kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Іскерлік ойын: "Қоршаған ортаның бала дамуындағы орны"

Нажмите, чтобы узнать подробности

                                                              Іскерлік ойын

   Тақырыбы: Қоршаған ортаның бала дамуындағы орны.

   Мақсаты: Қоршаған ортаны қорғау, табиғат байлықтарын ұтымды пайдалану іс-әрекетіне балаларды үйрету, дағдыландыру және бағыт беріп отыру.

                                             Кіріспе бөлімі

  1. «Піл көтермегенді тіл көтереді» айтылған мақалға, басқа

мақал тауып айту.

  1. «Тіл өнер» сайысы.
  2. Айналамен таныстыру оқу іс-әрекетінде не қолданасың?

Іскерлік ойын

  1. «Тіл көтермегенді, тіл көтереді».

Айтылған мақалға, басқа мақал тауып айту.

  1. Білім инемен құдық қазғандай.

(Ақыл азбайды, білім тозбайды).

  1. Көз қорқақ, қол батыр.

(Көзің ауырса, қолыңды тый, ішің ауырса, аузыңды тый).

  1. Ерді намыс өлтіреді, қоянды қамыс өлтіреді.

   (Ер жігіттің екі сөйлегені өлгені).

  1. Кекшіл болма, көпшіл бол.

   (Көп түкірсе – көл).

  1. Өнерлі өрге жүзер.

   (Жігітке жеті өнерде аз).

  1. «Тіл өнер» сайысы.

Мақалды жалғастыру.

  1. Еңбек етсең, ерінбей.,
  2. Не ексең,.,
  3. Басы қатты болса,.,
  4. Атаңның баласы болма,.,
  5. Көппен көрген,.,
  6. Ашу дұшпан,.,
  7. Үлкенге құрмет,.,
  1. Айналамен таныстыру оқу іс – әрекетінде не

қолданасыңдар? Әңгіме.

  1. Жұмбақтар шешу.

Жануарлар және өсімдіктер туралы.

Адамға серік,

Күзетке берік.

                                                                       (Ит)

Кішкентай ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар.

                                                                       (Қой)

Өзі қу,

Жүрген жері у шу.

                                                                       (Түлкі)

Еріксе құйрығымен ойнайды,

Зеріксе ұйқыға бір тоймайды.

                                                                       (Мысық)

                                 

                                      Өсімдіктер туралы

Бақшадан жер қазып,

Жиып алдым жез қозып.

                                                                       (Сәбіз)

Қар астында қыстады,

Ақпен бөркін тыстады.

                                                                     (Бәйшешек)

Сырнайынан төгіп жыр,

Күнге сәлем беріп тұр.

                                                                     (Күнбағыс)

Табаны суды сүйеді,

Қабағы күнге күйеді.

                                                                     (Күріш)

 

 

                

                                                                                                

Әңгімелеу.

  1. Жұмбақтар шешу.

Жануарлар және өсімдіктер туралы.

   «Табиғатсыз адамзаттың күні жоқ,

   Оны айтуға табиғаттың тілі жоқ» халық даналығы.

   Жас ұрпақтың табиғатты қорғауға тәрбиелеу ұлттық негіздегі балабақшадан басталады. Біз бәріміз де табиғатты сақтауда және оны дұрыс пайдалануда ұрпақ алдында, тарих алдында жауаптымыз.

   «Атамекенін азамат қана қорғай алады» деген қанатты сөз бар. Олай болса, қоршаған ортаны қорғау, ағаш, өсімдік егіп, туған жердің табиғатын жайқалту, табиғи ортаны таза қалпында мәңгілікке сақтау  әр азаматтың, қоғамның басты парызы. Туған жер төсіндегі жер, су, гүл, шөп, алтын дәнмен, жан – жануар қоғамымыздың байлығы, өмір нәрі, тіршіліктің баға жетпес асыл қазынасы. Сондықтан, балабақшада тәрбиеленуші балғындарымызға айналадағы қоршаған ортаға, табиғатқа деген тәрбие беруіміз керек.

   Табиғат – бәрімізге ортақ қазына, оны әсіресе жас ұрпақ сүйіп өсулері керек.

   Қазіргі таңда ақпарат құралдары жетілген, сол себепті балалардың ойлау қабілетін арттыратын, адамгершілік қасиеттерін дамытуға бағытталған жұмыстар жүргізу тәрбиешіден үлкен шығармашылықты талап етеді.

   Осы орайда халықтың педагогиканың тағылымдарын басшылыққа ала отырып, жас жеткіншектерге қоршаған табиғаттың құпия сырларын үйретуді жөн көрдім, яғни табиғат құбылыстары, табиғат болжамдары, ырым-тыйым сөздер, мақал-мәтелдер.

   «Жас шыбықты қай бағытқа иесіз, солай қарай өседі» деп аталарымыз айтқандай балаларды табиғатпен етене жақын өсуге тәрбиелеу-мейірімді, адамгершілігі мол ұрпақ өсіру болып табылады.

   «Көк шөпті жұлма-көктей соласың», себебі өсімдік-өмір сәні, табиғат көркі деп, оларды топтауға, себепсіз жұлуға жол бермеген. «Егінді бейсауыт баспа, таптама» - обал болады, табиғат перзенттерді адам да, жануарлар да осы егінмен азық болады – деп жас ұрпақты табиғатқа, қоршаған ортаға, тіршілікке қажетті қасиеттерді уағыздап отырған. Жаман іс-әрекеттен, жат пиғылдан аулақ болуға үйреткен.

   Бабалардың  табиғатқа деген сүйіспеншілік, қамқорлық қарым-қатынасын  қалыптастырады, балалардың жануарлар дүниесі мен өсімдіктердің құпия сырларына деген қызығушылығын оятуда, табиғаттағы әдемі, сұлу көріністерді, құбылыстарды көріп, балалардың тани білуіне ықпал жасауда  Ы.Алтынсариннің  «Бір уыс мақта», «Құмырсқа, қарлығаш», «Таза бұлақ». Б.Соқпақбаевтың  «Ағаштар неге ашуланды?».  Т.Әбдірайым  «Қайыңның көз жасы».  А.Құнанбаевтың «Күз», «Жазғытұрым», «Қыс»,  «Жаз» тағы басқа шығармалары тәрбиелік бағасы жоғары дүниелер.

   Осы орайда балалардың қоршаған табиғат байлықтары мен құбылыстары туралы дүниетанымын қалыптастыруда педагогика ғылымының теориялық әдістемелік қағидаларын пайдалануды қажет деп таптым, яғни мақал – мәтел үйрете отырып, балалардың табиғат байлықтарына сүйіспеншілік сезімін қалыптастыруға болады.  «Артыңда мал қалғанша, тал қалсын»,  «Бір тал кессең, он тал ек»,  «Ағаш ексең аялап, басыңда болар сая бақ»,  «Адам жерге нәр береді, Жер адамға нан береді» т.б.

   Туған жер табиғаты – халқымыздың мақтанышы. Сондықтан оны аялап, қорғауға, оның байлығын еселеп арттыруға үлес қосу бәріміздің борышымыз.

   Сонымен, қоршаған ортаны қорғау, табиғат байлықтарын ұтымды пайдалану іс-әрекетіне балаларды үйрету, дағдыландыру және бағыт беріп отыру бала бақшалардың төл ісі болуы керек деп ойлаймын. Мұндай жұмыстар қорытындысында балалардың табиғатты қорғау көзқарасының дамуына игі әсер етеді, жемісін береді.

 

 

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Іскерлік ойын: "Қоршаған ортаның бала дамуындағы орны"»


Іскерлік ойын

Тақырыбы: Қоршаған ортаның бала дамуындағы орны.

Мақсаты: Қоршаған ортаны қорғау, табиғат байлықтарын ұтымды пайдалану іс-әрекетіне балаларды үйрету, дағдыландыру және бағыт беріп отыру.

Кіріспе бөлімі

  1. «Піл көтермегенді тіл көтереді» айтылған мақалға, басқа

мақал тауып айту.

  1. «Тіл өнер» сайысы.

  2. Айналамен таныстыру оқу іс-әрекетінде не қолданасың?

  1. Тіл көтермегенді, тіл көтереді».

Айтылған мақалға, басқа мақал тауып айту.

  1. Білім инемен құдық қазғандай.

(Ақыл азбайды, білім тозбайды).

  1. Көз қорқақ, қол батыр.

(Көзің ауырса, қолыңды тый, ішің ауырса, аузыңды тый).

  1. Ерді намыс өлтіреді, қоянды қамыс өлтіреді.

(Ер жігіттің екі сөйлегені өлгені).

  1. Кекшіл болма, көпшіл бол.

(Көп түкірсе – көл).

  1. Өнерлі өрге жүзер.

(Жігітке жеті өнерде аз).

  1. «Тіл өнер» сайысы.

Мақалды жалғастыру.

  1. Еңбек етсең, ерінбей..,

  2. Не ексең,..,

  3. Басы қатты болса,..,

  4. Атаңның баласы болма,..,

  5. Көппен көрген,..,

  6. Ашу дұшпан,..,

  7. Үлкенге құрмет,..,

  1. Айналамен таныстыру оқу іс – әрекетінде не

қолданасыңдар? Әңгіме.

  1. Жұмбақтар шешу.

Жануарлар және өсімдіктер туралы.

Адамға серік,

Күзетке берік.

(Ит)

Кішкентай ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар.

(Қой)

Өзі қу,

Жүрген жері у шу.

(Түлкі)

Еріксе құйрығымен ойнайды,

Зеріксе ұйқыға бір тоймайды.

(Мысық)

Өсімдіктер туралы

Бақшадан жер қазып,

Жиып алдым жез қозып.

(Сәбіз)

Қар астында қыстады,

Ақпен бөркін тыстады.

(Бәйшешек)

Сырнайынан төгіп жыр,

Күнге сәлем беріп тұр.

(Күнбағыс)

Табаны суды сүйеді,

Қабағы күнге күйеді.

(Күріш)



Әңгімелеу.

  1. Жұмбақтар шешу.

Жануарлар және өсімдіктер туралы.

«Табиғатсыз адамзаттың күні жоқ,

Оны айтуға табиғаттың тілі жоқ» халық даналығы.

Жас ұрпақтың табиғатты қорғауға тәрбиелеу ұлттық негіздегі балабақшадан басталады. Біз бәріміз де табиғатты сақтауда және оны дұрыс пайдалануда ұрпақ алдында, тарих алдында жауаптымыз.

«Атамекенін азамат қана қорғай алады» деген қанатты сөз бар. Олай болса, қоршаған ортаны қорғау, ағаш, өсімдік егіп, туған жердің табиғатын жайқалту, табиғи ортаны таза қалпында мәңгілікке сақтау әр азаматтың, қоғамның басты парызы. Туған жер төсіндегі жер, су, гүл, шөп, алтын дәнмен, жан – жануар қоғамымыздың байлығы, өмір нәрі, тіршіліктің баға жетпес асыл қазынасы. Сондықтан, балабақшада тәрбиеленуші балғындарымызға айналадағы қоршаған ортаға, табиғатқа деген тәрбие беруіміз керек.

Табиғат – бәрімізге ортақ қазына, оны әсіресе жас ұрпақ сүйіп өсулері керек.

Қазіргі таңда ақпарат құралдары жетілген, сол себепті балалардың ойлау қабілетін арттыратын, адамгершілік қасиеттерін дамытуға бағытталған жұмыстар жүргізу тәрбиешіден үлкен шығармашылықты талап етеді.

Осы орайда халықтың педагогиканың тағылымдарын басшылыққа ала отырып, жас жеткіншектерге қоршаған табиғаттың құпия сырларын үйретуді жөн көрдім, яғни табиғат құбылыстары, табиғат болжамдары, ырым-тыйым сөздер, мақал-мәтелдер.

«Жас шыбықты қай бағытқа иесіз, солай қарай өседі» деп аталарымыз айтқандай балаларды табиғатпен етене жақын өсуге тәрбиелеу-мейірімді, адамгершілігі мол ұрпақ өсіру болып табылады.

«Көк шөпті жұлма-көктей соласың», себебі өсімдік-өмір сәні, табиғат көркі деп, оларды топтауға, себепсіз жұлуға жол бермеген. «Егінді бейсауыт баспа, таптама» - обал болады, табиғат перзенттерді адам да, жануарлар да осы егінмен азық болады – деп жас ұрпақты табиғатқа, қоршаған ортаға, тіршілікке қажетті қасиеттерді уағыздап отырған. Жаман іс-әрекеттен, жат пиғылдан аулақ болуға үйреткен.

Бабалардың табиғатқа деген сүйіспеншілік, қамқорлық қарым-қатынасын қалыптастырады, балалардың жануарлар дүниесі мен өсімдіктердің құпия сырларына деген қызығушылығын оятуда, табиғаттағы әдемі, сұлу көріністерді, құбылыстарды көріп, балалардың тани білуіне ықпал жасауда Ы.Алтынсариннің «Бір уыс мақта», «Құмырсқа, қарлығаш», «Таза бұлақ». Б.Соқпақбаевтың «Ағаштар неге ашуланды?». Т.Әбдірайым «Қайыңның көз жасы». А.Құнанбаевтың «Күз», «Жазғытұрым», «Қыс», «Жаз» тағы басқа шығармалары тәрбиелік бағасы жоғары дүниелер.

Осы орайда балалардың қоршаған табиғат байлықтары мен құбылыстары туралы дүниетанымын қалыптастыруда педагогика ғылымының теориялық әдістемелік қағидаларын пайдалануды қажет деп таптым, яғни мақал – мәтел үйрете отырып, балалардың табиғат байлықтарына сүйіспеншілік сезімін қалыптастыруға болады. «Артыңда мал қалғанша, тал қалсын», «Бір тал кессең, он тал ек», «Ағаш ексең аялап, басыңда болар сая бақ», «Адам жерге нәр береді, Жер адамға нан береді» т.б.

Туған жер табиғаты – халқымыздың мақтанышы. Сондықтан оны аялап, қорғауға, оның байлығын еселеп арттыруға үлес қосу бәріміздің борышымыз.

Сонымен, қоршаған ортаны қорғау, табиғат байлықтарын ұтымды пайдалану іс-әрекетіне балаларды үйрету, дағдыландыру және бағыт беріп отыру бала бақшалардың төл ісі болуы керек деп ойлаймын. Мұндай жұмыстар қорытындысында балалардың табиғатты қорғау көзқарасының дамуына игі әсер етеді, жемісін береді.











Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Іскерлік ойын: "Қоршаған ортаның бала дамуындағы орны"

Автор: Утесинова Жазира Бекмуратовна

Дата: 10.10.2017

Номер свидетельства: 431643

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(116) "Бастауыш мектеп  о?ушыларыны? логикалы? ойлау т?сілдерін дамыту "
    ["seo_title"] => string(69) "bastauysh-miektiep-ok-ushylarynyn-loghikalyk-oilau-t-sildierin-damytu"
    ["file_id"] => string(6) "207186"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1430369948"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(121) "М??алім мен о?ушылар арасында?ы жа?ымды ?арым-?атынас орнату жолдары"
    ["seo_title"] => string(64) "mugalimmienokushylararasyndagyzhagymdykarymkatynasornatuzholdary"
    ["file_id"] => string(6) "304266"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1457693241"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства