Сергіту сәті: «Шаттыққа толы үзіліс»
Мақсаты: оқушылардың өзара сенімділігін, қарым-қатынасын, ұйымшылдығын арттыру.
Сәлемдесу жаттығуы:
Алдымен барлығы бір- біріне қарама-қарсы тұрады. Әр сәлемдесу кезінде алдында тұрған адаммен орын ауыстырады.
- Қарапайым күнделікті амандасу сәті.
- 1 қатары мұғалім бір қатары оқушы, сол сәттегі амандасу сәті.
- Көптен көрмеген досыңды кездестірдің, сол кездегі амандасу сәтіңіз.
- Мектбіңізге келіп жатқан қадірлі қонақпен амандасу сәтіңіз.
Осылай бір –бірімен орын ауыстырып эмоциямен танысып шығады.
«Болашаққа сеніммен» жаттығуы
Барлығы шеңбер құрады да мұғалім нұсқауын тыңдап іс-қимылман көрсетеді.
- Бүгінгі тренингке жауапкершілікпен, белсенділікпен, құлшыныспен келгендеріңіз аяғымызды жерге топылдатамыз.
- Болашаққа сеніммен қарайтын болсаң оң қолымызды жоғары көтереміз
- Елбасымыздың бағдарламасы Рухани жаңғырумен біргеміз десеңіз сол қолымызды көтеріп шапалақтайық.
- Өзіңізді бақыттымын деп есептесеңіздер, «Мен баққыттымын» деп 3 рет айқайлаңыз.
Рефлексия. «Ыстық алақан»
Қажетті құралдар: түрлі – түсті парақтар, бояулар, қалам, желім, қайшы, плакат.
Оқушылар залға жиналып үстел үстіне қойылған түрлі түсті қағаздарға өз алақандарын бейнелеп, қайшымен бинені қиып досына жүрек жарды тілегін немесе бүгінгі тренингтен алған әсерін жазып арнайы плакатқа апарып желіммен жабыстырады.
Тренингке қатысушылар тренингтен алған әсерлерімен бөліседі.
Тренингке белсенділікпен қатысқандарыңызға рахмет!
Өмірлеріңізде және мектеп өмірінде қуанышқа. шаттыққа толы күндеріңіз көп болсын!