kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Іздегенде табылатын ?асы?нан

Нажмите, чтобы узнать подробности

ма?саты: "Дос", "Досты?" ??ымдарыны? адамгершілік ??ндылы? ретіндегі м?нін ашу

Міндеттері:  Досты?, сыйласты?, татулы? ??ндылы?тарыны? адам ?мірін-дегі  ма?ыздылы?ын т?сіндіру;

                    О?ушыларды ?зара сыйласты??а, бір-біріне к?мек к?рсетуге, бірін-бірі ?олдау?а, ?ам?орлы? жасау?а баулу;

                    Мейірімділікке, досты??а, татулы??а, жауапкершілікке т?р-биелеу.

Саба? барысы

1.?йымдастыру кезе?і:  О?у ??ралдарына назар аударып, с?лемдесу.

2.Тынышты? с?ті.  (С?зі Т. Молда?алиевті?,  ?ні  С.Б?йтерековті?  «Жан досым»  ?нін ты?дау)

               -Кім ?зіні? ?серімен б?ліскісі келеді?

3. ?й тапсырмасын тексеру.

                «Кешірімділік –к??іл ке?дігі»  эссе.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Іздегенде табылатын ?асы?нан »

Өзін-өзі тану

Мектеп: №221

Тақырыбы: Іздегенде табылатын қасыңнан

Құндылықтар: Достық, сыйластық, татулық. Қасиеттер:Мейірімділік,Қамқорлық.

Мұғалім: Сейтова Гүлзада Пернебекқызы Сынып: 8 (сегізінші)


Мақсаты: «Дос», «достық» ұғымдарының адамгершілік құндылық ре-тіндегі мәнін ашу.

Міндеттері: Достық, сыйластық, татулық құндылықтарының адам өмірін-дегі маңыздылығын түсіндіру;

Оқушыларды өзара сыйластыққа, бір-біріне көмек көрсетуге, бірін-бірі қолдауға, қамқорлық жасауға баулу;

Мейірімділікке, достыққа, татулыққа, жауапкершілікке тәр-биелеу.

Ресурстар: Интерактивті тақта, М.Шахановтың өлеңдер жинағы, әндер жинағы, ойтүйін жазу парағы


Сабақ барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі: Оқу құралдарына назар аударып, сәлемдесу.

2.Тыныштық сәті. (Сөзі Т. Молдағалиевтің, әні С.Бәйтерековтің «Жан досым» әнін тыңдау)

-Кім өзінің әсерімен бөліскісі келеді?

3. Үй тапсырмасын тексеру.

«Кешірімділік –көңіл кеңдігі» эссе.

Сабақ барысын талқылау:


4. Әңгімелесу

  • Достық деген не? Оны қалай түсінесіңдер?

  • Достың көп болуы мүмкін бе?

  • Өз достарың жайлы не айтасыңдар?




5.Мәтінмен жұмыс.

Екі дос (аңыз)

Екі дос бір егістікте жұмыс істейтін.Бірінің отбасы, балалары бар, ал екіншісі жалғыз басты еді. Күн батқанға дейін жұмыс істеп, достар тапқан өнімді тепе-тең етіп екіге бөліп алатын. Бір күні жалғыз басты адам іші-нен: «Өнімді және шыққан пайданы тепе-тең бөлгеніміз дұрыс болмады, мен жалғыз тұрамын, сондықтан да айтарлықтай көп қажеттілігім де жоқ» деп ойлады. Осындай оймен, түн сайын бір қап өнімді досының үйінің алдындағы сарайға жасырын апарып тұрды.

Досы да ішінен : «Өнім мен пайданы бірдей бөлгеніміз дұрыс емес, менің отбасым бар, қартайған шағымда олар маған қарайды. Ал досымның болса ешкімі жоқ, қартайған кезінде оған қарайтын адам болмайды» деп ойлайды. Осылайша бұл түн жамылып, үйден шығып досының қорасына өнімді апарып тұрады. Алайда қорадағы қаптардың саны неліктен азай-майтынына екі дос түсінбей жүреді. Бір түні бір-бірінің қорасына жасы-рын қап тасып жүргенде, олар кездесіп қалады. Сонда ғана олар болған жайдың мәнін түсінеді. Қаптарды жерге қоя салып, достар құшақтаса ке-теді.

  • Аңыз әңгіменің идеясы неде?

  • Достардың бір-біріне деген адал ниеті мен достығын қалай бағалар едіңдер?

  • Өз достарыңа көмек көрсеткен кездерің бар ма?



6. Жағдаятты талдау

Мұрат пен Арман екеуі 6-сыныптан бері дос. Екеуінің дос екенін ата-ана-лары да біледі. Қазір олар 9-сыныпта оқиды. Екеуі де оқу екпіндісі. Олар үнемі сабаққа бірге дайындалады. Бірақ Арман соңғы кезде көп өзгерді. Сабағы да төмендеді.Мұрат бұрынғыдай хабарласып сабаққа дайындалуға шақырса, таусылмайтын сылтау айтады. Бүгін Арманның өзі Мұратқа қо-ңырау шалып:

-Егер менің ата-анам сұрап жатса, «екеуміз сабаққа дайындалып жатыр-мыз» деп айта салшы, мен Азаматпен бірге компьютер клубына ойнауға барамын»- деді.Азамат 10-сыныпта оқитын көрші бала. Мұрат не дерін білмеді. «Жоқ, мен олай айта алмаймын» деп айтса, досының көңілі қала-ды. «Иә, жарайды» десе өзі жақсы танитын Арманның ата-анасын алдаған сәті, көз алдына келді.

- Мұратқа мәселені шешуге қандай кеңес бересіз?




7. Оқу ақпараты.

Мұғалім әңгімелесуден соң оқушылардың пікірін түйіндей келіп, ер оқулықта берілген ақпаратпен таныстырады.

Адамдардың бір-біріне деген адал сенімі, өзара тілеулес ортақ көз-қарасы достыққа ұластырады. Достық дегеніміз адамдардың өзара жауап-кершілігі, сыйластығы мен бір-біріне қамқорлығы, рухани жақындықтары. Достық қарым-қатынас адамдарға өзара сенім жүктейді. Достар бір-біріне қуанышта да, қиыншылықта да ниеттес, қамқор болады. Достық-сыйлас-тықтың, мейірбандықтың мөлдір көзі. Оны бақыт та, қиындық та үзе алмай-ды.



8. Мұғалім сыйы

Достық өлкесінің заңы М.Шаханов.

Алдымызда қанша сауал тосылды,

Өмір бізді ерте үйірді биіне.

Сәби кезім.

Бірге ойнайтын досымды,

Ертіп бардым нағашымның үйіне.

Сәбилік шақ!

Сүттей аппақ кезең бұл,

Аңғал,бейқам балбұлақтай сыңғырлы.

Д Досым «киіп көремін» деп әжемнің

Аңдаусызда көзәйнегін сындырды.

Енді қайттік, амал-айла азайып,

Құтылуға өткел іздеп тарықтық.

Досым менің ұяң еді ғажайып,

Әжем өте қатал еді, жарықтық.

-Бала мұнша бола ма екен мазасыз,

Қане, қайсың көзәйнекті сындырған?

-деді әжеміз,-қалдырмаймын жазасыз,

Сындырған кім? Алдыма кеп тұр жылдам!

Енді қайттік,кім ұсынбақ көмегін?

Бұл қырсықтан құтқармақ боп досымды:

«Мен сындырдым, кешіріңіз...мені дедім...»

Дедім үнсіз төмен салып басымды.

Бір ерекше дүлей мінез тосып ек,

Шіркін, адам табиғаты-ай сан қырлы

Қанша ашулы болғанымен осы рет,

Әжем мені жазалаусыз қалдырды.

Лезде қайта көтеріліп еңсеміз,

Көңіліміздің айдынынан күн күлді.

Сол сәтте інім сыбыр етті:

«Сенбеңіз, Көзәйнекті қонақ бала сындырды».

Әжем кенет ашу буып күйгелек,

Ашу буып аң-таң болып қалды да:

-Жүр бері,-деп құлағымнан сүйрелеп,

Ертіп барды нағашымның алдына.

«Қой,бәйбіше, дау тудырма бекерге,-

Деп нағашым әңгімесін жалғады,-

Айып па екен, өзін беріп қатерге,

Ер жігіттің досын қорғап қалғаны.

Достық деген ізгіліктің алаңы,

Оған куә ғасырлар мен замандар.

Отанын да сатып кете алады

Қиын шақта досын сатқан адамдар!».

9.Үйге тапсырма

Оқулықтағы тапсырманы оқыңдар. Ондағы түйінді ойды тауып, себебін түсіндіріп келіңдер.

Әбунасыр әл-Фараби

Тіршілікте құрыштай бол төзімді

Сан мәртебе алдаса да өзіңді.

Тағдырыңды еш уақытта жазғырма,

Тіпті кейде болса әзәзіл азғырған.

Өрге жүзген өнегелі ісімен,

Таңда адал дос өз теңіңнің ішінен.

Жүргендер көп достық атын малданып,

Алайда тек қалма оған алданып.



10. Түйіндеме (Мұғалімнің қорытынды сөзі)

Достық- адам өмірінің үлкен бір арнасы. Әр адам дүниеге келгеннен кейін, жан дүниесіндегі сырын бөлісетін дос іздеуі заңдылық.Халқымыз «Алтын берген дос емес, ақыл берген дос» деп тегін айтпаса керек. Дос-тықтың маңызды белгісі- берік әрі терең эмоциялық жақындық.Ол- адам-ның бір-біріне сөз жүзінде де, іс жүзінде де адал және шынайы болуы. Дос- бір ауыз сөз айтпастан сені түсінетін, қиын-қыстау кезеңде қолдау көрсетіп, қуанышыңды бөлісетін, сен үшін қуанатын жан. Олай болса, барлығымыз да адал дос бола білейік дегім келеді.




11. Соңғы тыныштық сәті

«Достарым»

Әнін жазған: Оралхан Көшеров

Сөзін жазған: Хасен Закариянов

Орындайтын: Жанар Айжанова

Әнді тыңдай отырып «Ойтүйін жазу» парағын алып, оқушылар бүгінгі сабақ жайлы ойларын жазып, пікірлер білдіреді.








































































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
Іздегенде табылатын ?асы?нан

Автор: Сейтова Гулзада Пернебековна

Дата: 08.01.2015

Номер свидетельства: 151521

Похожие файлы

object(ArrayObject)#864 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(89) "«Іздегенде табылатын ?асы?нан» ашы? т?рбие са?аты "
    ["seo_title"] => string(56) "izdieghiendie-tabylatyn-k-asyn-nan-ashyk-t-rbiie-sag-aty"
    ["file_id"] => string(6) "195728"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1427958913"
  }
}
object(ArrayObject)#886 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(79) "Саба? жоспары "Іздегенде табылатын ?асы?нан""
    ["seo_title"] => string(49) "sabak-zhospary-izdieghiendie-tabylatyn-k-asyn-nan"
    ["file_id"] => string(6) "266516"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1450179588"
  }
}
object(ArrayObject)#864 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(87) "Шеберлік саба?ы: "Іздегенде табылатын ?асы?нан...""
    ["seo_title"] => string(47) "shiebierliksabagyizdieghiendietabylatynkasynnan"
    ["file_id"] => string(6) "275133"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1452522701"
  }
}
object(ArrayObject)#886 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(91) "Ашық тәрбие сағаты "Іздегенде табылатын қасыңнан""
    ["seo_title"] => string(56) "ashyk_t_rbiie_sag_aty_izdieghiendie_tabylatyn_k_asyn_nan"
    ["file_id"] => string(6) "399420"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1489309334"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства