Алдын-ала та?та?а мысы?ты? ж?не ?оянны? ??ла?тары салын?ан плакат ілініп дайындалады. О?ушыларды? к?здері шарфпен байланады да, олар кезек-кезекпен шы?ып, бірі денесін, бірі басын, бірі ая?ын салады, осылайша жал?аса береді.
«Т?рлі –т?сті доптар» жатты?уы
Ма?саты : Балаларды? есту ар?ылы есте са?тауын дамыту
?а?аз бетіне екі кішкентай ?ызыл ж?не жасыл доп, ?ызыл доп пен жасыл допты? ортасына ?лкен к?к доп сал, ал жасыл допты? жанына кішкентай сары доп сал.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Психологиялы? ойын»
Психологиялық ойындар
« Суреттерді аяқтайық » жаттығуы
Мақсаты : Балалардың логикалық ойлауын , көру арқылы есте сақтауын , ойша жұмыс істей білуін дамыту .
Алдын-ала тақтаға мысықтың және қоянның құлақтары салынған плакат ілініп дайындалады . Оқушылардың көздері шарфпен байланады да , олар кезек-кезекпен шығып , бірі денесін , бірі басын , бірі аяғын салады , осылайша жалғаса береді .
«Түрлі –түсті доптар» жаттығуы
Мақсаты : Балалардың есту арқылы есте сақтауын дамыту
Қағаз бетіне екі кішкентай қызыл және жасыл доп , қызыл доп пен жасыл доптың ортасына үлкен көк доп сал , ал жасыл доптың жанына кішкентай сары доп сал .
« Менің көңіл-күйім » жаттығуы
Мақсаты : Балалардың көңіл-күйін игере білуге және басқаруға , қадағалауға , дұрыс бағалай білуге тәрбиелеу
Алдарыңдағы бланкіге өз көңіл-күйлеріңді суреттеп салыңдар .
«Мен басқаның көзімен»
Ортаға бір бала кезекпен шығып ,қалған қатысушылар ол жайлы қандай ой- пікірде екенін айтады . бала өзін басқаның көзімен қандай адам екенін анықтайды .
Афирмациялар
« Ол жасаған іс менің де қолымнан келеді » ,« Мен жетістіктің адамымын » ,« Менің жағдайым күннен –күнге жақсаруда »
« Таңғажайып дорба » ойыны
Дорбада бірнеше жеміс , көкөніс бөліктері бар .Бала көзі жабылып , дорбадағы заттың дәмін татып , оның қай жеміс екенін ,дәмі , исі , формасы , түсі жайында ажырата баяндайды .
Мен қандай адаммын ?
Әр қатысушы өзінің жағымды , жағымсыз қасиеттерін айтады . Сол бойынша қорытынды жүргізіледі .
Менің қиыншылықтарым
Қатысушылар бастарынан өткен қиыншылықтарды естеріне түсіріп , ортаға салады , өзгелермен ой бөліседі .
Есте қалған қызықты оқиға
Топ дөңгеленіп отырып , қатысушыларға доп беріледі Допты бір-біріне кезектесіп беріп , есте қалған қызықты оқиғаларды айтады .
Ұқсастық шегі
Қатысушылар жұптасып отырады . Жұбына қарап , ұқсастықты тауып жазады .Ұқсастығын оқып , ой бөліседі
Мен саған сенемін
Әуен ойнап тұрады .Жұп құрып , бір- бірінің көздеріне қарап отырады . «Мен саған сенемін ...» өйткені сен жақсы адамсың .
« Сиқырлы сөздер » ойыны
Тәрбиеші кез-келген өтінішті айтады , ал бала оны әдепті түрде айтуы керек . Мысалы : Айнаш , ойыншықты бер . «Айнаш , өтінемін ойыншықтыі берші » Ізеттілік туралы ертегі тыңдау
« Ең жақсы » ойыны
Қатысушылар екі топқа бөлінеді . Әр топқа мынадай нұсқау беріледі .Берілген мінездеме қай мамандыққа сай екендігін айту қажет . Ең ақшалы , ең жасыл , ең тәтті , ең күлкілі , ең ұсқынсыз, ең қарым-қатынасы күшті , ең жауапты , ең салмақты
«Жағдайлы волейбол» ойыны
Тәрбиеші әділдік пен әділетсіздікті көрсететін жағдайларды айтады , сол арада дұрыс жауапқа бала допты қағып алады , бұрыс жауапқа қағып алмайды
« Кездесу » ойыны
Жай әуенмен екі шеңбер болып қарама –қарсы айналады , әуен тоқтаған кезде бір-біріне қарап , баланың қасиетін айтады .
Ассосация « Жанұя »
Психолог допты лақтыру арқылы ата-анаға сұрақ қояды , олар жауап береді .
« Сиқырлы жұмыртқа» ойыны
Әр бала жұмыртқа бейнесінде берілген формаларға жаңа зат пайда болатындай етіп, аяқтап сурет салады .
« Әрқашан күн сөнбесін ! » жаттығуы
Тақтаға бұлт басқан күннің суреті ілінеді . әр бұлтта тапсырмалар берілген . Соларды орындау барысында күннің көзі ашылады .
« Өкпені еріту » жаттығуы
Тып- тыныш денеңізді бос ұстап отырыңыз .Өзіңізді қаракөлеңкеде театрда отырмын деп есептеңіз Алдыңыздағы шағын сахнаға ( ең жек көретін , көргіңіз келмейтін ) сіз кешіруге тиісті адамды қойыңыз. Мейлі ол сізді қазір ренжітсін , бұрын ренжітсін ,қазір өмірде бар болсын , әлде өмірден өтіп кетті ме , оған мән бермеңіз .Көз алдыңызға елестеткенде оның жағдайы жақсы , жүзіне күлкі үйірілген жағдайда болуы керек . Оны бақытты деп біліңіз . Бірнеше минут оның жүзін анық көз алдыңызда ұстап тұрыңыз . Сонан соң барып ол бейнемен қоштасыңыз . Сіз кешірген адам кетісімен сіз өзіңізді сахнаға қойыңыз. Өзіңізді де тек жақсы жағдайда елестетіңіз .Бақытты , күлкі үйірілген жүзбен тұрыңыз . Бұл әлемдегі жақсылық барлығыңызға да тең жететінін ұғыңыз .
«Тазару» жаттығуы
Терең дем алып , демді барынша қайта шығарыңыз . Денеңізді босатыңыз . Өзіңізге былай деңіз : Мен өмір сүруіме кедергі келтіретін барлық өкпе , реніштен тазарғым келеді . Мен барлық қысымнан осылайша босаймын . Барлық ескі реніш , өкпелерден құтылғым келеді . Мен жанға рахат жайбырақаттылықты сезінемін . Мен өз қалпымдамын . Өз өмірімнің ағынымен барамын Бірақ өкпені ұмыттым , кештім .