kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Салауаттылық-өмір салты

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушылардың «салауатты өмір» туралы түсініктерін кеңейту. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Салауаттылық-өмір салты»

Мектеп:_____________Мерзiм________________

Тақырып: Салауаттылық - өмір салты

Құндылық: дұрыс әрекет. Өзін-өзі тану Қасиеттер: парасатты

Мұғалiм:Уркунбаева Макпал Азаматовна

Сынып 8 «А,Ә»

Оқушылар саны_______


Мақсаты: Оқушылардың «салауатты өмір» туралы түсініктерін кеңейту.

Оқушылардың салауаттылық туралы ұғымдарын дамыту;

Оқушыларды жақсылықты бойларына сіңіруге, өзіне, өзгелерге жағымды қарым-қатынас жасай білуге баулу;

Сүйіспеншілікке, парасаттылыққа, сезімталдыққа тәрбиелеу.


Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.

Тыныштық сәтi.

«Менің жан дүниемдегі сәуле» жаттығуын баяу әуен тыңдай отырып жасау.

Үй тапсырмасын тексеру.

Үйге берілген «Аңыз әңгіме» шығармасы бойынша сұрақ қою

Сұрақтар:

Өзгелерге зиянды заттарды ұсынатын адамдар үнемі шындықты айта ма?

Кейбір адамдар неліктен темекіге, ішімділікке әуес болады?

Сабақ барысын талқылау:

Әңгімелесу

Адамның салауатты өмір сүруіне не кедергі болуы мүмкін?

Зиянды әрекеттерге адам неліктен үйір болады?

Зиянды әрекеттерден аулақ болу үшін адамға қандай қасиеттер керек?

Зиянды әрекеттерге нелер жатады?


Дәйексөз

Кімде-кім өзін жеңсе, өз қорқынышын, өз жалқаулығын, өз сенімсіздігін жеңсе, бұл өмірде сол жеңіске жетеді»


Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Шығармашылық жұмыс орындау оқушылардың сабақта алған білім-біліктерін, іскерліктерін іс жүзінде дәлелдеуге жағдай туғызады. Оқушыларға төмендегідей шығармашылық тапсырма беріледі:

«Салауатты өмір салтының ұстанымдары – зиянды әрекеттерден аулақ болу; тиімді тамақтану; оңтайлы қимыл-қозғалыс, денені шынықтыру, жеке гигиена, көтеріңкі көңіл күй бойынша өз тұжырымдарыңды шығармашылықпен бейнелеп көрсетіңдер».

Оқушылар тапсырманы жекелей немесе топқа бөлініп орындауларына болады. Өз жұмыстарының нәтижесін сынып алдында жария етеді.

Салауатты өмір салтын сақтап, ұзақ өмір сүргісі келетіндерге кеңес:

Ұстанымың – салауатты өмір салты болсын және оны бұлжытпай сақта;

Денсаулығыңды жастайыңнан сақта;

Әркез мейірімді, ұстамды, сабырлы, ақылды бол, мазасыздық пен әбіржу жүрекке күш түсіреді;

Жақындарыңды құрметте, ақыл-кеңестеріне құлақ сал, - олар сенің өміріңдегі басты құндылықтар;

Өзіңе қызықты, рухани жақтан қанағаттандыратын іс-әрекеттерді таңдап ал;

Таза ауада көбірек болуға тырысып, дене еңбегімен шұғылдан;

Уайым-қайғыға берілме, көңіл күйіңді түсірме;

Қалыпты нәрсенің бәрі денсаулыққа пайдалы, ал шамадан тыс нәрсе – зиянды;

Жаның мен тәніңді мұқият тыңдай біл, оны сезін, зертте, сырына үңіл, үніне құлақ сал.


Топпен ән айту. 3 мин. «Ойлан, балам!»


Үй тапсырмасы. «Жанқұтты шешеннің батасы»оқып келу


Қорытындылау «Біздің өміріміз қаншалықты зиянды әдеттерден тұратынын көпшілігіміз ескере бермейміз.

Егер адам бақытты, жайлы, дені сау, ұстамды, дербес және табысты болса, оған өз әрекеттерін өзгертудің қажеті жоқ. Егер әдеттер денсаулыққа зиянды және жеке тұлға үшін қауіпті болса, оның өзгелерге деген қауіпсіз қарым-қатынасы бұзыла қалса, онда тез арада шара қолдану керек. Көп жасау, дені сау, бақытты болу – адамның өз қолындағы іс».

Соңғы тыныштық сәтi. 3 мин.

Балалар денелерін түзу ұстап, бастарын жоғары көтеріп, ыңғайланып отырады. Көздерін жұмуына да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстайды, денелерін бос ұстап, айналадағы барлық тіршілік иесі оларды аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сезінеді. Тұла бойлары жақсылыққа, махаббатқа толғанын сезінуге ұмтылады. Осылайша 3 минуттай отырады.
































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
Салауаттылық-өмір салты

Автор: Уркунбаева Макпал Азаматовна

Дата: 10.03.2017

Номер свидетельства: 398908

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(45) "Салауаттылы? –?мір салты"
    ["seo_title"] => string(22) "salauattylykomirsalty3"
    ["file_id"] => string(6) "300821"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1456807423"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(69) ""Салауаттылы? -?мір салты" т?рбие са?аты"
    ["seo_title"] => string(39) "salauattylyk-omir-salty-t-rbiie-sag-aty"
    ["file_id"] => string(6) "289478"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1454829804"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(42) "Салауаттылы?-?мір салты"
    ["seo_title"] => string(22) "salauattylykomirsalty1"
    ["file_id"] => string(6) "279455"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1453227132"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(39) "Салауатты - ?мір салты"
    ["seo_title"] => string(22) "salauatty-omir-salty-1"
    ["file_id"] => string(6) "306695"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1458186615"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(177) "?лтты? спорт ойындары ар?ылы кіші мектеп жасында?ы о?ушыларды салауатты ?мір салтына ?алыптастыру."
    ["seo_title"] => string(107) "u-lttyk-sport-oiyndary-ark-yly-kishi-miektiep-zhasyndag-y-ok-ushylardy-salauatty-omir-saltyna-k-alyptastyru"
    ["file_id"] => string(6) "294273"
    ["category_seo"] => string(10) "fizkultura"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1455629321"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства