Просмотр содержимого документа
«?лтты? Біры??ай Тестілеу»
«Аманкелді Иманов атындағы жалпы орта білім беретін лицей – мектеп» ММ
Ұлттық Бірыңғай Тестілеу
(Ата-аналармен жұмыс)
Қысқаша дәріс «Емтиханға қалай дайындалу керек?»
Мақсаты:емтиханға дайындалудың тиімді жолдарын көрсету.
Психологиялық жағынан қалай дайындалу керек
* Емтиханға алдын ала асықпай тыныштық сақтай отырып дайындалуды баста;
* Егер де саған өз ойыңды жинақтау қиын болса, ең оңай деген сұрақтарды
есіңе түсір, содан соң ақырындап қиын сұрақтарға өтуге болады.
* Күн сайын шаршағанда, ішкі қобалжу сезімін басатын жаттығу жаса.
Егер көзің ауырса не істеу керек?
Емтиханға дайындық кезінде көзімізге салмақ түседі. Көздің шаршағаны, бұл ағзаның шаршағаны: оған емтихан тапсырмаларын орындауға күш жетпеуі мүмкін. Көзіміз демалғандай жағдай жасауымыз керек.
Ауыспалы түрде жоғары төмен қара (25 секунд), оңға-солға (15 секунд);
Көзіңмен өз атыңды, тегіңді жаз;
Алыстағы затқа ауыспалы түрде көзіңді тігіп қара (20 секунд), сосын алдыңдағы қағазға (20 секунд);
Сағат тілінің бағытымен төртбұрыш, үшбұрыш сал, сосын керісінше жаса;
Бір күндік кесте
Бір күнді үшке бөл;
Емтиханға бір күнде 8 сағат дайындал;
Спортпен айналыс, таза ауада серуенде, дискотекаға барып биле – 8 сағат;
8 сағатттан аз ұйықтама, егер қажет болса түстен кейін ұйықтап ал.
Тамақтану
Тамақтану 3-4 түрлі болуы тиіс, витаминдерге бай және каллориялы жаңғақ, сүт тағамдарын, балық, ет, жемістер жеп, шоколадпен қоректен. Емтихан алдында тойып тамақ ішуге болмайды.
Дайындалатын орын
Өзің жұмыс жасайтын орныңды жақсылап ұйымдастыр. Үстеліңнің үстіне сары, күлгін түсті суреттерді, заттарды қой. Өйткені, бұл түстер интеллектуалдық белсенділікті арттырады.
Кең ауқымды материалды қалай есте сақтауға болады?
Материалды сұрақ бойынша қайтала. Бірінші есіңе түсір, және өзің не білесің соны қысқаша жазып ал, содан кейін басты деректердің дұрыстығын тексер. Кітап оқу барысында, сүйенетін негізгі ойларды белгілеп отыр. Қағазға жеке-жеке әр сұрақ бойынша жауаптар жоспарын жаса. Емтихан алдында жауап жоспары жазылған қағаздарды қарап шық.
Ойлау қабілетін қалай дамытуға болады
Ақылды болғың келсе – сұрақты ойланып коюды, зейін қойып тыңдауды, асықпай жауап беруді және айтатын еш нәрсе болмаса үндемей отыруды үйрену керек.
Білімді ойланусыз алуға болмайды, бірақ ойланудың өзі білімсіз болмайды.
Ойлау қабілетінің дамуы - өз ақылыңды біліммен толықтыру. Білім көзі әр түрлі болады – мектеп, кітаптар, теледидар және адам туралы ақпарат береді.
Ойлану сұрақтан басталады, барлық ашылулар «Неліктен?», «Неге?» деген сұрақ арқылы жасалынады. Сұрақ қойып және сұраққа жауап беруді үйрену керек.
Дәстүрлі дайын шешімдер күткен нәтижеге жетуге мүмкіндік бермегенде, ойлау қабілеті белсенді жұмыс жасайды.Сондықтан заттар мен құбылыстарды жан-жақты қарастыру немесе үйреншіктіде жаңалықты байқау ойлау қабілетінің дамыту негізін қалыптастырады..
Заттар мен құбылыстардың әр түрлі белгілерін байқау және оларды салыстыра білу-ойлау қабілетіне қажетті қасиет.
Адам қарап тұрған объектісінің көп қасиеттерін көре алса, соншалықты оның ойлау қабілеті жетік және ойлау икемділігі жоғары болады.Бұл іскерлікті зеректік ойындар арқылы, логикалық есептер мен ребустерді шешіп жаттықтыруға болады.
Ойлау мен сөйлеу үзіліссіз. Ойлау қабілетінің дамуына жағдай жасау оқылған тақырыпқа мазмұндама жазу, пікір сайыстарға қатысу, жазбаша сөйлеу қабілетін дамыту, өзің толығымен түсінбегенді басқаға мазмұндап айту.
Жадында сақтау қабілетінің бірнеше заңдылықтары
Есте сақтаудың қиындылығы көлемі жағынан пропорционалды емес дамиды. Қысқа дәйек сөзді жаттағанша, үлкен бөлікті оқу тиімді.
Бірдей жұмыс барысында есте сақталған саны көбірек болса, түсінген дәрежесі ауқымды.
Реттеліп жаттаған құрамадан тиімді. Үзіліс жасап оқу қатарынан оқығаннан жақсы, ал бірден оқығаннан, аздап оқыған жақсы.
Көбірек қайталап оқығаннан жадында қалдырғанды еске түсіруге көп уақыт жұмсаған тиімді.
Егер екі материалмен жұмыс жасасаңыз-үлкен және кіші, үлкенінен бастаған жөн.
Адам түсінде есіне сақтамайды – бірақ ұмытпайды.
Жұмыс істеу қабілетін жақсартуға жағдай жасау
Ақыл-ой еңбегі мен дене еңбегін алмастыру.
Гимнастикалық жаттығу жасағанда баспен тұру, секіріп айналу жаттығуларына көп көңіл бөлу керек. Өйткені осы жаттығулар негізінде ми клеткаларына қан көп келеді.
Көзді қорғау керек, 20-30 минут сайын үзіліс жасап отыру керек.
Теледидар хабарларын көруді қысқарту қажет!
Қысқа дәріс: «Емтихан кезінде өзіңді қалай ұстау керек»
Мақсат: мектеп бітірушілерге емтиханға дейін және одан кейін өздерін қалай ұстауды үйрету.
Уақыт: 15 минут.
Нұсқау: Киген киімдердің түсі жеңіл-түсті болу керек. Емтиханда кездескен адамдарға жағымды эмоция білдіру үшін ашық – түсті киімдерді кию қажет емес. Әдептілік сақтауды әрқашанда ұмытпау керек. Артық кетпеу керек. Емтихан өткеннен кейін барлық қалағаныңыз болады.
Емтихан кезіңде және емтиханнан кейінгі қылықтар туралы ұсыныстар
Емтиханға бір күн қалғанда еш нәрсемен айналыспа. Егер сен бір нәрселерді жаттап үлгермесең, солай қоя сал, жаттама. Демал, көңіліңді көтер, емтихан жөнінде ұмыт.
Емтихан алдында жақсылап ұйықтап ал.
Міне сен сыныптың жанындасың. Тыңыштал! «Мен тынышпын» деп бірнеше рет қайтала. Бірінші қатарда жауап беруге тырыс. Егер кірмей көп уайымдап тұрсаң, қорқыныш сезімі жоғарылап, қобалжисың, өзіңе сенімсіздік туындайды.
Ойларыңды жинақтап, эмоцияларыңды ретте.
Сыныпқа «Барлығы жақсы болады»деген сеніммен кір.
Жақсылап отырып, арқаңды тік ұста. Өзіңді барлығынан жоғары деп сана. «Менде барлығы жақсы» деген пікірді ұстап, оны асықпай бірнеше рет қайтала. Соңында қолыңды жұмырдықтап қатты қыс.
Қобалжуды жеңетін тыныс жолдарына арналған жаттығулар жаса:
Жайлы отыр.
Мұрын арқылы терең дем алу (4-6 секунд).
Дем алуды тоқтатып (2-3 секунд) отыр.
Тестілеу кезінде қажетсіз сұрақ қоймау үшін зейін қойып тыңда. Саған бланкті қалай толтыру, қандай әріптермен жазу, мектеп нөмірін қалай кодтау керек екенін түсіндіреді.
Жан-жағыңа көңіл аудармай, зейін тұрақтылығына тырыс. Сен үшін тек тестті орындау уақыты және тапсырма берілген бланкі маңызды. Тапсырманы соңына дейін оқы.Тапсырманы бірінші сөздерінен түсінікті деп ойлап қалып, аяғын өзім ойлап табам деп асығысқа жол берме.
Өзің сенімді сұрақтарға жауап беруден баста. Сонда сен жұмыс жасауға дайын боласың. Кез келген сұраққа сен жауап бере аласың, тек сен ойларыңды жинақта.
Келесі тапсырмаға көшкенде, алдыңғы тапсырмана ұмыт, олар бір-біріне ұқсамайды.
Шегеру әдісін пайдалан! Сәйкес келмейтін жауаптарды ретімен сызып таста.
Егер сен жауап беруде күмәндансаң, өзіңнің интуицияңа сен!
Өз жұмысыңды тексеріп шығуға уақыт қалдыр. Қателерді байқау үшін көзіңмен жүгіріп өт.
Барлық тапсырманы орындауға тырыс, бірақ практика жүзінде мүмкін емес екенін есіңе сақта. Тесттік тапсырмалар максимальды еңбектенуге арналған, ал жақсы баға алу үшін тапсырмалардың 70 % орындау керек.
Жауап беру кезіңдегі әрекет
Егер емтихан қабылдаушы адам - жігерлі болса, сенің ақырын,үзіліс жасап айтқан жауабың оған мүмкін ұнамайды. Соны ескеріп отыр.
Егер емтихан қабылдаушы адам – сабырлы, байсалды кісі болса, сен оған қатты дауыспен,мимикамен, ишарамен жауап берме. Ешқашан шектен шығып кетпеуді ұмытпа. Артық ештеңе болмауы тиіс!
Ұлттық біріңғай тестілеуге психологиялық дайындық.
Ата-аналарға кеңес:
Емтиханды сәтті тапсыру көбінде ата-ананың бұған деген көзқарасы мен осыған бағытталған іс-әрекетіне байланысты болатындығы құпия емес. Балаңыздың сынақтан мүдірмей өтуіне көмек ретінде біздің кеңестерімізді қабылдауыңызды өтінеміз:
ҰБТ болатын күні балаңызды қобалжытпаңыз, бұл тест қорытындысына кері әсерін тигізуі мүмкін. Балаңыз өз жасының ерекшеліктеріне байланысты эмоцияларын бақылап тежей алмауы және осының салдарынан сынақты өз деңгейінде тапсырмауы мүмкін;
Үйіңізде сынақтарға дайындалып ыңғайлы орын белгілеңіз, әрі балаңыздың дайындығына үйдегілердің кедергі болмауын қадағалаңыз. Балаңызға пәндер бойынша дайындық тақырыптарын әр күнге іріктеуге көмектесіңіз;
Тест тапсырмаларына машықтану кезінде балаңызда уақытын тиімді пайдалануға үйретіңіз;
Балаңыздың өзіне деген сенімін көтермелеп қолдаңыз;
Емтиханға дайындығын бақылаңыз, шамадан тыс дайындалып шаршамауын қадағалаңыз;
Балаңыздың тамақтануына көңіл аударыңыз. Балық, ірімшік, жаңғақ сияқты өнімдер ми қызметіне оң әсерін тигізеді;
ҰБТ-дан соң балаңызға сын айтпағаныңыз жөн. Ең бастысы, балаңыздың қобалжуы мен толқуын барынша төмендету және сабаққа дайындағанда оған оңтайлы жағдайлар туғызу екендігін естен шығармағаныңыз абзал.
Ата – аналарға кеңес.
Балаңыздың тестілеуге арналған бөлмесі жарық, кең, таза болуын қамтамасыз етіңіз. Балаңыздың тестілеуге дайындалуға арналған бөлмесін дайындаңыз.
Дайындалу барысында әрбір 40 минут сайын 10 минут үзіліс болуын қадағалаңыз.
Баланың есте сақтау, ойлау қабілеті жақсы болу үшін ас мәзіріне келесідей құрамды тағамдарды қосуға ұмытпаңыз: балық, өрік, ірімшік, мейіз.
Міндетті түрде күн режимін сақтауды қадағалаңыз.
Тестілеуге қажетті барлық құрал – жабдықтармен қамтамасыз етіңіз.
Тестілеуге енгізілген өзгертулер мен толықтырулардан үнемі хабардар болып отырыңыз.
Балаңыздың әрбір жетістігін мадақтап отырыңыз.
Балаңыздың жетістіктері туралы сынып жетекшісімен және пән мұғалімдерімен үнемі байланыста болыңыз.
ҰБТ сынағы алдында дайындау жөнінде ата – аналарға ұсынылатын кеңестер
Балаларыңызға емтихандарға тиімді дайындалуда көмек көрсету үшін келесі кеңестерге назар аударыңыз:
Емтихандар алдында балаңызда қобалжуды көтермеңіздер. Бұл тестілеудің нәтижесінде теріс әсер етуі мүмкін. Өйткені бала өзінің жас ерекшеліктеріне байланысты өзінің эмоцияларын ұстай алмауы мүмкін;
Үйде дайындалу үшін балаңызға ыңғайлы жұмыс орнын жасаңыздар. Сіздің балаңыз дайындалған кезде, ешкім оған бөгет жасамасын;
Балаңызға дайындалу керек тақырыптарын күндерге бөліп, жоспарлаңыз;
Балаңызды емтихардарға дайындалу әдістемесімен таныстырыңыз.Пәндер бойынша тестік тапсырмалардыңәр түрлі нұсқаларын дайындаңыз да, балаңызды жаттықтырыңыз. Өйткені тестілеу балаңызға таныс ауызша және жазбаша емтихандардан өзгеше;
Тестік тапсырмаларды орындаған кезде балаңызға уақытты дұрыс бөлуді үйретіңіздер;
Балаңызды мадақтап, олардың өзіне-өзі сенімін жоғарлатыңыз;
Балаңыздың емтихандарға дайындалудың күн тізбесін бақылаңыздар. Сонша ауыртпалық түсіртпеңіз;
Балаңыздың ішетін тамағына көңіл аударыңыз. Балық, ірімшік, жаңғақ, курагажәне т.с.с. бас миының жұмысын белсендіреді;
Емтихан алдында балаңыз толымды демалу үшін жағымды жағдай жасаңыздар.Өйткені ол жақсы ұйықтап, демалу қажет;
Емтиханнан кейін балаңызды сынға алмаңыздар және оған ашубайқатпаңыз;
Есіңізде болсын: ең бастысы және негізгісі – балаңызда емтиханмен байланысты қобалжу деңгейін төмендету керек және оларға дайындалу үшін қажетті жағдайлар туғызу қажет.
Мектеп бітірушілердің ата-аналарына айтылар ақыл-кеңес
ҰБТ-дан көп бұрын балаңызбен, қосымша қай пәннен емтихан тапсыратынын талқылаңыздар. Бұл қай пәнге баса дайындалу керек, ал қайсысын тек қайталап шығу жеткілікті болатыны туралы жоспарды бірлесіп жасауға мүмкіндік береді;
ҰБТ-ның алдында үйде барынша тыныш, жайлы жағдай орнатыңыздар. Бала сіздердің қолдауыңыз бен түсінігіңізді сезінуі тиіс;
ҰБТ-ға дайындалу және тапсыру кезінде баланы үйдегі қосымша міндеттерінен толығымен босатыңыз, барлық уақытын тестілеуге дайындалуға арнасын;
Ертең ҰБТ болады деген күні кешкілік ол дайындығын тоқтатып, таза ауада демалып, шомылып, уақытында жатуы туралы балаңызбен келісім жасаңыз. Маңызды емтихан алдындабала жақсылап демалуы керек;
Үйде жазбаша емтихан дайындығын өткізіңіз. Сынақ үшін кітаптағы тест вариантын алып, балаңыз 3 сағат ішінде жауап беруіне ұсыныс жасаңыз;
Балаңызды қажетті әдебиеттермен, әртүрлі деңгейдегі тест тапсырмаларымен қамтамасыз етіңіз;
Дайындық кезінде балаңыз мезгіл-мезгіл қысқа үзілістер жасап отыруын қадағалаңыз;
Бұл кезеңде бала организміне үлкен жүктеме түсетіндіктен,оны қажетті қосымша витаминдермен қамтамасыз етіңіз.