kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Татулығы жарасқан отбасы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Татулығы жарасқан отбасы

(семинар-тренинг)

Тақырыбы: «Татулығы жарасқан отбасы»
Мақсаты: Отбасы туралы түсініктерін кеңейту. Отбасылық, туыстық қарым – қатынастың мәнін түсіндіру

Түрі: семинар-тренинг

Сабақтың көрнекілігі: нақыл сөздер, суреттер

Кезеңдері:

1.Ұйымдастыру

2.Тәрбиешінің кіріспе сөзі

3.Тыныштық сәті

4. Дидактикалық ойын

5. Топтық жұмыс

6.Сергіту сәті

7. Қорытынды.

Сабақ барысы:
Тапсырмалар мен жаттығулар:
І. Ұйымдастыру кезеңі
«Шаттық шеңбері» әдісімен бір – біріне әдемі тілек айтады

ІІ.Тәрбиеші сөзі: Құрметті қонақтар біздің «Татулығы жарасқан отбасы» атты семинар-тренингке қош келдіңіздер!Атақты қазақ ақыны Қ.Аманжолов өзінің бір өлеңінде:
«Отбасы - шағын мемлекет,Мен – президент,сен-премьер»деген екен.Шынында,отбасы – ол да бір шағын мемлекет.Отбасының қос шынары бар.Олар- Алатаудай Әке,мейірімді ана.Әке – береке,өнеге,даналықтың қайнар көзі,қасиетті ісімен сыйластық,құрмет басы.Ана - біздің қамқорымыз,көл-көсір астық тұтқасы.Ананы сыйлау- елді сыйлау,өмірді құрметтеу.Сондықтан біздің борышымыз үлкендерді, отбасымызды  сыйлау,құрметтеу.
Құрметті жиналғани ата – аналар!Бүгінгі семинар-треингке қош келдіңіздер!

ІІІ. Тыныштық сәті!
Баяу музыка ойнап тұрады.
- Ата-аналар бір сәтке көздерін жұмып, көз алдыларына отбасын, балаларын елестетіп, балаларының қызықты сәттерін елестетіп көріңіздер. Балаларымыз, отбасымыз, туған үйіміз сондай ыстық. Ал енді көздеріңізді жаймен ашыңыздар. Іштеріңізден «Менің отбасым керемет!» деп 3 рет қайталаңыз. Қандай сезімде болдыңыздар?
ІV. Дидактикалық ойын «Менің отбасым»
Ата-аналар шеңберге тұрып, допты бір – біріне лақтырып, отбасы жайлы жақсы сөздер айтады.
- Менің отбасым бар тату, әдемі, бақытты.
- Менің отбасым үлкен, әдепті, қамқор
- Менің отбасым ыстық, ақкөңіл, сүйкімді.

Тәрбиеші сөзі: Отбасы- сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасы—адам баласының алтын діңгегі, тұлғалық негізі қаланған өмір сүру және даму ортасы. Отбасы адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы-ата-ана. Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі-ата-ана. Әке тірек, ана-жүрек, бала-тілек. Осы бір ғажап тұжырым әке, ана, бала отбасы ошағының үш тағаны іспеттес. Біздің еліміздің күнтізбесіне тағы бір жақсы мереке қосылды. Ол 8-қыркүйек Отбасы күні. Осы мерекеге орай сарайымызда әртүрлі іс-шаралар өтуде.

V. Топтық жұмыс: «Білімдіден шыққан сөз,талаптыға болсын кез».(карточкалық сұрақтарға жауап беру).(5-6 мин).

Құрметті ата-аналар сіздер өз қалауларыңыз бойынша бір түсті таңдап,сол карточканың соңында сұрақтар берілген,соған жауап бересіздер.(әр топқа       4сұрақтан).Сіздерге уақыт 5-6 мин.
Келесі кезекті әсем күйге береміз.
Көк түстегі сұрақтар:
1.Қасиетті,киелі,құтты мүлік,сәбидің алтын ұясы (бесік).
2.Отыз омыртқа,қырық қабырға,ауыз омыртқа(киіз үй)
3.Жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын той(шілдехана).
4. Үш байлық не? ( денсаулық, ақ жаулық, он саулық)
Сары түстегі сұрақтар:
1.Ұзатылған қызға берілетін дүние-мүлік (жасау)
2.Ұлттық бас киім түрлерін атаңыз? (тақия,сәукеле, орамал,кимешек, бөрік, тұмақ,малақай).
3.Дүниеде не тәтті,не жұмсақ,не қатты?(ананың сүті тәтті,қолы жұмсақ,әкенің жүрегі қатты).
4.Бес асыл(талап,еңбек,терең ой,қанағат,рақым).
Жасыл түстегі сұрақтар:
1.Үш арсызды атап беріңіз (ұйқы,күлкі,тамақ)
2. Ата- ананың бас қуанышы кім ? (бала)
3.Жеті атаны атап беріңіз(әке,бала,немере,шөбере,шөпшек,немене,туажат)
4.Үш жүз (ұлы,орта,кіші жүз)
Ақшыл қызыл түстегі сұрақтар:
1.Тілі бар үні жоқ,
Өзіне адам түсінген.
Жүрегі бар да қаны жоқ
Сөйлеп тұрған ішінен (кітап).
2.Бір үйде әкесі баласымен және атасы немересімен отыр.
Осы үйде неше адам отыр?(үйде 3 адам.әкесі,баласы.немересі)
3.Қазақ ұзынсары деп қай жыл мезгілін айтады?(көктем).
4. Әке жолы - ұлына не болады? ( мақтаныш)

Қызыл түстегі сұрақтар:
1.Сүттен жасалған ұлттық тағамдарды ата?
(қымыз,шұбат,қатық,айран,құрт,ірімшік,сары май т.б)
2.Қазақтың ұлттық ойындарын атаңыз?(көкпар,алтыбақан,тоғызқұмалақ, ақсүйек,күрес,аударыспақ т.б).
3.Бес дұшпан(өсек,өтірік,мақтаншақ,еріншек,малшашпақ).
4. Ата - байтерек, ана -…. ?  (шанырақ)


VI. Сергіту сәті: «Джунглидегі жаңбыр»

Мақсаты:  Иық. мойын, омыртқа  аймақтарындағы бұлшық еттің жирылуын жою, босаңсу, шаршағанды басу.

         Нұсқау:  Тар шеңбер құрамыз. Джунгли ну орманындамыз деп ойлаймыз. Ауа райы бастапқыда  өте керемет болады. Күн көтерілгенде өте ыстық, ауа  қапырық болды. Бір мезетте жеңіл самал жел соқты. Алдынызда тұрған адамның арқасына  қолынызбен жеңіл қимылдар жасаңыз. Жел күшейе түседі. (арқаға батырынқырайтын кимылдар жасалады) Құйын  басталады (күшті айналыс қозғалыстарын жасаңдар).Содан  кейін  жәй жаңбыр сіркірейді ( көршіңнің арқасын саусақтарынмен түртесің). Нөсер жауын басталады (жоғары төмен алақан, саусақтармен сипайсың). Бұршақ аралас жауын жауа бастады         ( барлық саусақтарынызбен түртесіз). Содан кейін қайтадан нөсер жауын, жай жаңбыр, одан кейін күн ашылады. 

Енді 180 градусқа бұрылып,жаттығуды қайталаймыз.

VIІ. «Тәлім-тәрбие және шеберлік» кезеңі (отбасы өміріне,бала тәрбиесіне байланысты әр түрлі жағдаяттарды отбасының ата-аналары ұтымды шеше біліп,жауабын айтады.  (5-6 мин)ойланып жауап беруге
Жағдаяттар (ата-ана үшін)

Қызыл түстегі
1-жағдаяттар: «Балаңыз ұялы телефон алып бер деп жылады. Сіз: «Шамалы шыдай тұр, уақытында алып беремін» - дедіңіз. Балаңыз тыңдамай есікті тарс жауып кетіп қалды. Сіздің әрекетіңіз?»
Көк түстегі
1-жағдаяттар: «Балаңыз түнімен теледидар көріп, ұйқысы қанбай қалды. Балаңыз: «Басым ауырып тұр, балабақшаға бармай – ақ қояйыншы», - деді. Сіздің әрекетіңіз?
Ақшыл түстегі
1-жағдаяттар: Кейбір ата-аналардың баласының әрбір істеген іс-әрекетіне көңілі толмай: «Сен сала алмайсың, сен істей алмайсың», - деп айтып жататынын байқаймыз. Бала іс-әрекетіне теріс баға берудегі сіздің әрекетіңіз?
Жасыл түстегі
1.Ата-ана баланың пікірімен санаспай өз бетінше шешім қабылдауға құқыңыз бар ма?(өз ойыңыз,пікіріңіз).
VIІI. «Отбасы ағашы» психологиялық мінездеме беріледі (слайд)

Тамырды таңдағандар – істің нәтижесіне мән беретіндер. 

Діңін таңдағандар – берік, мықты біреуге тірек бола алатындар 

Жапырақ таңдағандар – сұлулықты, әсемдікті, ұқыптылықты қалайтындар 


 ІХ.«Жүректен – жүрекке».Шеңберге тұрып, ата-аналар  бір – біріне жылы тілектерін айтады. (жүрекшемен)

Қорытынды: «Кездескенше» жаттығуы

Шарты: барлығымыз шеңбер құрып тұрамыз. Менің қолымда кішкентай жіп бар. Ол сіздерге жылу, қуаныш, табыс, бақыт, сүйіспеншілік сыйлайды. Сіздер оны бір-бірлеріңізге беріп, тренингтен алған әсерлеріңіз туралы пікір білдіріп, осымен бірге, әріптесіңіздің атына өз тілегіңізді айтасыз.

 «Отбасы ағашы»-на өз ойларыңызды, тілектеріңізді жазып жабыстырыңыздар. (стикермен)

Қорытынды: Бүгінгі «Татулығы жарасқан отбасы» семинар-тренингіміз аяқталды. Қатысқандарыңызға көп рахмет! Осылай өмірде белсенді, қуанышты болыңыздар! Отбасыларыңыз аман болсын, ынтымақты отбасы болыңыздар! Қызықты сәттеріңіз мол болсын!


 


 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Татулығы жарасқан отбасы»

Татулығы жарасқан отбасы

(семинар-тренинг)

Тақырыбы: «Татулығы жарасқан отбасы»
Мақсаты: Отбасы туралы түсініктерін кеңейту. Отбасылық, туыстық қарым – қатынастың мәнін түсіндіру

Түрі: семинар-тренинг

Сабақтың көрнекілігі: нақыл сөздер, суреттер

Кезеңдері:

1.Ұйымдастыру

2.Тәрбиешінің кіріспе сөзі

3.Тыныштық сәті

4. Дидактикалық ойын

5. Топтық жұмыс

6.Сергіту сәті

7. Қорытынды.

Сабақ барысы:
Тапсырмалар мен жаттығулар:
І. Ұйымдастыру кезеңі
«Шаттық шеңбері» әдісімен бір – біріне әдемі тілек айтады

ІІ.Тәрбиеші сөзі: Құрметті қонақтар біздің «Татулығы жарасқан отбасы» атты семинар-тренингке қош келдіңіздер!Атақты қазақ ақыны Қ.Аманжолов өзінің бір өлеңінде:
«Отбасы - шағын мемлекет ,Мен – президент,сен-премьер»деген екен.Шынында,отбасы – ол да бір шағын мемлекет.Отбасының қос шынары бар.Олар- Алатаудай Әке,мейірімді ана.Әке – береке,өнеге,даналықтың қайнар көзі,қасиетті ісімен сыйластық,құрмет басы.Ана - біздің қамқорымыз,көл-көсір астық тұтқасы.Ананы сыйлау- елді сыйлау,өмірді құрметтеу.Сондықтан біздің борышымыз үлкендерді, отбасымызды сыйлау,құрметтеу.
Құрметті жиналғани ата – аналар!Бүгінгі семинар-треингке қош келдіңіздер!

ІІІ. Тыныштық сәті!
Баяу музыка ойнап тұрады.
- Ата-аналар бір сәтке көздерін жұмып, көз алдыларына отбасын, балаларын елестетіп, балаларының қызықты сәттерін елестетіп көріңіздер. Балаларымыз, отбасымыз, туған үйіміз сондай ыстық. Ал енді көздеріңізді жаймен ашыңыздар. Іштеріңізден «Менің отбасым керемет!» деп 3 рет қайталаңыз. Қандай сезімде болдыңыздар?
ІV. Дидактикалық ойын «Менің отбасым»
Ата-аналар шеңберге тұрып, допты бір – біріне лақтырып, отбасы жайлы жақсы сөздер айтады.
- Менің отбасым бар тату, әдемі, бақытты.
- Менің отбасым үлкен, әдепті, қамқор
- Менің отбасым ыстық, ақкөңіл, сүйкімді.

Тәрбиеші сөзі: Отбасы- сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасы—адам баласының алтын діңгегі, тұлғалық негізі қаланған өмір сүру және даму ортасы. Отбасы адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы-ата-ана. Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі-ата-ана. Әке тірек, ана-жүрек, бала-тілек. Осы бір ғажап тұжырым әке, ана, бала отбасы ошағының үш тағаны іспеттес. Біздің еліміздің күнтізбесіне тағы бір жақсы мереке қосылды. Ол 8-қыркүйек Отбасы күні. Осы мерекеге орай сарайымызда әртүрлі іс-шаралар өтуде.

V. Топтық жұмыс: «Білімдіден шыққан сөз,талаптыға болсын кез»...(карточкалық сұрақтарға жауап беру).(5-6 мин).

Құрметті ата-аналар сіздер өз қалауларыңыз бойынша бір түсті таңдап,сол карточканың соңында сұрақтар берілген,соған жауап бересіздер.(әр топқа 4сұрақтан).Сіздерге уақыт 5-6 мин.
Келесі кезекті әсем күйге береміз.
Көк түстегі сұрақтар:
1.Қасиетті,киелі,құтты мүлік,сәбидің алтын ұясы (бесік).
2.Отыз омыртқа,қырық қабырға,ауыз омыртқа(киіз үй)
3.Жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын той(шілдехана).
4. Үш байлық не? ( денсаулық, ақ жаулық, он саулық)
Сары түстегі сұрақтар:
1.Ұзатылған қызға берілетін дүние-мүлік (жасау)
2.Ұлттық бас киім түрлерін атаңыз? (тақия,сәукеле, орамал,кимешек, бөрік, тұмақ,малақай).
3.Дүниеде не тәтті,не жұмсақ,не қатты?(ананың сүті тәтті,қолы жұмсақ,әкенің жүрегі қатты).
4.Бес асыл(талап,еңбек,терең ой,қанағат,рақым).
Жасыл түстегі сұрақтар:
1.Үш арсызды атап беріңіз (ұйқы,күлкі,тамақ)
2. Ата- ананың бас қуанышы кім ? (бала)
3.Жеті атаны атап беріңіз(әке,бала,немере,шөбере,шөпшек,немене,туажат)
4.Үш жүз (ұлы,орта,кіші жүз)
Ақшыл қызыл түстегі сұрақтар:
1.Тілі бар үні жоқ,
Өзіне адам түсінген.
Жүрегі бар да қаны жоқ
Сөйлеп тұрған ішінен (кітап).
2.Бір үйде әкесі баласымен және атасы немересімен отыр.
Осы үйде неше адам отыр?(үйде 3 адам.әкесі,баласы.немересі)
3.Қазақ ұзынсары деп қай жыл мезгілін айтады?(көктем).
4. Әке жолы - ұлына не болады? ( мақтаныш)

Қызыл түстегі сұрақтар:
1.Сүттен жасалған ұлттық тағамдарды ата?
(қымыз,шұбат,қатық,айран,құрт,ірімшік,сары май т.б)
2.Қазақтың ұлттық ойындарын атаңыз?(көкпар,алтыбақан,тоғызқұмалақ, ақсүйек,күрес,аударыспақ т.б).
3.Бес дұшпан(өсек,өтірік,мақтаншақ,еріншек,малшашпақ).
4. Ата - байтерек, ана -…. ? (шанырақ)


VI. Сергіту сәті: «Джунглидегі жаңбыр»

Мақсаты: Иық. мойын, омыртқа аймақтарындағы бұлшық еттің жирылуын жою, босаңсу, шаршағанды басу.

Нұсқау: Тар шеңбер құрамыз. Джунгли ну орманындамыз деп ойлаймыз. Ауа райы бастапқыда өте керемет болады. Күн көтерілгенде өте ыстық, ауа қапырық болды. Бір мезетте жеңіл самал жел соқты. Алдынызда тұрған адамның арқасына қолынызбен жеңіл қимылдар жасаңыз. Жел күшейе түседі. (арқаға батырынқырайтын кимылдар жасалады) Құйын басталады (күшті айналыс қозғалыстарын жасаңдар) .Содан кейін жәй жаңбыр сіркірейді ( көршіңнің арқасын саусақтарынмен түртесің). Нөсер жауын басталады (жоғары төмен алақан, саусақтармен сипайсың) . Бұршақ аралас жауын жауа бастады ( барлық саусақтарынызбен түртесіз). Содан кейін қайтадан нөсер жауын, жай жаңбыр, одан кейін күн ашылады.

Енді 180 градусқа бұрылып,жаттығуды қайталаймыз.

VIІ. «Тәлім-тәрбие және шеберлік» кезеңі (отбасы өміріне,бала тәрбиесіне байланысты әр түрлі жағдаяттарды отбасының ата-аналары ұтымды шеше біліп,жауабын айтады. (5-6 мин)ойланып жауап беруге
Жағдаяттар (ата-ана үшін)

Қызыл түстегі
1-жағдаяттар: «Балаңыз ұялы телефон алып бер деп жылады. Сіз: «Шамалы шыдай тұр, уақытында алып беремін» - дедіңіз. Балаңыз тыңдамай есікті тарс жауып кетіп қалды. Сіздің әрекетіңіз?»
Көк түстегі
1-жағдаяттар: «Балаңыз түнімен теледидар көріп, ұйқысы қанбай қалды. Балаңыз: «Басым ауырып тұр, балабақшаға бармай – ақ қояйыншы», - деді. Сіздің әрекетіңіз?
Ақшыл түстегі
1-жағдаяттар: Кейбір ата-аналардың баласының әрбір істеген іс-әрекетіне көңілі толмай: «Сен сала алмайсың, сен істей алмайсың», - деп айтып жататынын байқаймыз. Бала іс-әрекетіне теріс баға берудегі сіздің әрекетіңіз?
Жасыл түстегі
1.Ата-ана баланың пікірімен санаспай өз бетінше шешім қабылдауға құқыңыз бар ма?(өз ойыңыз,пікіріңіз).
VIІI. «Отбасы ағашы» психологиялық мінездеме беріледі (слайд)

Тамырды таңдағандар – істің нәтижесіне мән беретіндер. 

Діңін таңдағандар – берік, мықты біреуге тірек бола алатындар 

Жапырақ таңдағандар – сұлулықты, әсемдікті, ұқыптылықты қалайтындар 


ІХ.«Жүректен – жүрекке».Шеңберге тұрып, ата-аналар бір – біріне жылы тілектерін айтады. (жүрекшемен)

Қорытынды: «Кездескенше» жаттығуы

Шарты: барлығымыз шеңбер құрып тұрамыз. Менің қолымда кішкентай жіп бар. Ол сіздерге жылу, қуаныш, табыс, бақыт, сүйіспеншілік сыйлайды. Сіздер оны бір-бірлеріңізге беріп, тренингтен алған әсерлеріңіз туралы пікір білдіріп, осымен бірге, әріптесіңіздің атына өз тілегіңізді айтасыз.

«Отбасы ағашы»-на өз ойларыңызды, тілектеріңізді жазып жабыстырыңыздар. (стикермен)

Қорытынды: Бүгінгі «Татулығы жарасқан отбасы» семинар-тренингіміз аяқталды. Қатысқандарыңызға көп рахмет! Осылай өмірде белсенді, қуанышты болыңыздар! Отбасыларыңыз аман болсын, ынтымақты отбасы болыңыздар! Қызықты сәттеріңіз мол болсын!










Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Татулығы жарасқан отбасы

Автор: Танирбергенова Айтолқын Жулдузқызы

Дата: 05.04.2017

Номер свидетельства: 406776

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(57) "Ашық сабақ Бірлігіміз жарасқан"
    ["seo_title"] => string(34) "ashyk_sabak_birlighimiz_zharask_an"
    ["file_id"] => string(6) "460442"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1519987071"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(42) "Д??гелек  ?стел  "Отбасы" "
    ["seo_title"] => string(26) "don-ghieliek-ustiel-otbasy"
    ["file_id"] => string(6) "215434"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1432696338"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(67) "Өзін-өзі тану 1 сынып Отбасы татулығы"
    ["seo_title"] => string(38) "ozin_ozi_tanu_1_synyp_otbasy_tatulyg_y"
    ["file_id"] => string(6) "412014"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1493288930"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(71) "Жан?я – сыйласты?, жарасты? орна?ан орта"
    ["seo_title"] => string(36) "zhanuiasyilastykzharastykornaganorta"
    ["file_id"] => string(6) "303251"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1457487451"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(60) "ТУ?АН ЖАН?ЯНЫ? ЖЫЛУЛЫ?Ы (ашы? саба?)"
    ["seo_title"] => string(34) "tuganzhanuianynzhylulygyashyksabak"
    ["file_id"] => string(6) "304578"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1457763501"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства