kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Педагогтар?а арнал?ан психологиялы? тренинг. «?зімізді тану, бір-бірімізге ?уаныш сыйлау»

Нажмите, чтобы узнать подробности

?ызылорда ?аласы, №8 орта мектеп педагог-психологы

Жаса?бай Камила Жаса?бай?ызы

Педагогтар?а арнал?ан психологиялы? тренинг

«?зімізді тану, бір-бірімізге ?уаныш сыйлау»

Ма?саты:  ?стаздарды?  бойында?ы эмоциясын шы?ару, ?арым – ?атынасты ны?айту, ?иын   жа?дайдан шы?а білуге ж?не ?зін – ?зі тану?а баулу.

К?рнекілігі: интерактивті та?та, стикер, слайд, тенис добы, а? пара?, а?аш суреті

Уа?ыт форматы: 30 минут.

?йымдастыру кезе?і:

І. Педагогтармен с?лемдесу.

ІІ. К??іл-к?йлерін с?рау.

ІІІ. Тренинг ережесімен таныстыру.

ІV. Топтар?а б?лу

Тренинг ережесі:

  • Тынышты?ты са?тау;
  • Уа?ытты тиімді пайдалану;
  • Белсенділік;
  • Бір-бірімізге сын айтпау;
  • Шы?армашылы?;
  • ?ол шапала?тау.

К?тілетін н?тиже:

  • ?зіне пайдалы ??ымды алады
  • ?зін-?зі еркін ?стай білуге ?йренеді
  • Айналамен ?арым-?атынас жасайды
  • ?з бойында?ы жаман ?асиеттерді же?е біледі
  • ?з ойын ашы? айта алады

 

С?леметсіздер ме, ??рметті  ?стаздар  мен  ?она?тар! Б?гінгі семинар?а ?ош келді?іздер! Біз сіздерді к?ргенімізге ?уаныштымыз! Бізді? тренингімізді? та?ырыбы:  «?зімізді тану, бір-бірімізге ?уаныш сыйлау»

І. «Амандасу» жатты?уы.

?аза?тар-?ол алысады

Италияда-??ша?тасады

Бразилияда йы? ?а?ады

Жапонияда –бір-біріне иіледі

Жа?а Зеландияда - м?рнымен амандасады

Македонияда –шынта?пен      

Тай елінде –екі ала?анын т?йістіріп, бастарына ?ойып, содан кейін «Савани» деп айтады

                  (2 минут)         

Ж?ргізуші:  Сіздерді ?ш топ?а б?леміз. І топ-раушан г?лі, ІІ топ –т?ймеда?, ІІІ топ – б?йшешек. ?атысушылар?а г?лді? суреті бар ?а?аздар таратылады.

ІІ. «А? ж?не ?ара айна» тренингі. «Б?йшешек» тобы  орта?а ша?ырылады ?атысушылар а? айна?а барып ?зіні? жа?сы жа?тарын, армандарын, тілектерін айтады. ?ара айна?а барып ?зіні? бойында?ы жа?ымсыз мінездерін айтады.

Талдау: Жатты?у ?иын болды ма? ?иын болса ?ай жерінде ?иын болды?

ІІІ. «??бырдан су а?ызу » ойыны.

??ралдар : А4 пара?,?стел тенисіні? добы.

Б?л ойын?а «Раушан г?л» тобын ша?ырамыз. Топ ше?берге т?рып, ?олдарында?ы пара?шалармен ??быр жасайды ж?не  ??бырдан кедергісіз суды а?ызады.        ( 5 минут)

ІV. «Жал?ыз ая? жол» жатты?уы. Б?л ойын?а «Т?ймеда?» тобын ша?ырамыз. Барлы? ойыншылар біріні? артынан бірін т?р?ып, бір-біріні? белдерінен ?стайды.

Ж?ргізуші: «??рметті ?ріптестер, бізді? белгісіз бір жерде орман?а тап болды?! Біз орманда адасып ж?рміз. Орман жолдары ?иынды?тар?а толы екен. ?азір б?рі? бірдей келесі ?имылдарды орындайсы?дар:

  • Келе жатсы?дар, жан-жа?тары?да ит т?мсы?ы ?тпейтін а?аштарды? жапыра?тары шытырлайды, ??стар ?ле? айтады, жасыл ш?птер суылдайды (ойыншылар жан-жа?тарына ?арайды, ??ла?тарын т?ріп, дыбыстарды естуге тырысады).
  • Алдары?да шалшы? кезікті?дер, «Бір шалшы?!», «Екі шалшы?», «?ш шалшы?!» (секіреді,   аттап ?теді);
  • Асы?ып келе жатсы?дар;
  • Алдары?нан а?ып жат?ан ?зен к?рінді, оны? ?стінен к?пір салын?ан (к?пірді? а?аштарынан ?станып ?зер ?теді).
  • Д??гелектерге кез болды?дар: «Бір д??гелек», «Екі д??гелек!», «?ш д??гелек!» (секіріп ?теді);
  • Батпа? жерлерге кезікті?дер (ая?тарын ?ре? алып, зор?а ?теді);
  • Ой?а тірелді?дер, жат?ан а?аш ар?ылы ?ту керек (тізбектеліп а?ырын ?теді);
  • Ая?тары?ды шы? т?скен ш?п сулап тастады (ая?тарын сілкиді);
  • Алдары?а ?лкен а?аш ??лады (одан аттап ?теді);
  • Айдын шал?ар к?лге кезікті?дер (айналып ?теді).

Міне, осы к?лді? ар жа?ынан сіздер №8 мектебін ?айта тапты?ыздар.Мен барлы? ?иынды?тар?а мойыма?андары?ыз ?шін рахмет айтамын. ?мірлері?ізде ?иынды?тар болмасын, болмашы кедергілерді ?айраттылы?пен же?улері?ізге тілектеспін. 

V. ?орытынды:Тренингке ?атысушылар?а стикер беріледі. Бір-бірлеріне, мектебімізге ысты? тілектерін ж?не б?гінгі тренинг туралы ойларын, ?андай к??іл-к?йде бол?андарын, тренингтен ал?ан ?серлерін  жазып, а?аш?а жабыстырады. C?йлем басы «Б?гін мен.»  немесе «Б?гін ма?ан» -деп басталады. Барлы?ы жазып бол?асын жазыл?ан тілекті о?иды. ?а?азды жыртпай, мектепке естелікке ?алдырады. 

?атысушылар бір-бірлеріне тілеген тілектері орындалсын деп ?ошемет к?рсетіп (?ол со?ып) тренингті ая?тайды.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Педагогтар?а арнал?ан психологиялы? тренинг. «?зімізді тану, бір-бірімізге ?уаныш сыйлау»»

Қызылорда қаласы, №8 орта мектеп педагог-психологы

Жасақбай Камила Жасақбайқызы





Педагогтарға арналған психологиялық тренинг

«Өзімізді тану, бір-бірімізге қуаныш сыйлау»

Мақсаты: Ұстаздардың бойындағы эмоциясын шығару, қарым – қатынасты нығайту, қиын жағдайдан шыға білуге және өзін – өзі тануға баулу.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, стикер, слайд, тенис добы, ақ парақ, ағаш суреті

Уақыт форматы: 30 минут.

Ұйымдастыру кезеңі:

І. Педагогтармен сәлемдесу.

ІІ. Көңіл-күйлерін сұрау.

ІІІ. Тренинг ережесімен таныстыру.

ІV. Топтарға бөлу

Тренинг ережесі:

  • Тыныштықты сақтау;

  • Уақытты тиімді пайдалану;

  • Белсенділік;

  • Бір-бірімізге сын айтпау;

  • Шығармашылық;

  • Қол шапалақтау.


Күтілетін нәтиже:

  • Өзіне пайдалы ұғымды алады

  • Өзін-өзі еркін ұстай білуге үйренеді

  • Айналамен қарым-қатынас жасайды

  • Өз бойындағы жаман қасиеттерді жеңе біледі

  • Өз ойын ашық айта алады


Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар мен қонақтар! Бүгінгі семинарға қош келдіңіздер! Біз сіздерді көргенімізге қуаныштымыз! Біздің тренингіміздің тақырыбы: «Өзімізді тану, бір-бірімізге қуаныш сыйлау»

І . «Амандасу» жаттығуы.

Қазақтар-қол алысады

Италияда-құшақтасады

Бразилияда йық қағады

Жапонияда –бір-біріне иіледі

Жаңа Зеландияда - мұрнымен амандасады

Македонияда –шынтақпен

Тай елінде –екі алақанын түйістіріп, бастарына қойып, содан кейін «Савани» деп айтады

(2 минут)

Жүргізуші: Сіздерді үш топқа бөлеміз. І топ-раушан гүлі, ІІ топ –түймедақ, ІІІ топ – бәйшешек. Қатысушыларға гүлдің суреті бар қағаздар таратылады.

ІІ. «Ақ және қара айна» тренингі. «Бәйшешек» тобы ортаға шақырылады Қатысушылар ақ айнаға барып өзінің жақсы жақтарын, армандарын, тілектерін айтады. Қара айнаға барып өзінің бойындағы жағымсыз мінездерін айтады.

Талдау: Жаттығу қиын болды ма? Қиын болса қай жерінде қиын болды?

ІІІ. «Құбырдан су ағызу » ойыны .

Құралдар : А4 парақ,үстел тенисінің добы.

Бұл ойынға «Раушан гүл» тобын шақырамыз. Топ шеңберге тұрып, қолдарындағы парақшалармен құбыр жасайды және құбырдан кедергісіз суды ағызады. ( 5 минут)

ІV. «Жалғыз аяқ жол» жаттығуы. Бұл ойынға «Түймедақ» тобын шақырамыз. Барлық ойыншылар бірінің артынан бірін тұрғып, бір-бірінің белдерінен ұстайды.

Жүргізуші: «Құрметті әріптестер, біздің белгісіз бір жерде орманға тап болдық! Біз орманда адасып жүрміз. Орман жолдары қиындықтарға толы екен. Қазір бәрің бірдей келесі қимылдарды орындайсыңдар:

  • Келе жатсыңдар, жан-жақтарыңда ит тұмсығы өтпейтін ағаштардың жапырақтары шытырлайды, құстар өлең айтады, жасыл шөптер суылдайды (ойыншылар жан-жақтарына қарайды, құлақтарын түріп, дыбыстарды естуге тырысады).

  • Алдарыңда шалшық кезіктіңдер, «Бір шалшық!», «Екі шалшық», «Үш шалшық!» (секіреді, аттап өтеді);

  • Асығып келе жатсыңдар;

  • Алдарыңнан ағып жатқан өзен көрінді, оның үстінен көпір салынған (көпірдің ағаштарынан ұстанып әзер өтеді).

  • Дөңгелектерге кез болдыңдар: «Бір дөңгелек», «Екі дөңгелек!», «Үш дөңгелек!» (секіріп өтеді);

  • Батпақ жерлерге кезіктіңдер (аяқтарын әрең алып, зорға өтеді);

  • Ойға тірелдіңдер, жатқан ағаш арқылы өту керек (тізбектеліп ақырын өтеді);

  • Аяқтарыңды шық түскен шөп сулап тастады (аяқтарын сілкиді);

  • Алдарыңа үлкен ағаш құлады (одан аттап өтеді);

  • Айдын шалқар көлге кезіктіңдер (айналып өтеді).

Міне, осы көлдің ар жағынан сіздер №8 мектебін қайта таптыңыздар.Мен барлық қиындықтарға мойымағандарыңыз үшін рахмет айтамын. Өмірлеріңізде қиындықтар болмасын, болмашы кедергілерді қайраттылықпен жеңулеріңізге тілектеспін.

V. Қорытынды:Тренингке қатысушыларға стикер беріледі. Бір-бірлеріне, мектебімізге ыстық тілектерін және бүгінгі тренинг туралы ойларын, қандай көңіл-күйде болғандарын, тренингтен алған әсерлерін жазып, ағашқа жабыстырады. Cөйлем басы «Бүгін мен ...» немесе «Бүгін маған» -деп басталады. Барлығы жазып болғасын жазылған тілекті оқиды. Қағазды жыртпай, мектепке естелікке қалдырады.

Қатысушылар бір-бірлеріне тілеген тілектері орындалсын деп қошемет көрсетіп (қол соғып) тренингті аяқтайды.
















































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Автор: Жаса?бай Камила Жаса?бай?ызы

Дата: 25.03.2016

Номер свидетельства: 309937


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства