kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Өмір жолы" психологиялық тренинг

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тренинг тақырыбы: «Өмір жолы» тренинг

Мақсаты: Оқушының өмірге деген құлшынысын арттыру, өмір туралы ой-өрісін дамыту. өмірді сүйе білуге тәрбиелеу 
Керекті құралдар: плакат, түрлі-түсті қағаздар, тапсырмасы бар балықтар, интерактивті тақта.

Барысы:

Психолог сөзі:
Өмір дегеніміз – адам баласының туған күнінен бастап, осы күнге дейінгі жүрген жолы. Өмір былайша алып қарағанда төрт-ақ әріптен тұратын сөз. Алайда осынау сөзге қаншама ұғым сыйып жатыр десеңізші. Оның әрбір мезеті сынақтан тұрады. Қиындық пен қуаныш кезектесіп жетіп отырады. Бір ағамыз: “Өмір – сырын білгізбейтін тентек ат секілді, қай жағыңнан келіп тебетінін білмей де қаласың” деген екен.Иә, шынында да солай. Басқаша алып қарағанда өмір шеті де, шегі де көрінбейтін үлкен өзен тәрізді. Ал, біз сол өзенде ақырын жүзген қайықпыз Олай болса,Өмір адамға бірақ рет беріледі. Осы қамшының сабындай қысқа ғана өмірде бір-бірімізбен тек сыйласып өткенге не жетсін.

Өміршеңдік ережесі.

   Әр адамның ережесі-өз жүрек қалауымен жүру және батыл әрекет жасау. Сол сияқты иығыңды тіктеп, жарқын көңілмен іштей табысқа  жетуге талаптанып,

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Өмір жолы" психологиялық тренинг»

«А. Тихоненко атындағы орта жалпы білім беретін мектебі» КММ





«Жантану» ӘБ –нің «Позитив әлемінде»

атты апталығында өткізілген

Тренинг

Тақырыбы: «Өмір жолы»

















Өткізген: Педагог-психолог Култанова Т.Б











2018-2019 оқу жылы

Тренинг тақырыбы: «Өмір жолы» тренинг

Мақсаты: Оқушының өмірге деген құлшынысын арттыру, өмір туралы ой-өрісін дамыту. өмірді сүйе білуге тәрбиелеу 
Керекті құралдар: плакат, түрлі-түсті қағаздар, тапсырмасы бар балықтар, интерактивті тақта.

Барысы:

Психолог сөзі:
Өмір дегеніміз – адам баласының туған күнінен бастап, осы күнге дейінгі жүрген жолы. Өмір былайша алып қарағанда төрт-ақ әріптен тұратын сөз. Алайда осынау сөзге қаншама ұғым сыйып жатыр десеңізші. Оның әрбір мезеті сынақтан тұрады. Қиындық пен қуаныш кезектесіп жетіп отырады. Бір ағамыз: “Өмір – сырын білгізбейтін тентек ат секілді, қай жағыңнан келіп тебетінін білмей де қаласың” деген екен.Иә, шынында да солай. Басқаша алып қарағанда өмір шеті де, шегі де көрінбейтін үлкен өзен тәрізді. Ал, біз сол өзенде ақырын жүзген қайықпыз Олай болса,Өмір адамға бірақ рет беріледі. Осы қамшының сабындай қысқа ғана өмірде бір-бірімізбен тек сыйласып өткенге не жетсін.

Өміршеңдік ережесі.

Әр адамның ережесі-өз жүрек қалауымен жүру және батыл әрекет жасау. Сол сияқты иығыңды тіктеп, жарқын көңілмен іштей табысқа жетуге талаптанып,

Өміршеңдік ережелерін айтайық.


1. Жігер деген-Мен

2. Күш деген-Мен

3. Махаббат деген-Мен

4. Кешірім деген-Мен

5. Құдірет деген-Мен

6. Жасөспірім деген-Мен

7.Жастық шақ деген-Мен

8. Денсаулық деген-Мен

9. Адалдық деген-Мен

10. Жарқындылық деген-Мен

11. Бар ғажайып деген-Мен

Хормен: Бәрі маған байланысты,

Бәрі менің қолымда.

І. «Амандасу» жаттығуы.

Мақсаты: оқушылардың қарым-қатынас жасауын жақсарту.

Шарты: Қатысушылар дәстүрлі және дәстүрлі емес амандасу түрлерімен бір-бірімен амандасады.
1.Тибет елдерінде халықтар тіл шығару әдепсіздік болып танылса, кейбір жерде тілін шығарған жан жазаға тартылады. Тіл шығару тибет халқына жат емес, себебі, олар бір-бірін көргенде, тілдерін шығарады.
2. Тувалу еліндегі дәстүрлі сәлемдесу дәстүрі өте қызық. Полинезияда орналасқан арал мемлекетіне саяхат жасаған жандар жергілікті халықпен жақындасу әрекетіне дайын болуы керек. Бір-бірін көрген бойда екі жан бір-бірінің беттеріне жақындап, терең дем алады.
3. Жапонияда Жапон халқы сәлемдесу рәсіміне аса мән береді. Бір-бірін көрген кезде олар иіледі. 
4. Кенияға сапар шеккен жандар масаи тайпасын кездестіреді. Масаи тайпасының халқы бір-бірін көргенде, билей бастайды. Би арқылы олар бір-бірімен амандасады. Сәлемдесу биі «адаму» деп аталады, яғни «секіру биі». Билеген кезде шеңбер жасап, ырғалып, секіре бастайды.

ІІ. Жаттығу. «Ойлануға арналған сұрақтар»

Біз бір-бірімізді жақын тану үшін әр біреуіне «балық аулауды» ұсынамын. Топтың әр қатысушысы «сұрақтар жауап береді», аяқталмаған сөйлемі бар карточканы алады да, өз сөздерімен аяқтайды.

Карточкадағы сөйлемдер:

Ең үлкен қорқыныш –бұл   ..........

Мен мынадай адамдарға сенбеймін  .......

Мен ренжимін, егер   .........

Мен ұнатпаймын, егер........

Маған көңілсіз, егер ........

Егер маған дауыс көтерсе , мен  .......

Мен қарсыласқанда  ......

Егер мен сенімсіз болсам, онда  ......

Психолог: Сөйлемді аяқтағанда қандай сезімде болдыңдар? Әрине әрқайсымыз қорқыныш, сенімсіздік, сәтсіздік сезімдерінен өттік. Ренжіген, нашар көңіл-күй немесекөңілсіздік болған шығар. Бұл сәтте қолдау мен сүйенішті қажет етеміз. Олар әрине біздің ата-анамыз, бауырларымыз, достарымыз.

ІІІ. Сергіту –жаттығу «Мейірімді  жүрек»

Жүргізуші: Балалар , біз сендермен топтасып отырмыз. Өзімізді бір бүгін топ ретінде сезіну үшін «Мейірімді  жүрек» жаттығуын ұсынамын. Шеңбер  жасап бір-біріне иық тіресіп, қолдарыңнан ұстаңдар. Мейірімді жүрек соғады. Екі қадам алға, екі қадам артқа адымда. Рахмет.

ІV «Дракон» ойыны.

Топ қатарласып тұрады, әр қатысушы алдыңғы ойыншының белінен ұстайды. Саптың алдындағы ойыншы дракон «басы», соңғы қатысушы «құйрығы». «Басы» «құйрығын» ұстауға тырысады, ал басы бұлтып ұстатпауы керек. Жаттығу барысында барлық қатысушы қолдарын жібермей қозғалады.

Талқылыу.

Қазіргі сезімімдерін, көңіл-күйін қысқаша білдіреді.

V.  «Мен сенің сыныптасым болғаныға өте қуаныштымын» жаттығу.

Сіздерге келесі тапсырма. Бірінші тұрған адамөзінен кейінгі екінші адамға қолын созып, сенімен сыныптас болғаныма өте қуаныштымын дейді, ал екінші адам өз кезегінде келесі адамға осы сөзбен қолын созады. Осылайша «тізбектеле» барлығы бір бірінің қолынан ұстап шеңбер құрады.

VI. Өзіндік таңдау «Өмір қандай?», «Мен қандаймын?» Менің ойымша, өмір ..., Өмір маған ..., Мен келешекте .........» тақырыбында жұмыс. (Оқушылар аз дегенде он түрлі жауапты жазып, тілек білдірушілер дауыстап оқиды). Балалардың жауабын жеңілдету үшін тақтаға сөздер тізімі жазылған плакат ілінеді.

VI. «Мейірімділік алаңы» жаттығуы

Мақсаты: Өз бойындағы жаман, жақсы қасиеттерін жазу. Іштегі жағымсыз жайттарды сыртқа шығарту.

Әр адам сиқырлы жасыл айнасыз-ақ өзіңің жақсы-жаман қасиеттерін біледі.

Қатысушылар түрлі түсті қағаздан жасалған гүлге жақсы (плюстарын +) жақтарын жазады да тақтада ілінген табиғаттың суреті жасалған плакатқа әр бала жапсырады. Ал жаман қасиеттерін (минус- ) шоғайнаға арам шөпке жазады да ортада тұрған қоқыс жәшігіне умаждап лақтырып тастайды.



Пікір алмасу. (Оқушыларға сөз беріледі)

1. Адам тумысынан жамандыққа үйір емес. Жақсылық адам бойына бала кезде егіледі. Ол жылдар өте келе өніп шығады. Жақсылық өнімнің өніп шыққаны, оны жамандықтың арам шөптері басып кеткені сонда ғана белгілі болады.

2. Жанұядағы тәрбиені адам өз өмірінің «Алтын бесігі» мектеп қабырғасында жалғастырып, өмір заңдылықтарын үйренеді.

3. Кешірімді болу, кек сақтамау, әділ болу өмірге керекті қағидалар.

4. Барлық адамдар тең құқықты, ерікті, қадірлі. Өмір сүру құқығы адамның бас бостандығы мен жеке өмір сүру еркі қасиетті болып табылады.

5. Адам бойында жақсы қасиет әр оқушының өз отбасын сыйлауынан басталады.

VIІ Рефлексия: бүгінгі тренингтен алған әсерін және достарына, өздеріне арналған тілектерін жазып, «тілек» ағашына апарып жапсырады.





Хаттама


А. Тихоненко атындағы орта жалпы білім беретін мектебі

Күні: 26. 09. 2018 ж

Тақырыбы: «Өмір жолы» тренинг

Мақсаты: Оқушының өмірге деген құлшынысын арттыру, өмір туралы ой-өрісін дамыту. өмірді сүйе білуге тәрбиелеу 

Контингент: 8 «а» сынып

Қолданылған құрал-жабдықтар: плакат, түрлі-түсті қағаздар, тапсырмалар, интерактивті тақта.

Қатысқаны: 13 оқушы

Жүру барысы: Сабақ шаттық шеңберінде амандасумен басталды. Оқушылар дәстүрлі және дәстүрлі емес амандасу түрлерімен бір-бірімен амандасты. Ойлануға арналған жаттығуда оқушылардың жауабы:
Ең үлкен қорқыныш –бұл   ата-анадан ерте айрылу.

Мен мынадай адамдарға сенбеймін өтірікшілерге.

Мен ренжимін, егер мені алдаса.

Мен ұнатпаймын, егер мені мазақ қылса.

Маған көңілсіз, егер әрдайым достарым қасымда болмаса.

Егер маған дауыс көтерсе , мен үндемей қаламын.

Сергіту –жаттығуында «Мейірімді  жүрек» шеңбер  жасап бір-біріне иық тіресіп, қолдарыңнан ұстап, жүрек соғыстарын тыңдау және «Мен сенің сыныптасым болғаныма өте қуаныштымын» деп бір-біріне айтты. «Дракон» ойынын Темірлан бастады, дракон «басы», соңғы қатысушы «құйрығы». «Басы» «құйрығын» ұстауға тырысады, ал басы бұлтып ұстатпауы керек. Жаттығу барысында барлық қатысушы қолдарын жібермей қозғалады. «Өмір қандай?», «Мен қандаймын?» Менің ойымша, өмір ..., Өмір маған ..., Мен келешекте .........» тақырыбында постерге өз ойларын жазып, әрбіреуі қорғап шықты. «Мейірімділік алаңы» жаттығуы. Өз бойындағы жаман, жақсы қасиеттерін жазу. Іштегі жағымсыз жайттарды сыртқа шығару. Әр адам сиқырлы жасыл айнасыз-ақ өзіңің жақсы-жаман қасиеттерін біледі.

Қатысушылар түрлі түсті қағаздан жасалған гүлге жақсы (плюстарын +) жақтарын жазады да тақтада ілінген табиғаттың суреті жасалған плакатқа әр бала жапсырды. Ал жаман қасиеттерін (минус- ) шоғайнаға арам шөпке жазды да ортада тұрған қоқыс жәшігіне умаждап лақтырып тастайды. Оқушылар достарына және өздеріне тілектерін жазып, «Тілек ағашыны» жапсырды.



Мектеп психологы: Т.Култанова













Ең үлкен қорқыныш –бұл   ..........

Мен мынадай адамдарға сенбеймін  .......

Мен ренжимін, егер   .........

Мен ұнатпаймын, егер........

Маған көңілсіз, егер ........

Егер маған дауыс көтерсе , мен  .......

Мен қарсыласқанда  ......

Егер мен сенімсіз болсам, онда  ......













«Өмір қандай?»,

«Мен қандаймын?»

Менің ойымша, өмір ...,

Өмір маған ...,

Мен келешекте .........»




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
"Өмір жолы" психологиялық тренинг

Автор: Култанова Толкын Баймырзиевна

Дата: 20.12.2018

Номер свидетельства: 491891

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(121) "“Жар?ын болаша? иесі-б?гінгі жас маман”атты психологиялы? тренинг"
    ["seo_title"] => string(67) "zharkynbolashakiiesibughinghizhasmamanattypsikhologhiialyktrieningh"
    ["file_id"] => string(6) "292382"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1455273852"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(76) "?стаздар?а арнал?ан психологиялы? тренинг "
    ["seo_title"] => string(49) "u-stazdarg-a-arnalg-an-psikhologhiialyk-trieningh"
    ["file_id"] => string(6) "159487"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "testi"
    ["date"] => string(10) "1421913420"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(98) "11сынып оқушыларына арналыған психологиялық тренингі"
    ["seo_title"] => string(60) "11synyp_ok_ushylaryna_arnalyg_an_psikhologhiialyk_trieninghi"
    ["file_id"] => string(6) "414736"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1494577052"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(91) "Педагогтар?а арнал?ан психологиялы? тренинг саба? "
    ["seo_title"] => string(59) "piedaghoghtarg-a-arnalg-an-psikhologhiialyk-trieningh-sabak"
    ["file_id"] => string(6) "172976"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1423909889"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(63) "Психологиялы? тренинг 9-11 сыныптар "
    ["seo_title"] => string(40) "psikhologhiialyk-trieningh-9-11-synyptar"
    ["file_id"] => string(6) "203492"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1429506819"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства