kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Табиғат –әсемдік әлемі

Нажмите, чтобы узнать подробности

 Аты- жөні:   Жумашева Айнур Уразовна

Мекен- жайы:  Атырау облысы, 

                         Махамбет ауданы, Талдыкөл селосы.

Мектеп:  Талдыкөл мектеп- балабақша кешені.                     

                                                           Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп:  Талдыкөл мектеп- балабақша кешені                                  Күні: 13.04.2016 №28
Тақырыбы: Табиғат –әсемдік әлемі
Құндылық:  сүйіспеншілік
Қасиеттері: қамқорлық,қайырымды, жақсылық

Пән мұғалімі: А.Жұмашева
Класс -2       Оқушылар саны-12

Сабақ мақсаты: Табиғатқа қамқорлық  жасайу,  «сүйіспеншілік» құндылығы  ретінде мазмұнын ашу. Табиғат  туралы түсініктерін кеңейту

Міндеттері:

Оқушылардың табиғат әлеміне танымдық қызығушылығын арттыру, «табиғат» ұғымын түсіндіру.
Оқушыларға табиғатқа қамқорлық жасау әлем үшін маңызды екенін ұғындыру;

Табиғатқа, туған өлке әсемдігіне сүйсіну, қамқорлық, сүйіспеншілік  сезімдерін оятуға тәрбиелеу.

Ресурстар:
оқулық, дәптер

Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңi: Сәлемдесу.
Оқу құралдарына назар аудару. 5Т
2.Тыныштық сәтi.
«Орманға саяхат» (3 мин) 
Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз, қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз!
3.Үй тапсырмасын тексеру:  Дәптермен жұмыс
4.Дәйексөз. 

                            «Жайқалсын жасыл әлем өлкемізде,

                             Сән түзеп, көрік берсін жер бетіне.»

                                                                                Р.Сәтімбекұл
2-рет ұлдарға, 2- рет қыздарға айтқызу.
Мұғалім сыйы:   «Табиғат саған аманат»  (бейне ролик тамашалау).

Сабақты талдау

5Әңгімелеу.

Қазақстанның табиғаты қандай екен?
Бейнекөріністен қандай әсер алдыңдар?

Табиғаттың осындай әсем көрінісін қалай сақтаймыз?

Табиғат  аясындағы демалысқа  бардыңдар ма?

Қай жерлерге бардыңдар?

Жер бетіндегі табиғат неше топқа бөлінеді?

6.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Әр топ көшбасшысы шығып таныстырып өтеді.

1-топ «Табиғатпен біргеміз!» (коллаж жасау Табиғат көріністерінен, сурет қиындыларынан құрастыру)

2-топ   Табиғат жайлы тақпақтар айту.

3- топ «Күн мен гүлдер»  мәтініне көрініс.

7.Топпен ән айту.    Табиғат –анамыз        

8. Үй тапсырмасы  Жұмыс дәптері 36 бет 1,2 тапсырма

Соңғы тыныштық сәтi. 
(Тыныштық. бар жерде, тыныштық. бүкiл әлемде)
- Барлық айтылған жақсы ойларды жүрегіміздің түкпіріне апарып орналастырайық.
- Енді көздеріңді аша қойыңдар. Сабақ аяқталды. Бүгінгі күндерің қуаныш әкелсін!

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Табиғат –әсемдік әлемі»

Аты- жөні: Жумашева Айнур Уразовна

Мекен- жайы: Атырау облысы,

Махамбет ауданы, Талдыкөл селосы.

Мектеп: Талдыкөл мектеп- балабақша кешені.



Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп: Талдыкөл мектеп- балабақша кешені Күні: 13.04.2016 №28
Тақырыбы: Табиғат –әсемдік әлемі
Құндылық: сүйіспеншілік
Қасиеттері: қамқорлық ,қайырымды, жақсылық

Пән мұғалімі: А.Жұмашева
Класс -2 Оқушылар саны-12

Сабақ мақсаты: Табиғатқа қамқорлық жасайу, «сүйіспеншілік» құндылығы ретінде мазмұнын ашу. Табиғат туралы түсініктерін кеңейту

Міндеттері:

Оқушылардың табиғат әлеміне танымдық қызығушылығын арттыру, «табиғат» ұғымын түсіндіру.
Оқушыларға табиғатқа қамқорлық жасау әлем үшін маңызды екенін ұғындыру;

Табиғатқа, туған өлке әсемдігіне сүйсіну, қамқорлық, сүйіспеншілік сезімдерін оятуға тәрбиелеу.

Ресурстар:
оқулық, дәптер


Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңi: Сәлемдесу.
Оқу құралдарына назар аудару. 5Т
2.Тыныштық сәтi.
«Орманға саяхат» (3 мин) 
Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз, қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз!
3.Үй тапсырмасын тексеру:  Дәптермен жұмыс


4.Дәйексөз.

«Жайқалсын жасыл әлем өлкемізде,

Сән түзеп, көрік берсін жер бетіне.»

Р.Сәтімбекұл
2-рет ұлдарға, 2- рет қыздарға айтқызу.
Мұғалім сыйы: «Табиғат саған аманат» (бейне ролик тамашалау).

Сабақты талдау

5Әңгімелеу.

Қазақстанның табиғаты қандай екен?
Бейнекөріністен қандай әсер алдыңдар?

Табиғаттың осындай әсем көрінісін қалай сақтаймыз?

Табиғат  аясындағы демалысқа  бардыңдар ма?

Қай жерлерге бардыңдар?

Жер бетіндегі табиғат неше топқа бөлінеді?


6.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Әр топ көшбасшысы шығып таныстырып өтеді.

1-топ «Табиғатпен біргеміз!» (коллаж жасау Табиғат көріністерінен, сурет қиындыларынан құрастыру)

2-топ Табиғат жайлы тақпақтар айту.

3- топ «Күн мен гүлдер» мәтініне көрініс.


7.Топпен ән айту. Табиғат –анамыз сөзі. Н.Жанаев

әні: С.Қаратаев


8. Үй тапсырмасы  Жұмыс дәптері 36 бет 1,2 тапсырма


Соңғы тыныштық сәтi. 
(Тыныштық... бар жерде, тыныштық... бүкiл әлемде)
- Барлық айтылған жақсы ойларды жүрегіміздің түкпіріне апарып орналастырайық.
- Енді көздеріңді аша қойыңдар. Сабақ аяқталды. Бүгінгі күндерің қуаныш әкелсін!





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Табиғат –әсемдік әлемі

Автор: Жумашева Айнур Уразовна

Дата: 04.11.2016

Номер свидетельства: 355197

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(44) "«Табиғат-әсемдік әлемі»"
    ["seo_title"] => string(24) "tabig_at_siemdik_liemi_1"
    ["file_id"] => string(6) "419734"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1496216307"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(44) ""Таби?ат – ?семдік ?лемі"."
    ["seo_title"] => string(24) "tabig-at-siemdik-liemi-1"
    ["file_id"] => string(6) "273635"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1452252760"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(35) ""Таби?ат?а ?ам?ормын""
    ["seo_title"] => string(18) "tabigatkakamkormyn"
    ["file_id"] => string(6) "287722"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1454518035"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(40) "Таби?ат- ?семдік ?лемі. "
    ["seo_title"] => string(22) "tabig-at-siemdik-liemi"
    ["file_id"] => string(6) "175470"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1424272759"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(32) "Таби?ат ?ажаптары "
    ["seo_title"] => string(20) "tabig-at-g-azhaptary"
    ["file_id"] => string(6) "139689"
    ["category_seo"] => string(3) "izo"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1417778711"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства