Мақсаты: Педагогтардың әлеуметтік-психологиялық мәдениетін жетілдіру, психикалық көңіл – күйлерің көтеру, шығармашылық қабілеттерін бағалай білу, өздеріне құрметпен қарау, ұжымда сыйластық, достық қарым – қатынас орнату.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Жақсы көңіл – күй жан азығы»
МКҚК «Сандуғаш» бөбекжай-балабақшасы
Тәрбиешілерге арналған тренинг
Балабақша психологы: Зедляева К.И
2016-2017 оқу жылы
Келісемін:
____________ Қ.Сагынова
«__»_________ 20___ жыл
Жақсы көңіл – күй жан азығы
Мақсаты: Педагогтардың әлеуметтік-психологиялық мәдениетін жетілдіру, психикалық көңіл – күйлерің көтеру, шығармашылық қабілеттерін бағалай білу, өздеріне құрметпен қарау, ұжымда сыйластық, достық қарым – қатынас орнату.
- Құрметті әріптестер, бүгін сіздердің психикалық көңіл – күйлеріңізді көтеруге, өз бойларыңыздағы шығармашылық қабілеттеріңізді бағалай білуге, өз – өзіңізге құрметпен қарауға, бір – бірімізбен сыйластық қарым – қатынаста болуға , ұйымшылдықпен қатысуға шақырамын.
«Досыма тілек»: Ең бірінші бір-бірімізбен жақсы көңілмен амандасайық. Шеңберге тұрып, мына сандықша ішіндегі сиқырлы сөзден алған әсеріңізді көңіл - күймен көрсетіңіз.
«Пішін таңда». Әр тәрбиеші өзіне ұнаған пішінді таңдайды.Сурет бойынша топқа бөліну.
№1Тапсырма:
«Геометриялық пішіндер»(Әр топқа геометриялық пішіндер беріледі , сол пішіндерден өз ойларынан балаларға қызықты болатын бір нәрсе құрастыру, жапсырады, сипаттап береді )
№2Тапсырма:
«Тәрбиешінің мәнерлеп сөйлеуін және оқуын дамыту». Парақтарға келесі сөздер жазылған ( әр топтың бір мүшесі шығып бір парақты таңдап алады, содан кейін оқиды)
а) «Мұнда кел» деген сөзді жай, дауыстап, қатал дауыспен , бұйыра айту.
б) «Жарайсың» деген сөзді жай, дауыстап , нәзік, риза болып, мысқылдап, қуанышпен.
№3Тапсырма:
«Жағдай» пікірталас ( екі топқа бір-бір жағдайдан беріледі. Сол жағдайды шешу жолдарын айту, сахналау)
1-ші топ: «Екі бала төбелесіп қалды. Бір бала екінші баланың қолын тырнап алды. Кешке балаларды ата-аналары алып кетуге келеді. Жарақат алған баланың анасы – ұрысатын, шу көтеретін адам. Сіздің әрекетіңіз».
2-ші топ: «Сіз кеш уақытынды қалған, үш балалармен сөйлеп отырсыз. Бір бала өзінің отбасы жайлы айтып отыр , әкесінің ішімдік ішетінін, үйде ұрыс шығаратынын айтты. Осы кезде сол баланың анасы келіп қалды, және баласы айтып отырған сөздерін, және сіз тындап отырғаныңызды көрді. Сіздің әрекетіңіз».
№4 Тапсырма:
«Бізді не біріктіреді». Бес саусақ әдісі бойынша. Әр қатысушы тәрбиешілер өз саусақтарын бастырып, әр саусағына тренингтен алған әсерлерін жазу керек.