпелеп өсіру. Бұлай өскен бала түрлі қиыншылықытармен кездескенде дұрыс шешім таба алмай, өмірдің шынжыр торына түстім деп үрейленіп, қайғыра бастайды.

3.Қақтығысушылық отбасы мүшелерінің арасындағы қайшылықтан туады. Отбасында бір-біріне наразылық білдіру, бірін-бірі табалаушылық отбасы мүшелерін шиеленістіруге ықпал жасайды, олардың ауыз бірлігі бұзылады.

4.Араласпаушылық жағдайда үлкендер мен балалар әрқайсысы өз беттерінше бір-бірімен ақылдаспай томаға тұйық өмір сүреді. Бұндай отбасында қатыгездік, селқостық сезімдер байқалады.

5.Ынтымақтастық үлкендер мен балалар арасындағы сыйласушылық принципіне сүйенеді. Мұндай отбасында балалардың пікірлері де тыңдалып, барлық мәселе бірігіп шешіледі. Ынтымақтастық отбасының айырмашылық белгілері - әдептілік, сыпайылық, төзімділік, дау-жанжалдан ебін тауып, абыроймен құтылу.

Кейінгі жылдары әлеуметтік мәселеге айналып отырған «қиын» бала ұғымына себепші болатын әлеуметтік-психологиялық және психо-педагогикалық факторлар ғалымдар назарынан тыс қалмай, жан-жақты зерттеле бастағаны анық. Осы орайда қиын оқушыының психологиялық дамуының бұзылуының бірнеше себептерін атап өтейік:

  1. Мидың зақымдану зардаптары:

  • сөйлеу, ықылас қою, есте сақтау, қабылдау, қарқынының кешілдеуі.

  1. Себептері мен механизмдері:

  • анасының жүкті кезіндегі сырқаттануы;

  • анасының алкогольді ішімдіктерді ішуі;

  • шылым шегу, баланың тұншығып тууы;

  • баланың жиі-жиі сырқаттануы;

  • генетикалық нейробиологиялық факторлардың әсері.

Салдары мен белгілері:

  1. Ақыл-ой дамуы қалыпты, бірақ әлеуметік бейімделуі қиындау.

  2. Кекештік, сөйлеудің бұзылуы, дәретін ұстай алмау, бастың ауруы, тамыр дистоиясы, мектепке бейімсіздену синдромы және негізгі белгісі – мінез-құлықтың өзгеруі.

  3. Гиподинамикалық қалып – сыбырлық, салғырттық, баяулық.

  4. Гипердинамикалық қалып – шамадан тыс мазасыздық, қозғалыс белсенділігінің арта түсуі.






Қорытынды.Сонымен, әрбір әлеуметтік педагог қиын баланың дербес ерекшелігі мен ынта-ықыласын, тұрмыс жағдайын ескеріп, айқын, нақты талаптар қояды. Орындалмақ әрбір педагогикалық талаптар мен тапсырмалар балалардың жағдай-мүмкіндіктерімен қабілет-икемділіктерімен сәйкестендіру шарт. Педагогикалық иландырудың әсер ететендігін (қатты дауыс шығару, бұйыру, өктемдік білдіру, байкот жариялау тағы басқа) байқаймыз. Әрине, бұл әдіс басқа да тәрбие әдістерімен тығыз байланыста жүргізілуі тиіс. Өйткені, қиын бала қатты ашуланғанда, өзінің эмоциясын басқара алмай, тәртіпсіз қылықтарын жалғастыра беруі мүмкін. Сонда, әлеуметтік педагог ашудың қарқынын төмендетуге онымен тіл тауып тежеп, өзін-өзі ұстауға себепші болып, дауыс ырғағымен, мимикасымен қолдау білдіреді.

Бұл тәсілді негізгі үш жағдайда қолданған орынды:

а) қиын бала мен «көше» жолдастарының арасындағы байланысты ата-ана, мұғалім, балалар ісі жөніндегі инспекция тоқтата алмағанда;

ә) ата-ана мен мұғалім баланың қарым-қатынасына көңілдерін аудармай, тәрбиелік мәні бар түсіндіру жұмыстарын жүргізбегенде;

б) жеткіншектің көше жолдастарымен байланыстары тереңдегені сонша, қоғам және жеке меншік мүліктерін ұрлау, тонау, қорқыту әдеттеріне жүгінген жағдайда өте сақтықпен тыйым салу тәсілін методикалық шеңберлікпен қолдану қажет. Әрине бұл сәтте мұғалімнің, ата-ананың, милиция қызметкерлерінің беделі болуы шарт.

Екінші әдіс – моральдық тұрғыдан айыптау. Осы тәсілдің тыйым салу тәсіліне қарағандағы артықшылығы – баланың ар-ұятына бағытталып, көлемді нәтижелер бере алатыны.

Көп жағдайда қиын жеткіншек немесе жасөспірім болмасын өзі сыйлайтын сыныбындағы құрбыларының талап-тілектері мен пікірлерін жерге тастап кетпейді.

Үшінші әдіс – қиын баланың бағдарын, мақсатын-міндетін қайта бейімдеу, құру. Бұл әдістің құндылық мәні – бала қателігін түсінгенімен, өмір тәрбиесінің жоқтығынан өзін қалай ұстап жүрудің жолын біле бермейді, Осы педагогикалық жағдайды дер кезінде байқаған әлеуметтік педагог, оның ішкі позициясына талдау беріп, өзін-өзі тәрбиелеудің бағдарламасын құруға көмек береді.

Қиын тәртiптi балаға айналмау үшiн оған көптеген ақыл-кеңес сонымен қатар тәрбие берiлуi Аристотельден кейiнгi 2-шi ұстаз аталған ұлы ғалым Абу-Нәсiр Әл-Фарабидiң ,Адамға ең бiрiншi бiлiм емес, тәрбие беру керек, тәрбиесiз берiлген бiлiм азаматтың қас жауы, ол келешекте оның өмiрiне опат әкелетіні мәлiм.

Абу Насыр Әл-Фараби «Тәрбиесіз қолға білім салма» деген екен. Ең бірінші тұлға қалыптасуына тәрбие өз ықпалын тигiзедi. Сондықтан да, балалармен тәрбиенің ролін күшейту қажет.







Қолданған әдебиеттер:


  1. Ағыбаев А. «Жасөспірімдер қылмысына не себеп?». Заң, №5, 2004.

  2. Ақанов А.А., Жылқыайдарова А.Ж. «Мектептердегі нашақорлықтың алғашқы профилактикасының проблемалары», Валеология және дене тәрбиесі, спорт. №2, 2004.

  3. Аманқұлова Р.К. «Жасөспірімдердің темекі тартуының алдын алу», Валеология және дене тәрбиесі, спорт. №1-2, 2005.

  4. Алпысбаева Г. «Есіктен енді есірткі», Оңтүстік Қазақстан газеті, №74,26 маусым, 2001.

  5. Арғынбаев Х.А. Қазақ халқындағы семья және неке. Аламты. 1973.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Баяндама "?иын жас?спірім ж?не оларды? ?леуметтік ортасы"

Автор: Бектурова Гулзат Сыргатаевна

Дата: 15.01.2016

Номер свидетельства: 277025


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства