Ар-ұждан, намыс, ұят, абырой туралы дұрыс, жағымды көзқарас қалыптастыра отырып, оларға адалдық пен әділдік, әдептілік пен сыпайылық, кішіпейілділікпен мейірімділік, ізгілік пен имандылық қасиеттердің бәрі ар-ұят, ұждан тазалығынан туындайтыны туралы түсінік беру.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«"Ар-ұждан адамдық өлшемі»
22.11. 2016ж.
Тақырыбы: «Ар-ұждан – адамдық өлшемі»
Өткізілу формасы: дөңгелек үстел
Мақсаты: Ар-ұждан, намыс, ұят, абырой туралы дұрыс, жағымды көзқарас қалыптастыра отырып, оларға адалдық пен әділдік, әдептілік пен сыпайылық, кішіпейілділікпен мейірімділік, ізгілік пен имандылық қасиеттердің бәрі ар-ұят, ұждан тазалығынан туындайтыны туралы түсінік беру.
Міндеттері: - адам өміріндегі ар мен ұжданның мәнін аша отырып, адам өмірін реттеуші, адами абзал қасиеттердің өлшемі екенін таныту.
- «Ар-ұждан» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
- ар тазалығына жету үшін өз әркетін талдап кемшілігін танып, жан сұлулығы арқылы адамдық биігіне өздігінен көтерілуге, ар-ұждан тазалығына баулу.
- өмірлік әрекетіне, өз мінез құлқына сараптама жасап, өзіндік бағдарын анықтай алу, мүмкіндігін дамыту.
Барысы:
Пікірлесу сұрақтары 1. «Ар»; «Намыс»; «Абырой» сөздерінің мағынасын ашу
2. Бейнебаян.(Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!)
3. «Ақылды болсаң, арыңды сақта,
Ар-ұждан керек әр уақытта» нақыл сөзі оқылады, мағынасы талданады.
4. Адамның іс-әрекетін ақиқат, шындық пен әділдік жөніндегі ұғымдарын талдау.
5. Адамның өз кемшілігін білуі не үшін қажет?
6. Ар-ұждан адамға табиғаттан берілетін қасиет пе?
7. Бейнебаян.(Мемлекеттік қызмет пен сыбайлас жемқорлық пен қарсы іс-қимылдар туралы бейнеролик)
«Ұят-жасаған әрекетіңнің жөнсіздігін түсінушілік. Намысқа кір келтірушілік, моральдық рухтың асқақтығын қорлау – масқара болушылық. Бізде «ар» сөзіне ғылыми тұрғыдан қандай анықтама беріледі? «Шәкәрім» энциклопедиясында А.Тоқсамбаева: «Ар-адамгершілік сана, этика-философиялық категория. Адамгершілік (адамшылық, адамдық) қазақ халқында адам бойындағы жақсы қасиеттердің жиынтық мағынасын білдіретін ұғым-өлшем болса, Ар оның шығу тегі, бұлақ бастауы. Арды адам бойындағы жақсы қисиеттердің өлшемі, адамгершілік санасы деуге негіз бар», - дейді. Адамдық пен ар-ождан, әдептілік пен сыпайылық – сатылмайтын қымбат асыл тас.
Қорытынды: Ар,намыс,абырой – бұл адамның қадір қасиеті.Әрдайым қадір қасиетімізді бағалап,қадірлей білуіміз керек.Өз бойымызға әділдік,адалдық,ар-намыс,ұят ,абырой,жомарттық қасиеттерін сіңіре білген ұл қыздарымыз иманды да,әдепті деп танылатыны сөзсіз.