kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ашық тәрбие сағаты "Іздегенде табылатын қасыңнан"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушыларды шынайылыққа, адамгершілікке, әдемілікке, қарапайым болуға тәрбиелеу.

Достық сезімі оларды өмірде бірін-бірі қажетсінуінен, құрмет тұтуынан, шынайы тілектестік пен өзіндей көріп сенуінен, біріне-бірі тірек, медет болуынан, қам-қайғысыз кезде ғана емес, әсіресе қиын-қыстау күндерде іркілместен қасынан табылудан, риясыз, есепсіз жомарттықтан көрінетінін ұғындыру. 

Просмотр содержимого документа
«Ашық тәрбие сағаты "Іздегенде табылатын қасыңнан"»





3 Смирнов орта мектебі













Ашық тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Іздегенде табылатын қасыңнан...»













Өткізген: А.О. Бабакова













Тақырыбы: «Іздегенде табылатын қасыңнан...»

Мақсаты: Оқушыларды шынайылыққа, адамгершілікке, әдемілікке, қарапайым болуға тәрбиелеу.

Достық сезімі оларды өмірде бірін-бірі қажетсінуінен, құрмет тұтуынан, шынайы тілектестік пен өзіндей көріп сенуінен, біріне-бірі тірек, медет болуынан, қам-қайғысыз кезде ғана емес, әсіресе қиын-қыстау күндерде іркілместен қасынан табылудан, риясыз, есепсіз жомарттықтан көрінетінін ұғындыру.

Міндеттері:

- Балаларды достарымен жағымды қарым-қатынас жасауға үйрету;

- Өзара сыйластық, өзара түсіністік, өзара көмек қарым – қатынастарын дамыту;

- Татулыққа, достыққа, ұжымшылдыққа тәрбиелеу.

Түрі: аралас

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, «Сөйлемді аяқта» тренингі, хатқа жауап беру, пікіралмасу, жүректен-жүрекке, «Сиқырлы орындық» жаттығуы, «Ренжістік-татуластық ойыны.

Көрнекі құралдар: Ұлы ғұламалардың ойлары, нақыл ұлағатты сөздері, дос туралы мақал-мәтелдер, слайд, мәуелі ағаш, жүрекшелер, 5 саусақты қағаз қолғап.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Амандасу, түгендеу.

ІІ. Тақырыпты ашу сұрақтары.

Тақырыпты жағдаятпен ашып алу (слайд)

1. Дос, достық дегенді қалай түсінеміз?

2. Досың бар ма? Ол кім?

3. Достық шынайы сезім бе, әлде жай ұғым ба?

4. Достық жасқа байланысты ма?

5. Қыз бала мен ер баланың арасында достық бола ма?

6. Жақсы дос, жаман дос қандай болады?

7. Досыңыздың басына қиындық түсті не істейсіз?

8. Дос қандай болу керек?

ІІІ. «Нағыз дос» атты алма ағашына, досқа тән қасиеттерді жапырақтар түрінде теріп ілу (Адал, жомарт, адамгершілігі мол, қарапайым, мейірімді, кешірімді, төзімді, ақылды, сабырлы, салмақты, кек сақтамау, ашықтық, бүкпесіздік, өтірікші, тәртіпсіз, мақтаншақ, жалқау)



ІV. Ертеде бір ақылды қария болыпты. Бір күні ақылды қарияға бір жігіт келіп:

-Ақсақал, мен қандай жігітпін? Сынаңызшы, - депті. Қарт жігітке:

-Жолдасыңды көрсет, сонан соң айтамын, - депті. Жігіт жолдасын қартқа жіберіпті. Қарт жігіттің жолдасымен ұзақ сөйлесіп, ақырында жігіттің өзін шықырыпты. Жігіт келген соң, қарт:

- Шырағым, жаман жігіт емессің, - депті.

Қалайша олай дейсіз? Мені бұрын көрген жоқсыз ғой? – депті жігіт. Қарт күліп:

- «Жігіті жолдасына қарап бағала» дейді халық, - депті.

Мұғалім оқушылардың ол туралы пікірін білу үшін сұрақ қояды.

-Жігітті жолдасына қарап бағала» дегенді қалай түсінесіңдер?

- Адам көбіне өзінің мінезіне ұқсас адамдармен жолдас, дос болады. Шын жолдас, достар бірінің жақсы қасиеттерін екіншісі үлгі тұтады, бойына сіңіреді, олар бір-біріне өте жақын, бірін-бірі тез түсінісетін болып кетеді. Осындай жолдастық, достық қарым-қатынастардың арасындағы ең бағалысының бірі – адалдық. «Адамдар бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, ортақ көзқараста болса ғана достықтары берік болады. Достық - өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі».

V. «Сөйлемді аяқта» тренингі

А) Әрбір адамға дос керек. Өйткені ...

Ә) Сыйластық бар жерде ...

Б) Менің сыныптастарыма немесе досыма тілегім...



VІ. Жағдаяттан шығу. Слайд арқылы

1. Жақсы дос

Қанат конькиін аулаға қалдырды да, өзі тамағын ішуге үйге кетті. Тамағын ішіп отырып ол конькиін Маралдың теуіп жүргенін көрді. Қанат ашуланып, аулаға жүгіріп шықты. «Қазір оның сазайын тартқызамын, біреудің затын сұрамай алушы болмасын» деп ойлады.

Ашулы күйінде жетіп барды, тіпті жұдырығын да түйіп алған.

Ал Марал оны көрді де, «Танысып қой, Айдар, бұл менің ең жақсы досым Қанат» деді. Қанат ұялып қалды. Қанат неліктен ұялды?

2. Аңсар пен Мирас бесінші сыныпта оқиды. Екеуі бала кезден дос. Аңсар сабақтан келген соң, түскі тамағын ішіп, үйдегі жұмыстарын бітіріп, ертеңгі сабағын оқып болған соң далаға ойнауға шықты. Футбол алаңына барса, Мирас та ойнап жүр екен. Олар ұзақ футбол ойнап, үйге кеш қайтты. Мирас: мен ертең сабаққа бармаймын, үй тапсырмасын орындамадым. Мені ағайға ауырып қалды дей салшы, - деп өз өтінішін Аңсарға айтты...

- Аңсар егер адал дос болса, қандай жауап берер еді деп ойлайсыңдар?

3. Қаңтардың қара суығы. Айбек екі шелекті қолына алып, өзеннен су алып келіп, қорадағы қойларды суаруға бет алды. Шелегін суға толтырып, қораға кіре берісте Айбектің аяғы тайып, құлап түсті. Су үстіне төгілді. Орнынан әрең қозғалып, үйге кірді... Айбектің тобығы шығып кетіп ауруханада көп жатты...

- Сендер Айбектің досы болсаңдар не істер едіңдер?

4. Сырым мен Дина дос болатын. Бірде Сырымның лақтырған добы Динаның басына барып тиді. Сырым добын домалатып теуіп ала жөнелді.

Жанар мен Сырым шын достар деп, айтуға бола ма?

Неліктен? Олардың достықтары қалай жалғасады, деп ойлайсыңдар?



Балалар бір-бірімізге ренжіген сәттерде, кейде біз өте асығып жүріп бір-бірімізді түсінбей қаламыз, ізгі сөздерді айтуға үлгермей қаламыз. уақыт өткен соң түсініп, өкініп жататын кездеріміз де болады. Одан досымызды ренжітіп аламыз. Сырым «кешір» деген сөзді айта алмады. Нағыз достар бір-бірінің көңіліне қарап, ренжітпейді, кешірімшіл болады. Достар қиын сәттерде көмекке келеді, татулықты қадір тұтады.

Біз бір-бірімізді түсінуге тырысамыз, түсіну үшін қандай қарым-қатынаста болуға тиіспіз, қане ойын ойнап көрейік.

VІІ. Ойын: «Ренжістік, достастық» /әуенмен/

Балалар, бүгін біз « Ренжістік, достастық » ойынымен танысып, ойнаймыз. Мүмкін, нағыз достықтың құпиясын ашатын шығармыз. Менің өтінішім бойынша сендер:

• «РЕНЖІСТІК» дегенде бір-бірлеріңе қарама-қарсы бұрылып, саусақтарыңды безейсіңдер.

• «ТОҚТА» дегенде бір-бірлеріңе арқаларыңмен бұрыласыңдар.

• « ДОСТАСТЫҚ » деген бұйрық берілгенде қол алысып, күлімдеп өз құрбыларыңа сүйіспеншілік туралы ізгі сөздер айтасыңдар.

Пікір алмасу.

- Сендерге ойын ұнады ма?

- Татуласу ше?

- Татуласқанда қандай көңіл-күйде болдыңдар? /қуанышты, бақытты, көңілді/

- Ал, сендерге ренжіскен ұнады ма?

- Ренжігенде қандай көңіл күйді сезіндіңдер? /уайымды, қайғыны, көңілсіздікті/

Өмірімізді қуанышты да бақытты шақтар көп болу үшін бір-бірімізбен достықта, татулықта болғанға не жетсін.



VІІІ. Релаксация

-Балалар, ыңғайланып отырып алыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Алақанмен тосып алған достық шуағының жылуын сезінейік. Өзіміздің қолымызбен жасаған достық нұры мәңгі жүрегімізде қалуы үшін жарастықты, татулықты жақтайық, әрқашан бірлікте, сыйластықпен өмір сүрейік, деп іштей қайталаймыз.Соның дәлеліндей әркім өзінің көршісінің қолын алып, ешқашан ренжіспеуге келісім берейік. Осындай ризашылықпен бұрынғы қалпымызға келеміз.



Тыныштық сәті

Дос деген достың сөзін көтермесе,

Саған жердің түбінен жетем десе.

Не қылып дос атына қосылады,

Көтермей бір сөзіңді бүйтем десе.

Нағыз дос бір-бірін жамандамас,

Араға көп өкпе сап табандамас.

Көңілі татулықтың шабандамас.

Жақсының әрбір сөзін қайырмаңық,

Жасығанда жездей боп мойымайық.

Сыр сақтамас біреумен дос болам деп,

Сыр ашқан досымыздан айрылмайық.

ІХ. «Менездеме беру» тренингі

Қазір мен сіздерге 5 саусақты қолғап беремін. Әр саусақта өзіңіздің қолыңыздағы жазылған есімді балаға бір-біріне көрсетпей мінездеме жазыңдар.

Тірек сөздер:

Адал- Арам

Жомарт -Өз қамын ойлайтын

Адамгершілігі мол- Кекшіл

Қарапайым -Сөзге түсінбейтін

Мейірімді- Жалқау

Кешірімді -Тәккапар

Төзімді -Қатал

Ақылды -Мейірімсіз

Сабырлы- Сараң

Салмақты- Қызғаншақ

Кек сақтамайтын- Тұйық

Ашық -Бүкпесіздік

«Бес саусақ бірікпей ине қолға ілікпейді» дегендей бәріміз жұмылып бірауыздан алдымыздағы жүкті көтере білейік.

Татулық достар арасындағы ең тамаша қасиет. Тату балалар бір – бірін ренжітпейді, тату-тәтті ойнайды, ойыншықтарымен, тәттілерімен бөліседі. Сондақтан да достық - татулықтан басталады делінеді.

Х. «Сиқырлы орындық» жаттығуы.

Ортадағы бір орындыққа бір оқушы отырады. Қалғандары сол оқушының ұнамды жақтарын айтады.

ХІ. Жүректен жүрекке:

Оқушылар шеңбер бойымен бір-біріне кезекпен достық тілектерін білдіреді.

-Досыңа адал бол!

-Татулық тілеймін!

-Досыңа кек сақтама!

-Кешірімді бол!

-Достық тілеймін!



ХІІ. Үйге тапсырма: «Досым саған арнаймын» (ақындар өлеңдерінен көркемсөз оқу)



ХІІІ. Қорытынды:

• Қиын кездерде бір-біріне көмек көрсетіңдер.

• Досыңды қорлама.

• Досыңмен қызықты шақтарды бөлісе біл.

• Досыңды барда да сына, жоқта да сына.

• Досыңның кемшілігін кешіре біл.





Қосымша:

Мақалды жалғастыр.

1. «Кемшіліксіз ... іздеген адам ... қалады».

2. «Дұшпан ... айтады, дос ... айтады».

3. «Жаңылмайтын ... жоқ, сүрінбейтін тұяқ ...».

4. «... жаңасы жақсы, ... көнесі жақсы».

5. «... теңгең болғанша, жүз ... болсын».

6. «Досы көппен ...,

Досы жоқпен ...».

7. «Досы ..., өзі де жақсы».

8. «.. басқа қарайды,

... аяққа қарайды».

9. «Ақылсыз ..., ақылды дұшпан ...».

10. «Досың мың болса да - ...,

... біреу болса да - көп».



Жауаптары:

1. «Кемшіліксіз дос іздеген адам доссыз қалады».

2. «Дұшпан күлдіріп айтады, дос жылатып айтады».

3. «Жаңылмайтын жақ жоқ, сүрінбейтін тұяқ жоқ».

4. «Киімнің жаңасы жақсы, достың көнесі жақсы».

5. «Жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын».

6. «Досы көппен сыйлас,

Досы жоқпен сырлас».

7. «Досы жақсының - өзі де жақсы».

8. «Дос басқа қарайды,

Дұшпан аяққа қарайды».

9. «Ақылсыз достан, ақылды дұшпан артық».

10. «Досың мың болса да - аз,

Дұшпаның біреу болса да - көп».

- Балалар, бүгінгі тәрбие сағатында біз «Достық» аялдамасына тоқсатп, бұл аялдамада «Достық – татулықтан басталады» деген тақырыпта әңгімелесіп, қалай тату дос болу керектігін үйреніп, «татулық» ұғымы туралы түсінік аламыз.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ашық тәрбие сағаты "Іздегенде табылатын қасыңнан"

Автор: Бабакова Анар Оралбаевна

Дата: 12.03.2017

Номер свидетельства: 399420

Похожие файлы

object(ArrayObject)#849 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(89) "«Іздегенде табылатын ?асы?нан» ашы? т?рбие са?аты "
    ["seo_title"] => string(56) "izdieghiendie-tabylatyn-k-asyn-nan-ashyk-t-rbiie-sag-aty"
    ["file_id"] => string(6) "195728"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1427958913"
  }
}

ПОЛУЧИТЕ БЕСПЛАТНО!!!
Личный сайт учителя
Получите в подарок сайт учителя


Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства