Саба?ты? ма?саты: ?мір адам баласына бір-а? рет берілетін ?те ?ымбат сый екенін т?сінуге, асыл ?асиет адам бойында болатынын т?сінуге ы?пал ету.
Жа?сы ?асиетке ?йретіп, жаман ?асиеттен жиренту ар?ылы адамгершілік сезімдерін дамыту; О?ушыларды? ?здерін жан-жа?ты тере?ірек ашуына ба?ыт-ба?дар беру, о?ушы к?з?арасын ?алыптастыру.
Саба?ты? т?рі: Психологиялы? тренинг саба?.
Саба?ты? ?дісі; пікір алмасу, ой-б?лісу, с?з жарыстыру.
К?рнекіліктер: «?мір ?ымбат сый», «.?рбір ?иын м?селені? шешілетін жолы бар»
Саба?ты? барысы:
Кіріспе:
Адамны? ?зін-?зі т?рбиелеуде ас?ан шыдамдылы?, ?иыншылы?тар?а т?зімділік, ерекше ?стамдылы??а машы?тануы керек. Ата-ананы? тілегі – баласыны? жа?сы адам болуы, е?бекс?йгіштігі, о?у мен е?бектегі табыстары. ?мір дегеніміз – арнасы ке? ?зен. Сол ?зеннен ?з арна?ды тауып а?у – басты ма?сат.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«?мір, ?ымбат сый! »
Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный орта мектебінің педагог-психологы Нуржанова Сапура Пирбаевна
Өмір, қымбат сый!
Сабақтың мақсаты: өмір адам баласына бір-ақ рет берілетін өте қымбат сый екенін түсінуге, асыл қасиет адам бойында болатынын түсінуге ықпал ету.
Жақсы қасиетке үйретіп, жаман қасиеттен жиренту арқылы адамгершілік сезімдерін дамыту; Оқушылардың өздерін жан-жақты тереңірек ашуына бағыт-бағдар беру, оқушы көзқарасын қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Психологиялық тренинг сабақ.
Сабақтың әдісі; пікір алмасу, ой-бөлісу, сөз жарыстыру.
Көрнекіліктер: «Өмір қымбат сый», «..Әрбір қиын мәселенің шешілетін жолы бар»
Сабақтың барысы:
Кіріспе:
Адамның өзін-өзі тәрбиелеуде асқан шыдамдылық, қиыншылықтарға төзімділік, ерекше ұстамдылыққа машықтануы керек. Ата-ананың тілегі – баласының жақсы адам болуы, еңбексүйгіштігі, оқу мен еңбектегі табыстары. Өмір дегеніміз – арнасы кең өзен. Сол өзеннен өз арнаңды тауып ағу – басты мақсат.
«Сын түзелмей, мін түзелмейді» психологиялық ойын.
Бұл ойында оқушы алдында екі орындық тұрады. Оқушы өз сыныбындағы бір оқушының немесе ұстазының бойындағы жақсы-жаман қасиеттерін «Алтын орындыққа» немесе «Қара орындыққа» отыру арқылы айтады.
Пс: Ойын барысында оқушылар «Дос жылатып,, дұшпан күлдіріп айтады», «Егер сені ешкім қадір тұтпаса, мұның себебі өзіңде», «Қызғаншақтық – таяз ақылдың белгісі» деген мақалдарды ұстанады. Адам бойындағы сан түрлі ізгілік қасиеттерді адамгершілік қасиеттермен толықтырып отырсақ, қоғам алдындағы борышымызды ақтаған, өмірге бағыт-бағдар алған болар едік.
Жаттығу. «Сөйлемді жалғастыр»
Жақсы өмір – бұл...
Бақытты адам – ол...
Мен адамдардың ... жоғары бағалаймын
Менің өмірімнің маңызы мынада ...
Пікір алмасу. (Оқушыларға сөз беріледі)
Адам тұмысынан жамандыққа үйір емес. Жақсылық адам бойына бала кезде егіледі. Ол жылдар өте келе өніп шығады. Жақсылық өнімнің өніп шыққаны, оны жамандықтың арам шөптері басып кеткені сонда ғана белгілі болады.
Жанұядағы тәрбиені адам өз өмірінің «Алтын бесігі» мектеп қабырғасында жалғастырып, өмір заңдылықтарын үйренеді. Кешірімді болу өмірге керекті қағидалар. Барлық адамдар тең құқықты, ерікті, қадірлі. Өмір сүру құқығы адамның бас бостандығы мен жеке өмір сүру еркі қасиетті болып табылады. Адам бойында жақсы қасиет әр оқушы өз отбасын сыйлаудан басталады.
«Өмірге бағыт байқау» тесті.
Ойын шарты: оқушыларға ұлы адамдар суреттері беріледі. Балалар осы кісілер туралы, оның өзіне үлгі, өнеге боларлық ісі, мінез-құлқы туралы әңгімелейді.
Тренинг: «Тірек нүктесі» (Өзі туралы жақсы пікір).
Әр оқушы өзінің жақсы қасиеттерін тіке, сеніммен айтуы қажет. Алайда «бірақ», «егерде», «мүмкін» деген сөздерді қоспай айтуы керек. Оқушы бойындағы аталған қасиеттеріне яғни тірек нүктелеріне, күшті жақтарына түсінік беру міндет емес. Оған сенудің өзі жеткілікті.
«Есіміңді бейнеле» суретті тест.
Шарты: Оқушыларға ақ қағазға түрлі-түсті қаламмен өзіне ұнайтын гүлді салу тапсырылады. Нәтижесінде ұқсас гүлдер жинақталып, барлығы тақтаға ілінеді. – Балалар қандай әдемі сурет шықты? Гүлдері ұқсас адамдар мінезі жөнінде де ұқсас болады. Біз ортамыздың гүлі екенімізді ұмытпауымыз керек. Біз әрқашан қуаныш алып келетінімізді білуіміз керек.