kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Бала дамуындағы таным үрдісінің маңызы

Нажмите, чтобы узнать подробности

  • Психикалық таным процесстерін белсендіру (қабылдау, зейін, ой, ес, қиял)
  • Байланыстырып сөйлеу тілін дамыту, диалогты сөйлеуін арттыру
  • Ұсақ саусақ моторикасының икемділігін арттыру
  • Өзара қарым- қатынас барысында эмоциясын көрсете отырып өз дайындығын белсендіру
  • Ішкі қысымды шығару
  • Үлкеннің іс- әрекеттерін тиянақты қайталап, белсенділігін көрсету, өзін ортада көрсету, бағалай алуын арттыру
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Бала дамуындағы таным үрдісінің маңызы»

Бала дамуындағы таным үрдісінің маңызы


Психикалық дамуы тежелген баланы дәл уақытында анықтап, оған арнайы мамандар көмек беріп қолдау көрсетсе тез шарықтап, өз қатарын қуып жететіні анық. Оған дәлел өз тәжрибемде кездесіп жүр. Осы кезде бар күшімізді салсақ баланың психологиясына қажетті іс- әрекеттерді (ортаға бейімдеу) психикалық таным процесстерін, яғни қабылдауын, есте сақтау қабілетін, зейін тұрақтылығын, логикалық ойлауын дамытатын кез.

Түзету және дамыту жұмыстарының негізі- таным процесстерін белсендіру болып табылады. Бұл үшін:

-барлық психологиялық таным процесстерінің жоғарғы деңгейі

-баланың денсаулығы басты болып табылады.

Онсыз міндетті шарттарды орындау кез- келген түзету, дамыту жұмыстары үшін күмәнді.

Негізгі таным процесстерін дамыту үшін оларға қысқаша мәлімет беріп кетейік.

Баланы ортаға бейімдемей онымен жұмыс жасау мүмкін емес. Сондықтан менің жоспарымның алдында ортаға бейімдеу мен қарым- қатынас жұмыстары тұрады.

Қарым-қатынас – адамдар арасында бірлескен іс-әрекет қажеттілігін туғызып, байланыс орнататын күрделі процесс, бала мен педагог арасындағы қарым-қатынастың басты мақсаты – өзара түсіністікке қол жеткізу.

Баламен жақсы қарым-қатынас орнатуға мынадай ережелерді ескеру қажет: барлық баламен тең дәрежеде қарым-қатынас жасау, ойын барыстарын тең дәрежеде ойнау, баланың жеке пікірін сыйлау. Қарым-қатынас мәдениетін меңгерген бала өзімен қатынас жасайтын адамға құрметпен қарап,сыйластық білдіреді.

 Түйсік сыртқы дүние заттары мен қүбылыстарының жеке қасиеттері мен сапаларының миымызда бейнеленуі болса, қабылдау заттар мен құбылыстардың мида тұтастай бейнеленуі болып табылады.

Қабылдауда заттар мен құбылыстардың түсі, дыбысы, дәмі, иісі, формасы т. б. қасиеттері түтас күйінде бейнеленеді.

Зейін- дегеніміз айналадағы объектілердің ішінен керектісін бөліп алып, соған психикалық әрекетімізді тұрақтата алу. 

Орыс педагогикасының атасы К.Д.Ушинский зейіннің маңызын былайша көрсеткен еді. «Зейін адам санасынан қорытылып өтетін барлық ойды аңғартатын, адам жанының жалғыз ғана есігі болып табылады, демек, бұл есікке ілімнің бірде-бір сөзі соқпай өте алмайды, егер де ол соқпай өтсе, онда баланың санасында ештеңе де қалмайды».

Зейін ырықты, ырықсызжәне үйреншікті болып үшке бөлінеді. Сыртқы дүниенің кез келген объектілері кейде ырықсыз-ақ біздің назарымызды өзіне тартады.   Адам өмірінде ырықсыз зейін елеулі орын алады. Зейіннің бұл түрі әсіресе жас балаларда жиі кездеседі. Өйткені балалық дәуірде адамның күрделі іс-әрекеттері (оқу,еңбек т.б.) белгілі жүйеге келе қоймайды да, осының нәтижесінде оның психикасы өте нәзік, түрлі сыртқы әсерге берілгіш келеді . Адам өмірінің барлық кезеңдерінде ырықсыз зейін тиісінше орын алып отырады. Қызығу — ырықсыз зейіннің бұлағы

Адамның ырықты зейіні әрекетті саналы түрде белгілі ерік күшін жұмсау арқылы орындалуынан көрінеді. Ырықты зейінде белгілі бір мақсат қойып, объектіге ерекше зер салып отыру көзделеді, ол жұмыстың басынан аяғына дейін ерік-жігерді сарқа жұмсауды талап етеді. Бұл екеуіде ПДТ балаларда тұрақты емес.

  Үйреншікті  жұмыс  жағдайын жасап  алып, алаңдататын нәрселерден бойды аулақтатқан жөн.

  Орындалатын істің мәнісін, маңызын түсіну үшін білімге шын ықыласпен берілген дұрыс.  Түрлі қолайсыз жағдайларда да  жұмыс  істеуге машықтану.  Мәселен, көңілді алаң қылатын бөгде тітіркендіргіштердің (айқай-шу, тарсыл-гүрсілдерде де) әсеріне берілмей жұмыс істей беру.  Бұл зейінді шынықтырудың,  оны мықты және шыдамды етіп тәрбиелеудің ең жақсы жолы болып табылады.

  Зейінді болуды өзіңе үнемі ескертіп отыру керек. Бір сөзбен айтқанда, ырықты зейін деп іс-әрекетті жоспарлы түрде ұйымдастыруды айтады.

Үйреншікті зейін- адамға табиғи сіңісіп кеткен, арнайы күш жұмсамай-ақ орындалатын зейін. Мәселен, бала оқуға төселсе, бұл оның тұрақты әдетіне айналса, оның зейіні де үйреншікті бола бастайды. Қандай нәрсеге болса да үйреніп, жаттығып алған соң, адамның іс-әрекеті дағдысына айналады

Адамның зейіні бір объектіге немесе бір жұмысқа ұзағырақ тұрақтай алса, оны зейіннің тұрақтылығыдейді. 

Зейіннің осы қасиетінің оқу процесінде маңызы зор. Сабақ үстінде баланың назарын көп нәрсеге аудармай, басты бір нәрсеге не белгілі бір әрекетке ғана аударып, оған тұрақтатып әдеттендіру керек. Сонда ғана бала күнделікті үлкендердің көмегінсіз-ақ зейінін тиісті объектіге жинақтай алатын болады.

Ес – күрделі психикалық процесс. Ол айналамыздағы бізге әсер етуші дүниені, ондаған заттар мен құбылыстарды нервмізде сәулелендірудің айрықша бір түрі. Ес түрлерінің бірінің басымырақ болып қалыптасуы жеке адам ерекшеліктеріне, адамның әрекет ерекшеліктеріне байланысты болады. Мәселен, әртістерде – эмоциялық ес жақсы дамыған болса, композиторларда – есту, суретшілерде – көру, философтарда – сөздік – логикалық ес жақсы дамиды. Естің дамуы, сол тәрізді, адамның мамандық әрекетіне де тәуелді, өйткені психика әрекет үстінде көрініс берумен бірге қалыптасады да.

 Есте қалдырудың түрлері :

1.Қысқа мерзімді есте қалдыру.

2.Ұзақ мерзімді есте қалдыру.

3.Оперативтік есте қалдыру.

4.Ырықты есте қалдыру.

5.Ырықсыз есте қалдыру.

Жаттау — ырықты есте қалдырудағы ең негізгі тәсілдердің бірі болып табылады. Жаттаудың белсенді болуы уақытқа байланысты.

6.Логикалық есте қалдыру.

7.Механикалық есте қалдыруда заттар мен құбылыстардың мазмұны есте сақталмай, олардың ерекшеліктері мен формалары есте сақталады.

Логикалық есте қалдыруда – қабылдаған нәрселердің мазмұны есте сақталады.

Ойлау-сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс- қатынастарының адам миында жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі. Ойлау – таным процестерінің ішіндегі ең биік сатыда тұрған жоғарғы процесс. Дәлдеп айтқанда ойлау – адам баласына ғана тән меншікті психикалық процесс.

Ойлау сөзбен тығыз байланысты

Ойлау күнделікті өмірде кездесетін міндеттерді шешуден басталатын болғандықтан, адамда ойлаудын, әдістері болады. Мұндай әдістерге талдау мен біріктіру, салыстыру абстракциялау мен нақтылау, қорыту жатады.

Талдау деп белгілі бір затты, құбылысты, процесті оның құрамды элементтеріне, бөліктеріне, сипаттарына ажыратуды айтады.

Жеке элементтерді немесе бөліктерді бір бүтін етіп біріктіру әдісін біріктіру деп айтады.

Салыстыру – бұл заттар мен олардың жеке элементтерінің, белгілерінің арасындағы ұқсастық пен айырмашылықты белгілеу.

Заттардың бірқатар қасиеттерін ойша дерексіздендіріп, қандай да болса, бізге керек қасиетін бөліп алып қарауды абстракциялау деп атайды. Мәселен, адамның көзіне жақсы әсер ететін түс ретінде жасыл түс туралы айтып, жасыл түспен боялған нақты затты айтпауымызға болады. Бұнда "түс" абстрактылы болып табылады. Немесе айталық күш сападан маңыздыраң" дейміз, бірақ нақты қай күш туралы әңгіме болып отырғанын: адамның күші ме, жануардың, машинаның күші ме, жерге тартылу күші ме, ол жағын түсіндіріп жатпауымызға болады. Бұндай "күш" абстрактылы ұғым болып табылады.
Абстракцияға қарама-қарсы процесс — нақтылау.
Егер, біз белгілі бір затты айтсақ немесе ол заттың нақты белгісін атап көрсетсек, мұнда нақтылау деп аталатын процесс болады.
Мәселен, бөлмедегі түсқағаздың жасыл түсті екендігі туралы немесе жолдасымыздың дене күші мықты екені туралы пікірімізді айтамыз. Бұл жағдайдың екеуінде де абстракты ұғымдар туралы жоғарыда келтірілген сөздері мен ("түс", "күші") айтылса да, біз бұл жерде нақты ұғымдар жөніңде айтып отырамыз.

Сонымен психологиялық процесстерді анықтап дамыту барысында баланың физиологиялық ерекшелігін оның ішінде ұсақ саусақ моторикасын бірге қоюымыз керек.

Ұсақ моторика- қолдың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысы.  Бала қозғалысы қоршаған ортадағы заттарды танып-білу барысында қалыптасады. ұсақ моторикаға стимул жасау арқылы біз сөйлеу әрекетінің белсенділігін арттырамыз.

Ұсақ моториканы дамытудың- баланың жалпы дамуында да алатын орны ерекше.

В. А. Сухомлинский бала қабілетінің қайнар көзі оның саусақтарының ұшында екенін жазған. Бала қолының қозғалысы қаншалықты епті болса, соншалықты ойлауы, сөйлеуі жақсы дамиды. Яғни, бала қолымен көбірек жұмыс істесе, ақылы да сонша өседі.
Ұсақ моториканы дамыту жұмыстарын бала туылған кезден бастау керек. Кішкентай сәбидің қолына массаж жасау арқылы біз алақандағы ми қыртыстарының жұмысын жақсартатын аймақтарды басамыз.

Балалардың ұсақ моторикасын дамытуда тақпақпен бірге жасалатын саусақ жаттығуларының орны ерекше. Данышпан қазақ халқымызда бұған да ерекше назар аударған. Мысалы, «Қуырмаш», «Санамақ» «Хан талапай», «Бес тас» «Асық ату» т.б. ойындарды ойнатудың баланың ұсақ моторикасын, көру-қозғалыс тепе-теңдігін сақтауда, зейін қою, есте сақтау, санау қабілеттерін дамытуда маңызы зор.

Педагог- психологтың тағылымды тәрбиесінің негізі: даму мүмкіндігі шектеулі балаларды түзету, дамыту, оңалту, келер ұрпақты мәдениеттілік пен имандылыққа тәрбиелеу, баланың бойына адамгершілік қасиеттерді ерте жастан сіңіру, педагогикалық және психологиялық сауаттылықтарды жетілдіру болып табылады.

Қорыта айтқанда, болашақта баланың кемшілігін дер кезінде жоя біліп, қоғамға жан- жақты дамыған, төрт мүшесі сау баланы қосу әр педагогтың негізгі міндеті деп білемін.






































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Бала дамуындағы таным үрдісінің маңызы

Автор: Катифова Рая Канатовна

Дата: 10.02.2018

Номер свидетельства: 456225

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(140) "Мектеп жасына дейінгі балалардың тілдерін дамытуда ауыз әдебиетінің маңызы"
    ["seo_title"] => string(80) "miektiep_zhasyna_dieiinghi_balalardyn_tildierin_damytuda_auyz_diebiietinin_man_y"
    ["file_id"] => string(6) "399642"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1489348888"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(99) "Іскерлік ойын: "Қоршаған ортаның бала дамуындағы орны""
    ["seo_title"] => string(56) "iskierlik_oiyn_k_orshag_an_ortanyn_bala_damuyndag_y_orny"
    ["file_id"] => string(6) "431643"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1507610079"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(85) "Ойын ар?ылы баланы ?абілеттерін танымын дамыту"
    ["seo_title"] => string(43) "oiynarkylybalanykabiliettierintanymyndamytu"
    ["file_id"] => string(6) "296917"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1456122003"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(87) "Ойын ар?ылы баланы? танымды? ?абілеттерін дамыту"
    ["seo_title"] => string(45) "oiynarkylybalanyntanymdykkabiliettierindamytu"
    ["file_id"] => string(6) "297511"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1456210469"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(109) "Баяндама    «?зін-?зі тану» п?ніні? ?дістемелік ерекшеліктері "
    ["seo_title"] => string(63) "baiandama-ozin-ozi-tanu-p-ninin-distiemielik-ieriekshieliktieri"
    ["file_id"] => string(6) "194831"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1427815917"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства