Өзін-өзі тану сабағының жоспары
Мектеп Мерзімі: № 8.
Тақырыбы: Бақыт құшағында
Құндылық: Дұрыс әрекет
Қасиеттер: қанағатшылдық, адамгершілік, жақсы көре білу, түсінісе білу, кішіпейілділік,әдептілік.
Мұғалім: Елекеева Ж.А
Сыныбы: 7
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға бақытқа жетелейтін жол дұрыс әрекет құндылығы екендігін ұғындыру.
Міндеттері:
- Қанағатшылдық екенін түсіндіру;
- Жақсы көре білу, адамгершілік, түсіне білу, әдептілік,кішіпейілділік қасиеттерін дамыту;
- Қанағатшылдыққа, адамгершілікке, жақсы көре білуге тәрбиелеу.
Ресурстар:
(нақыл сөздер, бейне фильм, үнтаспа)
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі
Тыныштық сәті. Нұрға бөлену.
Сабақ барысын талдау:
- Үй тапсырмасын тексеру
№8 сабақ. Қ. Толыбаевтың «Бақытқа барар жол» мәтінін оқып, берілген сұрақтар бойынша пікірталастың мағынасын ашады. Оқушылар сұрақтар бойынша өз ойларын ортаға сала отырып жауап береді.
1. Шәкірттер не жайлы пікір таластырды?
2. Балалар бақыт туралы қандай пікірлер айтты?
3. Ұстаздың бақыт туралы пікірі қандай еді?
4. Бақыт мүдде, арман дегенді қалай түсінесіңдер?
5. Бақытты болу үшін байлық керек пе?
6. Туған жер, туған ел бақыты деген сен үшін не?