Мұғалім – тәуелсіз мемлекетіміздің болашағын қалап жатқан маман. Өйткені ел болашағының кілті – бүгінгі жас ұрпақтың қолында. Жас ұрпақтың тағдыры олардың бойына білім мен ізгілік нұрын себуші – ұстаздың қолдында. Тек жоғары сауатты, дарынды, дана әрі отансүйгіш мұғалім ғана лайықты ұрпақ тәрбиелеп шыға алады
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Жарқын болашақ иесі-бүгінгі жас маман»
«Жарқын болашақ иесі – бүгінгі жас маман»
Талдықорған қаласы, К.Ушинский атындағы № 7орта мектеп Педагог-психолог:Ергалиева Мария Бейсенбековна
Мақсаты: Жас мамандарға көмек көрсету және ұжымда жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру; қарым-қатынас дағдыларын дамыту.
Психолог: Құрметті ұстаздар!
«Мұғалім – тәуелсіз мемлекетіміздің болашағын қалап жатқан маман. Өйткені ел болашағының кілті – бүгінгі жас ұрпақтың қолында. Жас ұрпақтың тағдыры олардың бойына білім мен ізгілік нұрын себуші – ұстаздың қолдында. Тек жоғары сауатты , дарынды, дана әрі отансүйгіш мұғалім ғана лайықты ұрпақ тәрбиелеп шыға алады.» - деп Елбасы атап көрсеткен болатын. Осыдан бірер жыл бұрын еліміздегі мұғалімдердің орташа жасы 45 жас болып, мұғалімдікке жас талапкерлерді тарту қоғамның өзекті мәселесіне айналған еді. Осы орайда ұстаздықты жүрек қалауымен таңдап, жоғары және орта арнаулы оқу орындарын ойдағыдай аяқтап, ортамызға келіп еңбек жолын жаңа ғана бастап жатқан жас мамандарға қадамдарың құтты, еңбек жолдарын сәтті болсын деген тілектестігімді білдіре отырып, бүгінгі «Жарқын болашақ иесі – бүгінгі жас маман» психологиялық тренингіне қош келдіңіздер деймін!
Нақыл сөздер: «Жас келсе іске», «Жас маман! Әрбір бала – бір жұлдыз. Жарқырауына көмектес!»
І жаттығу. Зейінді зерттеп зерделе «Мюнстерберг» әдістемесі
Бұл әдістеме зейіннің таңдамалылығын анықтауға бағытталады.
Нұсқау:Көптеген әріптердің арасында тұтас сөздер бар. Сіз тез оқи отырып, сол сөздердің астын сызуыңыз керек. Жұмыс уақыты-2 минут. Табылып сатын сызған сөздер саны қатеге байланысты бағаланады. Зерттелуші тапсырманы орындап болғаннан кейін нәтижесі есептелініп хабарланады. Аашпгоппартаивнртерезевнаапташыопккарталыгксағатлыгсабақоыгборпыаукесікрвнбасбалдақинакпотақтагыеоқушыоанмұғалімрыгадиректорвпыкуқызметкерапецуранлвгкдәптершввр
ІІ жаттығу: «Кездесу»
Ортаға 8 адам шығады. 4 – 4-тен бөлініп, екі шеңбер құрады. Бірінші шеңбер іште, екі шеңбер құрады. Бірінші шеңбер іште, ал екінші шеңбер сыртында тұрады. Музыка қосылған кезде екі шеңберде тұрған адамдар қол ұстасып айналады. Музыка тоқтаған кезде жүргізуші сұрақтар қояды. Қойылған сұраққа екі шеңберде берпе-бет тұрған адамдар жауап береді. Музыка қосылып шеңбердегі адамдар қос ұстасып айналып, музыка тоқтаған кезде тағы да сұрақтарға жауап береді. Осылайша тренинг жалғасады.
Қойылатын сұрақтар:
Аты-жөні, туған жылы сұралады.
Бірінші сыныпқа қай жылы барды?
Қалай еркелеткен ұнайды?
Аяқ киімінің өлшемі?
Ашуланған кезде қандай сөз аузыңызға түседі?
Өзіңізге сәттілк әклетін ұнайтын сан?
Ең алғашқы ұстазының есімі?
Өмірде алға қойған мақсаты?
Қорытынды кезінде әрбір тренингке қатысушы өзіне кездескен адам туралы мәліметтерді ортаға шығып айтады.
Егер күн дәл ортасына – жастық шағы қызықты, ал шығысқа салынса – балалық шағы қызықты, батысқа салынса – кәрілік шағы қызықты
Тау дөңгелек салынса – мінезі жұмсақ, мейірімді, сенгіш. Егер тау ұшты болса, өкпелегіш, тік мінезді адам. Егер аралас салынса – басында қар болса, өзгермелі адам;
Үй – суретте ағаш үй салынса, арманы орындалады. Егер бір терезе салынған болса, өзіне жақын бір адам туралы көп ойланады. Егер бірнеше терезе болса және жапқыштары болса, ол тұйық, сақ адам. Үйдің төбесінде мұржасы болса, түтін шығып жатса, әңгімеге жақын, өсекқұмар адам.
Ағаш – біреу болса, өзінің жолдасына ұнайды. Егер бірнешеу болса, балаларды жақсы көреді, оларға уақыт бөліп, көп көңіл аударады. Қоршаған әлемді сүйеді, қанша мықты әдемі салынса, сұлулыққа соншалықты құштар;
Қапшық қалта қаншалықты үйге жақын жатса, байлық та жақын. Керісінше болса, бәрі керісінше. Егер қапшық аузы байлаулы болса сараңдық. Қапшық жерде жатса жалқау, тік тұрса еңбекқор адам:
Жол – үйге жақын жатса — жолы жеңіл, алыс болса керісінше. Егер жол үйдің есігінен шықса, тапқан табысын үйге әкелетін, ал керісінше болса шашпа, айналасына тарататын адам;
Сақина – көзсіз болса қонақ қабылдағанды, қонақ щақырғанды ұнатады. Көзі болса, болашақты ойлайды, капитал жинайды. Неке жүзігі – мықты отбасын білдіреді.
Гүл – үйге жақын болса, қуаныш, той болады, үйдің жиегінде болса – қызықты күндерің алыста.
Жылан – үйден алыс салынса – жаулары алыс, егер жақын салынса көре алмаушылар айналаңда болғаны. Суретте не үлкен салынса сенің өмірің үшін маңызы зор.