kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Жақсы көңіл-күй жан азығы» (мамандарға арналған тренинг)

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Жақсы көңіл-күй жан азығы»  

(мамандарға арналған тренинг)

Мақсаты:ұжымның психикалық көңіл-күйлерін көтеру,шығармашылық қабілеттерін бағалай білу,өздеріне құрметпен қарау,ұжымда сыйластық қарым-қатынас орнату.

Құрметті әріптестер,бүгін сіздердің психикалық көңіл-күйлеріңізді көтеруге, өз бойларыңыздағы шығармашылық қабілеттеріңізді бағалай білуге, өз-өзіңізге құрметпен қарауға, бір-бірімізбен сыйластық қарым-қатынаста болуға арналған  тренингімізге  ұйымшылдықпен қатысуға шақырамын.Ендеше,тренинг ережесін қабылдап алайық.

Тренинг ережесі: 
1.Белсенді қатысу

2.Тыныштық сақтау 
3.Ойын ашық айту 
4.Ынтымақтылық
1.Сәлем –сөздің атасы! (шаттық шеңберінде бір-бірімізге жақсы көңіл-күй сыйлау)

Алақанды 1,2,3 рет соғып психолог команда берген кезде, екі рет «Сәлем», үш рет «Сәлеметсіз бе», бір рет үнсіз басын иіп амандасу рәсімін жасау керек.

2. Психогеометриялық тест. Сіздерге геометриялық пішіндер көрсетіледі.Өзіңізге жақын пішінді таңдаңыз.Әр қатысушыға өзі таңдаған фигураға байланысты мінездемесі оқылады.
Шаршы – ұйымдастырғыш, дәлдік бақылауға қатал, қадағалайтын, ойлаушы, нұсқаушы, ақпаратқа байқампаз, хабаршыл, жазбаша сөздікке ынталы, ұқыпты, тазалық сүйгіш, сақтанғыш, суық, үндемейтін, қырсық, табанды, еңбексүйгіш, бас саясаткер, достары мен таныстары шағын, еңбекқор адам.
Үшбұрыш – көшбасшы, билікке талпынғыш, тазалықты сүйгіш, жеңіске құмар, өз-өзіне сенімді, шешім қабылдағыш, батыл, сезімі күшті, энергиясы жеткілікті, қауіп-қатерге жақын, лауазымды қызметкер, шыдамсыз, сөз тапқыш, ортадағы қарым-қатынас кең, жақын достары мен ортасы шағын, көшбасшы адам.
Тіктөртбұрыш – көңіл-күйі өзгермелі, өз-өзін қадағаламайды, қозғыш, көп нәрсені білгенді ұнатады, батыл, өз-өзін төмен бағалайды, өз-өзіне сенімсіз, басқаларға сенгіш, жылдам, көңіл-күйі жылдам өзгереді, дау-дамайдан қашады, тиянақсыз, ізденімпаз адам.
Шеңбер – қарым –қатынасты жоғары бағалайтын, өзгелерді қадағалайтын, кең пейілді, түйсігі жақсы дамыған, шыдамды, эмоцианалды, сезімтал, сенгіш, тез шешім қабылдай алмайды, бас саясаткер, әңгіме айтқанды ұнатады, біреуді көндіре алады, өзгелерге көзқарасын дәлелдей алады, өткен өміріне көп көңіл бөледі, көпшіл, ынталы, достары мен таныстары көп, мейірімді адам.
Зигзаг – көңіл-күйі өзгеруге бейім, креативті, білімге ынталы, түйсігі жақсы дамыған, өз идеяларына ұстамды, арманшыл, болашаққа талпынысы жоғары, барлық жаңа өзгерістерге қызығущылығы жоғары, қағаз жұмыстарын ұнатпайды, адамдардың ортасында бірқалыпты, ойын-сауыққа құмар, қаржы мәселесіне немқұрайлы қарайды, шығармашыл адам.

3.Ашулы шарлар жаттығуы.

Шарты: 8-10 қатысушыны ортаға шығарып бір-бір шарды үрлеп, оларды байлау сұралады.

Қатысушыларға түсіндіру керек, шарлар адамның денесін бейнелейтінін, ал оның ішіндегі ауа, адам сезімін білдіреді. Қатысушылар қолдарындағы шарды аяқтарымен жаруы керек.
- Шарды жарғанда қандай сезімде болдыңыздар?

- Ашуды осылай шығару дұрыс па?

 Түйін: Бұндай қатты жарылған шар агрессияны білдіреді. Ол қауіпті.

Енді қатысушылар келесі шарларды үрлейді, оны байламай ұстап тұрады. Бұл шарлар да ашуға толы сезімді білдіреді, ал енді жайлап қана шардың жарты ауасын шығарамыз. Шар кішірейді. Бірақ жарылмады.

- Бұл нені білдіреді?

Түйін: Егер біз ашуымызды бақылап шығарсақ, ол ешкімге зақым келтірмейді.                          Енді қатысушылар шардағы ауаны толығымен сыртқа шығарады. Бұл дегеніміз- ашудың қауіпсіз жолын табу – ол әр адамның өз қолында екендігін білдіреді. Ендеше ашуымызға ерік беріп алмайық.

4.«Адамгершілік ағашы» жаттығуы

Қатысушыларға  қағаздардан жасалған кішкентай жапырақшалар таратылады. Әр топ мүшелері өздерінің қолындағы жүрекке «Жаман қасиеттерден аулақ болуымыз үшін не істеуіміз қажет, қандай қасиеттерді бойымызға дарытуымыз керек?» – деген сұраққа жауап жазады. Жылы, мейірімді сөздер жазылған жапырақшаларын адамгершілік ағашына іліп, солып қалған ағашты жандандырады.

Сұрақ: Қалай ойлайсыздар, ағашымыз жанданды ма? Қайтіп? Неліктен?

Түйін: Ең бастысы сүйе білу керек. Қайырымды болу-ол еліне, табиғатқа, адам баласына деген махаббаттан басталады. Әр уақытта жақсы сөз айтуға, қайырымды іс жасауға бейім болайық.

5. Жаттығу: «Джунглидегі жаңбыр»

Мақсаты:  Иық. мойын, омыртқа  аймақтарындағы бұлшық еттің жиырылуын жою, босаңсу, шаршағанды басу.

Нұсқау:  Тар шеңбер құрамыз. Джунгли ну орманындамыз деп ойлаймыз. Ауа райы бастапқыда  өте керемет болады. Күн көтерілгенде өте ыстық, ауа  қапырық болды. Бір мезетте жеңіл самал жел соқты. Алдынызда тұрған адамның арқасына  қолынызбен жеңіл қимылдар жасаңыз. Жел күшейе түседі. (арқаға қолмен батырынқырайтын кимылдар жасалады). Құйын  басталады (күшті айналыс қозғалыстарын жасаңдар).Содан  кейін  жай жаңбыр сіркірейді ( көршіңнің арқасын саусақтарыңмен түртесің). Нөсер жауын басталады (жоғары төмен алақан, саусақтармен сипайсың). Бұршақ аралас жауын жауа бастады              ( барлық саусақтарынызбен түртесіз). Содан кейін қайтадан нөсер жауын, жай жаңбыр, одан кейін күн ашылады.  Енді 180 градусқа бұрылып,жаттығуды қайталаймыз.

Талдау:

  - Мұндай массаждан кейін өзіңізді қалай сезіндіңіз?

  - Жаттығуларды орындағанда қай әрекеттер жағымды, қайсысы жағымсыз болды?

  - Өз сезімдеріңізбен  көңіл –күйлеріңізбен бөлісіңіз.

 6. «Тату  алақан» жаттығуы. Әр қатысушы өз парағына алақанының суретін салады да, өз орнында қалдырып кетеді, келесі қатысушының орнына барып, оның алақаны салынған суреттің ішіне оған жақсы тілек жазады. Осылай шеңбер бойымен барлығы бір-біріне тілек жазып шығады.

7. Рефлексия

Бүгінгі тренинг ұнадыма?

Қандай әсер алдыныз?

Әр қайсысы өз ойын білдіреді.

Назарларыңызға рахмет!

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Жақсы көңіл-күй жан азығы» (мамандарға арналған тренинг)»

«Жақсы көңіл-күй жан азығы»

(мамандарға арналған тренинг)

Мақсаты:ұжымның психикалық көңіл-күйлерін көтеру,шығармашылық қабілеттерін бағалай білу,өздеріне құрметпен қарау,ұжымда сыйластық қарым-қатынас орнату.

Құрметті әріптестер,бүгін сіздердің психикалық көңіл-күйлеріңізді көтеруге, өз бойларыңыздағы шығармашылық қабілеттеріңізді бағалай білуге, өз-өзіңізге құрметпен қарауға, бір-бірімізбен сыйластық қарым-қатынаста болуға арналған тренингімізге ұйымшылдықпен қатысуға шақырамын.Ендеше,тренинг ережесін қабылдап алайық.

Тренинг ережесі: 
1.Белсенді қатысу

2.Тыныштық сақтау 
3.Ойын ашық айту 
4.Ынтымақтылық
1.Сәлем –сөздің атасы! (шаттық шеңберінде бір-бірімізге жақсы көңіл-күй сыйлау)

Алақанды 1,2,3 рет соғып психолог команда берген кезде, екі рет «Сәлем», үш рет «Сәлеметсіз бе», бір рет үнсіз басын иіп амандасу рәсімін жасау керек.

2. Психогеометриялық тест. Сіздерге геометриялық пішіндер көрсетіледі.Өзіңізге жақын пішінді таңдаңыз.Әр қатысушыға өзі таңдаған фигураға байланысты мінездемесі оқылады.
Шаршы – ұйымдастырғыш, дәлдік бақылауға қатал, қадағалайтын, ойлаушы, нұсқаушы, ақпаратқа байқампаз, хабаршыл, жазбаша сөздікке ынталы, ұқыпты, тазалық сүйгіш, сақтанғыш, суық, үндемейтін, қырсық, табанды, еңбексүйгіш, бас саясаткер, достары мен таныстары шағын, еңбекқор адам.
Үшбұрыш – көшбасшы, билікке талпынғыш, тазалықты сүйгіш, жеңіске құмар, өз-өзіне сенімді, шешім қабылдағыш, батыл, сезімі күшті, энергиясы жеткілікті, қауіп-қатерге жақын, лауазымды қызметкер, шыдамсыз, сөз тапқыш, ортадағы қарым-қатынас кең, жақын достары мен ортасы шағын, көшбасшы адам.
Тіктөртбұрыш – көңіл-күйі өзгермелі, өз-өзін қадағаламайды, қозғыш, көп нәрсені білгенді ұнатады, батыл, өз-өзін төмен бағалайды, өз-өзіне сенімсіз, басқаларға сенгіш, жылдам, көңіл-күйі жылдам өзгереді, дау-дамайдан қашады, тиянақсыз, ізденімпаз адам.
Шеңбер – қарым –қатынасты жоғары бағалайтын, өзгелерді қадағалайтын, кең пейілді, түйсігі жақсы дамыған, шыдамды, эмоцианалды, сезімтал, сенгіш, тез шешім қабылдай алмайды, бас саясаткер, әңгіме айтқанды ұнатады, біреуді көндіре алады, өзгелерге көзқарасын дәлелдей алады, өткен өміріне көп көңіл бөледі, көпшіл, ынталы, достары мен таныстары көп, мейірімді адам.
Зигзаг – көңіл-күйі өзгеруге бейім, креативті, білімге ынталы, түйсігі жақсы дамыған, өз идеяларына ұстамды, арманшыл, болашаққа талпынысы жоғары, барлық жаңа өзгерістерге қызығущылығы жоғары, қағаз жұмыстарын ұнатпайды, адамдардың ортасында бірқалыпты, ойын-сауыққа құмар, қаржы мәселесіне немқұрайлы қарайды, шығармашыл адам.

3.Ашулы шарлар жаттығуы.

Шарты: 8-10 қатысушыны ортаға шығарып бір-бір шарды үрлеп, оларды байлау сұралады.

Қатысушыларға түсіндіру керек, шарлар адамның денесін бейнелейтінін, ал оның ішіндегі ауа, адам сезімін білдіреді. Қатысушылар қолдарындағы шарды аяқтарымен жаруы керек.
- Шарды жарғанда қандай сезімде болдыңыздар?

- Ашуды осылай шығару дұрыс па?

Түйін: Бұндай қатты жарылған шар агрессияны білдіреді. Ол қауіпті.

Енді қатысушылар келесі шарларды үрлейді, оны байламай ұстап тұрады. Бұл шарлар да ашуға толы сезімді білдіреді, ал енді жайлап қана шардың жарты ауасын шығарамыз. Шар кішірейді. Бірақ жарылмады.

- Бұл нені білдіреді?

Түйін: Егер біз ашуымызды бақылап шығарсақ, ол ешкімге зақым келтірмейді. Енді қатысушылар шардағы ауаны толығымен сыртқа шығарады. Бұл дегеніміз- ашудың қауіпсіз жолын табу – ол әр адамның өз қолында екендігін білдіреді. Ендеше ашуымызға ерік беріп алмайық.

4.«Адамгершілік ағашы» жаттығуы

Қатысушыларға  қағаздардан жасалған кішкентай жапырақшалар таратылады. Әр топ мүшелері өздерінің қолындағы жүрекке «Жаман қасиеттерден аулақ болуымыз үшін не істеуіміз қажет, қандай қасиеттерді бойымызға дарытуымыз керек?» – деген сұраққа жауап жазады. Жылы, мейірімді сөздер жазылған жапырақшаларын адамгершілік ағашына іліп, солып қалған ағашты жандандырады.

Сұрақ: Қалай ойлайсыздар, ағашымыз жанданды ма? Қайтіп? Неліктен?

Түйін: Ең бастысы сүйе білу керек. Қайырымды болу-ол еліне, табиғатқа, адам баласына деген махаббаттан басталады. Әр уақытта жақсы сөз айтуға, қайырымды іс жасауға бейім болайық.

5. Жаттығу: «Джунглидегі жаңбыр»

Мақсаты: Иық. мойын, омыртқа аймақтарындағы бұлшық еттің жиырылуын жою, босаңсу, шаршағанды басу.

Нұсқау: Тар шеңбер құрамыз. Джунгли ну орманындамыз деп ойлаймыз. Ауа райы бастапқыда өте керемет болады. Күн көтерілгенде өте ыстық, ауа қапырық болды. Бір мезетте жеңіл самал жел соқты. Алдынызда тұрған адамның арқасына қолынызбен жеңіл қимылдар жасаңыз. Жел күшейе түседі. (арқаға қолмен батырынқырайтын кимылдар жасалады). Құйын басталады (күшті айналыс қозғалыстарын жасаңдар) .Содан кейін жай жаңбыр сіркірейді ( көршіңнің арқасын саусақтарыңмен түртесің). Нөсер жауын басталады (жоғары төмен алақан, саусақтармен сипайсың) . Бұршақ аралас жауын жауа бастады ( барлық саусақтарынызбен түртесіз). Содан кейін қайтадан нөсер жауын, жай жаңбыр, одан кейін күн ашылады. Енді 180 градусқа бұрылып,жаттығуды қайталаймыз.

Талдау:

- Мұндай массаждан кейін өзіңізді қалай сезіндіңіз?

- Жаттығуларды орындағанда қай әрекеттер жағымды, қайсысы жағымсыз болды?

- Өз сезімдеріңізбен көңіл –күйлеріңізбен бөлісіңіз.

6. «Тату алақан» жаттығуы. Әр қатысушы өз парағына алақанының суретін салады да, өз орнында қалдырып кетеді, келесі қатысушының орнына барып, оның алақаны салынған суреттің ішіне оған жақсы тілек жазады. Осылай шеңбер бойымен барлығы бір-біріне тілек жазып шығады.

7. Рефлексия

Бүгінгі тренинг ұнадыма?

Қандай әсер алдыныз?

Әр қайсысы өз ойын білдіреді.

Назарларыңызға рахмет!






Байжуманова Балжан Серікқазықызы

Психолог

«Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ

Семей қаласы, ШҚО















Ойын арқылы мүмкіндігі шектеулі баланың қол моторикасын дамыту.

Қазіргі таңда мемлекетіміз мүмкіндігі шектеулі жандарға айрықша көмек көрсетуде. Жыл санап мүмкіндігі шектеулі балаларға деген қоғамның көзқарасы да өзгеріп келеді. Бұрынғы көзқарастағыдай оларды бақытсыз адам ретінде қарамай, қоғамның белсенді мүшесі және өз тағдырына батыл сеніммен қарайтын адам ретінде қабылдауда.

Бүгінгі күні «ұсақ моторика, қол моторикасы» деген тіркесті жиі естиміз.Сол ұсақ қол моторикасы дегеніміз не? Физиологиялық тұрғыдан айтқанда – ол қолдың ұсақ бұлшықет-терінің қозғалысы. Сонымен қатар «қол мен көздің» тепе-теңдігін де умытпауымыз керек, себебі қолдың ұсақ қозғалысы көздің бақылауымен жүзеге асады. Ұсақ қол моторикасы баланың өсе келе киініп шешінуіне, сурет салуына, жазуына көмектеседі. В.А.Сухомлинский: «Бала қабілетінің қайнар көзі- оның саусақтарының ұшында» екенін жазған. Бала қолының қозғалысы қаншалықты епті болса, соншалықты ойлауы,сөйлеуі жақсы дамиды. Яғни, бала қолымен көбірек жұмыс істесе,ақылы да сонша өседі.

Мүмкіндігі шектеулі балалар үшін ойынның маңызы өте зор.Ойын-мүмкіндігі шектеулі бала үшін оқу да, еңбек те. Қандай ойын болмасын баланы бір нәрсеге үйретеді.Ойын әсері арқылы бала өз қасиетін қалай қанағаттандыра алатынын, қандай қабілеті бар екенін байқап көреді.Ойын мүмкіндігі шектеулі баланың есте сақтау қабілетін,ауыз екі сөйлеуін, зейінін,адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасауға, жолдасына деген достық сезімін тәрбиелеуге үйретеді. Ойнай жүріп балалар қоршаған орта жайлы білімдерін толықтырады. Тек ойын кезінде ғана бала еркін сөйлейді, қысылып қымтырылмайды.

Ойынның түрлері өте көп.Олар:дидактикалық ойындар,сюжетті-рөлдік ойындар,қимыл-қозғалыс ойындары,логикалық ойындар, ұлттық ойындар,үстел үсті ойындары,саусақ ойындары,сөздік ойындар және шығармашылық ойындар т.б.

Балалардың ұсақ қол моторикасын дамытуда саусақ ойындарының орны ерекше.

Саусақ ойыны, бұл-ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан, әрі үлкен мәні бар мәдени шығармашылық.Саусақ ойынын ойнай отырып, балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан-жануарларды, құстарды және ағаштарды т.б бейнелерді бейнелей алады. Саусақтардың қимыл қозғалысына қарап бала қуанады,шаттанады, сөзді айтуға тырысады және өлеңдегі үйренген сөз шумақтарын қайталап айта отырып, есінде сақтайтын болады. Сонымен қатар, балалар екі қолын қимылдата отырып оң, сол, жоғары, төмен т.б түсініктерді бағдарлай алуды үйренеді. Қол моторикасын дамытуда тақпақпен бірге жасалатын саусақ жаттығуларын,мысалға:«Қуырмаш»,«Санамақ» ойындарын айтуға болады.

Қуыр,қуыр, қуырмаш

Тауықтарға тары шаш

Балапанға бидай шаш

Балаларға тәтті шаш- дей келе, жұмылған әр саусақты ашарда:

Сен түйеңе бар,Сен жылқыға бар, Сен сиырға бар, Сен қойыңа бар,Сен үйде отырып, шешеңе көмектес –деп әр саусаққа тапсырма беріледі.

Халық өзінің өмір тәжірбиесінде саусақтарға ат қойған. 1саусақ - басбармақ, 2саусақ - балаң үйрек, 3саусақ - ортан терек, 4саусақ - шылдыр шүмек, 5саусақ - кішкентай бөбек.

«Санамақ» ойыны

Бір үйде нешеуміз?
Кел, санайық екеуміз.
Бас бармағым – әкем,
Балалы үйрек – анам,
Ортан терек – ағам,
Шылдыр шүмек – мен,
Кішкене бөбек – сен.
Бір үйде біз нешеуміз?
Бір үйде біз бесеуміз.

Қорыта айтқанда, мүмкіндігі шектеулі баланың қол моторикасын дамыту біздер үшін ең маңызды міндет.Саусақ ойындарын сергіту жаттығуларында,ертеңгілік жаттығуларында, түзету-дамыту жұмыстарын жүргізуде қолдануға болады. Ұсақ моториканы дамыту барысында сөйлеу тілі жетіледі, қимыл-қозғалыс қабілеті мен икемділігі, танымдық деңгейі артады.

Байжуманова Балжан Серікқазықызы.

«ШҚО Семей қаласының арнаулы әлеуметтік қызметтер

көрсету орталығы» КММ-нің психологы





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
«Жақсы көңіл-күй жан азығы» (мамандарға арналған тренинг)

Автор: Байжуманова Балжан Серикказиевна

Дата: 03.04.2019

Номер свидетельства: 505867

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(101) "«Жас келсе, іске» Жас мамандар?а арнал?ан  тренинг-саба?."
    ["seo_title"] => string(61) "zhas-kielsie-iskie-zhas-mamandarg-a-arnalg-an-trieningh-sabak"
    ["file_id"] => string(6) "287465"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1454493814"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства