kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Бәрі менің қолымда!

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Бәрі менің қолымда!" тренинг сабағы оқушылардың бойында өзіндік "Менін" қалыптастыруға, тұлғалық қасиеттерін дамытуға машықтандыру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Бәрі менің қолымда!»

Тақырыбы: «Бәрі менің қолымда!»

Мерзімі: 01.03.2018 ж

Класс: 8-9 класс білім алушылары

Түрі: Пікірталас


Мақсаты: Білім алушылардың өзіндік тұлғасына сенімділік орнату, өз бойындағы қорқыныш, сенімсіздік стереотиптерін жойып, «Мен» концепциясын жоғары ұстауға машықтандыру.


Пікірталас ережесі:

- Тыңдау әдебін сақтау;

- Өз пікірін ашық білдір;.

- Ашық, көңілді болу;

- Белсенділік таныту;

- Сыйластықта болу;

- «Мен»принципін ұстану;

- «Мұнда және қазір» болу.


Барысы:

Психолог сөзі: - Құрметті білім алушылар қазіргі қоғамда тұлға болып қалыптасу үшін, алдымен өзіңді-өзің танып, түрлі жағдайларда жаман-жақсыны ажырата алу керек. Бүгінгі тақырып «Бәрі менің қолымда!» осы тақырыптың мағына төркінін ашып алайық.

1 сөз – Бәрі

2 сөз – менің

3 сөз – қолымда! Осы пікірді талқыға салайық (білім алушылар өз пікірлерін айтады)

Мысал «Бәрі өз қолыңда!» шығыс ертегісін айту.

Жан – жағымызға мұқият қарасақ, айналамызда күйбең тіршілік жүріп жатыр. Адамдар еңбек етуде, жұмысқа бара жатады, жұмыстан қайтып жатады. Демалады, қонаққа барады, алға қойған мақсаттарына жетіп, басқа бір мақсаттар қойып жатады. Кейбіреулер болса қайғы - мұңды бастарынан өткеріп жатады. Ал, кейбіреулер не үшін өмір сүріп жүргендерін, қиындықтардан қалай құтылу керектігін білмей өмірден түңіліп жатады. Бұл - өмір. Қалтарыстары мен қиындықтары көп осынау өмірде адамдар бір – біріне және өздеріне мейіріммен қарап, ізгі ниетпен жақсылық жасай білу керек. Сол қиындықтарды жеңу жолдарын іздеп, алға қойған мақсаттарына жете білулері әркімнің өзіне байланысты екен.

Олай болса, бүгінгі тренингіміз осы өзіміз таңдаған өмірімізде мәнді де, мағыналы өмір сүру әрқайсысымыздың өз қолымызда. Бүгін, тренинг барысында өзіміз сүріп жатқан өмірді танимыз, өзімізді танимыз деп ойлаймын. Тренинг барысында 3 топ қатысады. Әр сыныптан 8 оқушыдан. Ал, қалған қатыспайтын оқушылар көрермен және қатысып отырған топтарды бағалаушы болып есептеледі. Тренинг соңында осы 3 топ ішінен жоғары белсенділік танытқан топ анықталып, мадақталады.


«Ойланып көрейік» жаттығуы.

Мақсаты: Өмір туралы ұғымдарын дамыту.

Уақыты: 5 минут

Нұсқау: Төменде берілген сұрақтарға жауап таңдап алып, дәлелдеңдер.

(қатысушылар іштей екі топқа бөлінеді).

Адам не үшін өмір сүреді?

- - Үлгілі отбасын құру үшін.

- Білім алу үшін.

- Қоғамға және өз ортасына пайда келтіру үшін.

- Үлкен дәулетке қол жеткізу үшін.

- Өзін өзгелерге таныту үшін.

Өмірден өз орнын табу деген не?

- Жоғары атаққа ие болу.

- Материалдық дербестік және мол дәулетке жету.

- Тату және берік отбасын құру

- Адал достар көп болу.

- Өзі сүйген адамының сүйіктісі болу.

Өмірде үлкен табысқа жету үшін адам бойында қандай қасиеттер болу керек?

- Еңбекқор, адал, әділ болу

- Қабілетті, дарынды болу.

- Өзін және өз мүмкіндіктерін жақсы білу.

- Адамдармен тіл табыса білу.


3. «Менің өмірім...» жаттығуы. Бұл жаттығу сұрақ - жауап түрінде өтеді. Яғни, біздің сүріп жатқан өмірімізге қатысты сұрақтар. Мәселен, күнделікті қарап жүрген киноларымызға, қызығушылық танытатын компьютерлік ойындарымыз жөнінде болмақ.

Сұрақтар:

1. Қандай теле сериалдарды білесің?

2. Қандай компьютерлік ойындарды білесің?

3. Сәнге айналып жатқан ұялы телефондар мен оның түрлері.


Қорытынды.

Өміршеңдік ережелер. (Ережелер интерактивті тақтадан көрсетіледі, қатысушылар бірге оқиды.)

  • Өз күшіңе деген сенімсіздікпен қалай күресуге болады? Кез келген іске төмендегідей көңілмен кірісейік: иығыңды тіктеп, жарқын көңілмен, іштей табысқа жетуге талаптанып:

  • Жігер деген – Мен.

  • Күш деген – Мен.

  • Махаббат деген – Мен.

  • Кешірім деген – Мен.

  • Құдырет деген – Мен.

  • Жасөспірім деген – Мен.

  • Жастық деген – Мен.

  • Даналық деген – Мен.

  • Денсаулық деген – Мен.

  • Жарқындық деген – Мен.

  • Бар ғажайып деген – Мен.

  • Бәрі маған байланысты.

  • Бәрі менің қолымда !!! – деп өзіңізді сендіріңіз.























Анықтама



01.03.2018 ж.күні 8-9 класс оқушыларына «Бәрі менің қолымда!» тақырыбында тренинг-пікірталас болып өтті. Мақсаты: білім алушылардың өзіндік тұлғасына сенімділік орнату, өз бойындағы қорқыныш, сенімсіздік стереотиптерін жойып, «Мен» концепциясын жоғары ұстауға машықтандыру.

Пікірталас басталмас бұрын өз араларында бір жақсы ережеге бағынып, шарттарға келісіп алды. Психолог С.Ж.Әбдіраева тақырып аясында бірнеше пікірмен бөлісіп, білім алушылардың ойларын тыңдады. Білім алушылар қазіргі қоғамдағы жас өркеннің өмірлік ұстанымдары мен өмір сүру дағдылары, күнделікті күн тәртібінің дұрыс ұйымдастырылуы жайлы сөз қозғады және туындаған сұрақтарға жауап қайтара алды. Бірінің пікірі ұтымды болса, келесі оқушы өз пікірін жеткізе алмаған сәттері де кездесті, ондай жағдайда сарапты топ психолог Н.А.Имангалиева бастаған топ оқушылары өз пайымдарын ұсынды.

Тренинг-пікірталастың ерекшелігі сол қатысушылардың сөз саптауы мен бүгінгі пікірлерін 4 класс оқушылары тыңдап, қатысты. Бастауыш буын білім алушылары жоғары буын білім алушыларының білім, білік, дағдыларын көріп, өздерінің бойына сенімділік пен бастамашыл болу керектігі туралы ұғынып, сабақ соңында өз пікірлерін айтты. Тренинг сабақ өз мақсатына жетті.





Мектеп психологы: Н.А.Имангалиева

С.Ж.Әбдіраева




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
Бәрі менің қолымда!

Автор: Әбдіраева Сағыныш Жылқайдарқызы

Дата: 09.03.2018

Номер свидетельства: 461101

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(155) "Цифр мен затты? саны арасында?ы с?йкестікті табу. Сол жа?та, о? жа?та. Жыл мезгілі-к?ктем"
    ["seo_title"] => string(81) "tsifrmienzattynsanyarasyndagysikiestiktitabusolzhaktaonzhaktazhylmiezghilikoktiem"
    ["file_id"] => string(6) "313007"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1459424281"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(145) "Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру. Тақырыбы: "3 саны мен цифры""
    ["seo_title"] => string(80) "k_arapaiym_matiematikalyk_tusiniktierdi_k_alyptastyru_tak_yryby_3_sany_mien_tsif"
    ["file_id"] => string(6) "376300"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1483811467"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(71) "Сыныптан тыс уақытта. Ш дыбысы мен әрпі"
    ["seo_title"] => string(40) "synyptan_tys_uak_ytta_sh_dybysy_mien_rpi"
    ["file_id"] => string(6) "354740"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1478111178"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(35) "Мен ?мірді ?алаймын "
    ["seo_title"] => string(21) "mien-omirdi-k-alaimyn"
    ["file_id"] => string(6) "196407"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1428054465"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(42) "Алтын балықтың саяхаты"
    ["seo_title"] => string(25) "altyn_balyk_tyn_saiakhaty"
    ["file_id"] => string(6) "415582"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1494856354"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства