«Мамандығым - болашағым» тренинг сабақ. Ісім оңсын десеңіз, Сол істің маманы болыңыз Даңқым шықсын десеңіз, Көпшіліктің адамы болыңыз (Әл-Фараби) Мамандық таңдау жасөспірім шақтағы ең маңызды шешімдердің бірі. Үлкен өмірге енді ғана аяқ басқан жас ұланның алдында мыңдаған мамандықтан өзіне лайықты біреуін таңдау міндеті тұрады. Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез-келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың жолы ғана емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе. Кейбір жастар мамандық таңдау ережесін білмегендіктен өзі қызықпайтын мамандықты таңдайды. Осыдан өз мамандығына қанағаттанбаушылық, реніш сезімдері болып, тіпті алдарына жоспар да құрғысы келмейді. Әрбір адам өзін-өзі дамыта алу үшін білім алып, сол біліміне сай мамандыққа машықтану керек. Мақсаты: - оқушылардың кәсіптік қалыптасуымен байланысты өмір туралы, әлеуметтік құндылықтар туралы танымдылығына психолоиялық - педагогикалық көмек біліміне сай мамандыққа машықтану керек. Сабақтың мақсаты мен тапсырмалары : Жеке тұлғаның кәсіптік мамандықтарға деген ынта –ықыластарын анықтау. Кәсіптік бағдар беру. Оқушыларды қоғамдағы еңбектің, мамандықтардың әр түрлерімен таныстыра отырып, олардың өсу деңгейі және қоғамдағы қажеттілік орны мен сұранысы жайлы білімді меңгерту, мамандық әлемінен ақпарат алу Сабақ барысы :
Сәлемдесу жаттығуы :
Тренинг қатысушылары шеңбер бойынша тұрады. Көршілерімен сәлемдесу дәстүрлі емес түрде өтеді.
алақанмен сәлемдесу;
иықтарымен сәлемдесу;
маңдаймен сәлемдесу;
шынтақпен сәлемдесу;
аяқпен сәлемдесу.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«"Мамандығым- болашағым" тренингі»
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы
«№3 жалпы білім беру орта мектебі» КММ
Педагог-психологы: Байнекова М.У
«Мамандығым - болашағым» тренинг сабақ. Ісім оңсын десеңіз, Сол істің маманы болыңыз Даңқым шықсын десеңіз , Көпшіліктің адамы болыңыз (Әл-Фараби) Мамандық таңдау жасөспірім шақтағы ең маңызды шешімдердің бірі. Үлкен өмірге енді ғана аяқ басқан жас ұланның алдында мыңдаған мамандықтан өзіне лайықты біреуін таңдау міндеті тұрады . Мамандықтың жаманы жоқ , бірақ мұның кез-келгеніне икемділік қажет , бұл жай күнелту , тамақ асыраудың жолы ғана емес , үлкен өнерді , зор шеберлікті қажет ететін нәрсе. Кейбір жастар мамандық таңдау ережесін білмегендіктен өзі қызықпайтын мамандықты таңдайды. Осыдан өз мамандығына қанағаттанбаушылық, реніш сезімдері болып, тіпті алдарына жоспар да құрғысы келмейді. Әрбір адам өзін-өзі дамыта алу үшін білім алып, сол біліміне сай мамандыққа машықтану керек. Мақсаты: - оқушылардың кәсіптік қалыптасуымен байланысты өмір туралы , әлеуметтік құндылықтар туралы танымдылығына психолоиялық - педагогикалық көмек біліміне сай мамандыққа машықтану керек. Сабақтың мақсаты мен тапсырмалары : Жеке тұлғаның кәсіптік мамандықтарға деген ынта –ықыластарын анықтау. Кәсіптік бағдар беру . Оқушыларды қоғамдағы еңбектің , мамандықтардың әр түрлерімен таныстыра отырып , олардың өсу деңгейі және қоғамдағы қажеттілік орны мен сұранысы жайлы білімді меңгерту, мамандық әлемінен ақпарат алу Сабақ барысы :
Сәлемдесу жаттығуы :
Тренинг қатысушылары шеңбер бойынша тұрады. Көршілерімен сәлемдесу дәстүрлі емес түрде өтеді.
алақанмен сәлемдесу;
иықтарымен сәлемдесу;
маңдаймен сәлемдесу;
шынтақпен сәлемдесу;
аяқпен сәлемдесу.
Сергіту сәті: "Таңды кім қалай қарсы алады".
Оқушылар өздерінің таңертен тұрған не істейтіні жайлы айтады және іс-әрекетпен көрсетеді. Қалған оқушылар сол іс- әрекетті қайталайды ( оқушылар кезек-кезек айтады). 2. Кім көбірек мамандықты атайды?» жаттығуы. Нұсқау: Барлық қатысушылар шеңбер құрып тұрады. Олар бір біріне доп лақтыру арқылы мамандық түрлерін айтады. Кім де кім көп мамандық атаса сол жеңіске жетеді .Ескерту : Бір ойыншыға қатарынан доп лақтыруға болмайды және қолда допты үш секундтан артық ұстамау керек. 3. «Мамандықты тап» (ойын) Әуен және құлаққап Нұсқау: Тренингке қатысушыларды 4 топқа бөлеміз. Әр топқа карточкада жазылған мамандықтар беріледі. Әр топ сол берілген мамандықтарды басқа топқа ыммен бейнелеп көрсетуге тырысады . Қалған топтар сол мамандық қай мамандық екенін табады. Хирург , Фабрика басшысы , Хатшы, Астроном, Слесарь, Инжинер, Курьер , Банк қызметкері , Сатушы , Токарь, Мүсінші.
4“Менің мамандығым” жаттығуы Мақсаты: Кәсіби ерекшеліктің маңызын түсіндіру. Жүргізуші. Маман психологтар бір топқа, маман емес педагогтар бір топқа бөлініңіздер. Сөйтіп мына мандала секілді ою-өрнекті ешкім бейтарап қалмай, барлығыңыз бірлесіп бояп шығыңыздар. Болған соң оны тақтаға іліңіздер. Талқылау жүргізіледі. Сұрақтар: Неге бұл түстерді қолдандыңыз? Екеуінің қандай айырмашылықтары бар? Жүргізуші. Оюдың мағыналық тұстарына тоқталар болсақ: Төрт құлақ – дүниенің төрт бөлігін тұспалайды; қаз мойын – ақкөңілдікті, мейірімді, пәктікті білдіреді; түйе табан – жолы болушылықты білдіреді. 5. Мамандық таңдауға әсер ететін факторлар:
Теориялық бөлім Мамандық таңдаудағы қиындықтар мен қателіктер - Бірден жоғары квалификациялы мамандыққа бағыт беру. - Достарынан қалмау үшін мамандық таңдау. - Мамандыққа бағыт-бағдар берушілерге ауып кету. - Мектептегі пәннің мамандыққа сайкес келуі - Өзінің қабілетін , жеке қасиетін анықтай алмау, кемшіліктерін білмеу.
6. Тренинг "Қол- мидың жалғасы".
Сан алуан мамандық бар. Ал, біздің табиғи бейімділігімізге үңілейік:
Алақан бойынша мамандық саласын анықтау. Саусақтарымызды кеңірек ашып, ақ параққа алақанымызды түсірейік. Бас бармақпен шынашақтың ортасын О нүктесімен белгілеп, әрбір саусаққа түзу сызық жүргіземіз. О нүктесін білезіктің оң жақ, сол жақтарын да қамтимыз. Осы жүргізілген сызба бөліктерін сызғышпен өлшеп шығарыңыз.
Қорытынды:
Егер сіздің алақан сызығыңызда бас бармақ пен О нүктесі арасында сызба бөлігі ұзын болса, сіз- басқарушысыз.
О нүктесі мен сұқ саусақ нүктесінің арасындағы сызық басқаларынан ұзын болса, сіздің- қорғаушы әскери қабілетіңіз мол.
Ортан қол сызығы ұзынырақ болса, сіз- дін адамы, саясаткер болуға бейімсіз.
Аты жоқ саусақ сызығы үлкенірек болса, сіз өнерге бейіміңіз мол, суретші, музыкант, архитектор, дизайнер болуға қабілеттісіз.
Шынашақ сызығы үлкенірек болса, сіз- дәрігерлік шипагерлікке бейімсіз
Рефлексия
«Армандар» жаттығуы Барлық қатысушы шеңбер бойымен отырып , 3-4 рет терең дем алып, көздерін жұмады. Өз тілектеріне көңіл аудара отырып , болашақ мамандығын, қоғамдағы орнын , жақын арадағы қоршаған ортасын елестетеді. 1,5 минут уақыт беріледі. Жанға жағында әуен ойнайды. Берілген уақыт өткен соң тағы да 3-4 рет терең дем алып көздерін ашады. Топ өзінің алған әсерімен бөліседі. Тренер әркімнің айтқандарын толықтырады, яғни әрқайсысының қол жеткізгісі келетін , алға қойған мақсат , армандырының бар екенін айтады. Топ қатысушыларының күтетін және күдік алатын , қорғанатын нәрселері . Әр қайсысы өздерінің жеке-жеке не күтетіндіктері мен қорқатын жағдайларын айтады. Қатысушылардың барлығы өз ойларын айтып болған соң , «дәл осы жерде және қазір болатын жұмыс мәні түсіндіріледі.