Психологические игры для детей обучающихся на дому
Психологические игры для детей обучающихся на дому
ХХ ?асырды? басында неміс педагог-дефектологы П.Шуманны? «бала кемістігіні? даму де?гейі не??рлым т?мен болса, со??рлым м??алімні? білім де?гейі жо?ары болу керек» деген асыл с?зінен даму м?мкіндігі шектеулі баламен ж?мыс істеу ?те ?иын екенін рас. ?азіргі кезде мектептерде кемтар балаларды ?ам?орлы??а алып, оларды? ?алыптасуына ж?не айы?уына м?мкіндік жасап, ?з бетімен ?мір с?руіне ба?ыт ба?дар беруге арнайы дайынды? ж?ргізілуде. Кемтар балаларды? білім де?гейін к?теріп, ?мірге ?ажетті білім білік да?дысын, т?ртібін ?алыптастыру?а байланысты т?рлі шаралар жасалуда. Б?л балаларды о?ытатын м??алімдерді? алдына мынадай міндеттер ?ойылады.
1. Баланы? мектепке дайынды?ын аны?тау.
2. Т?рбиесіндегі кемістігін жою
3. Саба?ты ж?йелі жоспарлау
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Психологические игры для детей обучающихся на дому»
Үйден оқытылатын оқушыға арналған психологиялық ойындар
Үйден оқытылатын оқушыға арналған психологиялық ойындар
ХХ ғасырдың басында неміс педагог-дефектологы П.Шуманның «бала кемістігінің даму деңгейі неғұрлым төмен болса, соғұрлым мұғалімнің білім деңгейі жоғары болу керек» деген асыл сөзінен даму мүмкіндігі шектеулі баламен жұмыс істеу өте қиын екенін рас. Қазіргі кезде мектептерде кемтар балаларды қамқорлыққа алып, олардың қалыптасуына және айығуына мүмкіндік жасап, өз бетімен өмір сүруіне бағыт бағдар беруге арнайы дайындық жүргізілуде. Кемтар балалардың білім деңгейін көтеріп, өмірге қажетті білім білік дағдысын, тәртібін қалыптастыруға байланысты түрлі шаралар жасалуда. Бұл балаларды оқытатын мұғалімдердің алдына мынадай міндеттер қойылады.
1. Баланың мектепке дайындығын анықтау.
2. Тәрбиесіндегі кемістігін жою
3. Сабақты жүйелі жоспарлау
Дамуында әр түрлі кемшіліктері бар балаларды арнайы оқытуға деген сұраныс, әсіресе олардың танымдық процестерін психологиялық жағынан зерттеу қазіргі таңда өзекті мәселе болып отыр. Оқыту үрдісінде мұндай балаларға оқу материалын меңгерту үшін арнайы мектептер мен мекемелерде арнайы білім берудің мазмұны мен әдістерін жасау және оны негіздеу қажет. Әсіресе ауылдық жерлерде туа біткен, сонымен қатар еліміздегі экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуынан, тұқым қуалаған, жүре пайда болған аурулар салдарынан, мектепке бару бақыты бұйырмаған балалар бар. Осы балаларды психологиялық ойындар көмегімен дене кемістігін қалпына келтіріп, сол арқылы психологиялық саулығын сақтап, бала мүгедектігінің деңгейін төмендетуге мектеп психологтары аз да болса өз үлесімізді қосып алдымызға мақсат етіп келеміз. Әр психолог үйден оқитын балаға барғанда біріншіден баланың көңіл күйіне қарап, динамикалық бақылау күнделігін жүргізіп отырады. Баланы мектепішілік іс-шараға қатыстырады немесе көрермен ретінде көруге шақырады. Екіншіден баланың үйіне барғанда ата-анасымен сөйлеседі, пікірлеседі, кеңес беріп отырады. Тек қана баланың өзімен жұмыс жасағаннан көрі ата-анасымен қосылып, жұмыс жасаған балаға қатты ұнайды. Ол үшін үйден оқитын оқушының отбасылық әлеуметтік жағдайын, жас ерекшелігін ескере отырып, балаға ешқандай қиыншылық туғызбайтын өз іс-тәжірибемде қолданып жүрген, ата-анасымен бірлесе жүргізген, баланың өзіне арналған коррекциялық ойындарды ұсынамын. Әрбір мұғалім жеке балаға сабақ бергенде сабағына қолдануға болады. Баланың қуанышы мен реніші ойында анық байқалады. Ойын кезінде баланың психологиялық ерекшелігі мынадан көрінеді:
1. Олар ойланады.
2. Эмоциялық әсері ұшқындайды, белсенділігі артады, қиял елестері дамиды, баланың шығармашылық қабілеті мен дарыны ұшталады.
3. Ұжымдық сезімі қалыптасады.
4. Ерік қасиетін бекітеді, адамгершілік сапаны жетілдіреді.
Коллаж «Менің қазіргі отбасым» және «Менің болашақтағы отбасым»
Отбасының барлық мүшелері қатысады. Оларға осы тақырыптарда екі коллаж жасау ұсынылады немесе қалаулары бойынша бір тақырыпты таңдайды. Коллажбен жұмыс жасау үшін бір көлемдегі қатты қағаз, түрлі-түсті қағаздар, ескі кітаптар, газет, журналдар қажет. Коллаж жасап болғаннан кейін жанұя мүшелері өз жұмыстары туралы әңгімелейді. «Пілдің аяғы» жаттығуы.
Мақсаты: ата-аналармен және балалардың дене деңгейінде өзара әрекеттесу; өзара әркеттесудің дағдыланған тәсілдерін сезіну, қажет болған жағдайда қарым-қатынасты жүзеге асыру үшін ыңғайлы жағдайларды іздестіру; негізгі мүмкіндіктерді ашу; күрделі жағдайларды шешуде одан шығу жолдарын игеру; ішкі мазасыздануларды көрсету, әсіресе қоғамда қабылданған мінез-құлыққа сәйкессіздіктен туындаған мазасыздануларды, яғни түрлі қарсылықтарды көрсету. Топ қатысушылары жұптарға бөлінеді (ата-ана- бала). Олардың біреуі өзін пілдің аяғы ретінде көрсетеді және осы рөльде өз көзқарасы бойынша сәйкес әрекеттер жасайды. Екіншісіне «Аяқты» кез-келген тәсілмен қозғалту ұсынылады. Әрі қарай жұптағы рөлдер алмастырылады.
Менің және анамның қолы.Мақсаты: Ең алдымен дене және эмоционалды есте сақтауға сүйене отырып, қатысушылардың дене сызбасы туралы түсініктерін нығайту. Сол жұпта дене деңгейіндегі өзара қарым-қатынасқа әсерлену, қайта жасау; ата-аналардың осы тәжірибені сезіну. Бала-ата-ана жұптарына бір-бірлеріне қарама-қарсы тұрып және жүргізушінің айтқанын орындау ұсынылады. Психолог тізбекті түрде келесілерді ұсынады:
4. Серіктестің біреуі алақанымен екінші қатысушының бармағын ұстап тұру қажет. Содан кейін орындарын ауыстыру
5. Бір-бірлерімен шынтақпен қоштасу.
Сабақта жаттығу тек сол қолмен орындалады. Үй тапсырмасы ретінде қатысушыларға тура осыны қарама-қарсы саусақтармен жасау ұсынылады.
«Көліктер» Мақсаты: ата-ана мен бала арасындағы физикалық контактіні реттеу, тактильді түйсіктерді дамыту. Жаттығу жұппен жүргізіледі: ата-ана және бала. Бала «көлік» рөлінде болады- ата-ана «көлікті жуушы». «Жуушының» көздері жабық немесе байланған. Бес минут ішінде «көлікті» ретке келтіреді: барлық әрекеттерін айта отырып жуады, сүртеді, мүмкіндігінше мейірімді сөздер көбірек қолданылады. Содан кейін ата-аналар мен балалар орындарымен алмасады.
«Ия-жоқ» өзін қабылдауға арналған жаттығу. Мақсаты: Ата-аналар мен балалар арасында жақындық сезімдерін, бір-бірлерін қабылдауды қалыптастыру, қарым-қатынас дағдыларын дамыту.Ата-аналар мен балалар бір-бірлеріне иықтарымен сүйеніп кілемнің үстінде отырады. Сенімді түрді «Ия-жоқ», «Жоқ- ия» сөздерін айтады. Жаттығудан кейін талдау жасалады: «ия» немесе «жоқ» сөздерінің қайсысын айту қиын?
Бірлесіп сурет салу. Мақсаты: Ата-аналар мен балалар арасында жақындық сезімдерін, бір-бірлерін қабылдауларын қалыптастыру, қарым-қатынас дағдыларын дамыту. Қатысушыларға жұпта бір қаламмен сурет салу ұсынылады, бірақ өзара сөйлесіп, келісім жүргізуге болмайды. Аяқтап болғаннан кейін әр жұп өз шығармасы туралы әңгімелейді: сурет қалай салынды. Қатысушылар сурет салудың түрлі кезеңдеріндегі өзара қарым-қатынас ерекшеліктерін көрсете алады: бірлескен, бір қатысушының екінші қатысушыны басынуы, бәсекелестік, келісім, серіктес қызығушылықтарына бағдарлану.
Баланың өзімен жүргізілетін жұмыс түрлері
Жағымды ойлауға үйрену. Жақсы нәрсе туралы ойлап, соны күту, соған сену. Өз ойыңда үйлесімділік пен тепе-теңдікті құра отырып, біз де соны өмірден таба бастаймыз.
Өзің туралы жағымсыз ойлардан құтылу.
Сіздің саналы түрдегі Өзіңізді мейлінше жақсы емеспін деген сеніміңіз, сіздің іс-әрекетіңіз бен қылықтарыңызды басқарады да, әрдайым ол өмірде көрініс береді.
Өзіңді сүй. Біз өзімізді бар жанымызбен сүйіп және өзімізді құрметтесек, сонда өз іс-әрекеттеріміз бен қылықтарымызды қоштаймыз, біз адамдармен ең ғажап қарым-қатынас тудыра алатындай, жаңа қызықты жұмыс табуға мүмкіндік беретіндей, дене салмағымызды тұрақтандыра алатындай, денсаулығымызды нығайта алатындай етіп ақылымызды нақты ұйымдастыруды құрамыз. Өзіңді қабылдау және өзіңді қоштау – бұл жағымды өмірлік өзгерістер жасаудың кілті. Өзіңді неғұрлым азырақ сынауға тырыс. Сын біз құтылуға тырысып жатқан сол ой бейнелеріне тоқтау сап қояды. Өз жеткен биігіңізді өзіңіз теріске шығармаңыз және басқалардың теріске шығаруына жол бермеңіз. Мұны балалар керемет орындайды. Өмірдегі бар жақсы нәрсе өзіңнің сыртқы “Меннен” айырмашылығы болатын ішкі “Менді” қабылдаудан басталады. Біздің жүрегімізде барлық планетаны емдеп жазарлық махаббат жетерлік екенін ұмытпаңыздар. Өз бойыңыздан жақсы қасиеттерді іздеңіз. Осыдан сіздің өміріңізде айтарлықтай прогресс басталады. “Мен өзімдегінің бәрін қолдаймын” деген жаттығу бар. Сіз мұны неғұрлым көбірек айтсаңыз, соғұрлым жақсы болады. Басқалардың сіз туралы айтқанына көп көңіл бөлмеңіз. Әр адам –қайталанбас және ерекше. Біз осы планетаға біреуге ұқсау үшін емес, өзімізді көрсету, жеткізе білу үшін келгенбіз.
Қарым-қатынасты дамытуға арналған жаттығулар
“Бет-әлпетті еске сақтау” Өзіңді қоршаған адамдардың бет-әлпетін сақтауға дағдылан. Қарап ал да, көзіңді жұм, көргеніңді түгелдей еске түсір. Толық еске түсіруге қиналсаң, қайта қара. Осылайша бірнеше рет қайтала.
“Ол қалай күледі?” Бет жүзіне қарап, адамның қалайша күлетінін, жылайтынын көз алдыңа елестет. Өзінің жақсы көргенін, сүйіспеншілігін, махабатын қалай білдіреді? Абыржып, сасқан кезде қандай? Ол қулана ма, әлде сытылып, құтылып шыға ма? Қалай дөрекілік көрсетеді? Ұрсыса ма? Өкпелегенде қандай? Ол бұрын қалай көрінетін еді? Кейін қандай болады? “Мен басқалардың көзімен” Әр түрлі жағдаяттарда және әр түрлі адамдармен өзіңнің әңгімелесушінің көзімен қарағанда қалай көрінетініңді елестуге тырыс. Сен қалай әсер етесің? Ол сен туралы не ойлайды?
“Өзіңді бағалау” Неғұрлым бағалаушы болудан гөрі, бағаланушы болған жөн. Айналаңдағылар сенен не күтеді? Оған сенімен жақсы ма? Нгер біреу қателік жіберсе, сол қателікке емес, оған өзіңнің реакцияңды қалай болатынына назар аудар. “Көңіл-күйге ортақтасу” Жеке тақырыпта әңгімелесе отырып, өзіңмен әңгімелесушіні ұқыпты тыңдауға тырыс. Егер ол саған көңіл сырын сеніп ашса, өзіңдікін айтып жарыспа, бөліп тастама, көңіл-күйіне ортақтас, өзіңді оның орыныа қойып көр. “Қоштау” Балаларға көз салып қара, олардың іс-әрекеттерін бақыла, оны қоштау мүмкіндіктерін жіберме. “Күлкі” Бет-жүзіңде әрдайм күлкінің табы тұруын, жылы кейіпті, мейірімді жүзді, ақжарқын қалрыңды сақтауға үйрен. Күлкің келмесе де, оған әруақытта дайын бол. Әрдайым ішкі дүниең күліп тұрғаны жөн. “Саған аманшылық тілеймін” Кез-келген адаммен кездескен кезде алғашқы сөзің (ішкі тілегің) “Саған аманшылық тілеймін” болуы керек. Мұны оған бар жан-жүрегіңмен сыйла! Егер сен біреумен дау-жанжалға түсіп, ұрсысып қалатын болсаң, “Саған аманшылық тілеймін” дегенді дереу есіңе түсіріп, қайталайтын бол. “Жаңа түрге ену” Өзіңді басқа адамның орнында сезініп көр. Сен – ол екенін көз алдыңа елестет. Оның сырт келбетін тауып ал, оның ішкі әлеміне аз-маз еніп байқа. Оның жүріс-тұрысын, мимикасын, қозғалыстарын салып көр. Жаңа түрге түс, оның сезімдері мен ойларымен астасып өмір сүруге тырыс. “Нажағай қаупі жоқ” Өзіңнің жағымсыз эмоцияңды тежеуге тырыс. Саған оны тежеу қандай қиын болса, айналаңдағыларға оны бастан кешіру сондай қиын. Ұрысысып-керіспеуді, күңкілдеп-жыламауды үйрен. Бір апта бойы барлығын кешіруге, бәрін түсінуге, ешкімді сынамауға, ескерту айтпауға, кінәламауға тырыс. Мүмкін одан да ұзағырақ осылай істерсің? “Мен –ғажаппын!” Әр адам өзіне қаншалықты баға берсе, соған соншалықты лайықты болады. Тұлға ретінде қалыптасуың үшін өзіңді, өмірлік іс-әрекетіңді лайықты бағалай білуің керек. Өзіңе арнап неғұрлым жақсы, жағымды, жылы сөздерді көбірек айту керек. Өзіңді-өзің дұрыс бағалағаның жөн. Әр адамның өзіне арнаған жақсы, жағымды қолдау, мадақтау, мақтау сөздері болуы тиіс.Мысалы:
- Мен осы өмірге келуіммен кереметпін.
- Мен сияқты бұл өмірде ешкім де болған емес, болмайды да.
- Мен ғажаппын, мен кереметпін.
- Менің күш-жігерім көп, денсаулығым мықты.
- Мен өмірді сүйемін, өмір мені аялайды.
- Мен тамаша жанмын.
- Мен мейірімді, жылы жүректі адаммын.
- Мен сабырлымын, салмақтымын.
- Мен ешкім жолымнан тайдыра алмайды.
- Мен әділетті, адал жанмын.
- Мен айналама бақыт шуағын шашамын.
- Мен алдыма қойған мақсатыма жетемін.
- Менің қолымнан бәрі келеді.
- Мені тек жақсы адамдар қоршаған.
- Мен үшін өмірдің қызығы мол.
- Мен бәріне ризамын.
- Мен бақытты адаммын.
Ойындар түрлері
«Кімде қандай қасиет бар»
Малдың түрі бейнеленген карточкаға бала оның қасиетін көрсететін сөз жазылған басқа карточканы таңдап алады. Мысалы, ит және иесіне берілгендік, түлкі және айлакерлік, түйе және тәкаппарлық және т.б.
«Өзің жалғастыр….»
Мақсат сабаққа кешіккенін енді ғана ұқты….
Айнұр досын ренжітіп алғандай болды…
Оспан ағасына бір нәрсені айтуды ұмытып кетті….
Әңгімелерді одан әрі жалғастырып, өз бетінше аяқтауын тапсырып, соңынан баланың ойын талқылауға болады.
«Түспен ажырату»
Ойынның мақсаты: адамның мінез-құқын бояумен көрсетіп, жағымды, жақтарын түспен ажырату.
Жүргізуші: балаға адамның қасиеттерін кемпірқосақ тәрізді етіп бояуды тапсырады. Қ
Үйден оқытылатын оқушылармен жұмыс түрлері
Жұмыс папкасының реттілігі: 1. Түйіндеме 2. Анықтама 3. ППМК қорытындысы 4. Ата-анасы туралы мәлімет 5. Оқушымен жұмыс жоспары 6. Мұғалімдермен жұмыс жоспары 7. Оқушылармен әлеуметтік – педагогикалық жұмыс тәртібі 8. Бақылау журналы
Бекітемін: Мектеп директоры: Бегалин Е.Б. Үйден оқытылатын оқушылармен және пән мұғалімдерімен 2013-2014 оқу жылында жүргізілетін жылдық жұмыс жоспары р/с Жүргізілетінжұмыстүрі Мерзімі Жауапты 1 Жыл басында үйден оқытылатын оқушыларды анықтап, құжаттарын реттеу. Тамыз Оқу ісі жөніндегі орынбасары 2 Оқушыға үйден білім алуға мүмкіндіктер жасау (оқулықпен қамтамасыз ету) Қыркүйек Шаруашылық жөніндегі орынбасары 3 Сынып жетекшісі мен пән мұғалімдерінің жоспарларын тексеріп, бекіту. Қыркүйек Мектеп директоры, оқу ісі жөніндегіорынбасары 4 Мерекелік іс шараларға оқушы мен ата – ананы қатыстыру үнемі Сыныпжетекшілері 5 Үйден оқытылатын оқушыларға сабақ беретін пән мұғалімдерінің сабақтарына еніп талдау жасау, әдістемелік көмек көрсету. Ай сайын Әлеуметтік педагог 6 Оқушының оқу құралдарының ұстап тұтылуын, күнделіктерінің толтырылуын бақылау. Ай сайын Әлеуметтік педагог 7 Мектеп психологтарымен бірлесе отырып, оқушының даму диограммасын жасау Тоқсанынабіррет Әлеуметтік педагог 8 Ата – аналармен байланыс жасай отырып талдап, тілектерін орындау Ай сайын Әлеуметтік педагог 9 Оқу жылы соңында атқарылған жұмыстарға талдаужасау Мамыр Әлеуметтік педагог
Әлеуметтік педагог: Ахметова Г.С.
Стационарлық емдеу-алдын алу, оңалту және басқа денсаулық сақтау ұйымдарында емдеу курсынан өтіп жатқан мүгедек балалар үшін оқу сабақтарын ұйымдастыру, оқу-тәрбие ұйымдарының мүгедек балаларды үйде оқытуда ата-аналарға көмек көрсету тәртібі туралы ережелерді бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 26 қарашадағы N 974 бұйрығы
"Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған: 1) стационарлық емдеу-алдын алу, оңалту және басқа денсаулық сақтау ұйымдарында емдеу курсынан өтіп жатқан мүгедек балалар үшін оқу сабақтарын ұйымдастыру тәртібі туралы ереже; 2) оқу-тәрбие ұйымдарының мүгедек балаларды үйде оқытуда ата-аналарға көмек көрсету тәртібі туралы ереже бекітілсін. 2. Орта білім департаменті (С.Б.Еспосынова) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын. 3. Осы бұйрық тіркелген күннен бастап күшіне енеді. 4. Облыстық, Астана, Алматы қалаларының білім басқармалары (департаменттері) аталған бұйрықты білім беру және денсаулық сақтау ұйымдарының барлық аудандық, қалалық бөлімдеріне жеткізсін. 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр К.Н. Шәмшидиноваға жүктелсін. Министр Б. Әйтімова
"Келісілді": Денсаулық сақтауминистрлігінің бірінші вице-министрі 2004 жылғы 26 қараша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылы 26 қарашадағы N 974 бұйрығымен бекітілген
Оқу-тәрбие ұйымдарының мүгедек балаларды үйде оқытуда ата-аналарға көмек көрсету тәртібі туралы Ережесі
1. Жалпы ережелер 1. Осы Ереже оқу-тәрбие ұйымдарының мүгедек балаларды үйде оқытуда ата-аналарға көмек көрсету тәртібін реттейді. 2. Үйде жеке тегін оқыту мүмкіншіліктері шектеулі балаларды, оның ішінде бала кезінен мүгедектерді және мүгедек-балаларды жалпы орта білім немесе арнайы білім беру ұйымдарында тәрбиелеу мен оқыту мүмкіншілігі жоқ жағдайда іске асырылады. 3. Үйде тәрбиелеу мен оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балаларды анықтау жөніндегі медициналық көрсеткіштер тізбесіне сәйкес психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясының (ПМПК) тұжырымдамасы негізінде балалар белгіленеді. 4. Үйде жеке оқыту жалпы білім беру және арнайы білім беру ұйымдарының, оның ішінде оңалту орталықтарының, психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестерінің, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің мамандарымен атқарылады. 5. Үйде жеке оқыту жалпы және мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған арнайы (түзету) білім беру ұйымдары шешетін міндеттерді шешеді. 6. Мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін жеке білім беру процесін басқару және қамтамасыз ету түзету педагогика саласындағы, сонымен бірге жоғары білікті арнайы мамандандырылудан өткен мұғалімдермен атқарылады. 7. Мүмкіндіктері шектеулі бала жеке оқытуға арнайы (түзету) білім беру ұйымына бекітіледі. Арнайы білім беру ұйымдары жоқ болу немесе шалғайда орналасқан жағдайда үйде жеке оқыту тұратын жеріндегі жалпы орта білім мектебінің мамандарымен іске асырылады. 8. Үйде жеке тегін оқытудың сапасына бақылау мен байқау ПМПК және бала бекітілген білім беру ұйымымен атқарылады. 2. Жеке білім беру процесі 9. Үйде жеке тегін оқыту педагогпен мектеп әкімшілігі бекіткен үйде жеке оқыту жоспары осы ережелерінің қосымшасына сәйкес және кесте бойынша атқарылады. Мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған жеке бағдарламаны құрастыруда педагог баланың жеке ерекшіліктерін және мүмкіндіктерін қолдана отыра арнайы білім ұйымдарына арналған арнайы типтік бағдарламаларға негізделеді. 10. Баланың дамуындағы кемшіліктерді түзеу мақсатында міндетті түрде түзеу сабақтарына арнайы сағаттар (аптасына 2 сағаттан кем емес), олар арнайы мамандармен: мұғалім-логопедпен, мұғалім-психолог немесе мұғалім-дефектологпен жүргізіледі. 11. Сабақ күндері, саны, оқу сабақтарының ұзақтығы мен реттігі, сонымен бірге оқу аптасының ұзақтығы оқушының нервтік-психологиялық жағдайы ескеріле отырып, бірақ бастауыш сынып оқушылары үшін аптасына 8 сағаттан, негізгі және орта білім беру деңгейі оқушылары үшін аптасына 10 және 12 сағаттан кем емес анықталады. 12. Үйде жеке тегін оқудағы бала үшін оқу жылының басталуы және аяқталуы, каникулдың ұзақтылығы жалпы білім беру және арнайы білім беру ұйымдары үшін белгіленген мерзімдерге сәйкес. 13. Үйде жеке тегін оқудағы бала үшін қорытынды емтихан өткізу қажеттілігі білім беру ұйымы білім беруді басқару органдарымен бірлесіп тұратын жеріндегі дәрігерлік комиссияның тұжырымдамасы негізінде шешіледі. 14. Жеке білім беру бағдарламасынан өткен бітірушіге білім деңгейі сәйкестігі туралы мемлекеттік түрде, бала бекітілген ұйымның мөрімен расталған құжат беріледі.
3. Білім беру процесіне қатысушылар 15. Жеке білім беру процесінің қатысушылары: білім алушы, оның ата-аналары (заңды өкілдері) мен педагогтар болып табылады. 16. Жеке тегін оқуға бекітілген балалардың ата-аналарына (заңды өкілдеріне) үйде жеке сабақ өткізу үшін жағдай жасау, мүмкіндігінше оқу-сабақтарына қатысу, педагогтің ұсыныстарын орындау, балаға үй тапсырмаларын орындау кезінде жәрдем көрсету қажет. 17. Білім беру ұйымы баланы қажетті оқулықтар және оқу-әдістемелік жинақтармен қамтамасыз етеді. 18. Педагог жеке тегін оқыту кезінде баланың білімін белгілеу журналын және баланың дамуына динамикалық бақылау күнделігін жүргізеді. 19. Оқудың жарты жылдығы өткеннен кейін педагог баланың оқу бағдарламасын игергені туралы мектеп әкімшілігіне есеп береді. 20. Оқу жылының аяғында педагог балаға кеңінен ашылған психологиялық-педагогикалық мінездеме және үлгерімі туралы табелін мектепке береді. Оқу-тәрбие ұйымдарының мүгедек балаларды үйде оқытуда ата-аналарға көмек көрсету тәртібі туралы ережесіне қосымша Үйдежекеоқытужоспары Nп/п Пәндердіңатауы Сыныптарбойыншаапталықсағат саны Бастауышсатылы Негізгісатылы Жоғары 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 1 Тіл менәдебиет 3 3 3 3 4 4 4 4 4 4 4 4 2 Шетелтілі 1 1 1 0,5 1 1 1 1 3 Математикажәнеинформатика 3 3 3 3 3 3 3 3 4 4 4 4 4 Тарих 1 1 0,5 0,5 1 1 1 1 5 География 1 0,5 0,5 0,5 0,5 0,5 0,5 0,5 6 Биология 0,5 0,5 0,5 0,5 0,5 0,5 0,5 7 Химия 0,5 0,5 0,5 0,5 0,5 8 Физика 0,5 0,5 0,5 0,5 0,5 0,5 9 Коррекциялықсабақтар (қажеткезінде) 2 2 2 2 Барлығы: 8 8 8 8 10 10 10 10 12 12 12 12 Ескерту: қажет кезінде сағаттарды қайтадан бөлу болады
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылы 26 қарашадағы N 974 бұйрығымен бекітілген
Стационарлық емдеу-алдын алу, оңалту және басқа денсаулық сақтау ұйымдарында емдеу курсынан өтіп жатқан мүгедек балалар үшін оқу сабақтарын ұйымдастыру тәртібі туралы ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер 1. Осы Ереже стационарлық емдеу-алдын алу, оңалту және басқа денсаулық сақтау ұйымдарында (бұдан әрі - медициналық ұйымдар) емдеу курсынан өтіп жатқан мүгедек балалар үшін оқу сабақтарын ұйымдастыру тәртібін белгілейді. Балалардың жалпы орта білім алуын жүзеге асыру мақсатында аудандық (қалалық) білім және денсаулық сақтау бөлімдері медициналық ұйымдарда емделуде жатқан оқушыларды оқытуды ұйымдастырады. 2. Оқу және түзету сабақтары стационарлық алдын-ала сауықтыру немесе реабилитациялық мекемелерде емдеу курсынан өтуші мүгедек балалар үшін жалпы міндетті білім мен арнайы мектеп білім беру ұйымдарының бағдарламалары көлемінде ұйымдастырылады. 3. Керекті құрал-жабдықты базасы бар мектептер олардың денсаулығын ескере отырып, еңбекке оқытуды ұйымдастырады. 2. Емдеу ұйымдарында оқыту ұйымдастыру 4. Медициналық ұйымдар жанындағы мектептерде оқу-тәрбиелеу жұмысын тікелей ұйымдастыру және басшылықты педагогикалық бөлім меңгерушісі жүргізеді. 5. Сабақтар емдеуші дәрігердің бір айдан аса көрсетілген ауруханада емделуден өту керектігі жөніндегі қорытындысына сәйкес I-X (XI) сынып оқушыларымен жүргізіледі. 6. Оқыту сабақтары баланың денсаулық жағдайына байланысты балалардың ауруханаға түскен кезінен басталады. 7. Сабақтардың оқыту мерзімі барлығы үшін 35 минут, бірінші сыныпта - 25 минут. Ревматизммен ауыратын балалар 5 медициналық тәртіпке болады, балалармен жұмысты жоспарлауда осы тәртіптердің әр қайсысына анықталған педагогикалық бағыт сәйкестендіріледі. 8. Оқушыларды оқыту жалпы білім беретін мектептердің бағдарламасы және арнайы түзету ұйымдары бойынша жүргізіледі. Мүмкіндігі шектеулі балаларға педагог-логопед, педагог-дефектолог, педагог-психологтар арнайы түзету (толықтыру) көмегі көрсетіледі. 9. Оқушылармен оқу жұмысын ұйымдастыру топтық және жеке нысанда белгіленеді. Топтық сабақтар бір сынып оқушыларының саны 4-5 болған жағдайда ұйымдастырылады. Бөлімді I-IX сынып оқушылар саны 4-15 болған жағдайда ұйымдастырылады. 4-9 (11), 5-10 (11) сынып оқушылары екі сыныптан құрылған (4(5)-5-6, 6-7, 7-8, 8-9) топтық сабақтар ұйымдастырылады. 10. Ауру балаларды оқытуды ұйымдастыру нысанын және сабақтың басталуын баланың денсаулық жағдайына қарай аурухана бөлімшесінің меңгерушісі емдеуші дәрігермен бірге анықтап, сырқатнамаға (N 003 у нысан) тиісті жазады. 11. Педагогикалық ұжым оқу-тәрбие жұмысын балалардың денсаулық жағдайы туралы деректерді ескере отырып, аурухананың бас дәрігерінің келісімі бойынша кесте бойынша құралады. Күнделікті оқу жүктемесі бір оқушыға 3-3,5 оқу сағаттарынан аспауы керек. 12. Ауруханада емделуден өтіп жатқан оқушыларды оқыту сабақтарына аптасына келесі оқыту сағаттары бөлінеді. 13. Оқушыларды тиісті сыныпқа өткізу олардың оқитын мектебінен арналған анықтама негізінде жүзеге асырылады.
3. Емдеу ұйымдарында мектеп іс қағаздарын жүргізу 14. Оқушылармен жүргізілген сабақтарды есепке алу үшін, оқу ісін жүргізетін оқытушылар, түскен оқушылардың тегі, аты және әкесінің аты, туған жылы, мектеп пен сынып нөмері, ауруханаға түскен мерзімі, сабақтардың басталуы және аяқталуы, өткізген сағаттар саны туралы анықтамалар жазатын сынып журналы жүргізіледі. Оқу материалдарының өтуі және оқушылардың білімін есепке алуды жазуды сынып журналын жүргізу талаптарына сәйкес оқытушы рәсімдейді. 15. Оқушылар өздерінде бар оқулықтармен дайындалады. 16. Ауруханаларда оқитын оқушылар құрамы олар әрдайым оқитын мектептердің статистикалық есебіне кіреді. 17. Ауруханадан шыққан кезде оқушыларға оқығаны туралы әр пәннен ағымдағы және тоқсандық бағаларымен, ауруханада оқытуды ұйымдастыру жүктелген жалпы білім беретін мектептің оқу ісі жөніндегі орынбасарының қолы қойылған, мөрі басылған анықтама беріледі. Стационарлық емдеу-алдыналу, оңалту және басқа денсаулық сақтау ұйымдарындаемдеу курсынан өтіп жатқан мүгедек балалар үшін оқусабақтарын ұйымдастыру тәртібі туралы Ережегеқосымша
Медициналық ұйымдарда емделуден өтіп жатқан оқушылардың оқу сабақтарына аптасына оқу сағаттары
Үйде оқытылатын оқушылармен жүргізілетін жұмыс жоспары
№ Атқарылатын іс -шаралар мерзімі Жауапты 1. Мектеп бойынша оқуға жарамсыз және үйде оқытылатын оқушыларды анықтау. Медициналық сараптамасының айқындалуы бойынша және оқушының құжаттарын жинақтау. қыркүйек Оқу ісі жөніндегі орынбасары, әлеуметтік педагог 2. Үйде оқытылатын оқушыларды кітаппен қамтамасыз ету. қыркүйек Әлеуметтік педагог, кітапхана қызметкері 3. Үйде оқытылатын оқушылардың тұрғын жай актісін жүргізу. Ата – анасымен, отбасы әлеуметтік жағдайын анықтау. Оқушының көңіл-күйін, отбасындағы хал-ахуалын анықтау. Әр тоқсан сайын Әлеуметтік педагог, педагог-психолог, сынып жетекшілер 4. Үйде оқытылатын оқушылардың сабақ кестесі бойынша мұғалімдердің баруын бақылау, ата-анасымен байланыс жасау. үнемі Оқу ісі жөніндегі орынбасары, әлеуметті педагог 5. Үйде оқытылатын оқушылардың әлеуметтік ортасымен араласу деңгейін және бос уақытта немен айналысатындығын анықтау, әлеуметтік педагогикалық сараптама жасау үнемі Әлеуметтік педагог, психолог, сынып жетекшілері 6. Сынып жетекшілерімен бірлесе және әкімшілік тарапынан жаңа жылдық сыйлықтар ұйымдастыру. желтоқсан Оқу ісі жөніндегі орынбасар, әлеуметтік педагог, сынып жетекшілер 7. Әлеуметтік-психологиялық қызметтер: ата – анасына кеңестер беру. үнемі Әлеуметтік педагог, психолог 8 Оқушының оқу үлгерімін талқыға алу, пән мұғалімдерімен бірлесе әлеуметтік педагогикалық жұмыстар атқару. Үнемі Оқу ісі жөніндегі орынбасар, әлеуметтік педагог, психолог