kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жас ерекшелік психологиясы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Берілген курс  онтогенездегі психика дамуының  жас ерекшелік заңдылықтарын зерттеуге бағытталған және білімдердің аралас салаларымен байланысты: жалпы, педагогикалық және әлеуметтік психологиямен, педагогикамен және т.б. Курс мазмұнында жастың психикалық дамуының қайнар көздері мен қозғаушы күштері жайлы қазіргі заманғы ғылыми мәліметтер жалпыланған. Әсіресе онтогенездегі психикалық даму заңдылықтары проблемасына неғұрлым көп көңіл бөлінген ­ дүниеге келгеннен жас өспірім шаққа дейін. Сондай­ақ, бағдарламада неғұрлым аз зерттелген ересек адам психологиясының өмірлік айналымы және геронтопсихология проблемалары да қарастырылған.

 

І Бөлім. Жас ерекшелік психологиясының пәні, міндеттері және әдістері

Г Л О С А Р И Й

  1. Онтогенез – индивидтің дүниеге келгеннен өмірінің соңына  дейінгі дамуы.
  2. Обсервациалық әдістер – бақылау және өзін-өзі бақылау.   
  3. Эксперименталдық әдістер – зертханалық, далалық, табиғи, қалыптастырушы.                                                                    Психодиагностикалық әдістер – стандартталған және проективті тесттер, анкета, сұрақнама, әңгіме.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жас ерекшелік психологиясы»

ДӘРІС КЕШЕНІ


ЖАС ЕРЕКШЕЛІК ПСИХОЛОГИЯСЫ


Берілген курс онтогенездегі психика дамуының жас ерекшелік заңдылықтарын зерттеуге бағытталған және білімдердің аралас салаларымен байланысты: жалпы, педагогикалық және әлеуметтік психологиямен, педагогикамен және т.б. Курс мазмұнында жастың психикалық дамуының қайнар көздері мен қозғаушы күштері жайлы қазіргі заманғы ғылыми мәліметтер жалпыланған. Әсіресе онтогенездегі психикалық даму заңдылықтары проблемасына неғұрлым көп көңіл бөлінген ­ дүниеге келгеннен жас өспірім шаққа дейін. Сондай­ақ, бағдарламада неғұрлым аз зерттелген ересек адам психологиясының өмірлік айналымы және геронтопсихология проблемалары да қарастырылған.


І Бөлім. Жас ерекшелік психологиясының пәні, міндеттері және әдістері

Г Л О С А Р И Й

  1. Онтогенез – индивидтің дүниеге келгеннен өмірінің соңына дейінгі дамуы.

  2. Обсервациалық әдістер – бақылау және өзін-өзі бақылау.

  3. Эксперименталдық әдістер – зертханалық, далалық, табиғи, қалыптастырушы. Психодиагностикалық әдістер – стандартталған және проективті тесттер, анкета, сұрақнама, әңгіме.

  4. Праксиметрикалық әдістер- іс-әрекет процестері мен өнімдерін талдау тәсілі (хронометрия, профессиографиялық сипаттмама, бұйымдарды және орындалған жұмыстарды бағалау)

  5. Биографиялық әдістер – адамның өмір жолының фактілерін, күндері мен оқиғаларын, құжаттарды, куәліктерді және т.б. талдау.

  6. Өсу – даму процестерін бір мөлшерлі сандық қарастыру.

  7. Жетілу – Эндогенді бағдарламаланған процестер (мидың, жүйке және бұлшық-ет жүйелерінің, эндокринді бездердің және т.б.жетілуі), яғни туа берілген және іштей басқарылатын өсу импульстарының әсерінен аяқ асты болатын процестер.

  8. Дифференциация – тар мағынада – бастапқы тұтастан прогрессивті түрде түрлі бөлшектерді бөліп алу. Ол өсуге, құрылымдық күрделіктерге, және де мінез-құлықтың икемділігіне және ауыспалылығына әкеледі. Кең мағынада – психикалық функцияларды және мінез-құлық тәсілдерін прогрессивті бөлшектеудің, кеңейтудің және құрылымдаудың жалпы мазмұны.

  9. Әсерлеу (импритинг) – нақты үлгінің қысқа мерзімдік әсерінің нәтижесінде тікелей, сана тарапынан қадағалаусыз мінез-құлық тәсілдерін, талаптарын, қандай да бір нормаларын игеру.


Жас ерекшелік психологиясының пәні. Жас ерекшелік психологиясы онтогенездегі психикалық даму заңдылықтарын зерттейді. Онтогенез – индивидтің дүниеге келгеннен өмірінің соңына дейінгі дамуы. Жас ерекшелік психологиясының пәні ретінде адам өмірінің түрлі сатыларындағы тұлға қасиеттері мен психикалық процестерінің дамуының жетекші факторлары, заңдылықтары мен динамикасы болып табылады.

Жас ерекшелік психологиясының негізгі ұғымдары:

Жас – бұл заңды физиологиялық және психикалық өзгерістердің жиынтығымен сипатталатын, индивидтің психикалық дамуының және оның тұлға ретінде дамуының уақытпен шектелген нақты сатысы.

Жаңа құрылым –берілген жаста ең алғаш пайда болатын және оны басқа жас кезеңдерінен ерекшелендіретін тұлға мен психологиялық процестердегі сапалық өзгерістер.

Жетекші іс-әрекет – бұл берілген жас кезеңіндегі психикалық жаңа құрылымдардың пайда болуы мен қалыптасуын анықтайтын іс-әрекет.

Дамудың әлеуметтік жағдайы - әр жас сатысына тән және әр кезеңде психиканың дамуына әсер ететін сыртқы жағдайлар.

Дағдарыс- бұл бір жас кезеңінен екіншісіне өту сатысы, осы сатыда қысқа уақыт аралығында түрлі психикалық қозғалыстар жүреді, даму секіріс түрінде болады, осының салдарынан мінез-құлықтың теріс қырлары мен тәрбиедегі қиындықтар байқалады.

Жас ерекшелік психологиясының бөлімдері:

1. Балалар психологиясы (мектепке дейінгі):

а) сәбилік кезең (дүниеге келгеннен 1 жасқа дейін);

ә) ерте балалық шақ (1 жастан 3 жасқа дейін);

б) мектепке дейінгі жас (3 жастан 7 жасқа дейін).

2. Кіші мектеп жасы (7-10 жас).

3. Жеткіншек жас (10-11 – 14-15 жас);

4. Жас өспірім шақ: а) ерте жас өспірім шақ (15-18 ж.);

ә) кеш жастық шақ (18-21 ж.).

5. Кемел жас психологиясы: а) 21-35 жас;

ә) 35-60 жас.

6. Кәрілік жас психологиясы (геронтопсихология): а) егде жас (60-75 ж.);

ә) кәрілік шақ (75-90 ж.); б) ұзақ өмір сүретіндер (90-нан жоғары).

Жас ерекшелік психологиясында әдістерді қолдану ерекшелігі. Әдіс – бұл психикалық өмірдің белгілі-бір фактілері алудың құралы, инструменті.

  1. Ұйымдастырушы әдістер:

а) көлденең кесу әдісі;

ә) тікелей кесу әдісі;

б) кешендік әдіс.

Алдыңғы сатылардың соңғы сатыларға әсерін зерттеу үшін және бір сатыдан екіншісіне өту мехнизмдерін зерттеу үшін зерттеудің лонгитюдті («көлденең») стартегиясы қажет, яғни бір зерттелушілер ұзақ уақыт барысында зерттелінеді.

  1. Эмпирикалық әдістер:

а) бақылау; ә) эксперимент; б) психодиагностикалық әдістер (сауалнама, әңгіме, теттер, социометрия); в) іс-әрекет нәтижелерін талдау; г) биографиялық әдістер.

3. Мәліметтерді өңдеу әдістері:а) статистикалық; ә) сапалық.

4. Интерпретациялық әдістер: а) генетикалық; ә) құрылымдық.



ІІ. Бөлім. Онтогенездегі психикалық даму проблемалары


Глоссарий

Психикалық даму факторлары - бұл индивидтің өмірлік іс-әрекетін қажетті түрде анықтайтын обьективті бар нәрселер.

Психикалық даму шарттары- бұл индивидке белгілі -бір әсер ететіндер, яғни психикалық дамудың ерекшеліктері, сипаттамалары және деңгейі тәуелді сыртқы және ішкі жағдайлар

Дамудағы эволюциялық өзгерістер - салыстырмалы түрде баяу сандық және сапалық құрылымдармен байланысты. Өзгерістер өмірдің елеулі кезеңін қамтиды (нәрестеде бірнеше айдан, неғұрлым үлкен жастағы балаларда бірнеше жылға дейін). Мұндай өзгерістер «үнемі әсер ететін» факторларға байланысты: бала ағзасының биологиялық жетілуі мен психо-физиологиялық күйі, оның адамзаттық әлеуметтік қатынастар жүйесіндегі орны, интеллектуалдық және тұлғалық дамудың жеткен деңгейі.

Дамудағы революциялық өзгерістер - неғұрлым терең бола отырып, жылдам және аз уақытта жүреді. Мұндай өзгерістер әдетте жас аралығында болатын жас дамуының дағдарысына орайластыру

Дамудағы жағдайға байланысты өзгерістер - нақты бір жағдайдың әсеріне байланысты. Мұндай өзгерістер өзіне баланың психикасы мен мінез-құлқында ұйымдастырылған немесе ұйымдастырылмаған оқыту мен тәрбиелеу әсерінен болатын нәрселерді қамтиды.

Филогенез (түрдің дамуы) – өмірдің пайда блуын қамтитын уақыттық арақашықтық. Түрлердің пайда болуы, олардың өзгеруі, дифференциация және сабақтастық, яғни қарапайымдылардан бастап адаммен аяқталатын бүкіл биосоциалдық эволюция.

Антропогенез –адамзаттың барлық аспектілерде, сонымен бірге мәдениетте де дамуы..

Социогенез - бұл филогенездің бөлігі, Homo sapiens пайда болуынан басталады да бүгінгі күнмен аяқталады.

Онтогенез (даралық даму) адам өмірінің ұзақтығымен анықталатын уақыттық ара-қашықтық: жатыр ішінде пайда болудан басталып өмірдің аяқталуымен тоқтайды.

Микрогенез (өзекті генез) - қысқа уақыттық ара-қашықтық, қабылдауды, естің, ойлаудың, қиялдың қысқа мерзімді процестері жүретін «жас» кезеңін қамтиды.



2.1. Психикалық дамудың қозғаушы күштері проблемасы

Адам психикасындағы биолгиялық пен әлеуметтік факторлар. Баланың психикалық дамуының өзгешілігі мен тұлға қалыптасуы проблемасы жас ерекшелік психологиясында өзекті болып табылады. Бұл келесі мәселені шешеуден көрініс табады: психикдағы анықтаушы биологиялық па әлде әлеуметтік пе? Екі бағыт айқын бөлінеді:1) биологизаторлық; 2) социологизаторлық.

Шет елдік психологияда қазіргі күнге дейін бірқатар бағыттар үшін жетекші принцип ретінде адам психикасының биологизация болып келді, яғни әлеуметтік пенде ретінде адам психикасының сапалық өзгешелігін елемеу.

Психикалық дамудың биологизаторлық теориялары Европа мен Америкада 19 ғ. аяғы мен 20 ғ. басында пайда болды. Оның мәні: адам психикасы биологиялық шартталған, яғни психикалық ерекшеліктер (жаңа құрылымдар, интеллектуалдық қабілеттер, мінез туа берілген болып табылады) және даму осы туа берілген қасиеттердің пісіп жетілуі болып келеді. Даму кезеңдерінің алмасуы, қандай да бір психикалық процестер мен қасиеттердің пайда болу тәртібі, олардың даму барысында жететін деңгейлері – бұлардың барлығы алдын ала туқым қуалау арқылы анық болып келеді, яғни туқым қуалаушылық биологиялық фактор ретінде, психикалық дамудың негізгі факторы ретінде қарастырылады.

Социлогизаторлық теорияларда, керісінше, психикалық дамудың жалғыз ғана критерийі әлеуметтік орта, сыртқы жадайлар болып табылады. Бала дүниеге келгенде «таза тақтайдай» болады, және де сыртқы жағдайлардың әсерінен адамға тән барлық психикалық сапалар дамиды.

Психикалық дамудың шарттары, бастаулары және қозғаушы күштері ұғымы. Баланың психикалық дамуының қозғаушы күштері проблемасын кеңестік те, шет елдік те психологтар қарастырған. Кеңестік психологтар үш негізгі ұғымды бөледі: 1) дамудың қажетті шарттары; 2) психикалық дамудың көзі; 3) психикалық дамудың қозғаушы күштері.

Бала психикасының дамуының қажетті шарттары деп келесі адамзаттық тектік ерекшеліктер қарастырылады: адамзат миы, адамзат дене мүшелері, адамға тән морфофизиологиялық факторлар және олардың жетілу ерекшеліктері.

Дүниеге келгенде бала өзгеше адамзаттық заттар дүниесіне тап болады. Осы оны қоршаған әлеуметтік орта бала дамуының потенциалды көзі болып табылады.

Баланың психикалық дамуы оның қоршаған ортаға биологиялық бейімделуі немесе теңесуі процеіс ретінде жүзеге аспайды, керісінше әлеуметтік тәжірибені иегру, процесі ретінде жүзеге асады. Белсенділік пен іс-әрекет – бұл баланың психикалық дамуының қозғаушы күші болып табылады.

Баланың психикалық дамуындағы іс-әрекеттің рөлі. Индивидтің қоғамдық-тарихи тәжірибені меңгеру процесі баланың белсенді іс-әрекеті барысында жүреді және бұл көрініс табады:

  1. Баланың қоршаған дүниеге деген қатынасының ерекшелігінен: бұл оған деген белсенді, әрекеттік қатынас, заттарды белсенді иегру, олармен әрекеттену тәсілдерін үйрену.

  2. Баланың айналасындағы балаларға деген қатынасының ерекшелігінен: бала өзінің айналасындағы адамдармен қарым-қатынас арқасында адам ретінде дамиды, бұл жерде тілді меңгеру елеулі мәнге ие. Үлкендерді балаларды тәрбиелей және оқыта отырып, оның іс-әрекетін ұйымдастырады және бағыт-бағдар береді. Олай болса, бала психикасының дамуының қозғаушы күші шындықты меңгерудегі оның үлкендермен бірлескен өз іс-әрекеті болып табылады.

Сонымен:

  1. баланың психикалық процестері алдын ала анықталмаған, дайын түрде берілмеген;

  2. бұл процестердің қалыптасуының өзі баланың заттық іс-әрекетінсіз мүмкін емес еді.

Жетекші іс-әрекет ұғымы (А.Н.Леонтьев, Д.Б.Эльконин). Баланың психикалық дамуы үшін, оның дамуының әр сатысы үшін жетекші болатын іс-әрекетке ерекше мән беріледі.

Жетекші іс-әрекеттің белгілері:

  1. Жетекші іс-әрекеттің астарында жоғарғы психикалық функциялар – танымдық процестер қалыптасады;

  2. Жетекші іс-әрекеттің астарында тұлғалық құрылымдар қалыптасады;

  3. Жетекші іс-әрекетке барлық басқа іс-әрекеттер бағынады (А.Н.Леонтьев);

  4. Жетекші іс-әрекет баланы дәл қазіргі кезеңде даму бастауы болып келетін орта элементтерімен байланыстырады;

  5. Жетекші іс-әрекетте дамудың берілген кезеңі үшін тән бала мен ересек адам қатынасы, ал ол арқылы- оның шындыққа деген қатынасы толықтай көрсетілген.

Оқыту мен даму проблемасы. Оқыту мен даму проблемасын бірқатар оқымыстылар қарастырған, оларды үш топқа біріктіруге болады:

  1. Бірінші тобы баланың даму процестерінің оқыту процестерінен тәуелсіздігі жайлы пікірді ұстанады. Оқытудың баланың белсенді дамуына қатысы жоқ, тіпті даму жетістіктерін пайдаланады. Даму циклдері әр қашанда оқыту циклдерінің алдында жүреді. Даму әр қашанда оқытудың алдында жүреді.

  2. Екінші топ осы екі процесті бір тұтас ретінде қарастырады және келесі түрде белгілейді: оқыту даму болып табылады.

  3. Оқымыстылардың үшінші тобы екі теорияны үйлестіруге талпынды: бір жағынан, даму процесі оқытуға тәуелсіз процес ретінде ұғынылады, екінші жағынан – оқытудың өзі дамуға тепе-тең. Зерттеушілердің үшінші тобындағы позитивті болып табылатындар:

а) екі қарама-қарсы көзқарастарды біріктіру;

б) екі негізгі процестердің өзара тәуелділігі, өзара әсер етуі идеясы;

в) баланың дамуы барысында оқытудың рөлін ұлғайту.

Л.С.Выготский осы теорияларды салыстырып, талдап және сынға ала отырып, ең маңыздысы ретінде мынаны анықтады: баланы оқыту мектептегі оқытудың алдында басталады. Мектептегі оқыту ешқашан да өз-өзіне басталып кетпейді, ал әр қашанда өз алдында бала дамуының белгілі бір сатысына ие. Мектептегі оқыту бала дамуының барысына қандай да бір жаңа нәрсені қосады. Оқыту мен даму ең алғаш рет мектеп джасында кездеспейді, бірақ іс-жүзінде баланың алғашқы күндерінен -ақ бір-бірімен байланысты.

Осылайша, екі сұрақ туындайды:

  1. Оқыту мен даму арасындағы жалпы қатынас;

  2. Осы қатынастың мектеп жасындағы спецификалық ерекшелігі қандай.

Берілген проблеманы шешу үшін Л.С.Выготский жаңа ұғымды енгізеді – «жақын даму аймағы». Дамудың екі деңгейін қарастыру қажет:

  1. Баланың өзекті даму деңгейіміндеттерді өз бетінше орындай алу қабілеті.

  2. Жақын даму деңгейі – баланың өзбетінше іс-әрекетінің өзекті деңгейі мен оның үлкендердің немесе неғұрлым тәжірибелі құрбылыстарының жетекшілігімен атқаратын өз бетінше іс-әркетінің потенциалды деңгейінің арасындағы қашықтық.

Ескі көз қараспен салыстырғанда жақын даму аймағы жайлы ілім келесі тезисті ұсынады: «Дамудан озып кететін оқыту ғана жақсы болып табылады».

Сонымен:

  1. Даму процестері оқыту процестерімен сәйкес келмейді. Даму процестері оқыту процесінің соңынан жүреді, ал оқыту процестері «жақын даму аймағын» құрайды.

  2. Оқыту процесі тікелей түрде бала дамуы барысымен байланысты болғанымен де, олар біркелкі және бірі-бірімен қосарласа жүрмейді.

Баланың жас ерекшелік дамуын түсіну үшін жас ерекшелік сезімталдық жайлы мәліметтер болады, яғни әр жас өз бетінше сипаттайтын қоршаған ортаға деген сезімталдық.

Сензитивті кезеңдер – бұл қандай да бір психикалық сапалардың даму үшін қолайлы жағдайларды анықтайтын кезеңдер.

    1. Психикалық дамуды кезеңдерге бөлу проблемасы


Берілген проблеманы талдау жас кезеңдерін бөлу үшін негіздерді анықтаудағы түрлі ықпалдарды қарастыруды ұйғарады. Бала дамуының кезеңдерінің барлық ұсынылған схемаларын Л.С. Выготский үш топқа бөледі:

  1. Бірінші топ биогенетикалық заңға негізделген, осыған сәйкес онтогенез қысқаша түрде филогенезді қайталайды (С.Холл).

  2. Ғалымдардың екінші тобы жас кезеңдеріне бөлудің критерийлері ретінде қандай- да бір белгіні алады. Кемшілігі, тек бір ғана критерий ұсынылады, және де бұл бір кезеңде көрсеткішті және мәнді болған белгі келесі кезеңде мәнділігін жоғалтады, себебі даму барысында бірінші кезекте тұрған нәрселер, екінші кезекке ығыстырылады.

  3. Үшінші топ: сипаттаушы принциптен бала дамуының өзінің мәнді ерекшеліктерін бөлуге ауысу. Бұл теорияның кемшілігі: олар дамудың эволюциялық концепциясына бағдарланады (дамуда ешқандай жаңа нәрсе пайда болмайды, мұнда тек о бастан берілген нәрселер ғана өсіп, ұлғаяды).

Л.С. Выготский дамуды өзін-өзі итермелеудің үздіксіз процесі ретінде анықтайды және де ол, ең алдымен, алдыңғы сатыларда болмаған жаңа нәрсенің пайда болуымен сипатталады. Әр жас кезеңін сипаттайтын бір тұтас критерий қажет. Бұл криетрий ретінде әр жастың мәнін сипаттайтын жаңа құрылым болады.

Екінші критерий – бір жастан екіншісіне өту динамикасын есепке алу. Динамиканы анықтауда ең маңыздысы тұлға мен оны қоршаған әлеуметтік орта арасындағы қатынастарды есепке алу болып табылады.


ІІІ. Бөлім. Онтогенездегі психикалық даму заңдылықтары

Глоссарий


«Жандану кешені» - анасын немесе басқа жақын адамды көргенде ерекше эмоционалдық реакция таныту: күлу, қозғалыс реакциялары, вокализация.

Қамту – бұл баланың заттарды қармап ұстап алуы.

Манипуляция – бұл баланың өз ыңғайына қарай заттармен әрекет жасауы.

Еңбектеу – бұл баланың алғашқы өз бетінше қозғалу түрі.

Ырықтылық - қандай да бір мақсат қою және оған саналы ерік –жігер күшімен жету.

Рефлексия – бұл өз әрекеттерін бағалай алу қабілеті, осы ерекшеліктерді басқалардың қалай бағалағанын саналы ұғыну, және де өз мінез-құлқын олардың реакциясын есепке ала отырып құру.

Өзін-өзі қадағалау – бұл өз әрекеттерін үлгімен салыстыру әрекеті.

Оқу іс-әрекеті: - 1) баланың бүкіл өмірлік қатынастар жүйесін анықтайды, қоршаған дүниеге және өзіне оқушыға деген жаңа позициясын қалыптастырады; 2) саналы ережелермен жүзеге асырылатын бұл іс-әрекет ырықтылықтың ары қарайғы дамуын талап етеді; 3) мектепке келгеннен кейін (Д.Б.Эльконин) оқыту типі де түбегейлі өзгереді (ғылыми ұғымдар жүйесін мегеру); 4) оқу іс-әрекетінің арқасында оқушының өзінің өзгеруі жүреді.

Дүниетаным – бұл дниеге деген көзқарас, болмыстың негіздері мен жалпы қағидалары жайлы пікірлер жүйесі, адамның дүниеге қатынасын білдіретін иланымдар жүйесі, оның құндылық бағдарлары.

    1. Нәрестелік және сәбилік кезеңдегі баланың психикалық дамуы.


Баланың дүниеге келуі алғашқы дағдарыс. Оның мәні: тұрақты ортада өісмдік тәрізді тіршіліктен бөлек автономды өмірге өту.

0-ден 2 айға дейін нәрестелік кезең жалғасады. Бұл адам өміріндегі жалғыз ғана биологиялық кезең, осы кезеңде бала әлі де болса әлеуметтік пенде емес, себебі жетекші іс-әрекет жоқ. Бала келесі шартсыз рефлекстермен дүниеге келеді:

1) ағзаның ішкі ортасын реттеуші (демалу, қанайналым);

2) тамақтану (сору, жұту);

3) қорғаныс рефлекстері (көзді жыпылықтату, түшкіру, жөтелу);

4) бағдарланушы (басын күшті тітіркендіргішке бұру);

5) қозғалыстық (қамту, жүзу, адымдау, еңбектеу).

Көптеген рефлекстер балаға өмір сүру үшін қажетті, себебі олар ортаға бейімделуді қамтамасыз етеді. Шартты рефлекстердің алғашқыларының бірі бала өмірінің 10 күнінде пайда болады – бұл тамақтандыруға деген рефлекс.

Танымдық дүниенің дамуы. Дүниеге келген кезде көру және есту анализаторлары толыққанды қалыптаспаған, бірақ қарқынды даму үстінде болады. 2-3 –ші аптада есту, 3-4-ші айда көру шоғырланады.

Эмоционалдық дүниенің дамуы. Үштен жеті аптаға дейінгі жаста балада «жандану кешені» пайда болады: анасын немесе басқа жақын адамды көргенде күлу, қозғалыс реакциялары, вокализация.

«Жандану кешені» балада алғашқы қарым-қатынасқа деген әлеуметтік қажеттіліктің пайда болғанын білдіреді. Берілген сапа – бұл баланың қалыпты психикалық дамуының алғашқы белгісі.

Сәбилік кезең (2-айдан 1 жасқа дейін).

Баланың физикалық дамуының негізгі жетістіктері:

  1. Қамту және манипуляциялау. Қамту – бұл заттарды қармап ұстап алу, манипуляциялау – бұл өз ыңғайына қарай заттармен әрекет жасау. Қамты мен манипуляцияның рөлі – бұл жаңа жетекші іс-әрекет – заттық-қарулық іс-әретке дайындалу.

  2. Еңбектеу – бұл баланың алғашқы өз бетінше қозғалу түрі; оның рөлі- жаңа әсерлерді қамтамасыз ету.

Дамудың әлеуметтік жағдайы - үлкендерге толықтай тәуелділік, ол баланың органикалық қажеттіліктері мен жаңа әсерлерге деген қажеттіліктерін қанағаттандырады.

Сәбидің жаңа құрылымы- қарым-қатынасқа деге қажеттілік.

Жетекші іс-әрекет - эмоциялар, мимика көмегімен эмоционалды, тікелей қарым-қатынас.

Эмоционалды қарым-қатынастың тапшылығы «госпитализм» құбылысына әкеледі, яғни психикалық және физикалық дамудың тежелуіне.

Танымдық дүниенің дамуы. Көру және есту түйсіктері қарқынды қалыптасады (3-тен 4 айға дейін). Көру қабылдауы шамамен 11 айда пайда болады. Ес ырықсыз және келесі түрлері басым болады: эмоционалды және қозғалыстық. Зейін ырықсыз. 1 жылдың аяғына таман көркем-әрекеттік ойлаудың алғашқы белгілері байқалады.

Сөйлеу пассивті. 7-8 айда тілді түсіне бастайды. 1 жаста оның пассивті сөз қоры 50 сөзден тұрады. 8 айда, көбінесе 1 жаста сөйлей бастайды, сөз қоры 2-15 сөзден тұрады.

Эмоционалдық дүниенің дамуы. 1 жас дағдарысы. Дағдарыстың мәні: баланың тікелей-эмоционалдық қарым-қатынастан жаңа жетекші іс-әрекетке – заттық-қарулық іс-әрекетке өтуі. Дағдарыстың көріністері: баланың теріс эмоционалдық реакциялары.

    1. Ерте балалық шақ (1-3 ж.).


Физикалық дамудың негізгі жетістіктері:

  1. заттық әрекет, яғни бала заттарды мағынасына сай пайдаланады;

  2. тік жүру, өз бетіншелік артады және қолдары босайды.

Дамудың әлеуметтік жағдайы. Үлкендерге тәуелділік сақталады, олар балаға заттарды қолдану тәсілдерін ашады.

Осы жастағы жаңа құрылым. Сөйлеу. Көркем-әрекеттік ойлау. Сөйлеу- активті және пассивті. Активті сөйлеудің дамуы келесі заңдылыққа сүйенеді: 1,5 жасқа дейін тіл баяу дамиды. Бала 30-40- тан 100 сөзге дейін игереді. Оларды сирек пайдаланады. 1,5 жастан кейін бала бастамашыл бола бастайды. 2 жасқа келгенде оның сөз қоры 300 сөзге дейін ұлғаяды. 3 жасқа келгенде 300-ден 1,5 мың сөзге дейін ұлғаяды.

Жетекші іс-әрекет. Заттық –қарулық іс-әрекет, осы іс-әрекет процесінде заттарды қолданудың қоғамдық өндірілген тәсілдерін игеру жүзеге асады.

Танымдық дүниенің дамуы. Қабылдау. Балада 1 жаста заттық қабылдау қалыптасады, бірақ тым шала түрде. Екі жасқа көшкен бала әлі де болса заттардың қасиеттерін анықтай алмйды, ал заттардың өзі айқын белгілерімен танылады. Үшінші жылда бала форманы, көлемді, түсті анықтай алады, үлгі бойынша көзше таңдау жасай алады. Сондықтан баланы негізгі түстермен, формалармен, көлемі бойынша заттардың арақатынастарымен таныстыру қажет. 3 жастағы бала 5-6 форма мен 8 түс жайлы елестетулерді игере алады.

Есту қабылдауы қарқынды дамиды. Зейін ырықсыз. Зейіннің көлемі аз. Ес ырықсыз. Негізгі рөлді қайталау ойнайды. Қозғалыстық ес басым. 1 –ден 3 жасқа дейінгі баланың ақыл-ойын тәрбиелеу, баланы заттармен әрекетті ұйымдастыру арқылы қоршаған дүниемен таныстыру болып табылады.

Эмоционалдық дүниенің дамуы. Тұлға қалыптасуының алғышарттарының, балада өзі туралы пікірдің қалыптасуы - өзіндік сана, өз «менін» саналы ұғыну.

Мінез-құлық жағдайға байланысты болып табылады, яғни бала дәл қазіргі сәтте пайда болған сезімдер мен тілектер әсерімен әрекеттенеді.

1-ден 3 жасқа дейін адамгершіліктік сезімдердің алғашқы нышандары қалыптаса бастайды: симпатия, эмпатия.

3 жас дағдарысы. Мәні: баланың өз бетіншелігін танытуы. Дағдарыстың байқалуы: қырсықтық, негативизм.


    1. Мектепке дейінгі жастағы балалық шақ (3-тен 6-7ж.)


Анотомо-физиологиялық ерекшеліктері. Ағзаның дамуы жалғасады, бойы, салмағы, көлемі ұлғая түседі, сүйек-бұлшық ет жүйесі қатаяды, координация жақсарады, тежеу процестері күшейеді.

Дамудың әлеуметтік жағдайы. Бала тұлғасының қалыптасуы оның үлкендермен және қатарластарымен қарым-қатынасымен анықталады.

3-4 жаста қарым-қатынас танымдық сипатта болады. Мектепке дейінгі жастың аяғында – тұлғалық сипатта, яғни бала үлкендермен өз қылықтары мен мотивтерін талқылайды.

Осы жастың жаңа құрылымы. Қоғамдық –мәнді және қоғамдық құнды іс-әрекетке деген қажетілік.

Жетекші іс-әрекет. Рөлдік-желістік ойын, мұнда бала өзіне қандай да бір рөлді алады. Бала адамзаттық қатынастар мәнін меңгереді.

Баланың психикалық дамуында ойынның рөлі. Ойын жалпы психикалық процестер мен мінез-құлықтың ырықтылығының қалыптасуына ықпал етеді. Ойын таным саласының дамуын ынталадырады, ойында ойлау мен тіл, эмоционалды сала дамиды, қарым-қатынас дағдылары қалыптасады.

Мектепке дейінгі жастағы баланың ақыл-ойын тәрбиелеу, ойынның, ырықты естің және зейіннің дамуына бағдарлануы тиіс.

Тұлға дамуы. Мектепке дейінгі жас тұлға дамуының алғашқы сатысы болып таыблады.

  1. Мотивтердің үйлесімділігі байқалады. Егер бір жастан асқан баланың мінез-құлқы жағдайға байланысты болса, онда мектепке дейінгі жастағы баланың қылықтары жеткілікті түрде саналы мотивтермен бағытталады – мақтау алу мотиві, өзін-өзі нығайту мотиві, қоғамдық мотив- бұл басқа ададар үшін бір нәрсе жасау тілегі. Осы жас кезеңінің барысында осы мотивтердің иерархиясы қалыптасады.

  2. Мінез-құлықтың адамгерішілктің нормаларвн иегру.

  3. Мінез-құлық ырықтылығының ұлғаюы.

Балалардың мектепте оқуға психологиялық дайындығы.

А.Анастазии: Мектептік кемелділік – бұл мектептік бағдарламаны табысты меңгеру үшін қажетті ептіліктерді, білімдерді, қабілеттіліктерді, мотивацияны және т.б. игеру.

И.Шванцара: Мектептік кемелділік – бұл даму дәрежесіне жету, яғни баланың мектептегі оқытуға қатысуға қабілетті болуы.

Л.И.Божович: Мектепте оқуға дайындық, ойлау іс-әрекетінің дамуының, өзінің танымдық іс-әрекетін ырықты зерттеуге және оқушының әлеуметтік позициясына дайындықтың белгілі бір деңгейінен тұрады.

Мектепте оқуға дайындық – көп компонентті құрылым және де кешенді психологиялық зерттеуді талап етеді.

Психологиялық дайындық құрылымында келесі компоненттерді бөледі:

  1. Тұлғалық;

  2. Интеллектуалдылық;

  3. Әлеуметтік.

Тұлғалық дайындық балада жаңа әлеуметтік позицияның өзгеруіне дайындығын қамтиды- құқықтар мен жауапкершіліктері бар оқушы мүддесі. Осы тұлғалық дайындық баланың мектепке, оқу іс-әрекетіне, мұғалімдерге, өз өзіне деген қатынасынан көрінеді. Тұлғалық дайындыққа мотивациялық және эмоционалдық салалардың дамуының белгілі бір деңгейі жатады.

Интеллектуалды дайындық балада ой-өрістің, нақты білімдер қорының болуын ұйғарады. Балада біртекті бөлшектенген қабылдау, аналитикалық ойлау, логикалық есте сақтау, ырықты сөйлеу болуы тиіс.

Әлеуметтік дайындық балада басқа балалармен, оқушылармен қарым-қатынас жасау үшін қажетті сапалардың болуын қамтиды. Берілген компонент балада қарым-қатынасқа деген қажеттіліктің, балалар тобының мүддесі мен нормаларына бағыну ептілігінің дамуын ұйғарады.

    1. Кіші мектеп жасы (6-7 ден 10-11 ж.)


Анотомо-физиологиялық даму. Осы кезеңде оқушы ағзасының анотомо-физиологиялық құрылысындағымәнді өзгерістер қалыпты және біркелкі жүреді. Дене өсуімен қатар сүйек қаңқасының қалыптасуы да жүреді. Дененің ірі бұлшық еттері кішілеріне қарағанда бұрын дамиды, сондықтан да осы жастағы оқушылар үшін нәзік және нақты қозғалыстарды орындау қиын. Қол фалангілерінің сүйектенуі шамамен осы кезеңнің соңына қарай аяқталады, сондықтан балалар жазба жұмыстарынан тез шаршайды, ұқыпты жазу олар үшін қиындайды.

Дамудың әлеуметтік жағдайы. Дамудың әлеуметтік жағдайының өзгерістері келесідей:

  1. Баланың қоғамдық қатынастар жүйесіндегі орны өзгереді. Бала қаперсіз балалық шақтан жаңа нормативтілік дүниесіне өтеді.

  2. Үлкендермен қатынас типі өзгереді, симпатия-антипатия типінен талап қою қатынасына.

  3. Қатарластарымен қатынас типі өзгереді. Баланың қатарластырының ортасындағы жағдайы енді оның алған бағаларымен анықталады.

Осы кезеңдегі жаңа құрылымдар.

  1. Психикалық процестердің ырықтылығы. Ырықтылық қандай да бір мақсат қоюды және оған саналы ерік –жігер күшімен жетуді ұйғарады. Мектеп жасының аяғында ырықты қабылдау, ес, зейін, қиял ұлғаяды;

  2. Әрекеттердің ішкі жоспары («ойша» әрекеттену). Бала өз әрекеттерінің неғұрлым көп қадамдарын болжай алса, соғұрлым ол міндеттерді іс-жүзінде табысты қадағалай алады;

  3. Рефлексия – бұл өз әрекеттерін бағалай алу қабілеті, осы ерекшеліктерд басқалардың қалай бағалағанын саналы ұғыну, және де өз мінез-құлқын олардың реакциясын есепке ала отырып құру.

  4. Өзін-өзі қадағалау – бұл өз әрекеттерін үлгімен салыстыру әрекеті.

Жетекші іс-әрекет. Кіші мектеп жасында жетекші іс-әрекет оқу іс-әрекеті болып табылады. Оқу іс-әрекеті: 1) баланың бүкіл өмірлік қатынастар жүйесін анықтайды, қоршаған дүниеге және өзіне оқушыға деген жаңа позициясын қалыптастырады; 2) саналы ережелермен жүзеге асырылатын бұл іс-әрекет ырықтылықтың ары қарайғы дамуын талап етеді; 3) мектепке келгеннен кейін (Д.Б.Эльконин) оқыту типі де түбегейлі өзгереді (ғылыми ұғымдар жүйесін мегеру); 4) оқу іс-әрекетінің арқасында оқушының өзінің өзгеруі жүреді.


    1. Жеткіншек жас (10-11-ден 14-15 ж.)



Анотомо-физиологиялық ерекшеліктер. Орта мектеп жасы –жеткіншек жас - баланың барлық жағынан күрт өзгеріп, қарқынды даму кезеңі болып табылады. Бұл кезеңді балалықтан үлкендер күйіне өтудің өтпелі кезеңі деп есептейді. Жеткіншек жастағы физикалық дамудың ең маңызды факторы жыныстық жетілу болып табылады. Ол қыз балаларда 11-12 жаста басталып, 12-14 ж. аяқталады. Ұл балаларда 12-13 тен 15-16 ж. дейін. Осы жерде индивидуалдылық аралық айырмашылықтың өте зор екенін есепке ала кету жөн.

Дамудың әлеуметтік жағдайы. Жеткіншек өзара қатынастардың жаңа жүйесіне енеді – қатарластарымен және үлкендермен қарым-қатынас. Оқу формаларының күрделенуіне, пәндердің дифференциациясына байланысты жеткіншектің жағдайы да өзгереді. Жеткіншек көптеген мұғалімдермен қатынас орнауты, олардың тұлғалық ерекшеліктерін мен талаптарын есепке алуы тиіс.

Жеткіншектің дамуының әлеуметтік жағдайының өзгеруінде маңызы рөлді түрлі ұжымдар атқарады. Бірінші кезекте өз талаптарын қоятын сынып ұжымы тұрады. Дәл осы ұжым арқылы жеткіншектің қарым-қатынас саласы кеңейеді, ұжымның арқасында іс-әрекет пен мінез-құлықтың белгілі бір мотивтері қалыптасады. Дос-жолдастың құндылығы арта түседі, жеткіншек қатынастардың жаңа жүйесіне енеді, қатарластарымен қарым-қатынасқа деген және өзін нығайтуға деген қажеттілік пайда болады.

Осы кезеңдегі жаңа құрылымдар. Негізгі жаңа құрылымдар қоғамдық-пайдалы іс-әрекетпен байланысты. Дәл осы іс-әрекет жеткіншектің қатарластарымен қарым-қатынасқа деген қажеттілігін қанағаттандырады.

Осы кезеңнің негізгі психологиялық жаңа құрылымдарының бірі ересектік сезімі, ересек болып саналуға деген қажеттілік, ұжымды ерекше орынға ие болуға ұмтылу болып табылады.

Жеткіншек жас моралдық нормалардың қалыптасуы, тұлғаның моралдық санасының ұлғаюы үші сензитивті болып келеді.

Жеткіншектің психикалық дамуы тұлғаның өзіндік сана сияқты жаңа құрылымымен байланысты. Өзінің тұлғалық сапаларын танып білу досытқ қатынас орнатуға көмектеседі. Басқаларға қарай отырып, өзінде таниды. Басқа адамның ішкі дүниесіне деген қызығушылық пайда болады.

Өзін-өзі бағалау жеткіншектің басқа адамдармен қарым-қатынас жасау процесінде қалыптасады. Егер бағалау тек ғана адекватты емес, сондай-ақ мақұлдаушы болса, онда адекватты өзін-өзі бағалау қалыптасады.

Оқу іс-әрекеті жеткіншек үшін негізгі іс-әрекет түрі болып қалады.


    1. Жасөспірім шақ (15-16 дан 20 ж.)


Анотомо-физиологиялық ерекшеліктер. Оқушылардың мектептік өмірінің соңғы сатысы жоғарғы сыныптық оқушы кезеңі болып табылады. Осы кезеңде оның физикалық сапалары біркелі, бірақ елеулі дамиды. Бойдың өсуі баялауйды, ал дене массасы ұлғаяды. Мускулатура және бұлшық еттік күш тез өседі және үлкен адам күйіне жетеді. Физикалық тұрғыдан жоғарғы сынып оқушылары кез-келген физикалық және ақыл-ой жұмысына дайын.

Дамудың әлеуметтік жағдайы. Ерте жас өспірім шақтың негізгі ерекшеліктерінің бірі – бұл маңызды кісілердің алмасуы және үлкендермен өзара қатынастарды қайта құру.

Мұғалімдер және оқушылармен қатынастары неғұрлым күрделі және дифференцияциаланған болып келеді. Жоғарғы сынып оқушысы үшін идеалды мұғалім – бұл түсінуге, эмпатияға қабілеттілік, кәсіби біліктілік; мұғалімнің бойынан дос-жолдасты көргісі келеді.

Дамудың әлеуметтік жағдайының ерекшелігі ата-ана және мұғалімдермен қарым-қатынасты тепе-тең, тең құқықтық деңгейге қайта бағдарлау.

Жоғарғы сынып оқушысы үшін қатарластарымен қарым-қатынас:

  1. Ақпараттың маңызды арнасы. Соның арқасында боз балалар мен қыздар, қандай да бір себеппен оларға үлкендер айтпайтын нәрселерді біледі.

  2. Тұлға аралық қатынастардың өзгеше түрі. Әлеуметтік өзара әрекеттесу дағдылары, өз құқықтарын сақтап қалу мүмкіндігі өндіріледі.

  3. Эмоционалдық байланыстың өзгеше түрі.

Осы кезеңдегі жаңа құрылым. Психологиялық жаңа құрылым дүние танымның қалыптасуы, өз бетінше пайымдау, адамның моралдық келбетіне жоғары талап қою, өзін-өіз бағалаудың қалыптасқандығы, өзін-өіз тәрбиелеуге ұмтылу болып табылады. Дүние таным – бұл дниеге деген көзқарас, болмыстың негіздері мен жалпы қағидалары жайлы пікірлер жүйесі, адамның дүниеге қатынасын білдіретін иланымдар жүйесі, оның құндылық бағдарлары.

Ерте жастық шақта даралық интимдік достыққа деген қажеттілік ұлғая түседі.

Жетекші іс-әрекет. Жоғарғы сыныпта жетекші іс-әрекет – оқу-кәсіби іс-әрекет болып табылады. Жас сөпірім үшін оқу ең алдымен болашақ кәсіби іс-әрекетіне дайындық құралы ретіндегі мәнге ие болады.

Жас өспірім шақта психикалық процестер негізінен толыққанды ырықты ретінде қалыптасқан.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Жас ерекшелік психологиясы

Автор: Құлшаева Гүлдана Тасқынбайқызы

Дата: 15.08.2020

Номер свидетельства: 555782

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(98) "Мероприятия: "Қиын балалар және олардың психологиясы""
    ["seo_title"] => string(59) "mieropriiatiia_k_iyn_balalar_zh_nie_olardyn_psikhologhiiasy"
    ["file_id"] => string(6) "392611"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1487261063"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(121) ""БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ" мақала"
    ["seo_title"] => string(73) "bastauysh_synyp_ok_ushylarynyn_psikhologiialyk_ieriekshieliktieri_mak_ala"
    ["file_id"] => string(6) "437886"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1510209077"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(127) "Мектеп психологиясы п?нінен ашы? саба? "психологты? ?стаздармен ж?мысы""
    ["seo_title"] => string(72) "miektieppsikhologhiiasypninienashyksabakpsikhologhtynustazdarmienzhumysy"
    ["file_id"] => string(6) "278003"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1453029547"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(71) "О?ушылар?а психологиялы? ?ызмет к?рсету "
    ["seo_title"] => string(48) "ok-ushylarg-a-psikhologhiialyk-k-yzmiet-korsietu"
    ["file_id"] => string(6) "246050"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1446287127"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(103) "Баяндама: "Т?ЛІКТЕРГЕ Ж?НЕ АТА-АНАЛАРЫНА ПСИХОЛОГ КЕ?ЕСІ" "
    ["seo_title"] => string(63) "baiandama-tuliktiergie-zh-nie-ata-analaryna-psikholog-kien-iesi"
    ["file_id"] => string(6) "197579"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1428256944"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства