kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сезімдер әлемі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балаларға сезімдер әлемі жайлы түсініктер беру. Тілді, құлақ, мұрын және көздерімізді таза ұстап, оларды сақтауға тәрбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сезімдер әлемі»

Ақтөбе облысы,Мұғалжар ауданы, «Мөлдір» балабақшасы МКҚК

Психолог: Толыбаева Лалагул Максетбаевна

Тақырыбы: «Сезім мүшелері»


Мақсаты: Балалардың сезім мүшелері жөнінде (көздің көруін, құлақтың естуін,тілдің дәм сезуін, мұрынның тыныс алуын,иіс сезуін) білімдерін толықтыру.

Міндеті: сенімділіктерін дамыту, сөйлеу белсенділіктерін, тілдік артикуляция жаттығуы арқылы мүмкіндіктерін, қызығушылықтарын дамыту, Салауатты өмір сүру салтына тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Сезім мүшелерінің суреттері (көз, мұрын, тіл, құлақ) ауди басылым, стакан, сулар (ащы, тәтті, жәй су), әтір, сарымсақ, апельсин, геометриялық ойыншық заттар.

Сабақтың барысы:

- Балалар, қәне, бәріміз шаттық шеңберін орындап жіберейік ия?

Көктен шуақ шашылып, (қол көтеріп саусақтарын жыбырлатады,)

Әлемге нұр себеді.(аяқтарын топырлатады.)

Келген құтты қонақтар

Бізге қуат береді (қолдарын шапалақтайды.)

Сәлеметсіздер ме?

Балалар, бүгін мен сендерге тілек шеңберін ұсынсам деп тұрмын, себебі, мен бүгінгі өтетін тақырыбымда сендермен саяхатқа баруым керек еді, ал, саяхатқа шығуымыз үшін жолымызды ашып алуымыз керек, осындай жолмен ашпасақ біздің жолымыз ашылмайын деп тұр!

Жүрекше беріледі: Балалар, бір-бірлеріне тілек, жылы сөздер айтады.

Бірінші: (Көздің суреті ілініп тұрады)

Көреді бәрін өзгенің,

Көре алмайды өздерін. (көз)

Ал, балалар ендеше ыңғайланып отырайық, көз жайлы түсіндіріп берейін. Көз ол бізге өте қажет, біз көзімізбен заттардың пішінін, түр- түсін, көлемін көріп айта аламыз. Сендер қәне, мына үстел үстіндегі заттарға қараңдаршы, (алма, кубик, машина т.б) Ал, ендеше көздеріңді жұмыңдар, менің қолымда не бар?

Көрдіңдер ме, балалар, сендерге көздерің жұмулы тұрғанда айту қиынға соғама екен? Ия, жарайсыңдар, біз көзімізбен бәәәәрін көріп білеміз.

- Көзімізді кір қолымызбен ұстауға бола ма?

- Жоқ, әріне, өйткені көзімізге шаң тозаң кіреді.

- Теледидардың, компьютердің алдында көөөп отыруға бола ма?

- Көзімізге үшкір затты тығуға бола ма?

- Болмайды, балалар, ия жарайсыңдар!

- Көзімізді сақтау үшін не істеу қажет?

Ендеше, көзімізге жаттығу жасайық.

Ал, ендеше, орнымыздан тұрайық.

Екінші: Балалар, мынау ненің суреті? Дұрыс, бұл мұрынның суреті.

Ендеше, сендермен ойын ойнағым келіп тұр. Қалай қарайсыңдар?

Балалар келіседі.


Ойын: «Иіс арқылы таны»

Қәне, бәріміз, үстелді жағалай тұрайық, (үстел үстінде әрбір балаға тәрелкеде үш түсті қорапшалар тұрады, қызыл, сары, көк) Ал, енді осы қорапшаларды алып, ашпай иіскеп көрейік (қорапшада әтір иісі мақтада, апельсин кесілген, пияз немесе сарымсақ). Балалар тұрады, қорапшаларды ашпай иіскейді.

- Балалар, қызыл қорапшадан ненің иісін байқадыңдар? Ал, сары қорапшада ше? Ал жасыл қорапшада ше? Қандай иістер шығып тұр?

- Балалар, енді мына суретке қараңдаршы? Сендерге иісті анықтауға не көмектесті?

-Мұрнымыз. Қандай иістерді мұрын арқылы сезуге болады?

-Әртүрлі иістерді, тағамдардың иісін.

- Балалар, мұрнымызға ұсақ заттарды тығуға бола ма екен?

-Жоқ.

- Балалар, аяды күні далада қалай тыныс алу керек?

- Мұрнымызбен дем алу керек. Ал, неге мұрнымыз арқылы тыныс алуымыз керек?

- Суық, аязды күні ауызбен дем алуға болмайды, өйткені тамағымыз ауырады?

- Адамға мұрын не үшін керек? Тыныс алу үшін, иістерді сезу үшін. Дұрыс айтасыңдар! Мұрнымыз сау болуы үшін не істеуіміз керек? Мұрынды жуып отыру керек, әрбір балада қол орамал, беторамал болуы керек. Балалар, мұрын жайлы көптеген мәліметтер біліп алдық, олай болса біз саяхатымызды жалғастырайық.

Үшінші: «Тіл суреті» екен! Қәне, балалар, шеңберге тұрайық. Ендеше осы тіл арқылы жаттығу жасап көрейік! Ал, ендеше, тіліміз дәм сезуі үшін үстелге жақын келейік. (Үстел үстінде бірдей стаканда құйылған сулар бар, біреуінде ащы су, біреуінде тәтті су, бірінде жәй су,тәрелкеде қасық)

-Айтыңдаршы балалар, мынау не стакандағы? Су.

-Олар бәрі бірдей түсте ме? Ия, бір түсте.

Балалармен бірге әрбір стакандағы сулардың дәмін байқап көреді. Ал, осы сусындарымыздың дәмін байқауға бізге не көмектесті? Әріне, тіліміз дәмін сезді ия, балалар? Жарайсыңдар!

- Тіл арқылы тағамның ащы –тұщысын, ыстық- суығын байқай аламыз.

- Тілімізді кір қолымызбен ұстауымызға болмайды, лас заттарды аузымызға салуымызға болмайды. Балалар, сендер айтыңдаршы, тіл қандай қызмет атқарады екен?

- Дұрыс, айтасыңдар дәм сезгіш қызметін атқарады.

- Ал, ендеше соңғы аялдамаға келдік:Бұл ненің суреті? Әріне, бұл құлақтың суреті!

Жарайсыңдар! Қәне бәріміз ыңғайланып отырайық! Мен сіздермен «Не істедім?»

ойынын ойнағым келіп тұр. Бәріміз, көзімізді жұмамыз, тыңдап отырамыз. Үнтаспада бұлақтың, судың, табиғаттағы су, құстардың т.б дыбыстар естіледі.

Балалар, біз бұлардың бәрін ненің көмегі арқылы білдік? Құлағымыз арқылы, иә!

Ал, құлағымыз не үшін қажет екен? Дұрыс, дыбыстарды есту үшін!

Құлақтарымызды күтіп оны таза ұстауымыз керек. Құлағымыз ауырмау үшін суықтан қорғауымыз керек.

Егер, құлағымыз ауырса кімге қаралуымыз керек?

Құлақ қандай қызмет атқарады?

Жарайсыңдар, балалар!


Қорытынды: Ал, ендеше балалар, біз көрген- білгендерімізді ұмытпай, есімізде сақтап, құлақ, мұрын, көз, тілімізді таза ұстап, сақтап жүрулеріміз керек! Ендеше жандарыңдағы достарыңа қараңдаршы, көздерінің түстері қандай екен?


Күтілетін нәтиже: Сезім мүшелерімен таныс болды,

Көзді қалай сақтау керек екенін, мұрынын және тілді құлақты қалай күту керек екенін білді.

Ойын арқылы сезім мүшелерімен танысып, көзге жаттығу жасап, тілді дәм сезу арқылы ойындар ойнады.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Сезімдер әлемі

Автор: Толыбаева Лалагул Максетбаевна

Дата: 11.04.2017

Номер свидетельства: 408342

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(115) ""Махаббат пен ізгі сезімдер әлемі" ұйымдастырылған оқу қызметі"
    ["seo_title"] => string(60) "makhabbat_pen_izgi_sezimder_lemi_uiymdastyrylgan_oku_kyzmeti"
    ["file_id"] => string(6) "482686"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1540874687"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(49) "Такырыбы: Менің сезімдерім"
    ["seo_title"] => string(28) "takyryby_mienin_siezimdierim"
    ["file_id"] => string(6) "469237"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1526113743"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(17) "Жер ?лемі "
    ["seo_title"] => string(11) "zhier-liemi"
    ["file_id"] => string(6) "243674"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1445784134"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(75) "?зін-?зі тану та?ырыбы: С?лем берем изетпен"
    ["seo_title"] => string(48) "ozin-ozi-tanu-tak-yryby-s-liem-bieriem-izietpien"
    ["file_id"] => string(6) "303929"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1457624634"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(43) "Табиғат –әсемдік әлемі"
    ["seo_title"] => string(22) "tabig_at_siemdik_liemi"
    ["file_id"] => string(6) "355197"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1478238109"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства