Просмотр содержимого документа
«Мектеп жасына дейінгі балалардың дамуы»
Сабақ жоспары
Оқытушы Хайруллаева А.Б. тобы: 3БББ-13 б/б
Пәні Психология
Cабақ тақырыбы: Мектеп жасына дейінгі балалардың дамуы.
Сабақ мақсаты: Нәресте мен мектепке дейінгі кезеңдегі балалардың дамуының ерекшеліктері туралы түсінік
Білімділік: Білім алушылардың мектеп жасына дейінгі балалардың дамуы туралы білім, дағдыларын кеңейту, пысықтау, мектеп жасына дейінгі балалардың даму ерекшеліктерін айқындап, мектепке дейінгі кезеңдегі балалардың даму мазмұнын ашу, меңгерту.
Дамытушылық: Қалыптасып келе жатқан жеке тұлғаға шығармашылық тапсырмалар бере отырып, білім алушының ой-өрісін, танымдық қабілеттерін, сөйлеу мәдениетін жетілдіріп, оны жан-жақты үйлесімді етіп дамыту.
Тәрбиелік: Білім алушыларды ұйымшылдыққа, ұжымның намысын қорғауға, сыйластыққа, тапқырыққа, өзара жақсы қарым-қатынастағы көңіл-күйге, алғырлыққа тәрбиелеу және өмірде тиімді пайдалана білу.
Сабақ түрі: Тәжірибе сабақ
Сабақтың әдісі: көрнекілік, практикалық, түсіндірмелі-иллюстратив, сұрақ-жауап, Фишбоун әдісі, «Кластер» әдісі, білімді бақылау, бағалау әдістері
Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар:
Оқушылардың іс-әрекеттік белсендіру және күшейту негізіндегі педагогикалық технологиялар: Ж.Қараевтың деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы
Білімді бақылау және бағалау
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд (мектеп жасына дейінгі балалардың дамуы), оқу материалдары, түрлі-түсті қарандаштар, газет-журналдар.
Пәнаралық байланыс: жалпы психология, мектепке дейінгі педагогика, мектепке дейінгі психология, жас ерекшелік педагогикасы,жас ерекшелік психологиясы, анатомия, физиология
Сабақ жүрісі
І.Ұйымдастыру кезеңі (2 минут)
Сәлемдесу. «Дәстүрлі емес сәлем» тренингі.
Бүгінгі біздің сәлемдесуіміз дәстүрден тыс болмақ. Әдетте адамдар бір-бірімен қалай амандасады? Қол алысып, жай сөзбен, бір-бірінің беттерінен сүйіп және т.б. Ал біз қазір сәлемдесудің басқа жолдарын қарастырайық. Бір-бірлеріне иық тигізіп амандасыңдар. Мандаймен, шынтақпен, арқамен, аяқтың ұшымен.
Студенттерді түгендеу, даярлығын қадағалау.
Бағалау бетшесін тарату (әрбір студентке)
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі (10 минут)
Фишбоун әдісі
Сұрақтар:
Жас дегеніміз не?
Дағдарыс дегеніміз не?
Жетекші іс-әрекет дегеніміз - ?
Баланың дамуында қозғаушы күш - ?
Даралық ерекшелік дегеніміз не?
Сенситивті кезең дегеніміз не?
Жас ерекшелік психологиясы кезеңдерін атаңыз?
Баланың денесі мен психикасының даму акселерациясы - ?
ІІІ. Жаңа материалды белсенді және саналы қабылдауға, меңгеруге студенттерді әзірлеу кезеңі. (2 минут)
The age stages of preschool children
The development of intelligence of preschool children
The development of preschool children's speech
Білімгерлерлер келесі тақтадан әріптерді таңдап алып, сөз құрастырады.
Жоспарды 3 топ ағылшыншадан қазақшаға аударып, жоспарын да өздері табады.
«The development of preschool children» деген сөз шығады. Оның мәні «Мектеп жасына дейінгі балалардың дамуы» жаңа тақырыпты өздері табады.
ЖОСПАРЫ:
Мектеп жасына дейінгі балалардың жас кезеңдері
Мектепке дейінгі балалардың ақыл-ойының дамуы
Мектепке дейінгі балалардың сөйлеу тілінің дамуы
ІV.Жаңа білімді меңгеру кезеңі (10 минут)
1.Нәресте мектеп жасына дейінгі баланың кезеңдері туралы жалпы түсінік.
Мектеп жасына дейінгі балалардың жас кезеңдері
Нәрестелік кезең Сәбилік кезең Мектепке дейінгі кезең
Туғаннан 1 жасқа 1 жастан 3 жасқа 3 жастан 7 жасқа дейін дейін дейін
2.Бала дамуындағы іс әрекет түрлері
Ойын іс әрекеті оқу іс әрекеті еңбек әрекеті
қоғамдық көркем өнер іс әрекеті спорттық әрекет,дене шын/у
3.Баланың дұрыс психикасының ерекшелігі танып білу деген белсенділігі.Баланың құштарлығы өзін қоршаған әлемді тануға және осы әлемнің құрылысын өзінше бейнелеуге бағытталған .Бала ойнай жүріп тәжірибеден өтеді.себеп салдардың байланыстар мен тәуелділіктің себебін ашуға тырысады.
1) Жаңа тақырыпты меңгеруге байланысты тапсырмалар (15 минут)
Ж.Қараевтың деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы бойынша деңейлік тапсырмалар
1-топқа Мектеп жасына дейінгі балалардың даму кезеңдері ұғымына анықтама беру ұсынылады.
2-топқа Мектеп жасына дейінгі балалар іс-әрекеті ұғымына анықтама беру ұсынылады.
3-топқа Мектеп жасына дейінгі балаларды зерттеген классиктердің сөздерін жазу беріледі.
Білімгерлер берілген плакатқа түсті қағаздарды, журнал беттеріндегі суреттерді пайдалана отырып, берілген тапсырманы орындайды. Мектеп жасына дейінгі балалардың дамуы туралы жазғандарын тақтаға шығып қорғайды.
Тапсырманы орындау негізінде жаңа тақырыптың мазмұнын ашады.
Әр топтағы студенттерге стикерлер таратылады, стикерлердегі сұраққа жауаптар төңірегінде топтастырады.
V. Жаңа білімді бекіту сұрақтары (5 минут)
Кесте негізінде жүзеге асырылады.
Шарттары
Тапсырма
Түсінік, саралау, мысалдар
Білім
Жаңадан қандай білім алдың?
Түсінік, ұғу
Берілген білімді түсіндің бе? Немен дәлелдейсің?
Қолдану
Алған біліміңді неге қолданар едің?
Жұмбақ
Нені ұға алмадың, жете түсінбедің, соны сарала.
Кестені толтырғаннан кейін сабақтағы көңіл-күйлерін қандай?
Бүгінгі сабақ қалай әсер етті? Деген сұрақтарға смайликтер көрсету арқылы жауап береді.
Кестені толтырып, смайлик көрсетіледі?
Білімгерлердің ой-пікірлері арқылы сабақтың өткен дейгейін анықтауға болады. Сонымен қатар кестедегі мәліметтер арқылы білімгерлердің сабақ барысында жете түсінбеген мәліметтері болса, келесі сабақта қайта қаралады.
VІ.Қорытынды(1 минут)
Бүгінді сабақта қойылған негізгі мақсат нәресте мен мектепке дейінгі кезеңдегі балалардың дамуының ерекшеліктерін жеке тұлға бойына қалыптастыра отырып, шығармашылығын, өмірге деген көзқарасын, дүниетанымын қалыптастыру мәселелерін өз деңгейінде түсіндіре алдым деп ойлаймын.
VІІ. Бағалау (2 минут)
Бағалау бетшесі сабақ басында әрбір студентке таратылады. Сол бойынша әрбір студент сабақ барысында жауап беру деңгейіне қарай баллдық ұпай жинақтайды. Ең жоғары ұпай 3 балл негізінде бағаланады. Өзара жинаған ұпайларын жинап, қорытынды бағаларын өздері шығарады. Баға жарияланғаннан кейін талқыланып, егер обьективті тұрғыдан қойылған болса есепке алынады. Сабаққа белсене қатысқан әр білімгер өз деңгейіне лайық бағаланады.
14-15 ұпай – «5»
11-13 ұпай – «4»
7-10 ұпай – «3»
0-6 ұпай – «2»
Студенттің аты-жөні
Үй жұмысын тексеру нәтижесі
Сабақтағы білім нәтижесі
Қорытынды нәтижесі
ұпай
Бағасы
Фишбоун бірін-бірі бақылау жұмысы
Жаңа тақырыптың мазмұнын табу
1-деңгей
Кластер әдісі
2-деңгей
Тест жұмысы
3-деңгей
Стикерлердегі диалогг
VІІІ.Үй тапсырмасы (1 минут)
Тақырып бойынша әр білімгер 10 тест сұрақтарын құрастырып келу;
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеуін дамыту жолдары
Ойын-әлеуметтік қарым-қатынастар мектебі (шығарма жазу)
Тест жұмысы
1. "Баланың ойлауы мен сөйлеуі" еңбегінің авторын атаңыз?
А) Лисина
В) А.Гезелл
С) Л.С.Выготский
D) Ж.Пиаже
E) В.Штерн
2. Баланың сүт тістері қай айларында шығады?
А) 6-8 айлығында
B) 3-5 айлығында
C) 7-9 айлығында
D) 4-6 айлығында
E) 9-10 айлығында
3. Мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі әрекеті - ?
А) еңбек
B) оқу
C) ойын
D) тамақтану
E) ойнау
4. 4-жастағы баланың ойнау ұзақтығы қанша минуттан тұрады?
А) 30 минут
B) 15-20 минут
C) 20 минут
D) 5-10 минут
E) 10-15 минут
5. Туғанна бір жасқа дейінгі кезең қалай аталады?
А) нәрестелік кезең
B) сәбилік кезең
C) ерте сәбилік кезең
D) жаңа туған бала
E) дұрыс жауабы жоқ
6.Бала дамуындағы іс-әрекет түрлерін атаңыз?
А) еңбек, оқу
B) ойын, еңбек
C) ойын, белсенділік, оқу
D) еңбек
E) ойын, оқу, еңбек
7. «Жандану комплексі» терминін енгізген ғалым?
А) Пиаже
В) Л.С.Выготский
С) Н.М.Щелованов
D) П.Я.Гальперин
E) Ж.Ж.Руссо
8. 2 жасар баланың сөздік қоры қанша сөзден құралады?
А) 200
В) 300
С) 400
D) 100
E) 500
9.Баланың 1 жас пен 3 жасқа дейінгі кезең қалай аталады?