Ма?саты: О?ушыларды адамгершілік ?асиеттерге т?рбиелеу, оны к?нделікті ?мірде ?олдануды ?детке айналдыру.
Міндеттері:
М??алім мен о?ушылар арасында жылы ?атынас тудыру;
О?ушыларды мейірімділік пен ?атігездікті айыра білуге, жа?сы ?ылы?тарды ?йренуге, жаман ?ылы?тардан аула? болу?а ?йрету.
Барысы:
І. Танысу кезе?і.
"С?лемдесу" ритуалы.
ІІ. Жатты?улар:
Жатты?у:
О?ушылар?а ая?талма?ан с?йлем ?дістемесі бойынша с?йлемді ая?тау тапсырылады.
Топты? ?рбір м?шесі кезекпен та?тада берілген ?яшы?ты? бірін та?дап, онда жазыл?ан ойды ая?тауы керек.
«Жа?сы ?асиет» деп ....
«Жаман ?асиет» деп ....
Адамдарды? бойында?ы ?асиеттер ....
А?ылсыз болу деп ....
А?ылды болу деп ....
Т?йін: О?ушылар ?з ойларын айту?а да?дыланады, ой-пікірлері ?алыптасады. Тез ойлап, шешім шы?ара білуді, шын к??ілден жауап беруді ?йренеді.
«Мен ж?не айна» жатты?уы.
Алла мы?ты жарат?ан екі батыр,
Бая?ыдан со?ысып келе жатыр.
Кезек-кезек жы?ылып, жатып-т?рып,
Кім же?ері белгісіз т?бінде а?ыр.
Б?л ж?мба?та?ы екі батырды? біріншісі жа?сылы? болса, екіншісі жаманды? екен. Кез-келген адамны? мінезінде де д?л осы екі батыр бар. Ол екеуін табу ?шін ?здері?ізді? айнада?ы бейнелері?ізге ?арап ойланы?ыздар:
Ма?ан ?арап т?р?ан кім?
Ол ?андай адам?
?р о?ушы орта?а шы?ып, ?здеріні? бойларынан тап?ан жа?сы-жаман ?асиеттерін айтады.
Талдау:
?андай ?асиеттерді к?п атады?ыз?
?айсысынан ?зі?ізді к?бірек таныды?ыз?
Осы?ан дейін осы жайлы ойланып к?рді?із бе?
Б?дан былай жиі есі?ізге т?сіріп отырасыз ба?
Т?йін: б?л жатты?уды ж?ргізудегі негізгі ма?сатымыз, біріншіден – ?зімізді, екіншіден – бас?а адамдарды танып білу ?шін болса, ?шіншіден – бойымыздан жаман ?асиеттерді жойып, жа?сы ?асиеттерді асыру.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Адамгершілі ?асиет тренингі »
Оқушылардың адамгершілік қасиеттерін дамытуға арналған психологиялық тренинг
Мақсаты: Оқушыларды адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу, оны күнделікті өмірде қолдануды әдетке айналдыру.
Міндеттері:
Мұғалім мен оқушылар арасында жылы қатынас тудыру;
Оқушыларды мейірімділік пен қатігездікті айыра білуге, жақсы қылықтарды үйренуге, жаман қылықтардан аулақ болуға үйрету.
Барысы:
І. Танысу кезеңі.
"Сәлемдесу" ритуалы.
ІІ. Жаттығулар:
Жаттығу:
Оқушыларға аяқталмаған сөйлем әдістемесі бойынша сөйлемді аяқтау тапсырылады.
Топтың әрбір мүшесі кезекпен тақтада берілген ұяшықтың бірін таңдап, онда жазылған ойды аяқтауы керек.
«Жақсы қасиет» деп ....
«Жаман қасиет» деп ....
Адамдардың бойындағы қасиеттер ....
Ақылсыз болу деп ....
Ақылды болу деп ....
Түйін: Оқушылар өз ойларын айтуға дағдыланады, ой-пікірлері қалыптасады. Тез ойлап, шешім шығара білуді, шын көңілден жауап беруді үйренеді.
«Мен және айна» жаттығуы.
Алла мықты жаратқан екі батыр,
Баяғыдан соғысып келе жатыр.
Кезек-кезек жығылып, жатып-тұрып,
Кім жеңері белгісіз түбінде ақыр.
Бұл жұмбақтағы екі батырдың біріншісі жақсылық болса, екіншісі жамандық екен. Кез-келген адамның мінезінде де дәл осы екі батыр бар. Ол екеуін табу үшін өздеріңіздің айнадағы бейнелеріңізге қарап ойланыңыздар:
Маған қарап тұрған кім?
Ол қандай адам?
Әр оқушы ортаға шығып, өздерінің бойларынан тапқан жақсы-жаман қасиеттерін айтады.
Талдау:
Қандай қасиеттерді көп атадыңыз?
Қайсысынан өзіңізді көбірек таныдыңыз?
Осыған дейін осы жайлы ойланып көрдіңіз бе?
Бұдан былай жиі есіңізге түсіріп отырасыз ба?
Түйін: бұл жаттығуды жүргізудегі негізгі мақсатымыз, біріншіден – өзімізді, екіншіден – басқа адамдарды танып білу үшін болса, үшіншіден – бойымыздан жаман қасиеттерді жойып, жақсы қасиеттерді асыру.
«Құпия сурет» жаттығуы.
Біз нені байқап тұрмыз?
.
Ақ кеңістікті көрмей, көбіміз қара нүкте тұр деп жауап береміз. Ақты аңғармай, қараны тез қабылдаймыз. Адам бойынан әрдайым кез-келген жағдайда жақсыны таба білуден гөрі, адамның кемшілігін көру жеңіл. Менің Сіздерден сұрайтыным, ешқашан адамды дәлелсіз жазғырмаңыздар. Ешкімнің сыртынан жаман сөйлемеңіздер.
Қорытынды:
«Адамгершілік жүрегі».
Әр оқушы «Ақылды болу үшін не істеуіміз керек, қандай қасиеттерді боймызға дарыту керек?»деген сұраққа жауап жазу арқылы тақтадағы адамгершілік жүрегін тірілтеді.
Ақыл деген – өлшеусіз бір жарық нұр,
Сол нұрды тән қамы үшін жан жұмсап жүр.
Тағдырдың қиын сырлы сиқырымен,
Жан – тәнге, ақыл – жанға матаулы тұр.
Ақыл деген – денеге егулі дән,
Суарылса кіреді оған да жан.
Ақылдың өсіп-өніп зор аймағы,
Көрген-білген нәрседен ғибрат ашқан, - деп Шәкәрім бабамыздың сөзімен, ой тұжырымдарымен түйіндейміз.